Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет1/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y


1 Лекция
1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі.
Кіріспе


Жоспар:
1. Заманауи мәдениетте білім берудің орны мен рөлі.
2.Қазіргі білім берудің парадигмасы: нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі және мемлекеттік білім беру саясаты.
Ата-бабаларымыздан асыл мұра болып қалған әлеуметтік тәжірибені, көп жылдық мәдениетті сақтап, оны ұрпақтан ұрпақка жеткізе отырып меңгерту білім беру ұгымымен тығыз байланысты. Педагогикалық әдебиеттерде «білім беру» ұғымы 18-19 ғасырларда қалыптасып (Д.Локк, И.Г.Песталоцци), бүгінде педагогиканың жетекші категорияларының бірі болып табылады.
Заман талабына сай білім беру процессі үздіксіз сипатқа ие болып келеді. Әрине білім беру үздіксіз болуы тиіс, себебі қазіргі таңда ақпаратгық технологиялардың жедел дамуына байланысты алған білімдер тез ескіруде, сондықтан адамзат баласы алған білімін үнемі толықтырып, жаңартып отыруы қажет. Білім беру ұғымының мазмұны да езгерістерге ұшырап, жан-жақты кеңейе түсті. Педагогика ғылымында онын бірнеше анықтамалары бар.
- Кең мағынадағы білім беру - жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өмірлік жолын кұзырлы таңдауға мүмкіншіліктерін кеңейтуге бағытталған процесс (А.Г.Асмолов).
- Білім беру дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру процесі және нәтижесі (ЮНЕСКО, 1997) .
- Педагогикалық энциклопедияда білім беру ұғымы - жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процессі {1999 ж).
- Білім беру - адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту процесі (Сластенин В.А.).
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты - тек білім, білік дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның әлеуметтік құнды іс-әрекетке қатысуы үшін оның өзіне және қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту. Осы тұрғыдан ойды өрбітетін болсақ, білім беруде тек білімді меңгерту, білік пен дағдыларды қалыптастыру жеткіліксіз. Керісінше білім, білік, дағдылар арқылы жеке тұлғаның үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани-құндылық, еріктік, дене жағынан толыққанды дамуы маңызды. Білім беру барысында адам мәдени құндылықтарды, ғылыми білімдерді меңгереді. Соның нәтижесінде экономиканың, саясаттың, ғылымның, мәдениеттің, өнердің дамуына зор үлесін қоса алады.
Білім берудің сапасы адамның білім алып жатқан мекемесінің (мектеп, жоғары оқу орындары) педагогикалық іс-әрекетіне тығыз байланысты болады. Ал жоғары білім берудің сапасы студенттердің кәсіби, оқу-танымдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, кәсіптік педагогикалық практика деңгейіне тікелей байланысты. Бұл кезде студенттердің басым көпшілігінде өз бетінше білім алу және шешім қабылдай алу іскерліктері бекіп, белсенділік, табандылық, төзімділік, зеректілік, жауапкершілік қасиеттері айырықша байқалады.
Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын арттыра түсті. Білім беру ұғымының күрделілігі, көпжақтылығы оны жан-жақты қарастыруды кажет етеді. Білім беру философиясының белгілі теоретигі Б.С. Гершунский білім беру ұғымын 4 аспектіде қарастыруға болатынын атап көрсетеді:
- білім беру құндылық ретінде;
- білім беру жүйе ретінде;
- білім беру процесс ретінде;
- білім беру нәтиже ретінде
- Құндылық - кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар. Қазіргі кезде ұлттык кұндылықтар, жалпы адамзаттық кұндылыктар деген ұғымдар калыптасып отыр. Әр ұлт үшін не кұнды? Әрине, ол тілі, ұлтық мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлт тарихы, т.б. Ұлттық кұндылықтарды менгеру негізінде жалпы адамзаттык кұндылықтарға деген көзқарастар қалыптасады. Олардың қатарына қай елдегі, қай жердегі болмасын адамдарға құнды нысаналар жатады. Мысалы: адамның бас бостандығы, денсаулығы, адамгершілігі, қадір-қасиеттері, білімі, т.б. Сондықтан да білім беру немесе әр жеке тұлға үшін білім алу үлкен құндылық болып есептеледі.
Білім берудің құндылықтық сипаты үш тұрғыдан қарастырылады.
1) Білім беру - мемлекетік құлдылық;
2) Білім беру - қоғамдық құндылық;
3) Білім беру - жеке тұлғалық құндылық.
Себебі кез келген қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық, экономикалық, мәдени әлеуеті білім беру саласының нақты жағдайына және оның ілгері даму мүмкіншілігіне тікелей байланысты болады. Осы тұрғыдан әрбір өркениетті дамып келе жатқан мемлекет үшін білім беруді қарқынды дамыту - оның стратегиялык міндеттерінің біріне айналған. Мемлекеттің ғылыми-техникалық прогрессі, экономикасы, саясаты, мәдениеті оның білім беру саласының даму деңгейіне тікелей байланысты.
Білім беру саласы болашакқа бағытталган. Білім берудің мемлекеттік маңыздылығын күшейтуге бағытталған нақты материалдық және моральдық міндеттер мемлекет тарапынан қарастырылуы қажет. Білім беру саласы мемлекет тарапынан басқарылады, және толығымсн мемлекет бақылауында. Сондықтан ҚР «Білім туралы» заңы (2007), ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Жоғарыда қарастырылып отырған білім берудің мемлекеттік және қоғамдық құндылықтары жалпы әлеуметтік мәселелерді қарастырады, бірақ жеке тұлғаның білім алуға деген өзіндік қатынасын, оның деңгейі мен сапасын көрсетпейді. Б.С.Гершунскийдің пікірі бойьнша білім беруді дамыту саясаты жеке адамның дербес ерекшеліктерін, оның қызығушылықтарын және қабілеттіліктерін ескере отырып тұлғалық бағытта болуы керек.
Әрине білім беру үнемі ұжымдық сипатта болатыны анық. Бірақ сол ұжым ішінде әрбір адам өзінің дербестігін, даралығын, жеке «Менін» жоғалтып алмауы өзекті педагогикалық мәселе.
Қорыта келіп,тұжырымдайтын болсақ,білім берудің құндылығы осы аталып көрсетілген мемлекеттік, қоғамдық, жеке тұлғалық құндылықтардың өзара үйлесімді және тығыз қатынаста болуын көздейді. Тек осындай құндылықтық негізде жүргізілетін білім беру барысында ғана әр тұлғаның жан-жақты дамуына, теориялық білімдерді меңгеруімен қатар өз бойында қажетті құзіреттіліктерді қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет