Лекция №14
Атомдық және ядролық физика. «Байланыс энергиясы» тақырыбын оқыту
әдістемесі.
Лекция жоспары:
1. Атомдық және ядролық физика
2. «Байланыс энергиясы» тақырыбын оқыту әдістемесі.
Лекция мақсаты мен міндеттері:
Әдістемелік түсініктеме.
1. Мектеп физика курсында, механикалық (акустикалық) тербелістер мен
толқындар, электр тербелістері, электромагниттік толқындар,
жарық толқындары жеке-
жеке тараулар болып әр түрлі сыныптарда оқытылып келді.
Лекция мазмұны:
Атомдық және ядролық физика. «Байланыс энергиясы» тақырыбын оқыту әдістемесі.
1. Cоңғы жылдары ядролық физика саласындағы қарқынды даму айқын байқалуда және оның
келешектегі даму перспектипасы да шапшаң жүргізілмек: атом мен ядроның сыры тереңірек
ашылуда; элементар бөлшектер физикасы деген физика ғылымының жаңа саласы ашылды;
ядролық энергияның практикалық қолданылуы арта түсуде; 1954 жылдан бастап атом электр
стансалары жер жүзі мемлекеттерінде жыл сайын көбеюде.Ядролық физиканың мұндай
ғылыми-техникалық жетістіктері оның танымдық және политехникалық маңызын көрсетеді
әрі мектеп физика курсының ғылыми-теориялық деңгейін көтереді.
2. Атомдық және ядролық физика бойынша мектепте оқытылатын оқу материалының көлемі
жыл сайын көбейіп, артып келеді.Бұл жағдай оқу материалдарын қандай дидактикалық
принциптер (оңайдан
қиын материалға көшіп отыру, теориялық талдау негізінде, өмірмен
байланыстылығы тұрғыда, эксперименттік дәлелдеу принципінде …) негізінде баяндауды
таңдап алу ісін қиындатуда. Қазіргі мектеп оқулықтарында бұл тараудыңматериалдарын
тарихи принцип тұрғысында түсіндіру дұрыс деп қабылданып отыр. Мұның негізінде қандай
ғылыми-теориялық және техникалық жаңалықтардың қалай ашылғандығы, атомдықфизика
туралы ілімнің дамыған кезеңдері, оның экспериметік дәлелдері мен қарама-қайшылықтары
хронологиялық ретпен орны-орнымен айқын айшықталады.
3. Бұл тарау көп оқу материалдарын қысқа уақыт ішінде баяндауды қажет етеді.
Сондықтан,
сабақта ол материалдардың ең негізгілері ғана студенттерге (оқушыларға) түсінікті етіп
баяндалуы тиіс. Атомдық және ядролық құбылыстардың барлығына егжей-тегжейлі тоқтала
беруге мүмкіндік болмайтындығын мұғалім ескеруі керек. Сондай-ақ, бұл тарау бойынша оқу
материалдарын оқушылардың тыңғылықты меңгеруі химиямен пәнаралық байланыстың
жүйелі жүргізілуіне және физика мен химияда бұрынғы өтілген тақырыптарды (молекула-
кинетикалық теория, заттар құрылысы, элементтердің периодты жүйесі, электрондық теория,
электромагниттік теория, т.т) олардың дұрыс түсінгендігіне тікелей байланысты екендігін
әрқашан ескеру қажет.
4. Ядродағы физикалық құбылыстарды оқушыларға түсіндірудің бір қиыншылығы – олар көзге
көрінбейтін, қолмен сезінуге болмайтын құбылыстар. Оларды экспериметтік тұрғыда сабақта
түсіндіруге де қажетті демонстрациялық не лабораториялық приборлар жоқтың қасы әрі
жасау да оңай емес. Бұл жағдай ескеріліп, мектеп үшін ядролық
физика туралы бірқатар
кинофильмдер мен диафильмдер (―Атом құрылысы‖, ―Заттың сыры‖, ―Ядролық энергияны
бейбітшілік мақсатта пайдалану‖, ―Радиоактивтік‖, т.т) жасалынған. Оларды дер кезінде
тауып, сабақта тиімді пайдалана білу – мұғалімнің оқытушылық басты парызы.
5. Элементар бөлшектер туралы ілім жыл сайын шапшаң дамуда, көптеген жаңа бөлшектер мен
антибөлшектер ашылуда. Қазірге белгілі болған олардың 400 ден астамының бәрін мектепте
түсіндіріп жатудың қажеті де әрі мүмкіндігі де жоқ екендігі белгілі әрі қаншасының бар
екендігі де белгісіз. Элементар бөлшектердің сандық теориясы да жасалынбаған. Сондықтан,
олардың ішінен электрон, позитрон, протон, фотон, нейтрон,
антинейтрон, нейтрино,
антинейтрино және мезондардың кейбір түрлері сияқты небәрі 13 элементар бөлшектің
қасиеті мен ерекшеліктерін мектепте түсіндіру жеткілікті деп саналатындығын мұғалімнің
білгені жөн. Олардың негізінде басқа да элементар бөлшектердің ―құпиясын ‖, өзара бірінің
екіншісіне айналатындығын, ашылу тарихын, қазіргі заманғы классификациясын түсіндірудің
мүмкіндігі бар екендігін мұғалім басшылыққа алуы тиіс.
6. Тарау бойынша әр түрлі кластан тыс және мектептен тыс оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге
болады:
а) Ядролық физиканы зерттеуші-ғылымдардың өмірбаяны мен еңбектерін, ядролық
энергияның әр түрлі салада бейбітшілік мақсатта пайдалану жолдарын оқып үйрену
жайлы
оқушылардың физикалық үйірме жұмыстарын ұйымдастырған пайдалы.
ә) ―Атом мен ядроның құпия сырлары‖, ―Ядролық техниканың бүгіні мен ертеңі‖, ―Ядролық
энергияның алынуы мен практикада қолданылуы‖, ―Элементар бөлшектер әлемі‖ сияқты
тақырыптарға физикалық кештер өткізудің білімдік-тәрбиелік маңызы зор.
б) ―Атом энергиясын бейбітшілік мақсатта пайдалану‖, ―Ядролық зерттеулер туралы
біріккен институт‖, ―Синхрофазатрон‖, ―Атом электр стансасы‖, ―Атом мұзжарғыш кеме‖,
―Изотоптарды өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада пайдалану‖ сияқты
кинофильмдерді демонстрациялап, оқушыларға ―киноэкскурсия‖ өткізу өте тиімді.
в) Ядролық энергия жайлы оқушылардың өз бетінше ғылыми-көпшілік әдебиеттерді оқуын
ұйымдастыру, семинар-лекция сабақтар үшін түрлі тақырыптарда
оқушылардың реферат-
баяндамаларын орындаттыруға болады.
7. Қазақстан атом бомбасының (Семей) сынақ полигоны, әр түрлі эскери қару-жарақтарды
сынау аймағы (―Азғыр‖, ―Нарын‖), ғарыш (Байқоңыр) айлағы болғандықтан, бұл тараудың
соңында атом аждаһасының қатер-касиеті,
радиация зардаптары, ядролық экология
мәселелері нақты мысалдар негізінде түсіндірілуі тиіс. Ондай материалдар оқулыққа
ендірілмегендіккен, оларды мұғалім басқа арнаулы әдебиеттер мен жаңа ақпарат
бұлақтарынан іздеп тауып, жинап-сақтап, орнымен ұтымды пайдалана білуі керек.
Республикадағы қалыпты экологиялық хал-ахуалды сақтай білу –
болашақ ұрпақтардың
абзал міндеті деп түсіндіргеніміз жөн.