АЯҚ ҚАН ТАМЫР АУРУЛАРЫ.
АМБУЛАТОРЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ЕМДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Медицина факультеті
Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері (хирургиялық аурулар) пәні
Дайындаған: Момын Шадияр Абиджанұлы
Курс: V ЖМ-913
Тексерген: Оразбаков Жангирхан Бимаханұлы
Түркістан 2023жыл
Аяқ тамырларының аурулары: - Аяқ тамырларының атеросклерозы
- Тромбоз және эмболия
- Веналардың варикозды кеңеюі
- Диабеттік ангиопатия
- Обструктивті артерит
- Сан артериясының аневризмасының жыртылуы
- Флебит және тромбофлебит
I70.2 Аяқ тамырларының атеросклерозы
Аяқтың тамырларында пайда болған атеросклеротикалық бляшкалармен қан тамырларының қуысының тарылуынан өткізгіштігінің төмендеуімен сипатталатын аяқ артерияларының созылмалы, тұрақты кері дамитын ауруы.
Классификациясы: Фонтейна-Покровского
I – 1 км-ден аз жаяу жүргенде бұлшықет ауырсынуы , клаудикациямен көрінеді;
IIA – 200-500 м жүргенде үзік-үзік клаудикация пайда болады; майлы тін және б/ет атрофиясы , тырнақ пластинкаларының қалыңдауы және аяқ терісінің дөрекілігі;
IIB – 200 м-ден аз жүргенде клаудикация (ақсақтық) пайда болады;
III - тыныштық жағдайда да аяғындағы ауырсынуы, жеңілдету үшін аяғын төсекке асылдырады, бұл қанның іркілісін тұдырып - жұмсақ тіндер ісінеді және күлгін-көкшіл түске ие болады; бұлшықеттер атрофияланған;
IV – тіндердің ауыр трофикалық бұзылыстары – ұзақ жазылмайтын жаралар, некроз, гангрена.
Диагностикасы - Шағымы және анамнез
- Физикалық тексеру (жалпы қарау , пальпация, аускультация)
- Амбулаторлық деңгейдегі негізгі міндетті тексерулер: · УЗАС- аяқ артерияларын. Қосымша тексерулер: · коагулограмма (АЧТВ, МНО, Фибриноген, ПВ, ПТИ); · ҚБХА липидті сектор (ЖТЛП, ТТЛП, холестерин, триглицерид); · КТА/МРА аяқ артерияларын; · тобық – иықтық индексті анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |