Өсімдіктердің індетті ауруларға төзімділігі.
Өсімдіктердің көптеген аурулары оларға бөгде организімдердің – патогенді немесе ауру туғызатын бактериялардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың әсер етуінен пайда болады. Бұл потогенді микроорганизмдер өсімдікпен жанасып әрекеттеседі, оның организмге еніп, немесе оның сырт бетінде өсіп-дамиды және тіршілік әрекеттерімен өсімдіктегі физиологиялық процестерді бұзады, яғни өсімдікті ауруға шалдықтырады.
Сонымен індетті аурудың негізгі ерекшелігі міндетті түрде ауру туғызушы, өсімдіктің сыртқы бетінде, немесе ішінде (ұлпаларында) дамитын, одан өзінің тіршілік әрекеттеріне қажет қоректік заттарды алушы, микроорганизмнің немесе басқа паразиттің (арамтамақтың) болуында. Бұндай аурулардың екінші ерекшелігіне, олардың басқа су өсімдіктерге, немесе жеке органдарға тікелей жанасу жел, адам, хайуанаттар, сондай-ақ, індеттенген өсімдік қалдықтары арқылы тез таратылатындығын жатқызуға болады.
Микроорганизмдерге байланысты пайда болатын аурулардан басқа біраз жоғары сатыдағы өсімдіктерге (гүлді паразиттер) және хайуанаттарға (нематодтар), насекомдарға байланыты ауруларды ажырата білген жөн. Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктерге сұмқұла және арамшырмауықты жатқызуға болады. Сұмқұла хлорофилсіз шөптесін өсімдік туысы. Қазақстан жерінде оның 23 түрі өседі. Басқа өсімдіктердің тамыры арқылы қоректеніп, өніп-өсетін аса қауіпті арам шөп. Арам шырмауық –жоңышқа, беде, түйежоңышқа, сиыр жоңышқа, кендір темекі егісінде өсіп, оларды зақымдайды. Қазақстанда бұлардың 19 түрі өседі.
Барлық өсімдіктер қоректену тәсіліне байланысты автотрофты және гетеротрофты болып бөлінеді:
Автотрофтылар - өздігінен анорганикалық заттардан фотосинтез процесінде (жасыл өсімдіктер), немесе хемосинтезге байланысты (бактериялар) органикалық заттар түзетін өсімдіктер.
Гетеротрофтылар - өздігінен, дербес тіршілік ете алмайтын, тек дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер. Олларға саңырауқұлақтардың барлығы, бактериялардың көпшілігі, тиномицеттер және басқа түссіз өсімдіктер жатады.
Дайын органикалық заттарды пайдалану тәсілдеріне байланысты геторотрофты-сапрофиттер және паразиттер (тоғышар) болып бөлінеді. Сапрофиттер өлі организм қалдықтарымен (топырақ саңырауқұлақтары, бактериялар), ауыл шаруашылық -өнімдерімен (зең саңырауқұлақтары , сапрофитті бактериялар), қоректенеді. Паразиттер барлық тіршілік өмірін немесе белгілі кезеңін (сатысын) басқа өсімдік организімін үстінде (бетінде) өткізеді немесе денесінің ішіне енеді де, тірі клеткалардың, ұлпалардың құрамындағы органикалық заттармен қоректенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |