58
Психикалық норма сипаттары келесідей
әрекет-қылық ерекшелік-
теріне ие: әрекет-қылықтың сыртқы ықпалдарға сәйкестігі; себеп-
салдарлылығы;
тұжырымды болуы; ұтымды тіршілік бағытына сай
тәртіптілікте көрінуі; мақсат, сеп-түрткі және әдістердің үйлесімділігі;
басқа адамдармен жөн-жосықты қарым-қатынаста болуы;
әлеуметтік
талаптарға сәйкес өзіндік реттеу мен түзетулер бере білуі.
Психикалық бұзылысқа түскен тұлғалар әрекеттеріне тән сипаттар:
жанжалды, берекетсіздік, аяқасты қызбалық, екінші сигналды
жүйедегі кемшіліктер, түсіне қабылдау тетіктерінің дұрыс іске
қосылмауы.
Психикалық ауытқулар
уақытша (шыдамсыздық, күйбеңділік, невроз-
дар) және
тұрақты (психопатия, ақыл-ес кемістігі) болып ажыралады.
Адамның психикалық қалпын келесідей негіздерде топтастыруға бола-
ды: ) психикалық қалып туындау жағдайларына байланысты –
тұлғалық
және
ситуативті; ) психикалық іс-әрекеттегі басымдылық танытқан
жетекші бірліктерге тәуелді –
интеллектуалды, еріктік, эмоционалды
және т.б. 3) адам бойындағы психикалық қалыптың көріну дәрежесіне
сәйкес –
терең не үстірт; ) өту мерзіміне қарай –
қысқа мерзімді,
созылған, ұзақ мерзімді және т.б. 5) тұлғаға
ықпал жасау сипатына
орай -
ұнамды, болымсыз, күш-қуат арттырушы
стеникалық және
кері -
астеникалық; 6) саналылық деңгейіне орай -
ойластырылған
не тосатты,
жоспарланбаған қалыптар; 7) қалыпты туындатқан себеп-
терге орай; 8) қалыптың оны пайда еткен объектив жағдайларға сәйкес
болуына байланысты.
Көпшілік адамдарға тән типтік ұнамды не болымсыз қалыптарды бөле
қарастыруға болады: а) күнделікті, тұрмыстық (махаббат, бақыт, қайғы
және т.б.); б) кәсіби (іс-әрекетке, күтілмеген жағдайларға орайласқан).
Бұлар қатарына
кәсіби жарамдылық, кәсіп мәнін тану, қызмет табы-
Достарыңызбен бөлісу: