Ұлан ауданының 2013 жылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы АҚпарат



Дата25.02.2016
өлшемі45.68 Kb.
#22623


Ұлан ауданының 2013 жылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы

АҚПАРАТ
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 6251,4 млн. теңгені құрады, 2012 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 302,1 млн. теңгеге немесе 3,7 пайызға кем. Жеке көлем индексі 106,2 пайызды құрады.

Өндірістің табиғи көлемінің төмендеуі тау кен өндірісі өнімінің төмендеуіне байланысты болды.



Өндеу өнеркәсібінде шығарылған тауар өнімінің жалпы көлемі 88,2 пайызды құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 3 пайызды артық, жеке көлем индексі 120,6 пайыз.

Бекітілген жоспар-тапсырмаға сәйкес, 2013 жылы бірінші жартыжылдықта өнеркәсіп өнімінің көлемі 6492,9 млн. теңгені құру қажет. Дегенмен, бұл көрсеткіш 96,3 пайызға орындалды.



Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 7222,1 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 101,1 пайызды құрады.

Жұмыртқа өнімінен басқа ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда қалыпты деңгейде сақталды. Аудан көлемінде жұмыртқаның көлемі 9464,0 мың дананы құрады немесе 2,6 пайызға кеміді.

Жұмыртқа өнімінің төмендеу Төлеген Тохтаров ауылдық округінде (87,3 пайыз), сондай-ақ аудандағы ауылшаруашылықтарда (97,3 пайыз) орын алды.

Жалпы тірі ет өнімінің көлемі 13621,7 тоннаны құрап, 1,3 пайызға артық орындалды. Сүт өнімі 24237,9 тонна өндірілді немесе1,1 пайызға жоғары.

Жүргізілген сараптама негізінде 3 ауылдық округте ғана ет өнімі көлемінің өсуі байқалса, ал Өскемен (78,6 пайыз) Таврия (73,2 пайыз), Багратион (45,7 пайыз), Төлеген Тохтаров (41 пайыз) және Бозанбай (18 пайыз) ауылдық округтерде бұл көрсеткіш кеміді.

Сүт өнімінің ұлғаюы Аблакет (103,2 пайыз), Саратовка (105,5 пайыз), Тарғын (104,9 пайыз), Төлеген Тохтаров (101,9 пайыз) ауылдық округтерде байқалды, Айыртау (99,8 пайыз), Багратион (99,3 пайыз) және Өскемен (93,3 пайыз) ауылдық округтерде бұл көрсеткіш қалыпты, ал басқа ауылдық округтер мен кенттерде сүттің көлемі кеміді.

2012 жылы Ірі қара малдын басы 43,3 мың ьасқа дейін өсті, оның ішінде: сиырлар - 18,2 мың бас (4,6% көбейді), жылқы-15,9 мың бас (10% көбейді), шошқа - 8,1 мың бас (2,1% көбейді),

2012 жылдың есепті кезеңімен салытырғанда ірі қара малдың саны 3,4 пайызға, жылқы 6,2 пайызға өссе, қой мен ешкінің саны 13,7 пайызға және шошқа 5 пайызға төмендеді.

Жылқының саны Айыртау (95,8 пайыз), Азовое (94,2 пайызға), Алмасай (90 пайыз), Өскемен (84,8 пайыз), Огневка (55,6 пайыз) ауылдық округтер мен кенттерде және ауылшаруашылық құрылымдарда (63,6 пайыз) азайды.

Ешкі мен қойдын саны 13 ауылдық округтер мен кенттерде азайды, соның ішінде: Аблакет (63,3 пайыз), Саратовка (64,8 пайыз), Тарғын (66,3 пайыз), Алмасай (68,4 пайыз), Азовое (78,9 пайыз), Таврия (80,6 пайыз), Өскемен (82,9 пайыз), Төлеген Тохтаров (84 пайыз), Айыртау (91,8 пайыз), Багратион (94,8 пайыз), Өскемен (98,5 пайыз) ауылдық округтер мен Асубұлақ (74,5 пайыз) және Огневка (30 пайыз) кенттерде.

Шошқаның саны Багратион (39,9 пайыз), Саратовка (69 пайыз), Айыртау (82,6 пайыз), Таврия (83,5 пайыз), Төлеген Тохтаров (90,2 пайыз) және Өскемен (94 пайыз) ауылдық округтерде кеміді.

Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 112 құрады немесе 10,9 пайызға артық. Оның ішінде 70 жұмыс істейтін (өсім 2,9 пайыз) және 62 белсенді шағын кәсіпорындар. Белсенді кәсіпорындар бойынша жоспар толық орындалды.

Негізгі каптиалдың инвестиция көлемі 2127,2 млн теңгені құрады немесе 2012 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 48,7 пайызға жоғары. 2013 жылдың бірінші жартылдықта жоспар-тапсырма бойынша бұл көрсеткіш 135 пайызға орындалды.

Аудан бойынша жалпы 2031 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 133,3 пайызға көп. Алайда, жоспар-тапсырма бойынша бұл көрсеткіш 67,3 пайызға ғана орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1424,9 млн. теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2,2 есе жоғары. Жоспар-тапсырма бойынша көрсеткіш 2 есеге артық орындалды.



Бөлшек тауар айналымының көлемі 1818,8 млн. теңгені құрады. Табиғи көлем индексі 115,7 % құрады немесе жоспар 8,5 пайызға артық орындалды.

Еңбек рыногы мен әлеуметтік қорғау саласы. 2013 жылы 1 шілдеге қарағанда 174 адам жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген.

Жыл басынан әлеуметтік адресттік көмек бойынша 222 адамға 3220 мың теңге берілді. Тұрғын-үй көмек ретінде 408 отбасыға 6,2 млн. теңге төленді. Аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша 398 отбасыға 9,3 млн. теңге берілді.

Аудан бойынша орта жалақының көлемі 70710 теңгені құрады немесе 2012 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 1 пайызға жоғарлады.

Денсаулық сақтау. 2012 жылы есепті кезеңінде 278 сәби дүниеге келсе, 2013 жылы 6 ай ішінде 322 нәресте туылды. Бала туудың өзгеру деңдейі 115,8 % құрайды. Статистикалық мәлімет бойынша 2012 жылы 215 адам, оның ішінде 9 сәби қайтыс болса, ағымдағы жылы жыл басынан 194 адам, оның ішінде 1 бала қайтыс болды. Сәби өлімінің негізгі себебі шарананың шетінеуі болып табылады (мерзімінен бұрын босану, кей жағдайда саби салмағының аз мөлшерде болуы). Өлімнің өзгеру деңгейі 90,2 % құрайды.

Ауданда туберкулезбен аурғандардың саны артты. Бұл көрсеткіш 2012 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 44,6 –ны құраса, 2013 жылы 49,5 - ке тең немесе 10,9 пайызға артты. Сондай-ақ, тубуркулез ауруынан қайтыс болған адамдардың саны былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсті. Бұл көрсеткіш облыстық көрсеткіштен сәл төмен.



Білім беру. Аудан бойынша 37 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Соның ішінде 6 балабақша (2 жеке меншік), 31 шағын орталық. Мектепке дейін біліммен қамту 96,4 пайызды құрайды (1520 бала) немесе 2012 жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға жоғары.

Ағымдағы жылы аудан бойынша ҰБТ орта бал – 71,3 болды, былтырғы жылмен салыстырғанда 0,9 балға төмен.

Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдардың қарқыны 107,2% құрады.

Қылмыс. Статистикалық мәлімет бойынша ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 225 қылмыс тіркелді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 16,9% төмен.

Қылмыстың ашылу деңгейі 88,1 пайызды құрады.



Бюджет. 2013 жылы 1 шілдеде аудандық бюджетке 414921,4 мың. теңге меншік кіріс түсті, былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 12369,4 мың теңгеге немесе 5,9 пайызға артты. Бюджетке салық және салық емес түсімінің көлемі 114,6 пайызды құрады.

Алгоритм іс – шаралары бойынша қосымша резервтер анықталып, бюджетке қосымша 28756,4 мың теңге түсті.



Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы Р. Манапов




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет