Тәрбие үдерісі



Дата29.09.2023
өлшемі53.78 Kb.
#479166
theory right answers only




Қоғамның талаптарына сай жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы бірлескен әрекет:
тәрбие үдерісі


Аға ұрпақтан кейінгі жас ұрпаққа жинақталған тәжірибені беру – ... мағынадағы тәрбие:
кең әлеуметтік


Қоғамдық институттардың тарапынан белгілі білім, көзқарас және сенімді, адамгершілік құндылықтарды, саяси бағдарды, өмірге даярлауды қалыптастыру мақсатында адамға бағытталған әсер – ... мағынадағы тәрбие:
тар әлеуметтік


Тәрбиеленушілерге олардың бойында оқу-тәрбие мекемелерінде іске асыратын сапаларды қалыптастыру мақсатында ұжым мен тәрбиешілердің арнайы ұйымдасқан, мақсатты басқару ықпалы – ... мағынадағы тәрбие:
кең педагогикалық


Нақты тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған үдеріс пен тәрбие жұмысының нәтижесі – ... мағынадағы тәрбие:
тар педагогикалық


Тәрбиенің қоғамдық мәні:
жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал


Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері:
қоғамдық құбылыс


Алғашқы қоғамдық құрылыстағы тәрбие:
еңбек


Құлиеленушілік қоғамдағы тәрбие:
дене


Орта ғасырлардағы тәрбие:
діни


Қоғамның дамуына байланысты оның мақсат-міндеттеріне сәйкес өзгеріп отыратын жаңашыл әдіс-тәсілдерді, ұстанымдарды, тұғырларды қажет ететін зерттеу әрекеттерін қалыптастыратын:
тәрбие парадигмасы


Тәрбиенің ізгілік бағыттылығы:
жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениетті игеру


Тәрбие үрдісіндегі гуманистік ұстаным:
сүйіспеншілік, құрмет, сыйластық


Бала тұлғасы дамуының негізгі бағыты:
психикалық, әлеуметтік, дене


Тұлғаны қалыптастырып, дамытуға әсер ететін басты институт:
отбасы


Тұлға дамуына әсер ететін биологиялық фактор:
тұқымқуалаушылық


Тұлға дамуына әсер ететін әлеуметтік фактор:
орта


Тұлға дамуына әсер ететін қоғамдық фактор:
тәрбие


Тұлғалық тұрғыдан қараудың талабы ... есепке алу:
құндылық бағдарларды


Тәрбиенің тарихилығының айқындалуы, оның мақсат-міндеттеріне, әдіс-тәсілдеріне сәйкес мазмұнын жүйелі құра білу:
тәрбиенің әдіснамасы


Тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру үдерісіне қолдау көрсету:
тұлғаға бағдарланған тұрғы


Сынып жетекшісінің тәрбиеленушілерге өз дамуына жауапты және дербес субъект ретінде қараудағы жүйелі қарым-қатынасы:
гуманисттік тұрғы


Тұлғаның тәрбиелік қасиеті оның іс-әрекеті, қарым-қатынасы, мінез-құлқы негізінде іске асатынын негізге алып, оның құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған тұрғы :
іс-әрекеттік тұрғы


Тәрбиенің негізгі заңдылықтары, принциптері туралы білімдер жүйесі:
тәрбие теориясы


Нақты тәрбиелік нәтижеге бірізділікпен, белгілі тәсілмен қол жеткізуде қолданылатын іс-шаралар жиынтығы:
тәрбие технологиясы


Тәрбие үдерісіне тән ерекшеліктерге жатпайтынын көрсетіңіз:
нәтиженің бірден көрінуі


«Тәрбиеленушілер ұнамды тәжірибелік қор жинақтаумен бірге теріс өнегеге де тап болуы мүмкін» деген пікір тәрбие үдерісінің қай ерекшелігін сипаттайды:
көп жағдаяттылығы


Тәрбие үдерісінің қай ерекшелігі тәрбие мақсаты мен міндеттерінің, мазмұнының, форма және әдістерінің бірлігін білдіреді:
кешенділік


Тәрбие үдерісі компоненттері арасындағы байланыс:
заңдылық


Тәрбие заңдылығы:
тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байлыныстылығы


Тәрбие заңдылықтарының негізгі қозғаушы күші:
қарама-қайшылықтар


Тәрбие принциптері:
тәрбиелеуге қойылатын талаптар


Тәрбиеде әр баланың көзқарасын, мінез-құлқын ескеру принципі:
жас және дербес ерекшеліктерді ескеру


Тәрбиедегі ізгілік пен ынтымақтастықты алға тартатын принцип:
талап пен құрметтің бірлігі


Оқушыны еңбектенуге дағдыландыруды меңзейтін принцип:
еңбек арқылы тәрбиелеу


Тәрбие үдерісінің ұстанымы:
өмірмен байланыстығы


Тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін жағдайлар, оқыту мен тәрбие үдерісі, тұлғааралық қатынас, әлеуметтік орта, басқару жүйесі, т.б. қамтитын ашық құрылым:
тәрбиелік жүйе


Мектептің тәрбиелік жүйесін алғаш рет ғылыми тұрғыдан негіздеп, сипаттаған ғалым педагог:
Л.И.Новикова


Л.И.Новикова мектептің тәрбие жүйесін қандай тұрғыдан қарастырды:
тұлғаны әлеуметтендіру


Мектептің тәрбиелік жүйесінің құрамдас бөлігі:
тәрбиелеуді іске асыратын субъектілер


Қазіргі тәрбиелік жүйе ұстанатын принцип:
тұлғаға бағдарланған тұрғыны басшылыққа алу


Тұлғаға бағдарланған тұрғы:
өзіндік әрекетті, белсенділікті дамытуға жетекшілік ету


Тұлғаны тәрбиелеудегі адамгершілік моральдық құндылық:
сыйластық


Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушыға ... мүмкіндік береді:
рухани байланыс жасауға


Тұлғаның дамуына тәрбиенің тиімді әсер ету шарттары:
оқушының жақын даму аймағына бағдарлану


Акселерация:
адамның жедел дамуы


Тәрбие жүйесін құрудың мақсаттылығы:
тәрбие мазмұны мен әдістерінің сабақтастығы


Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мектептерге енгізілген М.Құрсабаевтың тәрбиелік жүйесі:
«Атамекен»


«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» құжаты қай жылы қабылданды:
2015


«Мақсат» сөзінің мәні:
алда орындалатын әрекет нәтижесінің айқын бейнесі


Тәрбие мақсатын сипаттаудағы қате пікір:
мақсат – педагогтың кәсіби қызметінің соңғы элементі


Тәрбие мақсаттары ... болып екіге бөлінеді:
жалпы және жеке


Тәрбие мақсаттарының пайда болуын айқындайтын басты фактор:
қоғамның қажеттіліктері


Жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру:
тәрбиенің мақсаты


«Тәрбие мақсаты – адамның ақылын, еркін және сезімін тәрбиелеу» деп анықтаған философ:
Платон


Тәрбие мақсаты қандай сұраққа жауап береді:
не үшін тәрбиелеу керек?


«Тәрбие логикасы оқу логикасын қайталамайды, тәрбиенің өзіндік мазмұны, принциптері, әдістері бар» деген көзқарасты ұстанған:
А.С.Макаренко


Азаматтық тәрбиенің мәні:
басқа азаматтар мен мемлекеттік билікті сыйлауға үйрету


Азаматтық тәрбиеге орай сынып жетекшісі қандай кездесу түрін ұйымдастырмайды:
жергілікті медиа-орталық мамандарымен кездесу


Азаматтық тәрбие қай тәрбие бағытымен тығыз байланысты:
патриоттық


Тәрбиеленушілерде өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, оған адал қызмет жасауға, оны қорғауға баулу:
патриоттық тәрбие


Отансүйгіштікті насихаттауға бағытталған тәрбиелік іс-шара:
мемлекеттік рәміздерді білуге арналған байқау


Оқушылардың мемлекет заңдарына құрметпен қарауын насихаттайтын тәрбие:
құқықтық


Құқықтық тәрбиенің міндеті:
құқық бұзушылықтың алдын алу


Оқушылардың құқықтық заңдылық талаптарын түсінуін ынталандыруға байланысты тәрбие сағатының атауы:
«Мен құқылымын!»


Тұлғаның өзіндік санасын дамыту, этикалық ұстанымдары мен оның моральдық қасиеттерін және мақсатын қалыптастыру үшін жағдай туғызу:
рухани-адамгершілік тәрбиенің мақсаты


Жағымды мінез-құлық нормалары мен ережелерінің жиынтығы:
адамгершілік


Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда оқушыларға қандай әдісті қолданған дұрыс:
сендіру


«Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені» қағидасы тәрбиенің қай түрімен байланысты:
рухани-адамгершілік


Рухани-адамгершілік тәрбие бағытындағы тәрбиелік іс-шара:
қайырымдылық науқаны


Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі жолы:
әңгіме


Мектептегі ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттеріне кірмейтінін көрсетіңіз:
тәрбиеленушіге талап қою негізінде оның дамуына қажетті жағдай туғызу


Ұлттық тәрбиеге орай сынып жетекшісінің міндеттері:
қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпын білгізу


«Халық тәрбиесінен тыс жерде педагогика да жоқ , педагог та жоқ» деп тұжырымдаған:
К.Д.Ушинский


Ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын жалпылама қоғамдық қатынастардың ережелері:
дәстүр


Ұлттық тәрбие бағытына негізделген тәрбиелік іс-шара:
патриоттық форум


Отбасы тәрбиесіне орай ата-ана міндеті:
бәріне ортақ тәртіп ережелеріне үйрету, жағымды әдеттер қалыптастыру


Отбасының атқаратын қызметтеріне жатпайтынын көрсетіңіз:
қатаң тәртіп сақтау


Отбасы тәрбиесінің басты қағидасы:
адамгершілік, балаға деген мейірімділік


Қазіргі отбасындағы тәрбиелеу ... негізделеді:
гуманистік педагогикаға


Отбасы тәрбиесінің әдісі:
жеке үлгі болу


Отбасындағы баланың тәрбиесіне табысты ықпал ететін басты белгі:
ата-ананың мәдени әлеуеті: мәдениеті, күн ырғағы, демалыс


Отбасындағы тәрбие стилі:
еркін тәрбие


Авторитарлық тәрбие стилі:
ата-ананың бала белсендігін басып тастауы


Демократиялық тәрбие стилі:
ата-ананың бала тұлғасын құрметтеуі


Отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған тәрбиелік іс-шара:
қыз балалар мен жеңгелерінің сайысы


Отбасы тәрбиесінің, мектеп тәрбиесінің, мектептен тыс тәрбиенің жіктеу белгісін көрсетіңіз:
институционалдық тәрбие


Көпмәдениетті тәрбие:
көпұлтты ортада белсенді және тиімді әрекет етуге қабілетті адамды қалыптастыру


Мектептегі көпмәдениетті тәрбиені іске асыру механизмі:
этномәдени орталықтармен ынтымақтастық


Бейнелеу өнері арқылы сезім мен талғамды дамыту:
көркем-эстетикалық тәрбиенің міндеті


Мектепте көркем-эстетикалық тәрбиені іске асырудың формасы:
театрларға, мұражайларға, тарихи орындарға саяхат


Көркем-эстетикалық тәрбиенің құралдары:
табиғат, өнер


Көркемөнерпаздар үйірмесі қай тәрбиені ұйымдастыру формасына жатады:
көркем-эстетикалық


Оқушыларда табыскерлікті, өзіндік дербестікті дамыту қай тәрбие бағытының міндеті:
экономикалық


Экономикалық тәрбие бағытындағы тәрбиелік іс-шара:
табысты кәсіпкерлермен кездесу


Табиғатты қорғауды мақсат еткен тәрбие:
экологиялық тәрбие


Экологиялық бағытқа негізделген тәрбиелік іс-шара:
табиғатқа саяхат


Экологиялық тәрбие қай тәрбие бағытымен тығыз байланысты:
еңбек тәрбиесі


Еңбек тәрбиесі:
қоғамдық пайдалы әрекет тәжірибесін қалыптастыру


Оқушылардың еңбек әрекеті:
сенбіліктерге қатысу


Мамандықты таңдауға даярлау:
еңбек тәрбиесінің міндеті


Еңбек тәрбиесі бағытындағы тәрбиелік іс-шара:
шеберлік байқауы


Көшені көгалдандыру еңбектің қай түріне жатады:
қоғамдық пайдалы еңбек


Өзіне, қоғамға қажетті құндылықтарды жасау еңбектің қай түріне жатады:
өнімді еңбек


Еңбек ардагерлеріне, қарттарға көмектесу еңбектің қай түріне жатады:
еріктілер әрекеті


Мектептегі зияткерлік тәрбиенің міндеттері:
заман талабына сай білімдермен қаруландыру
Зияткерлік тәрбие беру барысында оқушылардың қандай қабілеттері артады:
танымдық


Зияткерлік тәрбиенің басты құралы:
сабақ


Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіретін іс-шара:
байқау


Білімдарлар сайысы қай тәрбиенің ұйымдастыру формасы:
зияткерлік


Ақпаратпен жұмыс жасау және тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру:
ақпараттық мәдениет тәрбиесінің міндеті


Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған тәрбиелік іс-шара:
денсаулық фестивалі


Сынып жетекшісінің күн тәртібін ұтымды пайдалануға қатысты тәрбиелік іс-шара өткізуі:
дене тәрбиесі


Дене тәрбиесінің басты құралы:
ойын


Оқушылардың денсаулығын шыңдауда маңызды:
туристік жорық


Тәрбие әдісі:
тәрбие мақсатына жету жолы


Тәрбиенің мақсат-міндеттеріне сай тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын тәсілдер мен құралдарының жиынтығы:
тәрбие әдістері


Тәрбие әдістері қандай сұраққа жауап береді:
қалай тәрбиелеу керек?


Тәрбие әдістерінің құрамды бөліктері, жеке көріністері:
тәрбие тәсілдері


Қандай да бір белгісі бойынша құрылған әдістердің жүйесі:
жіктеу


Бағыттылығына қарай топтастырылған тәрбие әдістерінің жіктеуін ұсынған ғалым педагог:
Г.И.Щукина


Тұлға санасын қалыптастыру әдісі:
әңгіме


Тұлға санасын қалыптастыру әдістері ... механизміне негізделеді:
сендіру


Қозғалатын тақырыптың мақсаты айқын белгіленіп, мазмұны нақты фактілермен дәлелденеді, қарапайым тілмен нақтылы өмірге қатысты мәселелер қозғалады:
әңгіме


Тәрбиедегі ересектердің үлгі көрсетуі:
өнеге


Көзін жеткізу, түсіндіру, әңгімелесу, баяндау - қай тәрбие әдісінің тәсілдері:
сендіру


Тәрбиеленушілерді қызықтыратын әртүрлі тақырыптарға арналған қызу ой сайысы:
пікірталас


Пікірталасты өткізу кезінде ескерілетін негізгі мәселе:
дәлелді пікірдің айтылуы


Сендіру әдісі қандай тәсіл арқылы іске асады:
көзін жеткізу


Этикалық әңгімелерді жүргізу кезінде сынып жетекшісі ... сүйенеді:
сынып пен мектеп өмірінен алынған мәліметтерге


Диспут:
пікірталас


Ұжым мүшелерінің баға беруі:
қоғамдық пікір


Іс-әрекетті ұйымдастыру және қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері қатарына жатпайтын әдіс:
түсіндіру


Іс-әрекетті ұйымдастыру және қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері ... негізделеді:
тәжірибелік іс-әрекетке


Арнайы жасалған шарттарға орай тәрбиеленуші іс-әрекеті мен мінез-қылығын қалыптастыру әдісі:
тәрбиелік жағдай


Оқушыларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру әдісі:
талап қою


Оқушының белгілі қасиеттерінің көрінуіне әсер ететін талап формалары:
өтініш


Тікелей талап:
анық


Жанама талап:
кеңес


Нұсқау, көрсету, үйрету, ақыл-кеңес беру - қай тәрбие әдісінің тәсілдері:
жаттығу
«Нағыз тәрбие ережелерден емес, жаттығулардан тұрады» деген ойды білдірген:
Ж.Ж.Руссо


Оқушыларды қажетті дағдыларға төселдіру:
жаттықтыру


Мінез-құлықты және әрекетті ынталандыру әдісі:
жарыс


Мадақтау әдісінің тәсілі:
марапаттау


Ынталандыру әдісі ретіндегі жазалаудың мәні:
тәрбиеленушінің түйсігін қалыптастыру


Оқушылардың теріс қылығын тежеу әдісі:
жазалау


Мектеп тәжірибесінде жазалаудың қай түрі қолданылмайды:
іс-әрекетті басқару


Жарыс:
оқушы қабілеттілігін арттыру


Ынталандыру әдісі ретіндегі жарыстың мәні:
қажетті сапаларды тәрбиелеуде жастардың бәсекелестік қасиеттерін бағыттау


Құптау, марапаттау, алғыс білдіру - қай тәрбие әдісінің тәсілдері:
мадақтау


Белгілі бір тәрбиелік міндеттерді шешудің мақсатты түрде ұйымдастырылған әдістемелік жолдары:
тәрбие құралдары


Сынып жетекшісінің сөзі, видеороликтер, өмірлік сәт көріністері:
тәрбие құралдары


Көрсету, еңбекті бағалау, жұмыс қателігін білдіру – қай тәрбие құралының тәсілдері:
еңбек


Әзіл ескертпе, ескертпе теңеу – қай тәрбие құралының тәсілдері:
сөз


Тәрбие әдістерін тиімді таңдау үшін қажет:
талапқа сай әдістерді сұрыптау


Нақты тәрбие үдерісін ұйымдастыру нұсқасы:
тәрбие формалары


«Форма» латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді:
ұйымдастыру тәсілі


Тәрбие жұмысының формасы:
көңілділер мен тапқырлар клубын ұйымдастыру


Педагогтың ықпал жасау тәсіліне байланысты тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары:
тікелей, жанама


Уақыт ұзақтығына байланысты тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары:
қысқа және ұзақ мерзімді


Тәрбиеленушілер қызметтерінің түріне байланысты тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары:
оқу, еңбек, спорт, көркем өнер


Қатысушылар санына байланысты тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары:
жеке-дара, топтық, жаппай көпшілік


Жеке-даралықты тәрбие формаларына жатпайтынын көрсетіңіз:
ұжымдық жоспарлау


Сынып жетекшісінің оқушылармен жеке жұмыста ескеретіні:
оқушының таңдау еркіндігін қолдау


Сынып жетекшісінің жеке оқушымен жұмысының мақсаты:
тұлғалық дамуына педагогикалық қолдау көрсету


Ұжымдық шығармашыл жұмыстар формасы:
бірлікті талдау


Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік әлеуеті ... сипаттайды:
өзара көмек пен ынтымақтастықты


Топтық жұмыстарды ұйымдастыру формасы:
үйірме жұмысы жүргізу


Сынып жетекшісі мен оқушылардың тікелей қарым-қатынасының негізгі формасы:
сынып сағаты


Топтық тәрбие формаларына жатпайтынын көрсетіңіз:
сыр бөлісу


Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттерін ұйымдастыру формасы:
танымдық әрекет


Тәрбие формасы ретіндегі конференция түрі:
оқырмандар конференциясы


Тәрбие жұмысының формасы:
дөңгелек үстел


Тәрбиелік шаралар:
кездесулер өткізу


Тәрбиелік шараға алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу:
қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу


Тәрбиелік шараның негізгі бөлімі:
жоспарға сай мазмұнының баяндалуы


Тәрбиелік шараның қорытынды бөлімі:
шешім қабылдау, марапаттау


Сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, өткізумен айналысатын педагог:
сынып жетекшісі


Сынып жетекшісінің бойындағы кәсіби қасиет:
адамгершілік қарым-қатынас


Сынып жетекшісі қандай қызмет түрін атқармайды:
білім беруші, оқытушы


Сынып жетекшісінің тәрбие берудегі негізгі міндеттері:
тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету


Сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі:
өткен оқу жылы қорытындысының нәтижесіне талдау жасау
Оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін зерттеп, талдау – сынып жетекшісінің қай қызмет түріне жатады:
диагностикалық


Оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру – сынып жетекшісінің қай қызмет түріне жатады:
коммуникативтік


Оқушылардың ата-аналарына кеңес беру, ата-аналар жиналысын өткізу – сынып жетекшісінің қай қызмет түріне жатады:
ұйымдастырушылық


Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету – сынып жетекшісінің қай қызмет түріне жатады:
тәрбиелік


Мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін құру – сынып жетекшісінің қай қызмет түріне жатады:
болжамдық


Оқушыларды әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүруге көмектесу – сынып жетекшісінің қай қызмет түріне жатады:
қорғаушылық-қамқоршылық


Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеті:
ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттыру


Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеті:
ата-аналармен тұрақты байланыс орнату


Сынып жетекшісінің ата-аналармен өзара әрекеттесуінің негізгі формасы:
ата-аналармен жеке кездесу


Оқушының үйіне барған кезде сынып жетекшісі қандай әрекеттер жасамауы керек:
жүріс-тұрысына қатысты арыз айту


Ата-аналарды оқушылармен бірлескен әрекетке қатыстырудың формаларына жатпайтынын көрсетіңіз:
оқушылардың пәндік олимпиадаларына, ғылыми жобаларды қорғау рәсіміне қатыстыру
Ата-аналарға психологиялық және педагогикалық білімдерді насихаттау қандай формада ұйымдастырылмайды:
телефонмен хабарласу


Ата-аналармен жеке кездесу барысында сынып жетекшісі ... туралы ақпарат ала алмайды:
оқушының сыныптастарымен қарым-қатынасы


Отбасымен жүргізілетін жұмыс түрлері:
оқушының отбасына бару


Отбасымен жүргізілетін тәрбие жұмысының түрлері:
ата-аналар жиналысы


Бала тәрбиесінде мектеп пен отбасының бірігіп қалыптастыратын басты құндылықтары:
мәдени


Сыныптағы барлық ата-аналар ұжымымен бір мезгілде қарым-қатынас жасаудың тиімді формасы:
ата-аналар жиналысы


Сынып жетекшісінің ата-аналар жиналысын сәтті даярлау ережелеріне жатпайтынын көрсетіңіз:
күн тәртібіндегі мәселелерді жиналыс басында алғаш жариялау


Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысын өткізу кезінде не істеуі керек:
сынып оқушыларының оқу жетістіктеріне талдау жасау


Ата-аналар жиналысын өткізудегі қателік:
ұзын сонар баяндама оқу


Ата-аналардың қорытынды жиналысында талдауға қатысты мәселе:
биылғы жылда қол жеткізген нәтиже


Сынып жетекшісінің пән мұғалімдерімен өзара әрекеттесу формаларына жатпайтынын көрсетіңіз:
бақылау тесті


Пән мұғалімдерімен қарым-қатынаста сынып жетекшісі қандай әрекет жасамайды:
оқушының бөліскен сырын жайып салу


Оқушылардың нақты оқу мүмкіндіктерін, олардың тәрбиелік деңгейін, денсаулық жағдайы мен оқу үдерісінің басқа да маңызды табыс көрсеткіштерін зерттеуді ұйымдастырудың кешенді әдістемесі және формасы:
педагогикалық консилиум


Педагогикалық консилиумға кімдер қатыспайды:
ата-аналар


Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жүргізу кезінде басшылыққа алатын құжаты:
жоспар


Оқушылардың тұлғасы мен ұжымды дамытуды болжау үдерісі және сынып пен мектептегі тәрбие жұмысының стратегиясын анықтау – тәрбие жұмысының:
жоспары


Тәрбие жұмысының жоспары:
оқушылар ұжымының дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді


Тәрбие жоспарының мазмұнын сипаттайды:
тәрбие бағыттары


Сынып жетекшісі жоспарлауда қандай қағиданы басшылыққа алады:
оқушылардың жас ерекшеліктерін, ұжымдағы басты қызығушылықтарды есепке алу


Тәрбие жоспарын құру мерзімі:
1 оқу жылы


Сынып жетекшісінің шеберлігі:
оқушылар алдына мақсат қоя алуы


Тәрбие жұмысын жоспарлауда сынып жетекшісі өз алдына қандай міндет қоймайды:
мектептің тұтас педагогикалық үдерісіндегі оқу көрсеткіштерінің нәтижелігін болжау


Сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмысты жоспарлау алдындағы әрекеттеріне жатпайтынын көрсетіңіз:
өткен оқу жылында сәтті құрастырылған тәрбиелік шаралар тізімін жаңа жоспарға қайта енгізу


Сынып жетекшісі жоспарының құрылымдық компоненті:
оқушылар ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен түрлері


Тәрбие жұмысы мазмұнының ерекшеліктері:
оқушының практикалық әрекетін ұйымдастыруды көздейді


Педагогикалық талдау жұмысы:
шараның өту нәтижесін бағалау


Тәрбиелікті диагностикалаудың мәні:
оқушылардың адамгершілік қасиеттерін зерттеу


Тәрбиеленушілердің денсаулығына, қарым-қатынасына, оқуда табысты алға жылжуына байланысты жеке басының мәселелерін шешуде педагогтардың жедел көмек көрсету әрекеті:
педагогикалық қолдау
Педагогикалық қолдау тактикаларына жатпайтынын көрсетіңіз:
талдау


Өзін-өзі тану:
өзін-өзі дамыту


«Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген нақыл сөздің авторы:
Әбу Насыр Әл-Фараби


«Бала тәрбиесі оның дүниеге келген күннен басталуы керек» деген пікірді білдірген:
И.Г.Песталоцци


Жеке тұлғаның дамуын дұрыс бағыттау:
тәрбиелеу


Тұлғаның өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сын көзбен қарауы:
өзін-өзі тәрбиелеу


Өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші:
мотив


Оқушы мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарды жою:
қайта тәрбиелеу


Қайта тәрбиелеу неден басталады:
кемшіліктің себебін анықтау


Қайта тәрбиелеуде ескерілуі тиіс:
психологиялық ерекшеліктер


Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру бағыты:
оқушылар ұжымын қалыптастыру


«Коллектив» латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді:
ұжым


Ұжымның дамуы неше кезеңнен өтеді (А.С.Макаренко бойынша):
3


«Топтағы балаларға талапты тек педагог қана қойып, олардың әрекеттері мен қылықтарын реттейді» - бұл А.С.Макаренко сипаттаған ұжымның қалыптасуының қай кезеңі:
бірінші
«Топ мүшелерінің ортақ іс-әрекеттерді атқару, қоғамдық өмірге қатысу белсенділіктері артады» - бұл А.С.Макаренко сипаттаған ұжымның қалыптасуының қай кезеңі:
екінші


«Сынып жетекшісінің тікелей басшылығы сырттай бақылауға алмасып, балалардың өзін-өзі басқару орын алады» - бұл А.С.Макаренко сипаттаған ұжымның қалыптасуының қай кезеңі:
үшінші


Балалар тобының қалпын «Конгломерат-қауымдастық-кооперация-автономия-ұжым» иерархиялық кезеңдерінің көмегімен сипаттаған ғалым-педагог:
Л.И.Уманский


«Топ мүшелері ортақ еңбектік мақсат төңірегінде бірігеді, атқаратын міндеттерін айқын бөліп, орындайды, барлық топ мүшелері мәселені жоғары деңгейде шешуге тырысады» - бұл Л.И.Уманский сипаттаған ұжымның қалыптасуының қай кезеңі:
кооперация


Оқушылар ұжымының анықтамасы:
ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен топ


Оқушылар ұжымына тән қасиет:
мақсаттылығы, ауызбірлігі


Оқушылар ұжымын қалыптастырудың ең дұрысы:
іс-әрекет түрлеріне еркін қатынасу


Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқаруды дамыту моделі:
шешімді ұжым болып талқылау


Ұжымның даму болашағын жоспарлау перспективасы:
алыс, орта, жақын


Ұжым арқылы тәрбиелеудің мәні:
оқушылар өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастырады


Оқушылардың жеке басын және оқушылар ұжымын зерттеуге қойылатын педагогикалық талап:
зерттеу барысында жоспар құрылып, жүйелілігін қамтамасыз ету


Оқушылар ұжымының өзіндік белгілері:
жалпы әлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы


Жақсы ұйымдасқан ұжымның белгісі:
өзін-өзі басқару


Ұжымды қалыптастырудың негізгі шарты:
талап қою


Социометрия әдісі:
өзара қарым-қатынасты зерттейді


Әңгіме әдісі:
ауызша ақпарат алу


Мінез-құлықтары жалпы қабылданған нормалардан көп ауытқитын және дұрыс тәрбиелеуге кедергі жасайтын оқушылар:
тәрбиеленуі қиын оқушылар


«Қиын» оқушылардың санатына жатпайтынын көрсетіңіз:
ақыл-ойы жетілмеген оқушылар


Балалар тәртібіндегі ауытқулардың бастамаларына көңіл бөлген ғалым:
П.Каптерев


Тәрбиеленуі қиын оқушылардың пайда болуына ықпал ететін факторларға жатпайтынын көрсетіңіз:
өркениет пен мәдениеттің дамуы


Сынып жетекшісінің қиын оқушыларды тәрбиелеу әрекеті:
қиын оқушының бағдарын, мақсаты мен міндеттерін қайта құруға көмектесу


Сынып жетекшісінің оқушыға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатындағы негізгі жұмыс формасы:
тренинг


Тәрбиесі қиын оқушылар:
педагогикалық ықпалға бағынбайтын, қарсы тұратын оқушылар


Қиын балаларды тәрбиелеу әдістері:
ынталандыру


Тәрбиеге көнбеушілікті болдырмау әдісі:
мінездің жағымсыз типін жою


Іс-әрекеттің белгілі бір түрін нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті:
қабілет


Қабілеттің түрлері:
жалпы, арнаулы


Нышанның ықпалымен қалыптасып, белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті:
дарындылық


Бiр әрекеттi шығармашылықпен орындау мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ететiн қабiлеттердiң ерекше қиысып келуi:
талант


Оқушылардың жеке басын зерттейтін әдіс:
байқау


Сынып жетекшісінің дарынды оқушылармен жұмысының мақсаты:
дарындылықты анықтау және дамыту үшін қолайлы психологиялық ахуал құру
Дарынды оқушылармен жұмыс істеуде сынып жетекшісінің басшылыққа алынатын қағидасы:
көмек көрсету, тәлімгерлік


Дарынды оқушылармен жұмыс істеуде сынып жетекшісіне қажет қасиеттер:
шығармашылық бастама


Сынып жетекшісінің дарынды оқушылармен жұмыс істеу кезеңдері:
дарындылық диагностикасы, қолдау, дарындылықты дамыту


Сынып жетекшісінің дарынды оқушылармен жұмыс істеуінің бастапқы кезеңі:
диагностика


Сынып жетекшісінің дарынды оқушылармен жұмыс істеуінің екінші кезеңі:
қолдау


Сынып жетекшісінің дарынды оқушылармен жұмыс істеуінің үшінші кезеңі:
дамыту


Сынып жетекшісінің дарынды оқушылармен өзара әрекеттесу формасы:
ұжымдық шығармашылық істер


Қоғамдық тәртіппен санасу, тазалық гигиенасын сақтау, ұтымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану:
салауатты өмір салты


Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық технологиясына енбейді:
қатаң талаптар жүйесін орнату


Салауатты өмір салтын ұстануға қатысты дәрігерлердің оқушыға беретін кеңесі:
таза суды пайдалану


Оқушылардың салауатты өмір салтына ынталандыруға байланысты тәрбие сағатының атауы:
«Сұлулықтың сыры – денсаулықта»


Оқушылардың спорттық-сауықтыру әрекеті:
табиғатқа саяхат жасау
Оқушылардың мамандықты саналы таңдауға ішкі қажеттіліктері мен дайындығын қалыптастыруда педагогикалық ұжымның мақсатты бағытталған іс-әрекеті:
кәсіптік бағдар


Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының бағыты:
оқушыларға кеңес беру


Өндіріске саяхат жасау, мамандық иелерімен кездесу, ЖОО мен колледж өкілдерінің жүргізетін іс-шаралары – кәсіптік бағдар беру жұмысының:
формалары


Оқушылардың кәсіби бағыттылығын ынталандыруға байланысты тәрбие сағатының атауы:
«Кәсіп таңдау – өмір жолын таңдау»


Оқушыларды тәрбиелеуде қызмет ететін мектептен тыс ұйымдардың бағыты:
дамытушылық қызметі


Оқушылардың жеке қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін және тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін ұйымдастырылатын жүйе:
қосымша білім беру


Мектеп ішіндегі қосымшабілім беру жүйесіне енетін органды көрсетіңіз:
өзін-өзі басқару


Мектептен тыс тәрбие ... жүзеге асырылады:
шығармашылық орталықтарда


Жас ұрпақтың дене шынықтыруын, дербес шешім қабылдауға бейімділігін дамытатын балалар қозғалысы:
«Мың бала»


Әртүрлі іс-әрекеттерді барлау, іздену және зерттеу арқылы тани білуге, білімдерді өмірде қолдана білуге үйретуге негізделген балалар қозғалысы:
«Скаутинг»


Ақыл-ой мәдениетін дамыту, шығармашылықта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін балалар клубы:
«Жас парламенттер»
Педагогикалық жүйеге талдау жүргізу, оның даму және жетілу үдерісін бақылап, нәтижесін айқындау:
диагностика


Тұлғаның білімдік және тәрбиелік деңгейлерінің сапалық және сандық деңгейде жетілуіне, дамуына сипаттама бере отырып, өсу деңгейлерін айқындау:
тәрбие диагностикасы


Тәрбиелік жүйедегі тұлғаны диагностикалаудың М.И.Шилова ұсынған сапалық өлшемдеріне жатпайтынын көрсетіңіз:
оқушылардың түр-келбеті


Тәрбие жүйесінің сапа критерийі:
жоғары нәтиже алуға бағытталуы


Тәрбие жұмысының тиімділігін анықтау әдісі:
эксперимент


Педагогикалық эксперимент кезінде қолданылатын тәсіл:
талдау


Оқушы тұлғасын диагностикалаудың өлшемдері:
әлеуметтенуі, тәжірибесі, зиялылық және туа біткен қасиеттері


Оқушының дүниетанымы, адамгершілігі, эстетикалық құндылықтары, еңбекке қатынасы, қоғамдық белсенділігі:
әлеуметтенуінің көрсеткіші


Оқушылардың дүниетанымына әсер ететін факторлар:
әлеуметтік орта, тәрбие, ақпарат құралдары


Оқушының ерік-жігері, есте сақтауы, ақыл-ойы:
зиялылығының көрсеткіші


Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау әдісі:
сауалнама


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет