1 БӨЛІМ. «ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕЛЕРІ, ЖЕЛІЛЕРІ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАРЫ» ПӘНІ, ОНЫҢ МАЗМҰНЫ
1.1 тақырып Операциялық жүйелер, қабықшалар және орталар, платформалар арасындағы өзара байланыс. IBM типіндегі ДК, оның құрылымы мен мүмкіндіктері
«Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» пәні, оның мазмұны. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» пәнінің мақсаты - түрлі бағыттағы есептеу жүйелері, желілері және коммуникацияларының архитектурасы, құрылу принципі, қызметі бойынша жүйелі білім беру, оларды талдау және жобалауда дағды қалыптастыру болып табылады.
Пәнді игеру міндеттері информатикадан, компьютерлік және желілік технологиялардан теориялық білімді тереңдету, сондай-ақ дербес компьютерде жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Есептеу процесі және ресурсы ұғымдары. Адамзат тарихында есептеу процесінің алатын орны ерекше. Тізбекті процесс («міндет») – тізбекті процессорда мәліметтерімен қоса жеке бағдарламаларды орындау. Процессордың екі аспектісі бар:
мәліметтерді тасымалдағыш;
мәліметтерді өңдеуге байланысты операцияларды орындау.
Процес пен ресурс ұғымы тығыз байланысты. Ресурс термині процестердің белсенді кезеңінде қолданылатын, босайтын, сұралатын пайдаланылатын, салыстырмалы түрде тұрақты және жиі жетіспейтін объектілерге жатады.
Ресурстар бөлінетін және бөлінбейтін болып жіктеледі. Бөлінетін ресурстар келесідей қолданыста бола алады:
бір мезгілде (бір уақытта);
параллель (уақыттың қандай да бір бөлігінде процестер ресурсты кезекпен қолданады).
Ресурстарды басқаруды ұйымдастыруда бұл жағдайда тиімдісі қайсысы екені туралы шешім қабылдау керек:
жеке әлдеқайда маңызды сұраныстарға тез қызмет көрсету;
барлық процестерге бірдей мүмкіндік беру;
мүмкіндігінше процестің ең көп санына қызмет көрсету;
ресурстарды әлдеқайда толық пайдалану.
Процесс күйінің динамикасы
Процесс келесі күйлерде болуы мүмкін:
белсенді күйде - есептеу жүйесінің ресурстарын қолдану бәсекесіне қатыса алады;
пассивті күйде - жүйеге белгілі, бәсекеге қатыспайды.
Белсенді процесс келесі күйлердің бірінде болуы мүмкін:
орындау – барлық қажетті ресурстарға ие болатын және процессормен тікелей орындалатын процестің белсенді күйі. Орындау күйінде тек бір процесс болуы мүмкін (бірпроцессорлық жүйе үшін);
орындауға дайындық – процестің енжарлы күйі, бірақ бұл жағдайда процесс өзіне қатысты сыртқы себептерге байланысты блокталған: процесс өзі үшін талап етілетін барлық ресурстарға ие, ол орындалуға дайын, алайда процессор басқа процестің орындалуымен айналысып жатады;
күту – процестің енжарлы күйі, процесс блокталған, ол өзінің ішкі себептеріне байланысты орындала алмайды, ол кейбір оқиғаның жүзеге асуын күтеді, мысалы, енгізу-шығару операциясының аяқталуын, басқа процестен хабарлама алуды, қандай да бір өзіне қажетті қордың босатылуын қажет ететін күй.
Ақпаратты автоматты немесе автоматтандырылған өңдеуге арналған құрылғылар жиынтығы есептеу техникасы деп аталады. Өзара байланысқан құрылғылардың нақты жиынын есептеу жүйесі деп атайды.
Мақсатқа жету үшін бірдей мүдделі түрлі элементтер жиынтығы ретінде, сондай-ақ біртұтас та қарастырылатын кез келген объект жүйе болып түсініледі. Жүйелер құрамы және басты мақсаты бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы,
Жүйе
|
Жүйе элементтері
|
Жүйенің басты мақсаты
|
Фирма
|
Адамдар, құралдар, материалдар, ғимараттар, т.б.
|
Товар өндіру
|
Компьютер
|
Электронды және электромеханикалық элементтер, байланыс сымдары, т.б.
|
Берілгендерді өңдеу
|
Телекоммуникациялық жүйе
|
Компьютер, модемдер, кабельдер, желілік программалық қамсыздандыру т.б.
|
Ақпаратты тасымалдау
|
Ақпараттық жүйелер
|
Компьютер, компьютер жүйелер, адамдар, программалық және ақпараттық қамсыздандыру
|
Кәсіби ақпарат өндірісі
|
Информатикада жүйе ұғымы кеңінен қарастырылған және көп мағына береді. Көбінесе ол техникалық құралдар мен программалар жиынынақатысты қолданылады. Жүйе деп компьютердің аппараттық бөлігі қарастырылуы мүмкін. Сондай-ақ құжат жүргізу мен басқаруды жүзеге асыратын нақты қолданбалы есептерді шешу үшін көптеген программаларда жүйе деп есептелуі мүмкін. Жүйе ұғымына «ақпараттық» сөзінің қосылуы оның құрылуы мен қызмет ету мақсатын бейнелейді. Ақпараттық жүйелер кез келген саладан шешім қабылдау процесіне қажетті ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, беруді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді талдауға және жаңа өнімдер құруға көмектеседі.
Ақпараттық жүйелер қойылған мақсатқа жету нүктесінде ақпаратты сақтау, өңдеу, беру үшін қолданылатын әдістер, құралдар, қызметкерлердің өзара байланысқан жиынтығы.
Қазіргі кезде ақпараттық жүйелер түсінігі ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралы ретінде дербес компьютерді қолданады. Ірі мекемелерде дербес компьютермен бірге ақпараттық жүйенің техникалық базасы құрамына суперЭЕМ енуі мүмкін. Одан басқа ақпараттық жүйенің техникалық қамтылуы өз алдына ештеңені білдіре алмайды. Оған қоса өндірілетін ақпаратты алу және беру қызметін атқаратын адам ролін ескеру керек.
Компьютер және ақпараттық жүйелер арасындағы айырмашылықты түсіну міндетті. Арнайы программалық құралдармен қамсыздандырылған компьютерлер ақпараттық жүйелердің техникалық базасы және құралы болып табылады. Ақпараттық жүйелердің компьютер және телекоммуникациялармен өзара әрекет ететін қызметкерсіз мағынасы болмайды.
Уақыт аралығы
|
Ақпаратты қолдану концепциясы
|
Ақпараттық жүйелер түрі
|
Пайдалану мақсаты
|
1950-1960 жж
|
Есептеу құжаттардың қағаздық ағыны
|
Есептеу құжаттарын электромеханикалық бухгалтерлік машиналарда өңдеудің ақпараттық жүйелері
|
Құжатты өңдеу жылдамдығын арттыру. Еңбекақы есептеу мен санауды, өңдеу процедурасын қысқарту
|
1960-1970 жж
|
Есеп дайындаудағы негізі көмек
|
Өндірістік ақпараттар үшін ақпараттық басқару жүйелері
|
Есепті дайындау процесін күшейту
|
1970-1980 жж
|
Жүзеге асыруды (сату) бақылауды басқару
|
Шешім қабылдауды қолдау жүйесі. Басқарудың жоғары звеносы үшін жүйелер
|
Әлдеқайда рационалды шешім жасау
|
1980-2000 жж
|
Ақпарат – бәсекелік артықшылықты қамтамасыз ететін стратегиялық ресурс
|
Стратегиялық ақпараттық жүйелер. Автоматтандырылған офистер
|
Фирманың өмір сүруі және гүлденуі
|
Алғашқы ақпараттық жүйелер 1950 жылдарда пайда болды. Бұл жылдары олар еңбекақыны есептеу мен санауды өңдеуге арналды және электромеханикалық бухгалтерлік есептеу машиналарында жүзеге асты. Бұл қағаздық құжаттарды дайындауға шығын мен уақытты аз жұмсауға алып келді.
1960 жылдары ақпараттық жүйеге деген қарым-қатынастың өзгеруімен ерекшеленеді. Олардан алынған ақпараттар көптеген параметрлері бойынша периодты есептер үшін қолданыла бастады. Ол үшін мекемелерде тек еңбекақы есептеу мен санауды өңдеу ғана емес, сонымен қатар көптеген қызметтер көрсетуге қабілетті кең қолданылатын компьютерлік құрылғылар керек болды.
1970-80 жылдары басында ақпараттық жүйелершешім қабылдау процесін қолдайтын және күшейтетін бақылауды басқару құралы ретінде кең қолданылды.
1980 жылдар соңында ақпараттық жүйелерді қолдану концепциясы тағы да өзгерді. Олар ақпараттың стратегиялық көзіне айналды және кез келген бағыттағы мекемелердің барлық деңгейінде қолданылды. Бұл кезеңнің ақпараттық жүйелері қажетті ақпаратты уақытында жеткізе отырып, мекемелерге өз әрекетінде жетістікке жетуге, жаңа товарлар мен қызметтер жасауға, жаңа тұрмыс нарығын табуға, өзіне сәйкес партнерді қамтамасыз етуге, төмен бағада өнім шығаруды ұйымдастыруға және көптеген басқа жағдайларда көмектеседі.
Қазіргі ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралы ретінде дербес, сондай-ақ суперЭЕМ-ді қолдануды көздейді. Сондықтан барлық ақпараттық жүйелер ақпараттық-есептеу жүйелері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |