Лаура Қайыржанова



Дата01.07.2016
өлшемі35.11 Kb.
#169938
Лаура ҚАЙЫРЖАНОВА, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және сыртқы байланыс женіндегі проректоры

Орхус конвенциясы аясында
Қазіргі уақытта Қазақстан экологиялық көрсеткіштерінің маңыздылығы бойынша табиғи ресурстар мен қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлау проблемасымен бетпе-бет келіп отыр. Соның, ішінде су ресурстарының тапшылығы - бірден-бір толғандыратын мәселе. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің "Жасыл экономикаға" өту тұжырымдамасы табиғи ресурстарымызды, соның ішінде суды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Өйткені, суды барынша ұнемдеп пайдалану, онымен қамтамасыз ету, әлем халқы санының көбёюі мен жаһандық экономиканың кұн сайын артып отырған сұранысын қанағаттандыру мәселелері - саясаткерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің назарын өзіне ерекше аударып, өткір тұрған мәселе.

Қоршаған мәселелері бойынша отыздан астам халықаралық келісімдердің ішінде Орхус конвенциясына ерекше мән берілген. Онда қоғамның ақпаратқа және шешім қабылдауға қолжетімділігі туралы айтылады. Қазақстанда Конвенция ережелерін орындау бойынша өзіне міндеттеме алған 14 Орхус орталығы бар оған В.Смирнов басқаратын Солтүстік Қазақстан орталығы да енеді.

Орхус орталықтарының қазақстандық қауымдастығы мемлекеттік институттардың, өңірлік әкімдіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың жаңа ықпалдасу ұлгісін құруды көздеп отыр. Ондағы мақсат - Орхус орталықтары құрылған аумақтарда интеграциялық серіктестік ықпалдастығы үшін әңгімелесу алаңдарын құра отырып, "Жасыл көпір" серіктестігі бағдарламасының басымдықтарын, Қазақстанның "Жасыл экономикаға"көшу бойынша шаралары мен "ЭКСПО-2017"-ге дайындығын, ұздік тәжірибелер мен технологияларды ұсыну үдерістерінің ашықтығын ақпараттық алмасу, экологиялық білім беру жүйесі арқылы дамыту болып табылады.

Елімізідің «Жасыл экономикаға» өту бойынша Солтүстік Қазақстан облысының су ресурстарын пайдалану мәселелері өңіріміздің су шаруашылықтарын басқарушылардың, қоғамның, әсіресе, ғалымдардың алаңдаушылығын туғызуда. Олар облысты сумен қамтамасыз ету жағдайының шынымен нашарлау қаупі барын алға тартуда. Бұл ауа райының, климаттық жағдайдың өзгеруіне де байланысты. Сонымен қатар, оған Қазақстан аумағында жауын-шашын мөлшерінің азайып, маусымдық және жылдық ауа температурасының көтерілуі де ықпал етеді. Соңғы кезде Солтустік Қазақстанды ауызсумен қамтамасыз ететін негізгі арна-Есіл өзенінің су жинау бассейні орналасқан аумақта климаттың қүрғауының қарқыны жоғарылағаны байқалады. Облыстың су шаруашылығының техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту, судың сапасы мен ысырапсыз жұмсалуының алдын алу мәселелері де бар.

Облыс аумағындағы көлдердің бірқатары органикалық және минералдық тұнбалардың құйылуы салдарынан ластанып, батпаққа айналғандықтан, балық және су шаруашылығына пайдалануға жарамсыз. Ғылым кандидаттары Н.Белецкая, П.Дмитриев, В.Вилковтің айтуынша, келдердегі осы тұнбаларды "Жасыл экономиканы"дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы өндірісіне құнды тыңайтқыш пен топырақтың құрамын жақсартуға пайдаланса, бұл көлдер тазарып, балық шаруашылығын жандандыруға оң ықпал етер еді. Сонда әрі су қоймалары тазарады әрі ол өз құнын өзі ақтап алады.

Солтүстік Қазақстан облысының көл тұнбаларын құнарсызданған және құрамы бұзылған жерлерді қалпына келтіруге пайдалану туралы жобасы халықаралық "Жасыл көпір" бағдарламасына енгізілгенін атап айту керек. Облыстың ауызсу сапасы мен тұрғындардың суға байланысты ауруларға шалдығуы да маңызды мәселе. Ондаған жылдар бойы жасалған зерттеулер қорытындысы барлық Қазақстан аумағында, соның ішінде біздің өңірде радон тәуекелі басым екендігін анықтады.

Еліміздің "Жасыл экономикаға" көшуі бойынша экологиялық мәселелерді шешуде тұрмыстық, өнеркәсіптік сұйық және улы қалдықтарды кешенді жою технологияларының маңызы зор. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Н.Бектүрғановтың сөзіне сүйенсек, "Қазақстан Республикасы су қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясы" бойынша әзірленген ережелерде су тапшылығын жоюдың екі жолы қарастырылған Біріншідең суды барынша үнемді пайдалану, екіншіден өзен ағысын реттеу, жерасты су қорларын пайдалану, тұзды суларды түщыландыру, су қорларын аумақтарға қайта бөлу қажет. Бұл ретте Ертістің суын Солтүстік Қазақстан облысына бұру мүмкіндігі де бар.

Осы және басқа да мәселелер М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен "Солтүстік Қазақстанның су ресурстарын пайдалану секторы "Қазақстан Республикасының "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі түжырымдамасы Орхус конвенциясы аясында" халықаралық конференциясы және тренинг-семинарында талқыланды.



Жергілікті деңгейде көтеріліп, адамның еміріне қауіп төндіріп отырған жаһандық мәселелердің барлығы адамдардың өздерінің қатысуымен орын алуда. Және осы мәселелерді шешіп, қалпына келтіретін де өзіміз.
// Солтүстік Қазақстан. - 2014. – 18 қырқүйек

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет