Лекция: 15 сағ СӨЖ: 15 сағ обсөЖ: 15 сағ Барлық сағат саны: 45 сағ Аралық бақылаулар саны: 2 (40 балл)


“Заң кәсіптік этикасы” пәнінің мағынасы



бет2/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#133945
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

8. “Заң кәсіптік этикасы” пәнінің мағынасы


Оқу сағаттарын сабақ түрлеріне қарай тақырыптық бөлінуі



Тақырыптың аты



Сағат саны

Лекция

Семинар

ОБСӨЖ

СӨЖ

1

Этика ұғымы және оның заты.

2




2

2

2

Заңгердің кәсибі этикасының заты, міңдеті, ерекшелігі.

2




2

2

3

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсиптік қызметінің категориялары.

2




2

2

4

Мораль функциялары, оның құрылымы және элементтері.

2




2

2

5

Мораль изгілік қызметін анықтайтын әлеуметтік факторлар жүйесін қурайстындардың бірі ретінде. Ізгілікті таңдаудың түінігі. Моральдық кәсіптік – ізгілік мәні және мақсаты.

2




2

2

6

Құқық қорғау органдарының жеке мамандықтар қызметінің ізгілік – этикалық негіздері.

1




1

1

7

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым – қатынас жасау мәдениеті.

1




1

1

8

Әдептілік заңгердің кәсіптік қызметінде.

2




2

2

9

Жанжал және оның моральдық – ізгіліктік құрылысы.

1




1

1




Барлығы :

15




15

15



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Сырдария” университеті





“Гуманитарлық білім” факультеті


Құқық” кафедрасы


Заң кәсіптік этикасы” пәні бойынша



050301-“Құқықтану”мамандықтарының студенттері үшін


ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ



Жетісай-2008 ж



9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

№1 Лекция

Лекцияның тақырыбы: Этика ұғымы және оның заты.

(1 сағат)
Лекцияның жоспары: 1. Этика тарихы : этиканың негізгі кезеңдері және бағыттары.

2. Ежелгі Шығыстың этикалық ілімдері


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997

  2. Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998

  3. Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж

  4. Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.

  5. А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж



1. Этика тарихы : этиканың негізгі кезеңдері және бағыттары.

Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялық ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы жоғарыда айтып өткен болытынбыз. Өзінің атауымен де негізгі ұғымдық категеориялармен де мәселелік өрісіменде этика Аристотельге қарыздар. “Никомах этикасын”, “Эвдем этикасын” жазған ұлы ойшыл этиканы дамыту барысында елге танытты.

Аристотель этикасында “құба төбел”, немесе “алтын орда” принципі ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өйткені Аристотель айтуынша екі шекті күйлердің ортасын таба білгенде, яғни не асып –тасып кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан адам өте ыңғайлы қасиетті ұстана білсе, ізгілікті болғаны.

Мысалы, жомарттық “малшашпақ” пен сарандық,“дүниеқоңыздықтың” орта шені; батырлық “көзсіз батырлық” пен “ қоян жүрек қорқақтықтың” екі ортасы; қарапайымдылық, ұяңдық пен ұятсыздықтың ортан белі т.с.с.

Жалпы антикалық этикаға тиесілі негізгі деген үш мұратты /идеяны/ атап өтуге болады. Олар мыналар:


  1. Адам мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы болғандықтан ғана ізгілікке ие болады,мораль туралы түсінігі болады деп есептеу. Мысалы, Аристотель полистің мүшесі бола алмайтын қөұлдарды тіпті де адам деп санамаған. Оларды “сөйлей алатын хайуан” ретінде қарастырған. Немесе Ұлы кемеңгер Сократ полистен қашып шығап, өзінің басын аман алып қалудан гөрі у ішіп өз қаласының түрмесінде өлгенді дұрыс көрді;

  2. Адамның құдіретіне, өзін-өзі жетілдіру қабілетіне мейлінше сенді;

  3. Эвдоменаны, яғни бақытты- адам мақсат мұраттарының ең биігі деп танып, оны ізгілікпен теңдестірді.

Көне гректер адамгерщілік қасиеттерді, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде “каллокагатия” идеалы дүниеге келген болатын. “Каллогатия” көне грек тілінің “каллос” /әсем, сұлу, әдемі / және “агатос” / мейірімді, жақсы / деген екі сөзінің қосындысынан тұрады. Ол ізгі сұлулықты, яки жан сұлулығы мен тән сұлулығының ішкі бірлестігін дәріптейді.

Гедонизм- грек тілінің ляззат іздеу, қызыққұмарлық деген мағына-дағы сөзінен туындаған ұғым. Гедонистік көзқарасты ұстанушылардың түсінуінше, адамның бұл өмірге келгендігі ең басты мақсаты өмірдің қызығына бату, ляззат алу.

Эвдемонизм- көне грек этикасының басты сипаттамасы . Себебі сол кезеңнің қай ойшылын алып қарамасаңыз да оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны- адамның бағытқа / эвдемонаға / жетуі.

Стоицизм – грек этикасының бұл бағытына өмірден тек ляззат алу мүмкін емес, өйткені қуаныш соңын іле - шала жүретін қайғы- қасірет көп, сондықтан да өмірде ең бастысы – мойынға түскен ауырпашылыққа мойымай, қасқая қарсы ала білу деген түсінік тән.

Ортағасырлық батыс европалық мәдениетте адамға болсын, әлемге болсын екі жақты, амбивалентті көзқарас қалыптасқан болатын. Биік-аласа, жоғары-төмен, құдай сқаласы- адамдар қаласы, пәктік- күнәһарлық, сәуле- қараңғы қапас,т.с.с.

Ортағасырлық христиандық мәдениет конспектіндегі ірі тұлға, адамзаттың ұлы лауазымдарының бірі- Августин Әулие. Оның аты әлемге әйгілі христиандық патристикалық / шіркеу әкелерінің / өкілі екендігін және де “ Құдай қаласы туралы”, “Сырласу” сынды шығармаларының авторы екендігін айта кету керек. Ортағасырлық және Жаңа дәуірлік Европаны байланыстырушы өтпелі кезең- Ренессанс болды. Қайта Өрлеу дәуірі христиан діні жанышқылап , жөнді- жөнсіз қаралаған адамның жеке тұлғасын - индивидті ақтауға кірісті. Ренессанстық гуманизм антикалық гуманизммен салыстырғанда адам қадір- қасиетін аспандатқан, оның жасампаздық мүмкіншілігін ғажайып деп тауып , құдайға жақындатқан жаңа сападағы гуманизм болды.

Ортағасырлық соңғы ақын, Ренессанстық тұңғыш ақын балып есептелетін атақты “Құдайы комедиясының” авторы Данте болсын, “Адам қадір-қасиеті жайында” / ”Речь о достоинстве человека” / ой толғап , антропоцентризмнің ерен үлгісін көрсеткен Пико де Ла Мирандола болсын, бұрынғыдай тек құдайға ғана бағыштамай, махаббат сынды құдіретті сезімді адамдар арасында - әйел мен еркек арасында таба білген Петрарка мен Бокаччо болсын- бәрі-бәрі де жаңа дүниетанымдық парадигманың келгендігін байқатты. Пико де Ла Мирондоланың “Адамның қадір- қасиеті жайында” атты туындысында құдай адамды бүкіл әлемнің орталығына , центріне қояды, қалған дүниенің барлығы адам маңында ғана мәнді деп атайды.
2. Ежелгі Шығыстың этикалық ілімдері.

Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды танып білуге деген ұмтылыс күннен күнге артуда.Этика да құқық та адам танушы пәндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін өзек- адам. Осындай тоғысудың нәтижесінде ғылыми талдаудың жаза бағыттары ретінде құқық философиясы немесе тәжірибедегі құқықты орнықтырумен байланысты жеке құқық, жергілікті құқық және т.б. қалыптасады. Құқық философиясына жүгіну- қазіргі заманғы адам өмірінде құқықтың алатын орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық философиясы – құқықтың танымдық, құндылықты және қандай мақсаттар үшін құқықты орнықтыратындығы туралы ғылым.

Құқық этикасы белгілі бір дәрежеде құқық философиясының сипатына ие. Алайда, сонымен қатар, құқық этикасының өзіне тән бірқатар ерекшеліктері де бар. Философия әртүрлі мектептер мен бағыттарға объективтік шолу жасауға, барлық құқықтық теориялардың жиынтығы мен олардың дүниетанымдық негіздерін қамтитын белгілі бір көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Ал құқық этикасы тек бір ғана аспектіні таңдайды. Ол біріншіден, құқықты емес құқықтағы адамды қарастырудан, екіншіден, адамның құқыққа деген құндылық қатынасын талдаудан құралған . Бұл қатынас адамның құқықтық шындықты бағалауын білдіреді. Мұндай бағалау әрқашан жекелік сипатқа ие және іштей еркін бола тұрып, адамгершілік сипатты да иеленеді: адамның еркіндік, әділдік,жақсылық пен жамандық, басқалармен өзінің алдындағы борышы туралы көзқарасы мен тығыз байланысты болады.

Құқықтық пәніне жүгінуде, құқық туралы әдебиетте оның түсінудің кем дегенде екі жолы бар екендігін ескеріп өткен жөн: құқықты кең мағынада түсіндіру және тар мағынада түсіндіру. Кең мағынада құқық әдетғұрыпты, дінді , табиғи құқықты, позитивтік құқықты, тірі құқықты және т.б. қамтиды. Тар мағынада құқық мемлекет жариялаған нормалар мен заңдардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі.

Басқаша айтқанда, іс жүзінде құқықты түсінудің екі жолы қалыптасқан.

А.А. Гусейнов моральдың ерекшеліктерін былай анықтаған:

а) ол адамның бірігіп өмір сүру қабілетін сипаттайды және адамдар арасындағы қатынастардың нысанын білдіреді;

б) моральдық заң әрекеттің субъектісі мен объектісін біліп қарастыруға жол бермейді, яғни моральды жариялау мен оны өз басынан өткеру - бұл біртұтас үрдіс;

в) мораль – адамның ерікті түрде өз мойна алған ауыр жігі. Мораль адамның өзін- өзі бәске тігуімен сипатталатын ойын.
№2 Лекция

Лекцияның тақырыбы: Этика ұғымы және оның заты.



(1 сағат)
Лекцияның жоспары: 1. Ізгілік туралы ортағасырлық ілім

2. Жаңа кезең этикасы


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997

  2. Профессиональная этика сатрудников провоохранительных органов М Шитимеч. 1998

  3. Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж

  4. Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.

  5. А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж



1. Ізгілік туралы ортағасырлық ілім.

Әдет ғұрыпқа рәсімдер күш беріп отырады. Көптеген халықтарда әдет ғұрып пен рәсім ережелері тұрақты сипатта болғандығы соншалақ, іс жүзінде олар басқа құқықты қажетсінбейді. Әдетғұрып пен тыйым нормаларының өзіндік ерекшеліктері бар: олар белгілі бір жағдайлардың әсерімен жоғала да, қайта қалпына келе де, өзгере де алады. Әдетғұрыпты, салтдәстүрді ұстану көрініс табудың өзіндік нысандарын талап етеді. Мұндай нысандар болып рәсімдер мен символдар немесе символдық бейнелер табылады.

Алдымен рәсімдерге тоқталып өтелік. Американдық әлеуметтанушы Э.Гофман қазіргі кездегі рәсімдерді зерттей келе, олардың жан- жақтылығын көрсетеді. Ол қазіргі кезде қоғамдағы рәсімдердің шамадан көптігін және тек қоғамға дегенг біржақты көзқарастың олардың кең таралуының стратегиялық мәнін және қажеттігін түсінуге кедергі жасайтындығын атап өткен. Ол мұндай анықтама береді: ” Рәсім дегеніміз формальды түрде жүзеге асырылатын әрекет, ол арқылы жеке тұлға белгілі бір құндылық объектісіне қатысты өзінің сыйластығын және бас июін білдіреді”.

Миф “ ойдан шығарылған” емес, “өткеннің қалдығы да ” емес, ол ежелден адамның өзін-өзі, қоғамды, әлемді сипатталуының түрге бөлінуінің және түсіндіруінің терминдері көрініс тапқан алғашқы сипаттау тілі. Мифпен сананың фетишизатциясы ұғымы тығыз байланысты, ол дегеніміз объектілерге оларда жоқ қасиеттерді, адамдарға олар өздері жабыстырған қасиеттерді тиістілендіру.

Әрбір дәуірде өзіне тән мифтері болған. Алайда, ежелгі грек мифтері мен қазіргі қоғамдағы мифтерге тән ортақ белгі бар: мифтерді жасау барысындағы фантазия, шығармашылық күштің шындық пен ақиқатты қалыптастыруы және оған адамды бағындыруы. Мифологиялық бейнелер кей кездері өмірдің өзінен де шынайы сипатты иеленеді.

Бұл бізге құқықтың өнер құқығы және суретші құқығы сияқты түрлерін ажыратуға негіз бола алады. Жалпы алғанда, ол- еркін адамның құқығы, себебі мифтерді ол өз басынан , өз жүрегінен ойлап шығарады.


2. Жаңа кезең этикасы

Жаңадәуірлік этика толығымен діни- сакральды концепцияның ықпа-лынан босанған, алдағы орынға адамның ақыл- парасатын қойған рационалистік этика етін. Осы кезең этикасында адамның моральдық бейнесін суреттеуде екі түрлі көзқарастар қалыптасты. Олардың біріншілері - адамның туа біткен табиғаты зұлым, оны адам тек әлеуметтік өмір сүру барысында шектеуге мәжбүр десе , екіншілері - адам туғаннан мейірімді, бірақ жүре келе өмір тауқыметттеріне байланысты озбырлыққа барады деп қарастырады.

Т.Гоббс этиканың тарихында моральдың конвенционалды табиғаты жайындағы концепциямен белгілі. Ол мораль мен құқықты адамның бастапқы табиғи күйінен шығуын қамтамасыз еткен әлеуметтік келісім- шарт нәтижесінде мүмкін болған дүние деп түсінеді. Адамның табиғи күйін Гоббс “бәрінің бәріне жаугершілікті” күйі ретінде елестетеді. Мұндай соқтығыстар адамзатты ұзаққа апармас еді, сондықтан адамдар өзара келісім жасау арқылы мемлекетке біріккен және билеушіге өз еріктерімен бағынған. Адамдар арасындағы қарм - қатынастарды реттеу үшін моральдық және құқықтық нормалар келісіммен дүниеге келген деп біледі Гоббс.

Канттың түсіндіруі бойынша , адамгершілік заңдарында адамшы-лықтың шегі беріледі. Сондықтан да адамгершілік нормаларын елемеген адам өзінің адамшылығын жоғалтқан болып есептеледі. Моральдық заңдылықтар дегеніміз солар бойынша жүргізіліп жатқан заңдар емес, солар бойынша жүргізілуі керек заңдар.

Моральды негіздеуде қайырымды ерік –жігер арқылы ғана моральдық сапаға ие бола алады. Ерік- жігерге тек саналы жан ғана ие, басқаша айтқанда, еркіндік- практикалық сана, себебі сана біздің еркіндігімізді басқару үшін берілген. Сана мен еркіндікті теңестіру- Кант философиясының ең жоғарғы нүктесі.

Канттың категориялық императивінің бірнешеме формулировкасы бар. Мысалы: “Сен өзің оны қолдана отырып, ол заңды барлығы да қолдансын дейтін максимаға сәйкес әрекет ет!”. “Қашанда сенің өзіңнің жасаған әрекетің, көрсеткен мінез- құлқын басқаларға адамгершілік үлгісі болатындай болсын!”.

“Адам баласын ешқашан құрал деп қарастырма, адам қашан да мақсат”. Ешкім басқа ешкімді өзінің жеке бас мүддесіне байланысты құрал есебінде пайдалануға хақысы жоқ. Алға қойған мақсат- міндет қаншалықты биік болғанымен тірі жанның өмірінен асқан ештеңе жоқ.

“Өз басыңа нені тілемесең басқаға да соны жасаушы болма”. Азаматтың “алтын заңдылығының” негативті формулировкасын алған Кант оның позитивті, яғни “Өзіңе не тілесең, өзгеге де соны жаса!” деген формулировкасын қолайсыз деп табады. Өйткені, біріншіден, өзіңе тілейтін жақсылықтары өте көп. Ал оның бәрін басқаларға жасап шығуға сенің өзіңнің қалайтын тілеуің басқа адам үшін мүлдем жат, қажетсіз болып есептелетін де шығар.

Сондықтан да өзіңе тілемейтін қатынасты өзгеге көрсетпесең де жеткілікті шығар .

Моральдық заң императив күйінде болады. Императив деп бұйрық райын айтады, яғни моральдық заң сен өзіңді адаммын деп есептегендіктен орындайтын бұрық есебінде алынады.

Этика тарихында өзіндік орны бар ойшылдар, философтар бір бұлар ғана емес. Олардың бәрін қысқа курста қарастырып шығу мүмкін болмағандықтан қысқаша тарихи экскурсты осымен тәмәмдаймыз.


№3 Лекция

Лекцияның тақырыбы: Заңгердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі.

(1 сағат)

Лекцияның жоспары: 1. Кәсіби этиканың қайнар көздері

2. Кәсіби этиканың түсінігі және оның заты.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997

  2. Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998

  3. Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж

  4. Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.

  5. А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж



1. Кәсіби этиканың қайнар көздері

“Этика” терминінің этимологиясы латын тілінің “ethos” десен сөзінен барып тіремді. Ол бастапқыда “хайуаннық үңгірі”, қустық ұясы, “ ақның апаны” сынды мағынада пайдаланған сөз. Бір сөзбен айтсақ, тірі жаннық өзіне тиесілі өмір сүру мекені дегенді аңдатқан. Бірте – бірте ол сөзбен “ бірлесе тіршілік етуші адамдар тобының орналасқан орны, мекенжайы дегенді де белгілейтін болды.

Халық жасампаздығының көрінісі болып табылатын тіл бір орнында қатып тұрған дуние емес. Ол үнемі өзгеріс үстінде болатын шығармашылық процесс. Сол сияқты “этос” ұғымы да бірте – бірте бастанды мағынасынан алшақтап, ортақтаса өмір сүру барысында олардың бойында қалыптасқан мінез – құлық, іс - әрекет ұқсастықтарын білдіруші әдет – ғұрып деген мағыналарға ие болады. Сонымен бұл терминнің “шығу төркінінен” адамдардың арналасу аймағына, тіршілік салтына, өмір сүру дағдыларына байланысты әртүрлі мінез – құлық ережелері, олардың өз ортасына лайықты жүріс – турысы, тыныс – тіршілігі қалыптасқандығын байқаған халық даналығын көреміз.

“Этика” терминін философия аясына туңғыш енгізген әрі осы тақырыпта қаламын көселте жазған адамзаттың ұлы устаздарының бірі – Аристотель еді. Аристотель “ этика” деп этикалық ізгіліктерді зерттейдін жайт – Аристотельдің ізгіліктерді туралы ілімінің негізгі қагидалары. Ол бойынша, адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі турден турады: этикалық және дианоэтикалық. Егер этикалық – ізгіліктер адамның мінез – құлқына, темпераментіне жататын болса, дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл – парасатына тиесілі дүниелер. Сөйтіп, Аристотель этикалық ізгіліктер құрамына: жомарттық, батылдық, шындылықты, ал дианоэтикалық ізгіліктерге; ақыл, парасатты жатқызады.

Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды танып білуге деген ұмтылыс күннен күнге атуда. Этика да, құқық та адамтанушы пәндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек – адам. Осындай тоғысудық нәтижесінде ғылыми талдаудың жаңа бағыттары ретінде құқық, жергілікті құқық және т.б. қалыптасады. Құқық философиянына жүгіну – қазіргі заманға адам өмірінде құқықтық алатын орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық философиясы – құқықтық танымдық құндылықты және элеументтік негіздері туралы ғылым, қудықтың мәні туралы ілім. Басқаша, сөзбен айтқанда, адамның қандай себептердің нәтижесінде және қандай мақсаттар үшін құқықты орныңтыратындығы туралы ғылым.

Құқық этикасы білгілі бір дәрежеде құқық философиясының сипатына ие. Алайда, сонымен қатар, құқық этикасының өзіне тән бір қатар ерекшеліктері де бар. Философия әртүрлі мектептер мен бағаттарға объективтік шолу жасауға, барлық құқықтық теориялардың жиынтығы мен олардың дүниетанымдық негіздерін қамтитын белгілі бір көз – қарас қалыптастыруға ұмтылады. Ал құқық этикасы тек бір ғана аспектіні таңдайды. Ол, біріншіден, құқықты емес, құқықтағы адамды қарастырудан, екіншіден, адамның құқыққа деген құндылық қатынасын талдаудан құралған. Бұл қатынас адамның құқықтық шындықты бағалауын білдіреді. Мұндай бағалау әрқашан жекелік сипатқа ие және іштей еркін бола турып, адамгершілік сипатты да иеленеді: адамның еркіндік, әділік, жақсылық пен жамандық, басқалар мен өзінің алдындағы борышы туралы көзқарасымен тығыз байланысты болады.

Құқықты түсінуде негізгі екі бағыт бар: объектіге зор мән беретін (субъектоцентристік) бағыттар. Этика бұлардың екіншісін таңдайды. Яғни құқық этикасының субъектоцентристік бағыты басқа бағыттарды жоуққа шығарады: бұл жерде ең маңыздысы – субъекттінің мүдделері (бұл мәселеге ұқсас жағдай ретінде сот процесіндегі адвокатты тағайындау мен оның ролін атауға болады: адвокат әрқашан сотталушының мүддесін білдіреді).

Ал объектоценристік дүниетаным адамды табиғи тарихи үрдістің (процесстің) нәтижесі ретінде қарастырады. Бұл көзқарасқа сәйкес, адамның дамуы экономикалық, саяси, техникалық жайдайлар мен анықталады. Мұндай дамудың жоғарғы сатысы болып адамның ақылпарасаты табылады. Аталған бағыт арқылы көптеген мәселерді түсіну қиынға соғады: несе тарих көп жағдайларда адамды гуманизациялаудан амиақтатады, неге адам нақты әлеуметтік жағдайларға ашар бейімделеді, неге ол қарама – қайшылықсыз бағытты көтере алмайды және т.б.

Ал объектоцентристік бағыт адамға құқықта қалаптасқан мүмкіндіктерге тәуелді ауыспалы сипат береді. Яғни, адам жүріс – тұрыс еркіндігі “ берілетін” және “ берілмейтін” объект ретінде түсіндіріледі.

Құқық этикасының пәніне анықтама берместен бурын, этиканың пәні мен құқықтық пәнінің анықтамаларын келтіріп өткен жөн болар.

Мораль дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабы зерттеушінің объектоцентристік немесе субъектоцентристік бағытты ұстануына байланысты әртүрлі болады.

Субъектоцентристік дүниетаным адамды басқаша қабылдайды. Бұл бағытқа сәйкес, адамның бойында болмыстық барлық қуниялары көрініс тапқан. Оны тек ұтымды әдістермен танып білу мүмкін емес. Адам – микрокосм, оның әлемінің нақты айқың дамуының “ соқыр тәуекелі” ал объективтік шындық – адамның ішкі күшқарайтының дамуының көрініс табуының нәтижесі.

Құқықтық пәніне жүгінуде, құқық туралы әдебиетте оны түсінудің келі дегенде екі жолы бар екендігін ескеріп өткен жөн құқықты кең мағынада түсідіру. Кең мағынада құқық әдет – ғурыпты (әдет құқығы), дінді (канондық құқық), табиғи құқықты, позивтік құқықты, тірі құқықты және т.б. қамтиды. Тар мағынада құқық мемлекет жариялаған нормалар мен заңдардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, іс жүзінде құқықты түсінудің екі жолы қалыптасқан.

А.А. Гусейнов моральдық ерекшеліктерін былай анықтаған:

а) ол адамның бірігіп өмір сүру қабілетін сипаттайды және адамдар арасындағы қатынастардың нысанын білдіреді;

ә) моралдық заң әрекеттің субъектісі мен объектісін бөліп қарастыруға жол бермейді, яғни, моральды жариялау мен оны өз басынан өткеру – бұл біртұтас үрдіс;

б) мораль – адамның ерікті түрде өз майына алған ауыр жүгі. Мораль – адамның өзінің бәске тігуімен сипатталатымен ойын. Сократ у ішуге мәжбүр болған. Иса Лайғамбар керіп шегепенген. Джордано Бруно отқа жандырылған. Ганди өлтірімен. Міне, міне, бұл ойынның ұтыстары осындай.

Зандар жекелеген адам санаттарына қатысты қатал, моральға қайшы, қайырымсыз болуы мұмкін. Неге? Бұл сұраққа жауап беру үшін, мораль мен құқықтық өзара әсерін талдауға тырысып көрілік. Яғни, алдымен құқықтық адамгершілік құндылытар мен моральдық кормалар туралы көзқараста қалай көрініс табатынын, содан кейін, моральдық құқыққа қалай жер ететінін қарастырайық.

Мораль адамзат қоғамының және жеке адам дамуының белгілі бір кезеңінде, яғни, филогенезде және онтогенезде пайда болады. Моральдық бұрын адамдық “Менің” қалыптасуының сатылары орын алады:

а) Табыфну сатысы адамның “ Біз” феноменінен көрініс табатын әліммен біртутастығын, оның әлем мен басқа адамдардан ажырамайтындығын, адамның дүниетанымының басқалар мен бір тұтастығын білдіреді;

ә) Мәдениет сатысы адамның қызметінің және адамдық ерекшеліктердің алуан жүрлілігі жағдайындағы мәдени нысандарды іріктеуді білдіреді. Бұл сатыда біз адамгершілік деп атайтын адамдар арасындағы өзара қарым – қатынастардың табиғи нормалары қалыптасады, негізгі адамгершілік құндылықтар: еркіндік, жақсылық, жамандық, әділдік пайда болады. Мәдениет сатысы өркениеттің пайда болуы мен аяқталады.

б) Социум сатысында жақсылық, жамандық, еркіндік құндылықтары борыштың әлеуметтік түсінігіне ауысып, нақты бір қоғамда әлеуметтендіріледі де, әлеуметтік және құқықтық нормалаға айналады. Бұл кезде олардың адамгершілік бастамасы біртіндеп жоғалып, кетеді. Егер алдыңғы сатыда біз гуманистік этика (фр. humanite - адамды сую) туралы сөз қозғасақ, бұл сатыда әлеуметтік этика жөнінде пікірлер айтылды. Әлеуметтік этиканың ерекшелігі – ол жекелеген, нақты бір адамның емес, социум (қоғамның немесе белгілі бір әлеуметтік институттың бөлігі) ретінде көрініс табады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет