Лекция: 15 сағат Лаборатория: 30 сағат СӨЖ: 45 сағат


Ағымдағы каталогтардағы файлдарды сығу



бет12/20
Дата05.03.2016
өлшемі2.54 Mb.
#42811
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

Ағымдағы каталогтардағы файлдарды сығу


Ағымдағы каталогтардағ,ы файлдарды сығу үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек:

F: [Student/Basic] arj.exe A [архив аты]

Мұндағы: F: [Student/Basic] – ағымдағы каталог, [архив аты] - өзіміз қалауымызша қойған ат, А – архивке қосу дегенді білдіретін параметр.

Архивке бір-екі файлды қосуға да болады. Ол үшін командадан соң қосылатын файл атын жазу керек.

[a.k.] arj.exe A <архив аты> <қосылатын файл аты>
4. Файлдарды архивтен шығарып алу, мазмұнын қарап шығу.
Архивтің мазмұнын көру үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек:

[а.к.] arj.exe L <архив аты>

Архивті ашу үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек: [а.к.] arj.exe Х <архив аты>

Архивтен бір – екі файлды шығаруға да болады. Ол үшін командадан соң шығарылатын файл атын жазу керек.

[а.к.] arj.exe L <архив аты> [шығарылатын файл аты]

Ішкі каталогтарды қоса архивтеу үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек:

[а.к.] arj.exe A-R [архив аты]

Архивтен шығару үшін берілетін команда

[а.к.] arj.exe Х [архив аты]

Файлдар архивтен шығарылады. Ішкі каталогқа келгенде “Create this directory?” – бұл каталогты құрайын ба?” хабарламасы шығады. У-ді бассақ ішкі каталог құрылып файлдары ішіне жазылады, N- ді бассақ ішкі каталог құрылмайды, файлдар бірінші деңгейлі каталогтағы файлдар қатарынан орын алады.

Өзі ашылатын arj - архивін құру үшін командалық жолда төмендегідей команда беріледі:

[а.к.] arj.exe A-jE [архив аты]

Мысалы: [а.к.] arj.exe A-jE INF

Архив аты INF.exe болады. Архивтелген файлдарды архивтен шығару үшін INF.exe программасын қоссақ болғаны, яғни [а.к.] arj.exe INF.exe




Лекция № 17

Сервистік программалық жабдықтау.
Жоспар:

1. Вирустар және олардың түрлері.

2. Бүлінген және вирус жұққан файлдар.

3. Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері.


Әдебиеттер:

1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова

Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

4. Г.Евсеев, С.Симонович “WINDOWS 98 полный справочник в вопросах и

ответах”. Москва 2001.
1. Вирустар және олардың түрлері.

Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай – ақ компьютерге тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа “ауру жұққан” немесе “бүлінген” деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да “жұғады” және басқа да зиянды іс - әрекеттер жасай бастайды.

Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады.

Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырғн адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.

Компьютерде вирус жұққан программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

-кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдр, т.б. шығады;


  • Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

  • Көптеген файлдарды бүлінгені байқалады және т.с.с.

Қазіргі кездегі виру стар негізгі екі топқа бөлінеді:

  • Резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) виру стар;

  • Резидент тік емес виру стар.

Вирус жұққан программа іске қосылғанда резидент тік виру стар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадна көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытқа әсері сезілмегенмен, соңынан бір ден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады.

Ал, резидент тік емес вирус жедел жадна тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі.


2. Бүлінген және вирус жұққан файлдар.

Вирус дискідегі кез-келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бір ден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлемінен орын Альп, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жадай туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен, көптеген программалар мәтіні мен құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына, электрондық кестелердегі мәліметтерге виру стар онша әсерін тигізе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін.

Виру стар мынадай файлдарға жұғуы мүмкін:


  1. Бір ден орындалатын файл дар, белгілі – бір іс-әрекет істейтін кеңейтулері .соm және .exe болып келегн файл дар,сондай–ақбасқа программаларға қажет кезінде қолсылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп. атайды.

  2. Операциялық жүйенің жүктеуішімен қатты дискінің ең басты мәлімет жүктеу жазбасы.

Бұл аумақтарды зақымдайтын виру стар “жүктегіш” (загрузочная) немесе Boot- виру стар деп. аталады.

Мұндй виру стар өз қызметін компьютердііске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бір ден бастайды және әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі – компьютергше салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады.

3.Құрылғылар драйверлері, яғни CONFIG. SYS файлының штекері құрылғылары көрсетілетін Devise деген сөз тұрған жолында жазылған файл дар. Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйвері бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек болғандықтан, мұндай виру стар көп тарала қоймаған.

4.Файлдық жүйені өзгертетін вирустар

Соңғы кезде вирустың жаңа түрлері – дискідегі файлдық жүйені өзгертетін виру стар көбейіп тара луда, оларды қысқаша DIR-вирустар деп. атайды. Мұндай виру стар өз мәтінің дискінің белгілі бір бөлігіне жасырын жазып қояды да, он дискінің файлды орналастыру кестесіне файлдың соңғы ретінде белгілейді.

5.“Көрінбейтін” вирустар

Көптеген резидент тік виру стар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар DOS жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдармен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.

6.Өздігінен өрбитін вирустар.

Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі - өзі-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырылып отыруы. Көптеген вирустар асайтын кері әсерін байқатпас үшін өз көлемінің бірсыпырасын шарттаңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілінде, таңбаланбаған алғашқы бөлігінде аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байт тар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор программалр жұмысы қиындайды.
3. Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері

Компьютерлік виру стар “таза” компьютерге вирус жұққан иілгіш дискет тер арқылы таратылады. Егер комп’ютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыданда кең жол ашылады.

Айта кететін жайт, вирустардың кейбір түрлері компьютерге келісімен зиянды ісіне кірісіп кетеді, ал олардың кейбірі файл дар құрамына енседе іске кіріспей, біраз уақыт тым-тырыс жасырынып жатады, бұл уақытты “инкубациялық мезгіл” деп. атайды.

Вирустардан сатану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

- информацияны қорғаудың жалпы шаралары-,

- дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысуы;

- профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азарту тәсілдерін қарастыру;

- вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану. Жалпы ақпараттарды қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайдада пайдалы болатынын есте сақтаған жөн.



Детектор - программалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді.

Детектор –программалар немесе “фагтар” вирус жұққан программалар мен дискілерді “Вирус” әсерінен алып тастау, яғни “жұлып алу” арқылы емдеп – оларды бастапқы қалпына келтіреді.

Ревизор – программалар да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан-соң он кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, он дереу программа иесіне хабарлайды.

Детектор – ревизорлар – доктор – программамен ревизорлар арасынан шыққан гібрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді, анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде “емдеп” бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.

Сүзгі программалар – компьютердің оперативтік (жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабар береді. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.

Вакцина –программалар (немесе иммунизаторлар) компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус “ұққан” сиқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.

Ең көп тараған антивирус – Д. Лозинскиййдің Aidstest программасы. Ол әрбір жаңадан шыққан вирустан хабардар болып, соларға қарсы шара қолдану жолдарын анықтап, үнемі өзгертіліп отырады. Бұл программаны пайдаланып компьютерді виру стан сақтау үшін жиі-жиі дискілерді (мысалы, С:) мынадай командамен тексеріп отыру керек:



аidstest с:

Ал егер компьютерде вирус бар деген күмән болса, онда он мына командамен емдеу қажет:



аidstest с:/f

Тек программалық файлдарда ғана емес, қалған мәліметтерді де т‰гел тексеру үшін мына команда орындалады:



аidstest c:/f/g

Компьютерге вирус енгенін сезсеңіз, мына ережелерді мұқият орындаған абзал:

1. Алдымен аспай-саспай, ойланып іске кіріскен жөн екенін ұмытпаңыз.

2. Дегенмен бір әрекет бірден орындалуы керек-вирустың зиянды әрекеттерін әрі жалғастырмас үшін компьютерді бірден өшіру қажет.

3. Егер компьютерге жұққан вирус түрін емдей алатын детектор-программаларыңыз болса, дискілерді тексеру мақсатында соларды дереу іске қосыңыз.

4. Біртіндеп вирус жұғуы мүмкін болған барлық дискілерді тексеріп шығу қажет.

5. Егер дискідегі барлық файлдарыңыздың архивтік көшірмелері болса, онда дискіні қайта форматтап, мәліметтеріңізді бұрыңғы қалпына келтіріңіз.

Енді компьютерге вирус жұқтыру мүмкіндігін азайтатын және жұққан жағдайда оның зиянкесті әрекеттерін барынша азайтатын шараларды қарастырайық, оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады:



  1. Ақпаратты әркімнің жиі пайдалануын шектеу және оның көшірмесін сақтау.

  2. Сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу.

  3. Вирустан “емдеу аспаптарын” дайындап қою.

  4. Белгілі бір уақыт сайын компьютерді вирусқа тексеріп отыру.

Лекция 18

Қолданбалы программалық өнімдер.

Жоспар:


1. Microsoft Office 2000 пакетінің қолданбалы

программалары мен көмекші саласы.

2. Office интерфейсі.

3. Office көмекшісі.


Әдебиеттер:

1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова

Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

4. Г.Евсеев, С.Симонович “WINDOWS 98 полный справочник в вопросах и

ответах”. Москва 2001.

5. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000


1. Microsoft Office 2000 пакетінің қолданбалы

программалары мен көмекші саласы.
Microsoft Office 2000-пакетінің құрамында күшті әрі кеңінен қолданылатын бірнеше қолданбалы программалары бар. Оның құрамына төмендегі офистік қосымшалардың соңғы версиялары кіреді.

Word – текстік процессор.

Excel – электронды таблицаларды басқару программасы.

Access – берілгендер қорын басқару жүйесі.

Pover Point – презентациялар құру программасы.

Outlook – информациялық жүйе.

Publisher – баспа өнімдерін дайындау жүйесі.

Office 2000- пакетінің программаларының деңгейі алдыңғыларына қарағанда жоғары. Олар пайдаланушымен қосымшалар арасындағы ыңғайлы қарым – қатынасы, және интернетпен, басқада желілермен жұмыс істеуді қалыптастырады. Office 2000 пакетінің мынандай көмекші саласы бар:

Microsoft Graph – офистік қосымшалары түрлі диаграммалар құруға арналған программа.

Word Art -текстік графика программасы.

Clip Gallery – сурет, аудио және видеофайлдардың жинағы.

Барлық программаларда жұмыстың тиімділігін арттыруда септігі бар қысқа түсініктеме беретін Offiсe көмекшісі бар.

Offiсe 2000 пакеті оның қосымшаларының барлығының бірнеше жалпы функциялары болатынымен ыңғайлы. Мысалы Word – та, Access – те, Excel –де файлды сақтау үшін сохранит командасы қолданылады.

Office 2000 қосымшаларын жүктеудің үш түрлі тәсілі бар:



  1. Office панеліндегі сәйкес кнопкаға шерту арқылы.

  2. Негізгі мәзір арқылы.

  3. Негізгі мәзірге программы мәзірінің ішкі мәзіріндегі қосындылар арқылы.

Office панелі Office 2000 пакетін орнатқан кезде автоматы түрде қойылмайды. Оны ашу үшін Пуск→ Программы→ Средства Microsoft Office→ Панель Microsoft Office командалар тізбегін орындау керек. Кейін Windows жүйесі қосылғанда бұл панелді автоматы түрде ашу ашпау керектігін көрсетсек, панел экранның оң жақ шетінде көрінеді. Office панелі Office 2000 пакетінің кез-келген қосымшасын жүктеудің ең ыңғайлы құралы. Бұл панелді пайдаланбаған жағдайда Office 2000 қосымшаларының документін ашу үшін негізгі мәзірдің жоғарғы жағындағы открыть документ Microsoft Office немесе Создать документы Microsoft Office бөлімдерін таңдау керек. Егер бірінші қосымшаны жүктеп, одан кейін документті ашу үшін негізгі мәзірдегі Программы бөлігін таңдаймыз. Office 2000 программалары Программы мәзірінде жеке-жеке көрсетілген. Керектісін тышқан арқылы таңдаймыз.
2. Office интерфейсі.

Office 2000 қосышаларында бір типті интерфейс қолданылады. Егер сіз Excel терезесімен жұмыс істесеңіз, Word терезесімен жұмыс істеу қиын болмайды. Демек әртүлі қосымшаларда ортақ нәрсе көп.

Терезенің бірнші қатарында тақырыптар қатары орналасқан. Оның оң жағында – үш кнопкасы бар. Бұлар терезенің өлшемдерін өзгерту, жабу үшін қолданылады.

Әрбір қосымшадағы жұмыс істейтін облыс –документ терезесі деп аталады. Мұнда берілген прогрммамен жұмыс істеуге қажетті барлық құралдар - айналдыру жолағы, күй қатары, командалар панелі орналастырылған.

Командалар панелінің екі типі бар: мәзір қатары және құралдар панелі. Мәзір қатарында командалар категорияларға біріктірліген.

Құралдарда панелінде орындайтын әрекетке қатысты суретпен белгіленген кнопкалар орналасқан. Осы кнопкалар арқылы керекті командаларды тез орындауға болады.


3. Office көмекшісі.

Көмекші ( помощник ) – пайдаланушы мен программалар арасында дұрыс қатынасты орнату үшін Microsoft компаниясының қосқаны. Қосымшалар аралығында көмекші үшін шекара жоқ, ол Office 2000 қосымшаларының барлық сұраулары бойынша анықтама береді. Бірнеше көмекшінің ішінен біреуін оның контекстік мәзірінен таңдауға болады. Көмекші қосымша терезесінің ішінде емін –еркін қозғалып мәселені шешудің тиімді әдістерін табуға септігін тигізетін кеңестер беріп отырады. Сіз қандай да бір жаңа командамен не бір қиындыққа кездессеңіз көмекші көмегін ұсынады. Көмекшіге тышқанды алып келіп оң жақ кнопкасын басып контекстік мәзірден Параметры командасын таңдасақ Помощник диалогтық терезесі ашылады. Керекті параметрлерімізді өзгертуіміз мүмкін. Параметрлердің өзгеруі көмекшінің кез-келген қосымшадағы әрекетіне әсер етеді.

Файлдармен жұмыс істеу.

Жаңа документ құру .

Файлды сақтау.

Файлды жабу.

Файлды ашу.

Алдын ала көру және қағазға басу.

Редакциялау.

, Delete клавиші

Отменить, вернуть.

Правописание.

Белгілеу, орнын ауыстыру, көшіру.


Файлдармен жұмыс істеу, текстерді редакциялау, белгілеу, орнын ауыстыру, көшіру тәсілдері Offic-тің барлық қосымшаларында бірдей.

Лекция №19

Мәтіндік редакторы

Жоспар:


1. WORD редакторын тағайындау, іске ќосу, ж±мысын аяќтау.

2. WORD редакторыныњ терезесі.

3. Ќ±жаттарды саќтау жєне ашу.

4. Форматтау ж±мыстары.


МS WORD – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағаз басып шығаруға арналған WINDOWS жүйесінің қосымша программасы. Ол мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.

Қазіріг компьтерлік технологияда орындауға болатын кез-келген операція бұл ортада жүзеге асырыла береді.

Жалпы WORD редакторында типография жұмысына коректі баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады.

М±нда құжаттармен кестелерді көрікті етіп безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар жеткілікті.


1. WORD редакторын тағайындау, іске қосу, жұмысын аяқтау.
WORD-пен жұмыс істеуді бастау үшін WINDOWS жүйесінің басқа программалары сияқты он бастапқы нұсқалық дискеттерден немесе компакт-дискіден компьтерге жазып орналастыру қажет.

Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады:

1.Басқару тақтасындағы іске қосу (Пуск) менюінің, Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрін іске қосуға арналған.

2.Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

3.WORD редакторына дайындалған құжаттың шарт белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, он екі рет шерту арқылы.

Редактормен жұмысты аяқтау кез-келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі.

-Файл→Шығу меню командасын таңдау арқылы.


  • WORDнегізгі терезесінің жүйелік менюдегі Жабу командасын таңдау.

  • Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет