Алкогольге тәуелді отбасылар. Психологтар көрсеткендей (Б. С. Братусь, В. Д. Москаленко, Е.М. Мастюкова, Ф. Г. Углов и др.), мұндай отбасындағы ересектер ата-ана жауапкершілігін ұмытып, алкогольдің жалған өміріне толығымен беріліп кетеді, бұл кезде қоғамдық және адамгершілік құндылықтар жоғалады.
Даулы отбасындағы келеңсіз жағдай (жоғары дауыста сөйлесу, ашушаңдық жұбайлардың арасындағы қарым-қатынастың нормасы боп есептеледі) немесе, тыныш (жұбайлық қарым-қатынастар бірін бірі елемеумен ерекшеленеді, өзара қатынастан аулақ болуға тырысады) баланың тұлғасының қалыптасуына кері әсерін тиізеді және ауытқушылық мінез-құлықтың пайда болуына жалғасып, әлеуметтік және рухани құлдырауға әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |