Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1398 қаулысымен
бекітілген
|
"Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігі туралы" техникалық регламент (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін және Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы, "Өрт қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 22 желтоқсандағы, "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" 2002 жылғы 3 сәуірдегі, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Осы техникалық регламенттің талаптары техникалық реттеу объектілері болып табылатын мына лак-бояу материалдары мен еріткіштерге: Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкес жіктелетін лактар, бояулар, эмальдар, тығыздағыштар, бітегіштер, еріткіштер мен олардың қалдықтарына қолданылады. Техникалық реттеу объектілерінің тізбесі осы техникалық регламентке 1-қосымшада белгіленген.
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында пайдаланылған терминдер, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) химиялық зат - табиғатта өндірілген немесе өнеркәсіптік жолмен алынған химиялық қосылыс немесе химиялық қосылыстар қоспасы;
2) зиянды химиялық зат - қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайда адам организмімен жанасу кезінде жұмыс кезеңінде де қазіргі және одан кейінгі ұрпақ өмірінің барынша ұзақ мерзімінде де қазіргі заманғы әдістермен анықталатын жарақаттар, аурулар немесе денсаулық жағдайының ауытқуын, ауру тудыруы мүмкін химиялық зат;
3) лак-бояу материалы - үстіңгі бетіне жаққаннан кейін қорғаушы, әсемдік немесе арнайы техникалық қасиеттері бар лак-бояу жабынын түзетін сұйық паста немесе ұнтақ түріндегі химиялық заттар қоспасы;
4) еріткіш - лак-бояу материалы құрамына кіретін және оның тұтқырлығын реттеу, пигментті еріту және/немесе материал бөлшектерін байланыстыру үшін қолданылатын сұйықтық түріндегі химиялық зат немесе химиялық заттар қоспасы;
5) су қосатын лак-бояу материалы - еріткіші су болып табылатын, тұтқырлығы суды қолданумен реттелетін лак-бояу материалы;
6) су-дисперсиялық лак-бояу материалы - су органикалық дисперсиялар жөніндегі лак-бояу материалы;
7) органикалық еритін лак-бояу материалы - еріткіші органикалық зат болып табылатын, тұтқырлығы органикалық еріткішті қолданумен реттелетін лак-бояу материалы;
8) ұнтақты лак-бояу материалы - құрамында еріткіш жоқ, ұнтақ түріндегі лак-бояу материалы;
9) лак - үстіңгі бетіне жаққаннан кейін мөлдір лак-бояу жабынын түзетін лак-бояу материалы;
10) бояу - үстіңгі бетіне жаққаннан кейін жартылай мөлдір немесе мөлдір емес лак-бояу жабынын түзетін, өсімдік майлары немесе полимерлер жөніндегі лак-бояу материалы;
11) эмаль - үстіңгі бетіне жаққаннан кейін қорғаушы-әсемдік мөлдір емес лак-бояу жабынын түзетін лак-бояу материалы;
12) бітегіш - үстіңгі бетіне жаққаннан кейін қорғайтын лак-бояу жабынын түзетін лак-бояу материалы;
13) тығыздағыш - үстіңгі бетті түзеу үшін қолданылатын, сұйық немесе паста түріндегі лак-бояу материалы;
14) лак-бояу материалына арналған жылдамдатқыш - лак-бояу материалына енгізген кезде оның кебу процесін тездететін химиялық зат;
15) лак-бояу материалына арналған қатайтқыш - лак-бояу материалымен өзара әрекеттесетін және оның кебуін қамтамасыз ететін химиялық зат;
16) лак-бояу материалына арналған сиккатив - ауа оттегісінің қатысуымен лак-бояу материалымен өзара әрекеттесетін және оның кебуін қамтамасыз ететін химиялық зат;
17) химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты - химиялық өнімнің сипаттамалары және онымен жұмыс істеудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәліметтер қамтылған құжат;
18) лак-бояу материалдары мен еріткіштердің жарылыс қауіпсіздігі - ол кезде жарылыс мүмкіндігін болдырмайтын немесе ол туындаған жағдайда жарылыстан пайда болған қауіпті және зиянды факторлардың адамдарға әсерін болдырмайтын және мүлікті сақтау қамтамасыз етілетін лак-бояу материалдары мен еріткіштерін сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану, олардың қалдықтарын кәдеге жарату және (немесе) жою процестерінің жай-күйі;
19) өрт қауіпсіздігі - ол кезде өрттің пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын немесе ол туындаған жағдайда өрттен пайда болған қауіпті және зиянды факторлардың адамдарға әсерін болдырмайтын және мүлікті сақтау қамтамасыз етілетін лак-бояу материалдары мен еріткіштерін сақтау, тасымалдау, іске асыру, қолдану, олардың қалдықтарын кәдеге жарату және (немесе) жою процестерінің жай-күйі;
20) лак-бояу материалдары мен еріткіштердің химиялық қауіпсіздігі - лак-бояу материалдары мен еріткіштердің адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктерге зиянды әсерінің болмауы;
21) шектік рұқсат етілетін концентрация - ұзақ уақыт бойы күнделікті әсер ету кезінде адам организміне зиянды әсер етпейтін қазіргі заманғы зерттеу әдістерімен табылатын, көлем бірлігіндегі зиянды химиялық заттың ең үлкен мөлшері; ол қоршаған ортаның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын (жұмыс аймағының және елді мекендердің ауасын, су объектілері мен топырақты) бағалау кезінде гигиеналық өлшем болып табылады;
22) лак-бояу материалындағы және еріткіштегі ұшпа органикалық қосылыс - лак-бояу материалында бар, атмосфераның температурасы мен қысымының белгілі бір мәндерінде өздігінен буланатын химиялық зат;
23) ұшпа органикалық қосылыстардың болуы - литрге граммен көрсетілетін (г/л) ұшпа органикалық қосылыстардың салмағы;
24) лак-бояу материалы мен еріткіштің уыттылығы - лак-бояу материалы мен еріткішінің құрамына кіретін химиялық заттарға іштей тән, тірі организммен байланысқа түскен кезде ғана пайда болатын химиялық заттардың зиянды әсер көрсету қабілетін сипаттайтын қасиеттердің жиынтығы;
25) сенсибилизациялайтын әсер - адам организмінің химиялық заттар әсеріне жоғарғы сезімталдығы құбылысымен пайда болған және аллергиялық аурулардың дамуына әкелетін әрі қоршаған ортаға зиянды әсер тигізетін әсер;
26) мутагенді әсер - химиялық заттардың адамдарда, жануарларда, өсімдіктерде генетикалық деңгейде өзгерістер тудыратын қабілеті;
27) канцерогенді әсер - химиялық заттардың адам организміне әсер еткен кезде қатерлі ісік немесе қатерсіз ісік тудыратын қабілеті;
28) эмбриотроптық әсер - химиялық заттардың адамның, жануарлардың және өсімдіктер тұқымы эмбрионының өлуін тудыратын қабілеті;
29) гонадотроптық әсер - химиялық заттардың адамның, жануарлардың және өсімдіктердің ұрпақтану функциясына және өсімдіктерге зиянды әсер ету қабілеті;
30) тератогендік әсер - химиялық заттардың адам ұрығын ауытқушылық пен даму кемшіліктерін тудыра отырып, оны жоюды тудыратын және қоршаған ортаға зиянды әсер ететін қабілеті;
31) кумулятивтілік - химиялық заттардың жиналу және адам организміне жиынтық зиянды әсер ету қабілеті;
32) қалдықтар - тұтыну процесінде пайда болған лак-бояу материалдары мен еріткіштерінің қалдықтары, сондай-ақ өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан лак-бояу материалдары мен еріткіштер;
33) лак-бояу материалының және (немесе) еріткіштің қалдықтарын кәдеге жарату - өтініш берушінің немесе тұтынушының лак-бояу материалының және (немесе) еріткіштің қалдықтарын пайдаланумен немесе қайта өңдеумен байланысты қызметі;
34) лак-бояу материалының және еріткіштердің қалдықтарын жою - өтініш берушінің немесе тұтынушының лак-бояу материалы қалдықтарын жоюмен немесе көмумен байланысты қызметі;
35) орама - лак-бояу материалын және еріткіштерді зақымдалудан және шығындалудан, ал қоршаған ортаны зиянды химиялық заттармен ластанудан қорғауды қамтамасыз ететін тұтынушылық немесе көліктік ыдыс;
36) бояу - лак-бояу материалын үстіңгі бетке жағу;
37) өтініш беруші - сәйкестікті растау үшін өнімді берген жеке немесе заңды тұлға;
38) өнім беруші - меншік нысанына қарамастан лак-бояу материалдары мен еріткіштерді өткізетін жеке немесе заңды тұлға;
39) тұтынушы - тікелей тұтыну (пайдалану) үшін лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сатып алатын жеке немесе заңды тұлға.
3. Өнімнің нарықта айналу жағдайы
4. Лак-бояу материалдары мен еріткіштер осы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
5. Лак-бояу материалдары мен еріткіштері, егер олар мақсаты бойынша қолдану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндірмеген жағдайда ғана нарыққа жеткізілуі және сатылуы мүмкін.
4. Өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар 4.1. Жалпы талаптар
6. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің қауіпсіздігі қалдықтарды өндіру, сақтау, тасымалдау, іске асыру, қолдану, кәдеге жарату және (немесе) жою кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығы, жеке және заңды тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік мүлік үшін, қоршаған ортаны, жануарлардың өмірі мен денсаулығын және өсімдіктерді рұқсат етілген деңгейге дейін қорғау үшін қатер деңгейін төмендету есебінен қол жеткізілуі тиіс.
7. Қатердің рұқсат етілетін деңгейін белгілеу үшін өндіруші:
1) лак-бояу материалдары мен еріткіштерді тұтынушылардың ықтимал тобын айқындауы;
2) лак-бояу материалдары мен еріткіштерін ықтимал болжамды дұрыс пайдаланбаудың барлық түрлерін айқындауы;
3) лак-бояу материалдары мен еріткіштерін өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және қолдану, қалдықтарды кәдеге жарату және жою кезінде пайда болатын қауіпті көздеуі;
4) белгілі бір қауіп салдарынан туындайтын қатерлерді бағалауы;
5) лак-бояу материалдары мен еріткіштері құрамындағы барынша қауіпті химиялық заттарды қауіптілігі аз химиялық заттарға ауыстыруы;
6) органикалық еритін лак-бояу материалдары мен еріткіштерін сумен еритін және ұнтақ лак-бояу материалдары мен еріткіштеріне ауыстыруы;
7) қорғау шараларын қолдануы;
8) персоналды қауіпсіз әдістер мен еңбек тәсілдеріне оқытуды жүргізуі;
9) лак-бояу материалы мен еріткішті қауіпсіз қолдану туралы ақпаратпен сүйемелдеуі тиіс.
4.2. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің жарылыс қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі талаптары
8. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі олардың құрамына кіретін және жарылыс пен өртті тудыруға қабілетті химиялық заттардың физикалық-химиялық қасиеттері мен көрсеткіштеріне байланысты.
9. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерде жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігінің белгілі бір көрсеткіштері бар химиялық заттар қолданылуы тиіс.
10. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерін ғимараттар мен құрылыстарда қолдану кезінде үй-жайдың функционалдық мақсатын есепке ала отырып, жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігінің көрсеткіштері айқындалуы тиіс.
11. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерде жарылыс қауіпті қоспалар құрайтын химиялық заттарды қолдануға тыйым салынады.
12. Бір-бірімен өзара әрекет еткен кезде тұтануды, жарылысты тудыратын немесе жанғыш газдарды құрайтын лак-бояу материалдары мен еріткіштерді бірге сақтауға, тасымалдауға және қолдануға тыйым салынады.
13. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану, қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою кезінде жарылыс қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі жарылыс және өрт туындау шарттарының алдын алатын мынадай шаралармен қамтамасыз етілуі тиіс:
1) өндіруші тұтынушыны лак-бояу материалдары мен еріткіштердің жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі туралы ескертуі тиіс;
2) тұтынушы өтініш берушінің арнайы қоса беріп отырған ақпаратында көрсеткен лак-бояу материалдары мен еріткіштерді қауіпсіз қолдану жөніндегі талаптарды сақтауы тиіс;
3) тұтынушы өрт қауіпсіздігі талаптары мен ережелерін "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес сақтауы тиіс.
14. Жарылыс пен өрттің туындау қатерін азайту үшін:
1) барынша жарылыс қауіпі мен өрт қауіпі бар ұшпа органикалық қосылыстарды қауіптілігі аз қосылыстарға ауыстыру;
2) органикалық еритін лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сумен еритіндерге ауыстыру;
3) құрғақтылығы жоғары қалдығы бар лак-бояу материалдары мен еріткіштері пайдалану;
4) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау іс-шаралары көзделуі тиіс.
15. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді өнеркәсіптік қолдану жағдайларында жарылыс пен өрттің туындау қатерін азайту мынадай:
1) жарылыс қауіпсіздігінің және өрт қауіпсіздігінің барынша ықтимал деңгейін қамтамасыз ететін лак-бояу материалдары мен еріткіштерін қолдану әдістерін пайдаланатын;
2) лак-бояу материалдары мен еріткіштерді қолдану процестерін механикаландыратын және автоматтандыратын;
3) құрал-жабдықты жарылыстан қорғалған орындауда пайдаланатын;
4) ұшқын сөндіргіштерді, ұшқын тұтқыштарды, отты ұстайтын, отты тоқтататын, шаң- мен металл тұтқыш және жарылысқа қарсы құрылғылары, статикалық электрден қорғау жүйелерін пайдаланатын;
5) ұшпа органикалық қосылыстардың өрт- және жарылысқа қауіпті концентрацияларының құралуын алдын алатын желдеткіш жүйелерін пайдаланатын;
6) өрт сөндірудің тиімді құралдарымен қамтамасыз ететін шаралармен және құралдармен қол жеткізілуі тиіс.
4.3. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің химиялық қауіпсіздігі талаптары
16. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қауіпті химиялық заттарды пайдалануды шектеу және (немесе) олардың лак-бояу материалы мен еріткіштің құрамында болуын азайту арқылы қол жеткізіледі.
17. Лак-бояу материалы мен еріткіш құрамында "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тіркелген химиялық заттарды пайдаланған жөн.
18. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз және химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортынсыз сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады.
19. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің құрамында перделенбеген сенсибилизациялайтын әсері бар химиялық заттарды пайдалануға тыйым салынады.
20. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің құрамында: бензол, пиробензол, хлорланған көмір сутектері, метанол ұшпа органикалық түзілімдерді пайдалануға тыйым салынады.
21. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.16. N 13 Қаулысымен).
22. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерінің құрамында сынап, тотыяйын және олардың қосылыстары сияқты химиялық заттарды пайдалануға тыйым салынады.
23. Ішкі жұмыстарға арналған құрылыста қолданылатын лак-бояу материалдары мен еріткіштерінің құрамында қорғасын, хром, кадмий және олардың қосылыстары сияқты химиялық заттарды пайдалануға тыйым салынады.
24. Целлюлоза эфирлеріндегі лак-бояу материалдары мен еріткіштерде және құрылыста қолданылатын сіңбе лак-бояу материалдары мен еріткіштерде ұшпа органикалық қосылыстардың болуы 60 %-дан аспауы тиіс.
25. Лак-бояу материалдары мен еріткіштері қоршаған ортаға зиянды химиялық заттарды адам организміне тікелей немесе жанама жағымсыз әсер ете алатын мөлшерде (барлық бөлінетін химиялық заттардың бірлескен әсерін есепке ала отырып) бөлінбеуге тиіс. Бірнеше зиянды химиялық заттардың бөлінуі кезінде концентрациялардың олардың шектік рұқсат етілетін концентрациясына қатынастарының жиынтығы бір бірліктен аспауға тиіс.
26. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді пайдалану кезінде пайдаланылатын ғимараттардың, құрылыстардың және үй-жайлардың ауасындағы зиянды заттардың концентрациясы үй-жайлардың функционалдық мақсатына байланысты жұмыс аймағы ауасындағы немесе атмосфера ауасындағы ұшпа органикалық қосылыстардың шекті рұқсат етілген концентрацияларының нормативтік мәндерінен аспауға тиіс.
27. Жұмыс аймағы ауасындағы және елді мекендердің атмосфералық ауасындағы негізгі ұшпа органикалық қосылыстардың гигиеналық нормативтері осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-кестесінде; шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану су объектілерінің суындағы және топырақтағы негізгі ұшпа органикалық қосылыстардың гигиеналық нормативтері - осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 2-кестесінде; жұмыс аймағы ауасындағы және елді мекендердің атмосфералық ауасындағы ауыр металдар қосылыстардың гигиеналық нормативтері - осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің құрамына кіретін негізгі ұшпа органикалық қосылыстардың уытты көрсеткіштері осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 4-кестесінде көрсетілген.
28. 2-қосымшада көрсетілмеген ұшпа органикалық қосылыстардың осы техникалық регламенттің барлық талаптары сақталған кезде қолдануға рұқсат етіледі.
4.4. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді
сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
29. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді олар тиісінше оралған, таңбаланған, қауіпсіз сақтау жөніндегі ақпаратпен жабдықталған жағдайда сақтауға жіберіледі.
30. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сақтау кезінде:
1) кейіннен тұтынушылық қасиеттерін және қауіпсіздік көрсеткіштерін өзгерте отырып, өнімге санкцияланбаған рұқсатты болдырмайтын орамның герметикалығын, тұтастығын, беріктігін сақтау;
2) лак-бояу материалы мен еріткіштің әрбір партиясына сақтау шарттары, сақтау мерзімдері және штаттан тыс, авариялық немесе төтенше жағдайлар пайда болған жағдайға арналған нұсқаулықтар көрсетіле отырып ілеспе құжаттардың болуы;
3) лак-бояу материалдары мен еріткіштерді азаматтардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлардың өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге әсер ету қатерін болдырмайтын тәсілдер мен еңбекті қорғау әдістерін пайдалану;
4) жұмыс істейтін персоналға қажетті жеке және ұжымдық қорғау құралдарын, арнайы киімді, жеке гигиена құралдарын, алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралдарын беру;
5) жұмыс істейтін персоналды лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сақтау кезінде қауіпсіздік талаптары мен қауіпсіз жұмыс әдістері туралы ақпаратпен таныстыру;
6) өрт сөндіру тәсілдері мен құралдарын қамтитын, авариялық оқиғалардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу қамтамасыз етілуі тиіс.
31. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сақтау кезінде қорғау шараларын мәлімдеуші химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспортында көрсетуі тиіс.
32. Өнімді сақтау кезіндегі жұмыстарға қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін қажетті біліктілігі бар персонал жіберіледі.
33. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сақтауға арналған үй-жайлар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың және өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
4.5. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді
тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
34. Лак-бояу материалдары мен еріткіштер олар тиісінше оралған, таңбаланған, қауіпсіз тасымалдау жөніндегі ақпаратпен жабдықталған жағдайда тасымалдауға жіберіледі.
35. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерін тасымалдау кезінде:
1) кейіннен тұтынушылық қасиеттерін және қауіпсіздік көрсеткіштерін өзгерте отырып, өнімге санкцияланбаған рұқсатты болдырмайтын орамның герметикалығын, тұтастығын, беріктігін сақтау;
2) лак-бояу материалы мен еріткіштің әрбір партиясына сақтау шарттары, сақтау мерзімдері және штаттан тыс, авариялық немесе төтенше жағдайлар пайда болған жағдайға арналған нұсқаулықтар көрсетіле отырып ілеспе құжаттардың болуы;
3) лак-бояу материалдары мен еріткіштерді азаматтардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлардың өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге әсер ететін қауіп-қатерді болдырмайтын тәсілдер мен еңбекті қорғау әдістерін пайдалану;
4) жұмыс істейтін персоналға қажетті жеке және ұжымдық қорғау құралдарын, арнайы киімді, жеке гигиена құралдарын, алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралдарын беру;
5) жұмыс істейтін персоналды лак-бояу материалдары мен еріткіштерді тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптары мен қауіпсіз жұмыс тәсілдері туралы ақпаратпен таныстыру;
6) өрт сөндіру тәсілдері мен құралдарын қамтитын, авариялық оқиғалардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу қамтамасыз етілуі тиіс.
36. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді тасымалдау кезінде қорғау шараларын өтініш беруші химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортында көрсетуі тиіс.
37. Өнімді тасымалдауға қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін қажетті біліктілігі бар персонал жіберіледі.
4.6. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді
өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
38. Лак-бояу материалдары мен еріткіштері олар тиісінше оралған, таңбаланған, қауіпсіз сақтау, тасымалдау және өткізу жөніндегі ақпаратпен жабдықталған жағдайда өткізуге жіберіледі.
39. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді өткізу кезінде:
1) өнімге санкцияланбаған рұқсатты болдырмайтын, кейіннен оның тұтынушылық қасиеттерін және қауіпсіздік көрсеткіштерін өзгерте отырып, орамның герметикалығын, тұтастығын, беріктігін сақтау;
2) лак-бояу материалы мен еріткіштің әрбір партиясына сақтау шарттары, сақтау мерзімдері және штаттан тыс, авариялық және төтенше жағдайлар пайда болған жағдайға арналған нұсқаулықтар көрсетіле отырып ілеспе құжаттардың болуы;
3) лак-бояу материалдары мен еріткіштердің азаматтардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлардың өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге әсер ету қатерін болдырмайтын тәсілдер мен еңбекті қорғау әдістерін пайдалануы;
4) жұмыс істейтін персоналға қажетті жеке және ұжымдық қорғау құралдарын, арнайы киімді, жеке гигиена құралдарын, алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралдарын беру;
5) жұмыс істейтін персоналды лак-бояу материалдары мен еріткіштерді өткізу кезінде қауіпсіздік талаптары мен қауіпсіз жұмыс тәсілдері туралы ақпаратпен таныстырылуы;
6) өрт сөндіру тәсілдері мен құралдарын қамтитын, авариялық оқиғалардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу қамтамасыз етілуі тиіс.
40. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді өткізу кезінде қорғау шараларын өтініш беруші химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортында көрсетуі тиіс.
41. Өнімді өткізу кезіндегі жұмыстарға қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін қажетті біліктілігі бар персонал жіберіледі.
42. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерге арналған үй-жайлар санитарлық нормалардың және өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
4.7. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді
қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары
43. Лак-бояу материалдары олар тиісінше үлгіде оралған, таңбаланған, қауіпсіздік белгілерімен, оларды қауіпсіз қолдану жөніндегі ақпаратпен жабдықталған жағдайда қолдануға жіберіледі.
44. Қауіпсіз қолдану жөніндегі ақпаратты өндіруші әзірлеуі тиіс.
45. Тұрмыстық жағдайларда лак-бояу материалдары мен еріткіштерді қауіпсіз қолдану жөніндегі ақпаратта:
1) лак-бояу материалдарымен және еріткіштермен жұмыс істеу кезіндегі жеке қорғау құралдары;
2) лак-бояу материалдары мен еріткіштерді азаматтардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлардың өмірі мен денсаулығына әсер ету қауіпін болдырмайтын еңбек тәсілдері мен әдістері туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.
46. Өнеркәсіптік жағдайларда лак-бояу материалдары мен еріткіштерді қауіпсіз қолдану жөніндегі ақпаратта:
1) азаматтар мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететін және жұмыс аймағы ауасындағы, атмосфералық ауадағы және қоршаған ортадағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын химиялық заттардың тізбесі;
2) сенсибилизациялайтын қасиеттерге ие химиялық заттардың тізбесі;
3) жұмыс істейтін персоналдың қажетті ұжымдық және жеке құралдарының тізбесі;
4) лак-бояу материалдары мен еріткіштерді қолдану қауіпсіздігіне бақылау жасайтын қажетті техникалық құралдардың тізбесі;
5) адамның лак-бояу материалдарымен және еріткіштермен жанасуын және азаматтардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлардың өмірі мен денсаулығына әсер ету қаупін болдырмайтын, еңбек тәсілдері мен әдістерін (технологиялар мен жабдықты қоса алғанда) таңдау жөніндегі ұсынымдар, сондай-ақ авариялық жағдайлардың пайда болуын болдырмау;
6) авариялық жағдайлардың алдын алу тәсілдері, оның ішінде құрал-жабдыққа қойылатын талаптар мен өрт сөндіру, жарылыстан қорғау тәсілдері мен құралдарының тізбесі қамтылуы тиіс.
47. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді өнеркәсіптік қолдануды қажетті біліктілігі бар, қауіпсіз еңбек әдістері мен тәсілдерін оқыған, қажетті қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген және қауіпсіздік пен жұмыс істейтін персоналдың еңбегін қорғау талаптарына сәйкес лак-бояу материалдарымен және еріткіштермен жұмыстарға жіберілген персонал жүзеге асыруы тиіс.
48. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді өнеркәсіптік қолдану кезінде жарылыс қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және химиялық қауіпсіздік мынадай:
1) лак-бояу материалдарын және еріткіштерді қолданумен байланысты қауіпті азайтуға әкеп тірейтін технологияларды және жабдықтарды, еңбек тәсілдері мен әдістерін таңдау;
2) лак-бояу материалдары мен еріткіштерді қолдану қауіпсіздігіне бақылау жасайтын техникалық құралдарды пайдалану және тиісінше күтіп ұстау;
3) лак-бояу материалдары мен еріткіштерді қолдану кезінде бөлінетін зиянды химиялық заттардың жұмыс аймағы ауасында, атмосфералық ауада және қоршаған орта объектілерінде болуына өндірістік зертханалық бақылау жүргізу;
4) жұмыс істейтін персоналға тікелей немесе ықтимал қауіп туралы ескертуге, белгілі бір әрекеттерге тыйым салуға, нұсқамаға немесе рұқсат етуге арналған, сондай-ақ пайдалануы қауіпті және зиянды факторлардың әсерін жоятын немесе азайтатын құралдардың орналасқан жері туралы ақпаратқа арналған қауіпсіздік белгілерін пайдалану;
5) жұмыс істейтін персоналға қажетті жеке және ұжымдық қорғау құралдарын, арнайы киім, жеке гигиена құралдарын, алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралдарын беру;
6) персоналдың білімдерін тексеру, авариялық оқиғалардың алдын алу тәсілдерін пысықтау және оларды жоюға қажетті құралдармен жарақтандыру;
7) қауіпсіз еңбек жағдайларымен және лак-бояу материалдарымен және еріткіштері мен жұмыс істеумен айналысатын жұмыс істейтін персоналға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өтемақылар беруді қамтамасыз ету жолымен іске асырылатын шаралармен қамтамасыз етілуі тиіс.
4.8. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің қалдықтарын кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары
49. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің қалдықтарын кәдеге жарату және (немесе) жою осы процестердің өтінім беруші химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортында әзірлеген, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлардың өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге зиянды әсер етуді азайтуға бағытталған шараларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
50. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің қалдықтарын кәдеге жарату және (немесе) жою кезінде жұмыс аймағы ауасындағы, атмосфералық ауадағы, ашық су қоймаларының суындағы және топырақтағы зиянды химиялық заттардың концентрациялары шектік рұқсат етілетін концентрациялардан аспауы тиіс.
51. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің қалдықтарын қайталама шикізатты, лак-бояу материалдарын, еріткіштерді немесе жылу жеткізгіштерді алу үшін оларды пайдаланумен байланысты жою басымдық болып табылады.
52. Кәдеге жарату лак-бояу материалының еріткіштердің қалдықтарын өнеркәсіптік қайта өңдеу (немесе) әр түрлі тұтынушылық қасиеттері бар қайталама өнімге айналдыру жолымен жүргізілуі тиіс.
53. Кәдеге жаратылуы мүмкін емес қалдықтар өнеркәсіптік қалдықтарды термикалық залалсыздандыру жолымен және (немесе) залалсыздандыру мен көму жөніндегі полигондарда көму жолымен жойылуы тиіс.
54. Лак-бояу материалдарының және еріткіштердің қалдықтарын кәдеге жарату және жою кезінде экологиялық, санитарлық- эпидемиологиялық талаптары сақталуы және жұмыс істейтін персоналдың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес еңбекті қорғау қауіпсіздігі жөніндегі шаралар қамтамасыз етілуі тиіс.
4.9. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің адамға
және қоршаған ортаға әсер ету қатерін бағалау
55. Лак-бояу материалдары мен еріткіштер азаматтардың өмірі мен денсаулығы, жеке және заңды тұлғалардың мүліктері, мемлекеттік мүлік, қоршаған орта, жануарлардың өмірі мен денсаулығы және өсімдіктер үшін қауіпті болып табылады.
56. Лак-бояу материалдары мен еріткіштері зиянды әсер етудің мынадай түрлерін тудыра алады:
1) адамға - теріге және көру органдарына жалпы уыттылық, тітіркендіруші әсер ету, тыныс жолдары немесе тері арқылы организмге түскен кезде сенсибилизациялық әсер, мутагендік әсер, канцерогендік әсер, эмбриотроптық, гонадотроптық және тератогендік әсер ету;
2) қоршаған ортаға, жануарларға және өсімдікке - күшті және созылмалы уыттылық, мутагендік әсер, канцерогендік әсер, эмбриотроптық, гонадотроптық және тератогенді әсер ету;
3) жарылыс, өрт кезінде мүліктің зақымдануы немесе бұзылуы.
57. Қатерді бағалауды жаңа лак-бояу материалдары мен еріткіштерді әзірлеу кезінде өндіруші жүзеге асырады және ол мынадай міндетті кезеңдерді жүргізуді қамтиды:
1) қауіп көздері мен түрлерін айқындау;
2) жарылыс қаупінің, өрт қауіпінің және химиялық қауіптің сандық көрсеткіштерін айқындау;
3) қауіптің туындау ықтималдығын айқындау және зиянды факторлардың азаматтардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлардың өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге әсерін бағалау.
4.10. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді
тұтынушыларды адастыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу
58. Тұтынушы үшін лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сақтау, тасымалдау, өткізу немесе қолдану жөніндегі ақпарат өнімнің ескерту таңбасы, қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулық және химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты түрінде беріледі.
59. Ескерту таңбасына және химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортына кіретін ақпараттың құрамына, мазмұнына және нысанына қойылатын ең аз талаптар "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
60. Ескерту таңбасы орамға мәтін, нышан, пиктограммалар түрінде басылады.
61. Тұтынушыға арналған ақпарат анық және жеңіл оқылатын болуы тиіс.
Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сақтау, тасымалдау, пайдалану және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік талаптары қалған ақпараттан басқа қаріппен, түспен немесе өзге де тәсілмен ерекшеленуі тиіс.
62. Ақпаратты басу құралдары өнімді сақтау, тасымалдау, өткізу және қолдану кезінде таңбаның орнықтылығы қамтамасыз етілуге тиіс.
63. Тұтынушы үшін ақпараттың қажетті мәтіні толығымен орналастыру ыдыс бірліктерінің мөлшерлері шағын, техникалық жағынан қиын болған жағдайда, (0,3 текше дециметрге дейін) әрбір ыдыс бірлігіне қоса берілген қосымша бетке орналастырылады.
4.11. Сәйкестік презумциясы
64. Үйлестірілген стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалған лак-бояу материалдары мен еріткіштер осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес деп есептеледі.
5. Өнімнің сәйкестігін растау тәртібі
65. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сәйкестендіру сәйкестікті растаған кезде және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырған кезде жүргізіледі.
66. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сәйкестендіру:
1) өнімнің үлгіге және (немесе) оның сипаттамасына сәйкестігін;
2) лак-бояу материалы мен еріткіштің техникалық реттеу объектісіне тиесілілігін және осы техникалық регламенттің 2-бабында көрсетілген негізгі ұғымға сәйкестігін;
3) лак-бояу материалы мен еріткіштің өнім партиясының маркасына, типіне тиісілілігін;
4) лак-бояу материалы мен еріткіштің мақсатын растау мақсатында жүргізіледі.
67. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сәйкестендіру екі кезеңмен:
1) лак-бояу материалы мен еріткіштер үлгісінің сынамаларын іріктеу кезінде;
2) сынақтар жүргізу кезінде жүзеге асырылады.
68. Сәйкестендіру нақты лак-бояу материалы мен еріткіштің және (немесе) оның сипаттамаға сәйкестігін растау үшін жиынтық түрінде жеткілікті көрсеткіштер мен талаптар бойынша жүргізіледі. Лак-бояу материалы мен еріткіштің сипаттамасы ретінде тауарға ілеспе құжаттама, жеткізу шарттары, ерекшеліктері мен өнімді сипаттайтын басқа да құжаттар пайдаланылуы мүмкін.
69. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.16. N 13 Қаулысымен).
70. Лак-бояу материалы мен еріткішті сәйкестендіру мынадай белгілері, параметрлері мен талаптары бойынша:
1) Лак-бояу материалы мен еріткіші үлгісінің сынамаларын іріктеу кезінде:
тұтынушы үшін ақпараттың сәйкестігіне таңбалау;
өтініш берілген өнімнің сәйкестігіне лак-бояу материалы мен еріткішінің атауы;
бірліктердің саны немесе партиясының көлемі;
орамның сәйкестігі бойынша.
2) Сынақтар жүргізу кезінде:
сыртқы түрі (агрегаттық жай-күйі - сұйық, ұнтақ, паста);
осы техникалық регламенттің 4-бөлімінде көзделген талаптарға сәйкес негізгі немесе қолданыстағы зат;
тағайындалу көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.
71. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сәйкестендіру кезінде мынадай:
1) құжаттама;
2) көрнекі;
3) аспаптық;
4) сынау әдістерінің бірі немесе олардың үйлесімділігі пайдаланылуы тиіс.
72. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерін сәйкестендіруді:
1) сынақ зертханалары;
2) сәйкестікті растау жөніндегі органдар;
3) өз құзыреті шегінде бақылау жүргізу кезінде уәкілетті органдар жүргізеді.
73. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарына сәйкес өтініш беруші міндетті және ерікті сертификаттау нысандарында жүзеге асыруы тиіс.
74. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің сәйкестігін және сәйкестік туралы декларацияны міндетті растауды:
1) бөлшек саудаға арналған конденсациялық және полимерленген шайырлардан жасалған лактар, эмальдар, бітегіштер мен тығыздағыштар үшін және целлюлоза эфирлерінен жасалған эмальдар мен олифтер үшін;
2) Қазақстан Республикасы қосылған және осыған ұқсас өнімді сертификаттау көзделген халықаралық шарттардың қолданылу саласына жатқызылған лак-бояу материалдары мен еріткіштер үшін өтінім берушімен жасалған шарт негізінде сәйкестікті растау жөніндегі орган жүргізеді.
Ескерту. 74-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.16. N 13 Қаулысымен.
75. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.16. N 13 Қаулысымен).
76. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.16. N 13 Қаулысымен).
77. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.16. N 13 Қаулысымен).
78. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.16. N 13 Қаулысымен).
79. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің осы техникалық регламент талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда өнімді нарықтан қайтарып алу Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Үйлестірілген стандарттардың тізбесі
80. Үйлестірілген стандарттардың тізбесі:
1) МСМСТ 6806-73 "Лак-бояу материалдары. Ию кезіндегі пленканың созылғыштығын анықтау әдісі";
2) МСМСТ 8420-74 "Лак-бояу материалдары. Шартты тұтқырлықты анықтау әдістері";
3) МСМСТ 8832-76 "Лак-бояу материалдары. Сынауға арналған лак-бояу жабынын алу әдістері";
4) МСМСТ 9980.2-86 "Лак-бояу материалдары. Сынауға арналған сынамаларды іріктеу";
5) МСМСТ 9980.3-86 "Лак-бояу материалдары. Орам";
6) МСМСТ 9980.4-2002 "Лак-бояу материалдары. Таңбалау";
7) МСМСТ 9980.5-86 "Лак-бояу материалдары. Тасымалдау және сақтау";
8) МСМСТ 14243-78 "Лак-бояу материалдары. Бос пленкаларды алу әдістері";
9) МСМСТ 15140-78 "Лак-бояу материалдары. Адгезияны анықтау әдістері";
10) МСМСТ 17537-72 "Лак-бояу материалдары. Ұшпа және ұшпайтын, қатты және пленка түзетін заттардың салмақтық үлесін анықтау әдістері";
11) МСМСТ 18299-72 "Лак-бояу материалдары. Созу, салыстырмалы ұзарту кезінде, үзілу және серпінділік модулі кезінде беріктік шегін анықтау әдісі";
12) МСМСТ 19007-73 "Лак-бояу материалдары. Кебу уақыты мен дәрежесін анықтау әдісі";
13) МСМСТ 19266-79 "Лак-бояу материалдары. Түсті анықтау әдістері";
14) МСМСТ 20811-75 "Лак-бояу материалдары. Жабындарды қырнауға сынау әдістері";
15) МСМСТ 21513-76 "Лак-бояу материалдары. Лак-бояу пленкасының су- және ылғал сіңіруін анықтау әдістері";
16) МСМСТ 21903-76 "Лак-бояу материалдары. Шартты жарыққа төзімділігін анықтау әдістері";
17) МСМСТ 23955-80 "Лак-бояу материалдары. Қышқылдық санды анықтау әдістері";
18) МСМСТ 27037-86 "Лак-бояу материалдары. Ауыспалы температуралардың әсеріне төзімділігін анықтау әдісі";
19) МСМСТ 27271-87 "Лак-бояу материалдары. Жарамдылық мерзімін бақылау әдісі";
20) МСМСТ 28513-90 "Лак-бояу материалдары. Тығыздықты анықтау әдісі";
21) МСМСТ 29317-92 "Лак-бояу материалдары және оларға арналған шикізат. Кондиционирлеуге және сынауға арналған температуралар мен ылғалдық";
22) МСМСТ 29318-92 "Лак-бояу материалдары. Өнімнің боялған бетпен үйлесімділігін бағалау. Сынау әдістері";
23) МСМСТ 29319-92 "Лак-бояу материалдары. Түсті көрнекі салыстыру әдісі";
24) МСМСТ 896-69 "Лак-бояу материалдары. Жалтырды анықтаудың фотоэлектрлік әдісі";
25) МСМСТ 4765-73 "Лак-бояу материалдары. Соққы кезіндегі беріктігін анықтау әдісі";
26) МСМСТ 30991.4-2002 "Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Құрамында "еріген" сүрменің болуын анықтау. Жалынды атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі және Б родаминін пайдалану арқылы жасалатын спектрофотометрикалық әдіс";
27) МСМСТ 30991.5-2002 "Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Құрамында "еріген" барийдің болуын анықтау. Жалынды атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі";
28) МСМСТ 30991.6-2002 "Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Құрамында "еріген" кадмийдің болуын анықтау. Жалынды атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі және полярографикалық әдіс";
29) МСМСТ 30991.7-2002 "Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Сұйық және ұнтақ бояулардың пигмент бөлігінде "еріген" алты валентті хромның болуын анықтау. Дифенилкарбазидті пайдалану арқылы жасалатын спектрофотометрикалық әдіс";
30) МСМСТ 30991.8-2002 "Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Бояудың сұйық бөлігінде жалпы "еріген" хромның болуын анықтау. Жалынды атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі";
31) МСМСТ 30991.9-2002 "Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Бояудың пигмент бөлігінде және сумен сұйытылатын бояулардың сұйық бөлігінде "еріген" сынаптың болуын анықтау. Жалынсыз атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі";
32) МСМСТ 30991.10-2002 "Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Құрамында жалпы қорғасынның болуын анықтау. Жалынды атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі";
33) МСМСТ 30991.11-2002 "Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Құрамында жалпы сынаптың болуын анықтау. Жалынсыз атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі";
34) МСМСТ 30991.1-2002 "Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Сұйық немесе ұнтақ түрлеріндегі лак-бояу материалдарынан қышқыл шайғындар дайындау";
35) МСМСТ 30991.2-2002 "Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Кепкен лак-бояу пленкаларынан қышқыл шайғындар дайындау";
36) МСМСТ 30991.3-2002 "Лак-бояу материалдары. Құрамында металдардың болуын анықтау әдісі. Құрамында "еріген" қорғасынның болуын анықтау. Жалынды атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісі және дитизонды пайдалану арқылы жасалатын спектрофотометрикалық әдіс".
7. Мерзімі және қолданысқа енгізу шарты
81. Осы техникалық регламент ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
82. Осы техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін берілген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп есептеледі.
|
Техникалық регламентке
1-қосымша
|
Техникалық регламент талаптары қолданылатын техникалық реттеу объектілерінің тізбесі
1. Лактар
1) табиғи шайырлар негізіндегі канифоль лактар;
2) табиғи шайырлар негізіндегі янтарь түсті лактар;
3) табиғи шайырлар негізіндегі битум лактар;
4) табиғи шайырлар негізіндегі майлы лактар;
5) алкид шайырлар негізіндегі глифтал лактар;
6) алкид шайырлар негізіндегі пентафтал лактар;
7) алкид шайырлар негізіндегі этриоль лактар;
8) алкид шайырлар негізіндегі алкид-стироль лактар;
9) конденсациялық шайырлар негізіндегі карбамид- және меламиноформальдегид лактары;
10) конденсациялық шайырлар негізіндегі эпоксид және полиамид лактары;
11) конденсациялық шайырлар негізіндегі кремнийорганикалық лактар;
12) конденсациялық шайырлар негізіндегі полиуретан лактар;
13) конденсациялық шайырлар негізіндегі фенол лактар;
14) конденсациялық шайырлар негізіндегі полиэфирлік қанықпаған лактар;
15) конденсациялық шайырлар негізіндегі полиэфирлік қанық емес лактар;
16) конденсациялық шайырлар негізіндегі өзге де лактар;
17) перхлорвинилді лактар;
18) полимерлес поливинилхлоридті лактары;
19) полиакрилді лактар;
20) полимерлес полиакрилді лактар;
21) каучук лактары;
22) поливинилацеталді лактар;
23) фторпластикалық лактар;
24) өзге де полимерленген шайырлар негізіндегі лактар;
25) нитроцеллюлозалы лактар;
26) нитроалкидті лактар;
27) нитроэпоксид лактар;
28) этилцеллюлозалы лактар;
29) өзге де эфирлердегі целлюлоза негізіндегі лактар;
30) сілтілік спирт лактар мен политуралар;
31) спирт лактар мен политуралар;
32) фенолді спирт лактар мен политуралар;
33) циклогексан спирт лактар мен политуралар.
2. Бояулар:
1) су-дисперсиялық поливинилацетатты бояулар;
2) су-дисперсиялық жанғыштығы төмендетілген поливинилацетатты бояулар;
3) су-дисперсиялық стиролбутадиенді бояулар;
4) су-дисперсиялық акрилатты латекстер негізіндегі бояулар;
5) су-дисперсиялық полимерленген полимерлестер негізіндегі бояулар;
6) су-дисперсиялық өзге де бояулар;
7) қою ұсатылған майлы бояулар;
8) қолдануға дайын, сұйық ұсатылған майлы бояулар;
9) ұнтақ полиэфирлі бояулар;
10) өзге де ұнтақ бояулар.
3. Эмальдар:
1) глифталді эмальдар;
2) пентафталді эмальдар;
3) полиэфирлі эмальдар;
4) фенолді эмальдар;
5) эпоксидті эмальдар;
6) карбамид- және меламидформальдегидті эмальдар;
7) кремнийорганикалық және полиуретанді эмальдар;
8) табиғи шайырлар негізіндегі эмальдар;
9) өзге де конденсациялық шайырлар негізіндегі эмальдар;
10) перхлорвинилді эмальдар;
11) полимерлесполивинилхлоридті эмальдар;
12) полиакрилді эмальдар;
13) полимерлесполиакрилді эмальдар;
14) каучук эмальдар;
15) поливинилацеталді эмальдар;
16) фторпластті эмальдар;
17) өзге де полимерленген шайырлар негізіндегі эмальдар;
18) нитроцеллюлозалы эмальдар;
19) нитроалкидті эмальдар;
20) нитроэпоксидті эмальдар;
21) этилцеллюлозалы эмальдар;
22) өзге де целлюлоза эфирлері негізіндегі эмальдар.
4. Бітегіштер:
1) стиролбутадиенді су-дисперсиялық бітегіштер;
2) өзге де су-дисперсиялық бітегіштер;
3) глифталды бітегіштер;
4) пентафталды бітегіштер;
5) полиэфирлі бітегіштер;
6) фенолді бітегіштер;
7) эпоксидті бітегіштер;
8) карбамид- және меламинформальдегидті бітегіштер;
9) кремнийорганикалық және полиуретанды бітегіштер;
10) табиғи шайырлар негізіндегі бітегіштер;
11) өзге де конденсациялық шайырлар негізіндегі бітегіштер;
12) перхлорвинилді бітегіштер;
13) полимерлесполивинилхлоридті бітегіштер;
14) полиакрилді бітегіштер;
15) полимерлесполиакрилді бітегіштер;
16) каучук бітегіштер;
17) поливинилацеталды бітегіштер;
18) фторпластты бітегіштер;
19) өзге де полимерленген шайырлар негізіндегі бітегіштер;
20) нитроцеллюлозалы бітегіштер;
21) нитроалкидті бітегіштер;
22) нитроэпоксидтфі бітегіштер;
23) этилцеллюлозалы бітегіштер;
24) өзге де целлюлоза эфирлері негізіндегі бітегіштер.
5. Тығыздағыштар:
1) стиролбутадиенді су-дисперсиялық тығыздағыштар;
2) өзге де су-дисперсиялық тығыздағыштар;
3) глифталды тығыздағыштар;
4) пентафталды тығыздағыштар;
5) полиэфирлі тығыздағыштар;
6) фенолді тығыздағыштар;
7) эпоксидті тығыздағыштар;
8) карбамид- және меламинформальдегидті тығыздағыштар;
9) кремнийорганикалық және полиуретанды тығыздағыштар;
10) табиғи шайырлар негізіндегі тығыздамалар;
11) өзге де конденсациялық шайырлар негізіндегі тығыздағыштар;
12) перхлорвинилді тығыздағыштар;
13) полимерлесполивинилхлорид тығыздағыштар;
14) полиакрилді тығыздағыштар;
15) полимерлесполиакрилді тығыздағыштар;
16) каучук тығыздағыштар;
17) поливинилацеталды тығыздағыштар;
18) фторпластты тығыздағыштар;
19) өзге де полимерленген шайырлар негізіндегі тығыздағыштар;
20) нитроцеллюлозалы тығыздағыштар;
21) нитроалкидті тығыздағыштар;
22) нитроэпоксидті тығыздағыштар;
23) этилцеллюлозалы тығыздағыштар;
24) өзге де целлюлоза эфирлері негізіндегі тығыздағыштар.
6. Лак-бояу қалдықтары;
7. Бөлшек саудаға арналған лак-бояу материалдары;
8. Конденсациялық шайырлар негізіндегі лактар, эмальдар, бітегіштер және тығыздағыштар;
9. Целлюлоза эфирлеріндегі лактар мен эмальдар;
10. Су-дисперсиялық бояулар;
11. Ұсатылған майлы бояулар мен ақ сырлар;
12. Полимерленген шайырлар негізіндегі лактар, эмальдар, бітегіштер мен тығыздағыштар;
13. Олифтер.
14. Еріткіштер, сұйылтқыштар, шайғыштар және өзге де материалдар.
Достарыңызбен бөлісу: |