Лекция №10 Тақырыбы: Білім берудің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мемлекеттік стандарты, оқу жоспары, оқулықтар, бағдарлама



бет5/9
Дата18.04.2024
өлшемі32.65 Kb.
#499173
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Акмарал

Дəрiсбаян - сөзге негiзделген оқыту əдiсi ретiнде ол өзiнiң құрылымы, баяндалатын оқу материалының дəлдiгi жəне сабақтың өн бойында тыңдаушыларының ойлау қабiлетiн белсендi етуi жағынан басқа əдiстерге қарағанда өзiндiк ерекшелiктерi бар.
Дəрiсбаян əдетте жоғары сынып оқушылары арасын-да көптеп қолданылатын əдiстiң бiрi.
Дəрiсбаян барысында оқушылар жаңа оқу материалын тыңдайды, қабылдайды, ұғынады, мұғалiм сөзiне зейiн қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап отырады.
Дəрiсбаянның басқа ауызша баяндау əдiстерiнен тағы бiр ерекшелiгi, мұғалiмнен жаңа бiлiмдi баяндамас бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажеттi əдебиеттер тiзiмi-мен таныстыруын қажет етедi. Оқушылардың лекция жоспарымен алдын-ала танысуы, оның мазмұнын баян-дауда мұғалiмнiң ойын жақсы ұғынуға көмектеседi.
Ол үшiн лекция мақсатының идеялық бағыты, оның нақтылығы, берiлетiн бiлiмнiң оқушыларға түсiнiктi болуы мұғалiмдер тарапынан үлкен шеберлiктi қажет етедi.
Дəрiсбаян барысында баяндалған оқу материалы-ның мазмұнын оқушылардың қысқаша жазып отыруы, оны өз беттерiнше қайталап оқуы, дағдылануы да қажеттiлiк болып табылады.
Дəрiсбаян жəне əңгiме əдiстерi оқу материалына жұмсалатын уақытты үнемдеу жағынан тиiмдi болғанымен де, оқушылардың өз ойын, пiкiрiн айтып, кеңес алуға қолайлы жағдай туғыза алмайды. Бұл турасында əңгiмелесу əдiсiнiң мүмкiндiгi мол.
Мұғалiм дəрiсбаянға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал-тəсiлдерiне жəне құрылымына назар аударады. Дəрiсбаянның мазмұнын ол оқу бағдарламасы, оқулық жəне оқу құралдарына байланысты анықтайды. Бiрақ, бағдарламада көрсетiлген барлық мəселелердiң iшiнен түйiндi мəселелердi айырып, ғылымның соңғы жаңалықтары мен табыстарын озат тəжiрибемен байланыс-тырып, материалдың белгiлi бiр бөлiгiн оқушыларға оқу-лықтан, басқа əдебиеттерден өздiгiнен оқып алуға тапсыр-малар берiп отыруды оқытушы мұқият ойластыруы қажет. Сонымен, лекцияның мазмұны, баяндалу формасы, оқытушы-ның шеберлiгi лекцияның тиiмдiлiгiн арттырудың кепiлi.
Оқулықпен жəне кiтаппен жұмыс iстеу əдiсi – оқушылардың өздiгiнен жаңа бiлiмдердi қабылдау, сыныпта алған бiлiмдерiн бекiту, бiлiктiлiк пен дағды қалыптастыруда тиiмдi əдiс болып табылады.
Кiтап - бiлiмнiң сарқылмас қайнар бұлағы. Ол бiлiм мазмұнын кеңiрек ашып, оқушылардың оны терең игеруiне көмегiн тигiзедi. Оқулық жəне кiтаптың көмегiмен оқушылар сабақта немесе сабақтан тыс кездерiнде түрлi жаттығу жұмыстарын орындап, мұғалiмнiң басқаруымен сыныпта алған бiлiмдерiн толықтырып отырады.
Оқушылар оқулықтармен жəне басқа оқу кiтаптары-мен жұмыс iстей отырып, белгiлi бiлiм жүйелерiн меңгередi, өздерiнiң көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрiсiн дамы-тады, өздiгiнен жұмыс iстей бiлуге дағдыланады.
Кiтаппен жұмыс iстеу оқушы үшiн оқытуда күрделi тəсiл болып танылады. Қазiргi мектеп тəжiрибесiне жүгiнсек, көптеген жағдайда, оны бiтiрушiлер арасында кiтапты оқи немесе нəтижелi қолдана бiлмейтiндер кездеседi.
Кiтапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың негiзгi ойын, құнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекшi идеяларын ашып көрсете немесе өз сөзiмен тиянақты баяндай алмау мəселе-лерiн ұмытпаған жөн. Ол үшiн оқушы оқу материалының құрылымымен жалпы танысу, оны көз жүгiрте қарап шығу, содан кейiн барып кейбiр маңызды бөлiктерiне жете мəн беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең соңында оқығанын есiнде сақтауға күш салуға дағдылануы тиiс.
Екiншi мəселе, бастауыш сыныптан бастап оқушыларды дауыстап оқуға, одан кейiн тез, iштей оқуға, оқығанды өз сөзiмен айтып беруге дағдыландыру қажет.
Мəтiнмен жұмыс iстегенде оқушыларды, оның ең негiзгi мазмұнын айтуға, бөлiктерге бөлiп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету керек. Егер оқушы осындай тəсiлдердi қолдана бiлсе, онда ол оқығандарын тек жаттап алуға дағдыланады.
Кiтаппен жұмыс iстеудiң өзiндiк мəндi психологиялық ерекшелiгi бар. Кiтап оқу мұғалiмнiң сөзiн тыңдауға қара-ғанда оқушының ақыл-ой күшi мен ерiк-жiгерiн көп керек етедi. Ол оқушының
өзiндiк ойлауын, iс-əрекетiн жандан-дырып, оның бiлiм деңгейiн, дүниетанымын арттырады.
Қоғамға, өмiрге, адамдар-арасындағы қарым-қатынаста басқаша көзқараспен қарауға тəрбиелейдi. Яғни, ол бiлiм беру көзi ғана емес, сонымен қатар тəрбие құралы.
Дегенменде, оқушының үй тапсырмасын кiтап немесе оқулық көмегiмен орындау барысында қажеттi уақытты тиiмдi пайдалану, өзiне-өзi бақылау немесе есеп беру жұмыстарында айтарлықтай кемшiлiктер бар. Барлық оқушылар бiрдей бiздiң жоғарыда айтқан кiтаппен жұмыс жасау тəсiлдерiне мəн бермейдi, оның талаптарын толығы-мен сақтамайды. Соның негiзiнде бiлiм мазмұны нашар меңгерiледi.
Сондықтан оқушының кiтаппен өз бетiнше нəтижелi жұмыс iстеуiн, оның саналы көзқарасын жəне өзiне-өзi бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру мұғалiм тарапынан жауапкершiлiкпен көңiл аударып отыруды қажет етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет