Психология пәні 1) іс-әрекет субъекті ретіндегі адам, 2) өзін өзі
реттеуіне қажет тұлғаның жүйелі өз сапалары; 3) адам психикасының қалыптасуы мен әрекеттік қызметке келу заңдылықтары; 4) адамның болмысты бейнелеу қабілеттері және оны тануы; 5) соның нәтижесінде өзінің сырттай дүниемен өзара ықпалдасты байланыстарын реттей алуы. Психология нысаны: психиканың пайда болуы мен оның дамуы;
психикалық іс-әрекеттің нейрофизиологиялық негіздері; психиканың
ең жоғары формасы – адам санасы; сырттай болмыстың ішкі жан
дүниелікке ауысу заңдылықтары; адам психикасының әлеуметтік- тари-
хи жағдайларға тәуелділігі; психикалық әлем бейнелерінің қалыптасуы
мен сол бейнелердің адамның сырттай тұрмыстық, тәжірибелік
іс-әрекеттерінде көрініп, іске асуы; биологиялық және әлеуметтік
жағдаяттардың адамның өзін өзі реттеуіндегі бірлігі; адам психикасының
құрылымы; тұлғаның танымдық, еріктік және көңіл-күй үдерістері мен
жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің бейнелеу-реттеушілік мәні;
адамның әлеуметтік ортадағы қылық - әрекетінің психологиялық ерек-
шеліктері; адамның нақты іс-әрекет түрлерінің психологиясы.
Психологияның негізгі міндеттері: - психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;
- психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау;
- психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;
- психологиялық білімдерді адам өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы
ендіруге жәрдем ету.
Психология зерттеулерінің міндеттері мен әдістері қоғамдық және
жаратылыстану ғылымдарының тоғысынан туындайды.
Психологияның негізгі әдіснамалық принциптері: ) заттасқан
болмыстағы психикалық құбылыстардың себеп-салдарлылығын мойын-
дау; ) психикалық құбылыстарды танудың генетикалық бағытын ұстану
және оларды даму үдерісінде зерттеу; 3) психика мен іс-әрекеттің ажы-
ралмас бірлікте болатынын қолдау; ) адам психикасын биологиялық
және әлеуметтік жағдаяттардың бірлігін ескерумен зерттеп бару.
XX-ғасырдың соңына қарай психология адами ғылымдар жүйесінде
өзекті пәнге айналды, ал оның қолданбалы салалары адамзат тір-
шілік әрекеттерінің барша тарауларындағы тиімділіктің кепілі ретінде
қолданылуда.
5
Жетістіктерінің соншалықты ауқымды болуынан психология ғылымы
бұл күнде адам жөніндегі ғылымдар жүйесінің бірінші қатарларынан
орын иелеуде.
Қазіргі заманда психолгияның келесідей қолданбалы салалары: