2.Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары әлеуметтік-педагогикалық ғылымдардың саласы ретінде.
Әлеуметтік жұмыс қоғамдық құбылыс, белгілі бір қоғамдық институт ретінде пайда болған. Ол бірте-бірте әр түрлі ғылымның зерттеу объектісіне айналды. ХХ ғасырдың ішінде ол теориялық тұрғыдан қарастырылып, ғылыми сипаттама беріле бастады.
Әлеуметтік жұмысқа қатысты ғылыми білімді құрудағы әйгілі теориялық тәсілдерге, олардың өздеріне әсер еткен аралас ғылымдарға қатысты жүргізілген талдаулар кем дегенде үш топтағы теориялардың бар екендігін көрсетеді:
1) әлеуметтік жұмыстың психологиялық-бағдарлы теориясы;
2) әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-бағдарлы теориясы;
3) психологиялық-әлеуметтік (социопсихологиялық) немесе жан-жақты, пәнаралық бағдарлы әлеуметтік жұмыс теориясы.
Психологиялық-бағдарлы теория
Әлеуметтік жұмысты қазіргі заманғы қалпында теориялық пайымдау ретінде психодинамика З.Фрейдтен бастап оның ізін қуушылардың психоталдаулық зерттеулері негізінде қалыптасты. Олардың ролі бұл орайда негізінен әлеуметтік жұмыс үшін аралас ғылыми пән ретінде әдістемелік тұрғыдан ықпал етумен шектелді.
Алайда әлеуметтік жұмыстың психодинамикалық үлгісі негізінде ықпал ету мен әзірлеме әлеуметтік жұмыстың нақты технологиясын негіздеудің ерекше үлгісінің пайда болуы мен дамуына мүмкіндік туғызды. Мұндай проблемалары бар жеке адамға, отбасына, адамдар тобына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері талқыланды. Бұл ретте әлеуметтік қызметкер әрекетінің психодинамикалық үлгісі негізгі, бастапқы постулаттарға табан тірейді. Негізінен олар мыналарға әкеледі:
а) әлеуметтік қызметкер клиентпен қарым-қатынаста тек психологиялық құрылым иеленіп қоймайды, сонымен бірге өзгерістерге де қабілетті болады;
б) әлеуметтік қызметкердің клиентке ықпал етуі оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын, әлеуметтік сатылы топтар жүйесіндегі мәртебесін ескеруі тиіс;
в) психодинамикалық теория мұқтаждарға, жекелеген адамдарға нақты көмек көрсету барысында пайдалы екендігін түсінуін талап етеді;
г) әлеуметтік жұмыстың психодинамикалық моделі әдетте, клиентке қатысты мінез-құлықты, көзқарасты, қарым-қатынасты оның ішкі әлеміне, нақты өмірді қабылдау ерекшелігіне әсер ете отырып өзгертуді көздейді.
Бұл ретте әлеуметтік қызметкер өзінің де психологиялық ерекшеліктерін ескергені жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |