Лекция № Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси режимдер



бет1/2
Дата19.10.2023
өлшемі33.8 Kb.
#481175
түріЛекция
  1   2
Саясаттану лек-4


Лекция № 4. Мемлекет және азаматтық қоғам.
Саяси режимдер


Лекция жоспары: Мемлекет ұғымы және шығу теориясы. Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің аумақтық құрылым түрлері. Мемлекеттік басқару формалары. Саяси режимнің мәні және түсінігі. Тоталитарлы саяси режим. Авторитарлық саяси режим. Демократиялық саяси режим.
Лекция мақсаты мен міндеті: Мемлекет ұғымы және шығу теориясы. мемлекеттің негізгі белгілері, мемлекеттің аумақтық құрылым түрлері, мемлекеттік басқару формалары, саяси режимнің түрлері- авторитарлық, тоталитарлық және демократитялық саяси режимның ерекшеліктерін ашып көрсету.
Лекция мазмұны:
Мемлекет – тарихи институт: ол XVI–XVII ғасырда Еуропада басқа институттар мен топтарды, соның ішінде шіркеуді өзіне бағындырған бір орталықтандырылған билік жүйесі ретінде пайда болды. Орта ғасырдағы Еуропа елде-рін өзара бәсекелес топтар кезек-кезек билеп келді, ал мемлекет қалыптасқан соң ондай билік формасы жойылды. Аумақтық егемендік принципін қалыптастыру кезінде отыз жылдық соғыстың соңында жасалған Вестфалия бітімі ішкі және сыртқы істерде мемлекетті негізгі іс-қимыл иесі ретінде көрсетіп, мемлекеттіліктің заманауи түсінігін қалыптастырды. Дегенмен мемлекеттің пайда болуына қатысты түрлі пікірлер бар. Чарльз Тиллидің пікірінше, мемлекеттің қазіргідей фор-масының қалыптасуына ықпал еткен басты фактор – соғыса білу қабілеті. Яғни XVI ғасырда басталған әскери ұрыс ауқымы мен табиғатының трансформациясы (мысалы, оқ-дәріні қолдана бастау, ұйымдасқан жаяу әскер мен артиллерияны пайдалану, тұрақты армияның пайда болуы т.б.) билік иелеріне қажетті мәжбүрлеу шарасын күшейтіп қана қоймай, мемлекеттің салық салу және басқару жүйелерін кеңейтіп, халықты бақылауды оңтайлы ете түсті. Бұл үрдісті Тилли: «Соғыс мемлекетті қалыптастырады, мемлекет соғысқа бастайды», – деп сипаттайды (1975). Ал марксистер, керісінше, мемлекеттің пайда болуын экономикалық жағдаймен байланыстырады және феодализмнен капитализмге өту бұл үрдісті тездетті деп санайды. Олардың пікірінше, мемлекет – жаңадан пайда болған буржуазиялық таптың қолындағы қару еді. Майкл Манн (1993) болса мемлекеттің қалыптасуын оның идеологиялық, экономикалық, әскери және саяси билік формаларын бі-ріктіру қабілетімен байланыстырады (кейде оны «IEMP моделі» деп атайды).Жағдай өзгерген сайын мемлекет те дамып, өзгеріп отырады. XIX ғасырда ұлт-мемлекет сипатын иеленіп, сонан соң демократияландыру процесінен біртіндеп өту арқылы ХХ ғасырда, әсіресе 1945 жылдан кейінгі кезеңде, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жауапкершілігі артты; ал 1980–1990 жылдары «өткенге оралу, кері кету» белгісі байқалды. Еуропалық мемлекет үлгісі басқа елдер мен құрлықтарға тарады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда отар елдерге еркіндік беру процесі қарқынды жүрді, егемен мемлекет құру тәуелсіздік белгісі саналды. Осы процестің нә-тижесінде БҰҰ-ға мүше болған мемлекеттер саны күрт артты. 1945 жылға дейін оған 51 мемлекет мүше болса, 1970 жылы олардың саны 127-ге жет-ті, ал 2011 жылы (Оңтүстік Судан тәуелсіз мемлекет деп мойындалған соң) 193 мемлекет мүше болды. Осылайша мемлекет әлемдегі саяси ұйымның әм-бебап формасына айналды. Сонымен бірге «мемлекет» терминінің институттар жиынтығы, аумақтық бірлік, философиялық идея, кейде тіпті мәжбүрлеу мен қудалау құралы тәрізді басқа да даулы ұғымдарды қамтитын кезі бар. Мұндай әртүрлі ұғымның пайда болуына мемлекет түсінігі туралы төрт түрлі көзқарастың болуы ықпал етті; атап айтқанда, идеалистік, функционалдық, ұйымдастырушылық және халықаралық тұрғыда қаралды.Идеалистік көзқарас Г.В.Ф. Гегельдің еңбектерінде жан-жақты баяндалған. Гегель әлеуметтік болмыстың отбасы, азаматтық қоғам және мемлекеттен тұратын үш «белгісін» атап көрсетеді. Оның пікірінше, отбасында «айрықша альтруизм» бар, ол адамдарды өз мүддесін ысырып қойып, баласының немесе егде туысының игілігіне қызмет етуге ынталандырады. Ал азаматтық қоғам керісінше, «әмбебап эгоизм» аумағы, яғни жеке тұлға өз мүддесін басқалардан жоғары қояды. Гегель мемлекетті «әмбебап альтруизм» негізінде құрылған, ортақ қолдауға ие этикалық қауымдастық деп сипаттайды. Идеализмнің кемшілігі – мемлекетті сынамай, құрмет тұтуға шақырады; оны этикалық құрылым ретінде қарастырғандықтан, мемлекет ішіндегі және одан тысқары институттардың аражігін ажыратып бере алмайды.Функционалдық көзқарас мемлекеттік институттардың рөлі мен мақсатына баса мән береді. Мұнда «мемлекеттің басты функциясы – қоғамдық тәртіпті сақтау» деп түсіндіреді, мемлекеттің өзі қоғамда тәртіп пен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін институттар жиынтығы деп аталады. Мұндай көзқарасты неомарксистер қолдай отырып, мемлекетті таптар арасындағы шиеленісті жойып, капиталистік жүйенің ұзақ сақталуын қамтамасыз ететін тетік ретінде қарастырады. Функционалдық көзқарастың кемшін тұсы – тәртіпті сақтайтын кез келген институтты (отбасы, массмедиа, кәсіподақ пен шіркеу сияқты) мемлекетпен астастыра қарай-ды. Сондықтан да осы кітапта мемлекет ұғымына берілген анықтамалардың ішінен ұйымдастырушылық көзқарасты ең ұтымдысы деп санаймыз (бұдан ұтымды көзқарас шығып жатса – құбақұп).Ұйымдастырушылық көзқарас бойынша, мемлекет – толыққанды басқару аппараты; яғни «қоғамдық» деп танылған, жалпылама мойындалған институт-тар жиынтығы, себебі әлеуметтік құрылымды ұйымдастыруға жауапты және қоғам есебінен қаржыландырылады. Бұл анықтаманың артықшылығы мемле-кет пен азаматтық қоғамның аражігін ашып көрсетуінде. Мемлекет басқару-дың түрлі институттарын: бюрократия, қарулы күштер, полиция, сот, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі және т.б. қамтиды; осының бәрін «саяси орган» деп атаймыз. Ұйымдастырушылық көзқарас мемлекеттің «алға өрлеуі» немесе «кері кетуі» жайында айтуға мүмкіндік береді, бұл жағдайда мемлекет жауапкершілігін арттыру немесе қысқарту, институттық тетіктерін ұлғайту не азайту сияқты мәселелер қамтылады. Осылайша мемлекеттің бес негізгі сипатын атай аламыз:



  • Мемлекет – егемен. Ол қоғамдағы басқа бірлестіктер мен топтардан жоғары тұратындықтан, абсолютті және шексіз билікке ие. Томас Гоббс (90-бетті қараңыз) егемендік идеясын теңізде өмір сүреді деп сипатталатын алып құбыжық «Левиафанға» теңейді.„




  • Мемлекет институттары азаматтық қоғамдағы «жеке» институттар сияқты емес, жалпылама мойындалған «қоғамдық» ұйым. Мемлекеттік мекемелер ұжымдық шешім қабылдап, оны орындатуға жауапты; ал отбасы, кәсіпорын мен кәсіподақ сияқты жеке мекемелер жеке тұлға-лардың мүддесін ғана қорғайды.„




  • Мемлекет – легитимдікті жүзеге асырушы. Мемлекет қабылдаған ше-шім әдетте қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті болады (бұл ере-жеге бағынбайтын жайттар да кездеседі), себебі ол қоғам мүддесі, жал-пы игілік үшін жасалған; мемлекеттің өзі қоғам мүддесін тұрақты түрде қорғайтын мекеме саналады.„




  • Мемлекет – үстемдік құралы. Мемлекеттік билік мәжбүрлеуге құрыл-ған; мемлекетте қабылданған заңдар сақталуға және оны бұзғандар жа-залануға тиіс. Макс Вебердің пікірінше, мемлекет – «заң бойынша зорлық-зомбылық жасауға» рұқсаты бар монополия.




  • Мемлекет – аумақтағы қауымдастық. Мемлекеттің юрисдикциясы гео-графиялық тұрғыда нақтыланған; ол мемлекет шекарасында тұратын-дарды (азаматтығы болса да, болмаса да) толық қамтиды. Мемлекет халықаралық тұрғыда (кем дегенде, теория жүзінде) автономдық құрылым саналады.

Мемлекет билігінің негізгі сипаты қандай, мемлекет кімнің мүддесін білді-руге тиіс? Бұл тұрғыда мемлекет «табиғатынан даулы» концепция болып кө-рінеді. Мемлекет туралы бақталас теориялар көп, олардың әрқайсысы мемлекеттің пайда болуы, дамуы және қоғамға ықпалы жөнінде өз көзқарасын ұсынады. Мемлекет билігінің басты сипаты туралы дау заманауи саяси еңбек-терде жиі ұшырасады, оның бәрі осы саладағы идеологиялық және теориялық пікір қақтығысына негізделген. Атап айтсақ, мысалы, «мемлекет автономды әрі қоғамға тәуелсіз бе, әлде қоғамның тікелей өнімі, билік пен ресурстарды жан-жақты тарату үлгісі ме» деген мәселелерді қамтиды.


Мемлекеттің қарама-қайшы төрт теориясы бар:„

  • плюралистік мемлекет;„

  • капиталистік мемлекет;„

  • левиафан мемлекет;„

  • патриархалдық мемлекет;

  • плюралистік мемлекет.

Мемлекеттің түрлі формалары арасынан мыналарды бөліп атауға болады:„

  • минималды мемлекеттер;„

  • дамуға бағытталған мемлекеттер;„

  • социал-демократиялық мемлекеттер;„

  • ұжымдасқан мемлекеттер;„

  • тоталитарлық мемлекеттер;„

  • діни мемлекеттер.

Минималды мемлекет – адамдар еркіндікті барынша сезінуі керек деп санайтын классикалық либералдардың идеалы. Бұл көзқарас қоғамдық шарт теориясынан бастау алатынына қарамастан, мемлекетке қатысты «теріс» көзқарас қалыптас-тырады. Осы тұрғыдан мемлекеттің құндылығы – адамның іс-әрекетін шектей алуы, сол арқылы басқа адамдардың құқығы мен еркіндігін таптауына жол бермеу. Мемлекет – жай қорғаушы мекеме, оның негізгі функциясы – бейбітшілік пен әлеуметтік тәртіптің шекарасын белгілеу және соны қамтамасыз ету; ал ондағы тұрғындар қалауынша өмір сүре береді. Бұған қатысты Локк мынадай салыстыру жасайды: мемлекет – түнгі күзет қарауылы, біреу тәртіп бұзса ғана қарауыл көмекке шақырылады. Дегенмен «минималды» немесе «түнгі қарауыл» мемлекеттің, кем дегенде, үш негізгі функциясы болмақ. Біріншіден, мемлекет ішкі тәртіпті қамтамасыз ету үшін құрылады. Екіншіден, ол жеке азаматтар арасында жасалған келісімшарттардың орын-далуын қадағалайды; ал, үшіншіден, сыртқы шабуылға қарсы күреседі. Минималды мемлекеттің институттық аппараты полиция, сот жүйесі және армиямен шектелмек. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени, моральдық және басқа да жауапкершіліктерді жеке тұлға өз мойнына алады, сондықтан ол азаматтық қоғамның тұрақты мүшесі болады. Жаңа оңшылдар соңғы кездері осы минималды мемлекет негіздерін жиі тал-қылайды. Бұрынғы либералдық идеялар, оның ішінде еркін нарық немесе классикалық экономика теорияларына сүйенген жаңа оңшылдар «мемлекет шека-расын алып тастауды» жөн санайды. Роберт Нозиктің еңбектерінде айтылған ой-пікірлері Локктың жеке бас құқығын, әсіресе мүлік құқығын сақтау туралы либералдық пікірлерімен ұштасады. Фридрих фон Хайек және Милтон Фридман сияқты еркін нарық экономистері мемлекеттің араласуын бәсеке мен тиімділікті, өнімділікті төмендететін «өлі қол» деп қарайды. Жаңа оңшылдардың пікірінше, мемлекеттің экономикалық рөлі екі функциямен шектелуі керек: айырбас құралын немесе «сенімді ақшаны» тұрақты сақтау және монополияға құрылған билік, баға белгілеу т.б. бақылау арқылы бәсекені күшейту. Дамуға бағытталған мемлекеттер. Минималды мемлекеттің тарихтағы ең жақсы үлгісі XIX ғасыр басындағы ерте индустрияландыру кезеңіндегі Ұлыбритания мен АҚШ болса керек. Қалыптасқан қағида бойынша, мемлекет неғұрлым кеш индустриялан-са, оның экономикалық рөлі де соғұрлым ауқымды. Мысалы, Жапония мен Германия ең басынан белсенді «даму» жолын таңдады. Дамуға бағытталған мемлекет – өнеркәсіп өсімі мен экономикалық дамуға ықпал ету мақсатында экономикалық өмірге араласатын мемлекет. Сондықтан дамуға бағытталған мемлекетте нарықтың орнын бақылау мен жоспарлауға құрылған «социалистік» жүйе басады деп ойлауға болмайды; керісінше, мемлекет консерваторлар мен ұлтшылдардың қолына өткен экономикалық мүддеге қолдау жасап, ын-тымақтаса жұмыс істеуге тырысады.


Дамуға бағытталған мемлекеттің классикалық үлгісі – Жапония. Импе-ратор Мэйдзидің билігі кезінде (1868–1912) Жапония мемлекеті Екінші дү-ниежүзілік соғысқа дейін жапон экономикасын уысында ұстаған отбасы-лық бизнес-империя – дзайбуцу әулетімен тығыз қарым-қатынас орнатты. 1945 жылдан бастап Жапония мемлекетінің даму жолын Халықаралық сауда және өнеркәсі министрлігі анықтайтын болды, министрлік жапон банкімен бірлесе отырып, жеке инвестициялар туралы шешім қабылдады және жапон экономикасын халықаралық бәсекеге төтеп беруге бағыттады. Даму жолына араласудың осындай үлгісі Францияда да болды, ондағы екі үкімет: оңшылдар да, солшылдар да экономикалық жос-парлаудың қажеттігін мойындады; ал мемлекет шенеуніктері ұлттық мүддені қорғауды өз мойнына алды. Австрия мен Германия сияқты мемлекеттер «серіктес мемлекет» құру арқылы экономикалық дамуды жолға қойды; мем-лекет пен басты экономикалық мүдде арасында тығыз байланыс орнады. Соңғы жылдары экономикалық жаһандану «бәсекелес мемлекеттердің» пайда болуына ықпал етті, Шығыс Азияның «экономикалық жолбарыстары»осының мысалы бола алады. Бәсекелес мемлекеттер экономикалық өсімнің басты кепілі ретінде білімге айрықша мән береді және кәсіби дайындықты күшейтуге тырысады; транс ұлттық бә-секе артқан сайын осы бағыттарды жетілдіре түсуді жөн санайды.Социал-демократиялық мемлекеттерДамуға бағытталған мемлекеттер экономикасын күшейту үшін интервен-ционизмге ұмтылса , социал-демократиялық мемлекеттер адалдық, теңдік және әлеуметтік әділдік сияқты принциптерді ұста-на отырып, ауқымды әлеуметтік құрылым жасауға талпынады. Австрия мен Швеция тәрізді елдерде мемлекеттің интервенциясына экономика-лық дамуға бағытталу мен социал-демократиялық басымдықтар ықпал етті. Дегенмен дамуға бағытталушылық (developmentalism) пен социал-де-мократия әрдайым қатар жүре бермейді. Маркуанд (1988) атап өткендей, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбритания социал-демократиялық ба-ғытта тез дамығанмен, дамуға бағытталған ел санатына қосылмады. Социал-демократиялық мемлекетті түсінудің кілті – мемлекетті «қажетті зұлымдық» деп санап, оған «жағымсыз» қарайтын көзқарастан арылу; керісінше, мем-лекетке еркіндік пен әділдік әперетін құрал ретінде «оң» көзқараспен қарау. Сондықтан социал-демократиялық мемлекет – заманауи либералдар үшін де, социал-демократтар үшін де идеал мемлекет.Социал-демократиялық мемлекет бірқалыпты тіршілік ету тәртібін ор-натып қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласады; атап айтқанда, на-рықтық экономикадағы үйлесімсіздік пен әділетсіздікті жоюға көмектеседі. Сондықтан да ол әл-ауқатты арттырудан бұрын сол байлықты қалай әділ, тең бөлу керек деген мәселеге көңіл бөледі. Осы бағытты таңдаған мемлекет ке-дейлікті жойып, әлеуметтік теңсіздікті азайтуға тырысады. Сондықтан социал-демократялық мемлекеттің басты екі сипаты – кейнсианизм және әлеуметтік әл-ауқат. Кейнс экономикасы саясатының мақсаты – эко-номикалық өсімді арттырып, жұмыспен толық қамтамасыз ету мақсатында капитализмді «басқару» немесе «реттеу». Бұған жоспарлау элементі де кіреді, бірақ классикалық кейнстік стратегия фискалдық саясатқа мемлекеттік шы-ғындар мен салық салу деңгейінде «түзету» енгізу арқылы «сұранысты бас-қаруды» көздейді. Әлеуметтік әл-ауқат саясатын қолдау нәтижесінде «әл-ау-қат мемлекеттері»пайда болды, олар азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсартуды мойнына алады. Осы тұрғыда социал-демократиялық мемлекет-тер – жеке тұлғаның құқығы мен мүмкіндігін арттыру принципін ұстанатын, «қолайлы жағдай жасайтын» мемлекет.

Ұжымдасқан мемлекет


Дамуға бағытталған және социал-демократиялық мемлекеттер елдің эконо-микалық өміріне көбіне жеке экономиканы қолдау және бағыт-бағдар беру мақсатында ғана араласса, ұжымдасқан мемлекеттер экономикалық өмірді толығымен бақылайды. Кеңес Одағы мен Шығыс Еуропа елдері сияқты ком-мунистік режимді қабылдаған елдер осы санатқа жатады. Олар жеке кәсіп-керлікті мүлдем жойып, экономика министрлігі мен жоспарлау комитеті басқаратын, бір орталыққа қарайтын экономикалық жүйе құруға тырысты. Осылайша «нұсқау» арқылы жасалған «бақыланатын экономика» пайда бол-ды және оған Коммунистік партияның жоғары органдары арқылы бақылау жасалды. Мемлекеттік ұжымдастыруды қолдаушылар «жеке меншікке қарағанда, ортақ меншіктің болғанын артық көрген» социалистік ұстанымға сүйенді. Дегенмен бұл мақсатқа жету жолында мемлекетті пайдалану мемле-кеттік билікке Маркс пен Энгельстің (1820–1895) классикалық еңбектерінде айтылған ойдан гөрі оң көзқараста болуды қажет етеді.

Тоталитарлық мемлекет


Интервенционизмнің ең өткір және ауқымды түрі тоталитарлық мемлекеттерден байқалады. Тоталитаризмнің бар болмысының өзі – адам өмірінің барлық аспектісін толық қамтып, барлығын бақылауда ұстайтын мемлекет құру. Мемлекет экономиканы ғана емес, білім, мәдениет, дін, отбасылық өмір т.б. салаларды тікелей өз бақылауына алады. Тоталитарлық мемлекеттің классикалық үлгісі – Гитлер басқарған Германия мен Сталин тұсындағы Кеңес Одағы. Қазіргі Солтүстік Кореяны да осы санатқа жатқызуға болады. Аталған режимнің басты тірегі – кешенді бақылау процесі, үрей шақыратын полиция және идеологиялық манипуляция мен бақылаудың жалпыға ортақ жүйесі. Шындығында, тоталитарлық мемлекеттерде азаматтық қоғам деген болмайды, адамның «жеке» өмірі ұмыт қалады. Мұндай мақсатты жеке тұлға-ның ерекшелігін қоғам мүддесіне жығып беретін, барлық адам біртұтас жүйе-ге айналғанын қалайтын фашистер ғана көздесе керек. Кейде Муссолинидің тоталитарлық мемлекет туралы түсінігі Гегельдің «этикалық қоғам» (аль-труизм мен қоғам мүшелерінің бір-бірін жақсы көруі) туралы идеясынан туған деседі. Осы көзқарас тұрғысынан адамзат өркениетінің дамуы мемлекет-тің ұлғаюы мен оның жауапкершілігінің артуымен байланысты болуы әбден мүмкін.

Діни мемлекет


Бір жағынан, «діни мемлекет» деген терминді қолданудың өзі қайшылық ту-дырады. Қазіргі үлгідегі мемлекеттің қалыптасуына азаматтық биліктің діни билікті жеңуі ықпал етті, шіркеу мен мемлекет бөлінген соң, дін әркімнің жеке мәселесіне айналды. Сондықтан мемлекеттің егемендік үшін күресі әдетте се-куляризация процесімен қатар жүрді. АҚШ конституциясына енгізілген бірін-ші толықтыруда мемлекеттің зайырлы сипаты бекітілген, онда діни наным-се-нім бостандығының шектелмеуіне кепілдік берілген. Ал Францияда мемлекет пен шіркеудің бөлінуі laïcité (секуляризм) принципіне сай қатаң жүргізілді.
«Азаматтық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды.
Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын орта.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
- мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
- мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);
- қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
- саяси партиялар мен қозғалыстар;
- тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
- мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;
- отбасы;
- шіркеу және т.б.
Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншiктiң алуан түрлi нысаны кезiнде азаматтарда экономикалық дербестiктiң пайда болуы мен адами жеке тұлға мәртебесiнiң артуы болып табылады. Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы ретiнде қызмет етедi, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшiн қажет.
Азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, тең танылуы мен қорғалуының заңнамалық кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген, меншiк нысандарының әралуандылығы мен дара меншiк иелерiнiң егемендiгi құрайды.
Азаматтық қоғам өмiр сүруiнiң басты базалық шарттарының бiрi тәуелсiз БАҚ арқылы қамтамасыз етiлетiн жариялылық болып табылады.
Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ортақ жүйеде әртүрлi, бiрақ өзара тәуелдi бөлiктер ретiнде жұмыс iстейдi. Билiк пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасады, ал өзара iс-қимыл ымыраға қол жеткiзуге бағытталады.
Демократиялық мемлекеттiң азаматтары дербес бостандық құқығын пайдаланады, бiрақ сонымен бiр уақытта олар басқа мемлекеттiк институттармен бiрге болашақты құру жауапкершiлiгiн бөлiседi. Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйе жағдайында ғана билiк пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасатын ең жоғары даму деңгейiне жетедi. Азаматтық қоғамдағы демократиялық рәсiмдер билiк қызметiнiң сапасын бұқаралық бағалау құқығына және қоғам мүдделерi үшiн билiкке ықпал ету тетiктерiне негiзделедi. Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекеттiң мiндетi жаратылысы жағынан әртүрлi азаматтар мен заңды тұлғалардың бiрлестiктерi (партиялар, YЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, бастамашылық топтары және басқалары) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және соңғысының билiктi бiр қолға алуына мүмкiндiк бермейтiн азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту үшiн қажеттi жағдай
жасау болып табылады.
Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу. Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет