4. «Гендер» ағылшынның «жыныс» деген сөзі. Оның термин ретінде ұғымы қандай болмақ және гендерлік өзгешілік деген не?
Гендер - бұл ерлер мен әйелдер арасындағы өзгешелікті негіздейтін әлеуметтік жыныс мағынасын береді. Ерлер мен әйелдер арасындағы мінез құлық, алға қойған мақсат, қоршаған әлемді қабылдау тағы сол сияқты мәселелердегі ерекшеліктер гендерлік рөл деп аталады. Гендерлік өзгешелік әр жыныстың өзіне тән қасиеттері мен ерекшеліктері, өмірлік қызметі сияқты мәселелер.
Гендерлік әлеуметтендіру қоғамдағы балаларды өз жынысына сай ерекшеліктерді білу, осыған сай әрекет ету және басқа жыныстырдың ерекшеліктерін біле отырып, құрметту, қадір тұту сонысен қатар қарым қатыстарының дұрыс реттелуіне бағыт бағдар беру болып табылады.
Шындығында, қазіргі біздің қоғамдағы мектептің тәрбие жүйесі феминизацияланған, яғни әйелдердің қолына өткен деп айтамыз. Себебі: педагог қауымының басым көпшілігі әйел жыныстылар. Мектептер «апайлардың» ордасына айналды. Психологтардың пайымдауынша, бұл ұлтымыздың ертеңі үшін қауіпті. Ер балалардың жаратысы өзгереді: «қыз мінезділер» көбейеді. Ұлдарымыз ұсақталып кетеді. Босалаң, босбелбеу, саны артады. Мектепте қылмыстың белең алуының да бір себебі осы ер мұғалімдердің аздығынан екен. Қысқасы ер мұғалімдердің тапшылығының салдарынан ұрпақ тәрбиелеуде ұтыларымыз көп. Мектептерде ер мұғалімнің аздығы ұрпақ тәрбиесіне кері әсер етеді. Ер мұғалімдердің тәрбиесі ұлдар үшін ғана емес, қыздар үшін де керек. Себебі, қыз балалар мектептегі ер азаматтарды үлгі тұтады. Дос, болашақ жар таңдағанда да қателеспеуі үшін мектептегі ер мұғалімге ұқсайтын азаматты іздейді. Ер мұғалімдердің көбірек болуының тағы бір пайдасы, қыздарымыз ибалы, қылықты болып өседі. Ұятты, ар намысты жоғары қоятын қыздар көбейеді. Ал ер балалар ер азаматтарға қарап бой түзейді. Солардай болуға талпынады. Киім киюді, өзін ұстауды, сөйлеу мәдениетін үйренеді. Ер мінезді, өр мінезді, намысшыл болып тәрбиеленді. Әсіресе жоғары сыныпта оқитын балаларға ер мұғалімдер көбірек сабақ беру керек. Өкінішке орай соңғы кезде қыздарымыздың біразы әдепсіз болып бара жатыр. Әсіресе, ер балалар бір бірімен жиі кикілжіңдесетін болды. Ұсақ түйекке бола бір бірінің жағасына жармасып, сәл нәрсеге қызылкеңірдек болып қалады.
5.Қазiргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесі білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектелендіруге, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Дене Декарттың трактатында: «Өзін-өзі тану жолындағы еңбек - ең құнды еңбек», деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр.
Педагогикалық қолдау – білім беру процесін толығымен адамның ішкі күштері мен қабілеттеріне, оның белсенді әрекеттерінен көрініс табатын оның ішкі процестеріне: өзін-өзі тану және өзін-өзі бақылау, өзін-өзі иландыру мен өзін-өзі құрбан ету, өзіндік сын, өзін-өзі болжау және өзін-өзі талдауына жүгінетіндей түрде ұйымдастыру.
Осыған байланысты педагогикалық қолдау өзара әрекеттесу субъектілерін адамгершілік-рухани дамытудың қажетті шарты. Өсиет, уағыз, жазалау, мәжбүрлеу, кемшіліктері мен қателеріне шыдамау, сөзсіз бағыну секілді авторитарлық педагогикалық әсерлерден арылу – қазіргі күннің орынды талабы.
Педагогикалық қодаудың негізгі шарттары:
- шыдамдылықты тәрбиелеу басқа адамдарды қабылдауды қамтамсыз етеді;
- оқушыны жағымды түрде көтермелеу ризашылық жауаптың болуын қасмтамасыз етеді;
- оқытушы мен оқушының қатынастарындағы адалдық әділдік сезімін дамытуды қамтамасыз етеді;
- педагог тарапынан тұрақты сын айту шеттеуге алып келеді;
- оқытушының өшпенді қарым-қатынасы оқушының агрессиясын тудырады;
- педагог тарапынан көрінетін мазақ – оқушының тұйықталуына алып келеді.
5. Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени- этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.14-15 ж.
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты, негізгі міндеттері, қағидаттары, тетіктері және шарттары:
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты - барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру.
Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндетері:
- инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру;
- инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру);
- білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі есебінде сезінетіндей, өзін-өзі жоғары бағалайтындай, оқуға ынтасы артатындай және әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзету-педагогикалық және әлеуметтік- психологиялық қолдау көрсету, қолайлы білім беру ортасын жасау;
- «кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету;
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;
- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу;
- инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Инклюзивті білім беруді дамыту қағидаттары:
- инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі;
- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан) анықтауды қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын деркезінде қолдану;
- білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту;
- еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы;
- білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар және олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы;
- кешенді медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің үйлесімділігі мен түрлі ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық және ата-аналар ұйымдарының өзара іс-қимылы арқылы кешенді ықпал және әлеуметтік серіктестік, тәртіпаралық өзара әрекет;
- мүгедектік немесе басқа да даму ерекшеліктері «тасымалдаушы проблема» болып қарастырылмайтын адамның шектеулі мүмкіндіктеріне әлеуметтік ықпал;
- денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму проблемаларынан арылуды қарастыратын инклюзивті білім берудің түзете- дамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік бағыттылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |