Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет18/50
Дата12.12.2022
өлшемі221.83 Kb.
#467061
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Лекция №1 Лекцияны та ырыбы т iл бiлiмi ж не оны салалары

Сөзге мынадай белгiлер тән:
1. Сөз белгiлi бiр дыбыстық құрылымнан тұрады. Ол фонетикалық заңдылыққа сәйкес құрылады. Атаушы сөздер екпiнге ие болады, ал көмекшi сөздер екпiнсiз болады.
2. Сөздiң мағынасы болады. Мағына бiлдiру жағынан сөз фонемадан ажыратылады.
3. Сөз тұйық құрылым, оның арасына екiншi сөздi ендiру мүмкiн емес. Ал сөз тiркесiнiң арасына сөз ендiру мүмкiн.
4. Сөз – грамматикалық жағынан бiртұтас тұлға. Ол сөз тiркесiнен де, тұрақты сөз тiркесiнен де ажыратылады.
5. Сөз белгiлi бiр сөз табына қатысты болады.
6. Сөз – дайын единица.
Сөздiң топтары мен түрлерi көп. Тiлдегi сөздердi мағынасы мен атқаратын қызметiне қарай төмендегiдей топтастыруға болады:
1) аттың атауын, заттың сынын, түр-түсiн, заттың iс-әрекетiн бiлдiретiн сөздердi дербес мағыналы сөздер немесе атаушы сөздер;
2) дербес мағынасы жоқ көмекшi сөздер.

СӨЗ





А таушы сөздер


Көмекшi сөздер




Одағай сөздер




Есiмдер


Етiстiк




Атаушы есiм






Үстеушi есiм




Зат есiм






Сын есiм






Сан есiм






Есiмдiк




Үстеу




Елiктеуш сөздер




Көмекшi есiмдер




Көмекшi етiстiк




Модаль сөздер




Шылау





Демеулiктер





Септеулiктер




Жалғаулықтар

К.Аханов өзiнiң еңбегiнде ''Есiмдер'' тобын үшке бөлiп қарастырады. Олар: Атаушы есiмдер- зат есiм, сын есiм, сан есiм; үстеушi есiмдер – үстеу және елiктеуiш сөздер; аралық есiмдер – сан есiм және есiмдiк.


Сөз-өте күрделi тiлдiк единица. Сөздiң екi жағы бар: оның бiрi – сөздiң дыбысталу жағы, екiншiсi – сөздiң мағыналық жағы. Дыбысталу сөздiң материалдық жағын құрастырса (дыбыс тiркесi), мағына сөздiң идеалдық жағын құрайды. Екеуiнiң бiрлiгi негiзiнде сөз өмiр сүредi.
Сөздердiң мұндай типтерiнен тыс фонетикалық және морфологиялық варианттары бар.
1. Фонетикалық варианттағы сөздер кейде дербес лексикалық единицаға айналуы мүмкiн. Мысалы, өкiмет-үкiмет, ғылым-iлiм т.б.
2. Морфологиялық варианттағы сөздердiң құрылысы әр түрлi болғанымен, мағыналық жағынан айырмашылығы жоқ. Мысалы, редис-редиска, невозвратимый- невозвратный т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет