2. Стандартты типті- түрлендіру функциялары: -
кесте
Функция
|
Орындайтын іс -әрекетті
|
StrToFloat(x)
|
Кескіні жолдық типті болатын х нақты санын қалпына келтіру
|
FloatStrTo (x)
|
х нақты санын жолдық типті ету
|
FloatStrToF (x,f,s,o)
|
х нақты санын форматты жолдық типке түрлендіруүМұндағы f-формат (кескіндеу форматы ). Ол көбінесе ffGeneral не ffFidex түрінде жазылады;
s-барлық цифрлар саны (дәлдік);
о-ондық нүктеден соң жазылатын цифрлар саны (ондық дәлдік ), мысалы, FloattostrF(x,ffFidex,7.3 );
|
StrToInt(x)
|
Кескіні жолдық типті х бүтін санаын қалпына келтіру ;
|
IntToStr(x)
|
Х бүтін санын жолдық типті ету
(IntToStr-Integer to string, т.с.с.)
|
Ескерту. 1. FloatStrToF функциясының форматын (f) ffExponent түрінде жазуғада болады. Ол санды экспонеттік етіп дөңгелектейді.
2. Delphi-де Турбо Паскальда қолданылатын Str(x,s) және оған кері Val(s,x,code) типті түрлендіру процедураларында пайдалану мүмкін.Мысалы, x=25 болса, Str(x,s) процедурасының орындалу нәтижесі:s=’25’;s=’54’ болса Val(s,x, code) процедурасының орындалу нәтижесі :x=54, code=0.
3. Берілгендерді жеке диалогтық терезеде шығару. Showmessage процедурасы
Delphi-де берілгендерді Showmessage (мәліметтерді көрсету) процедурасының терезесіне шығаруға болады. Процедураның (оператордың) жазылу түрі.
Showmessage(s);
Мұндағы s-жолдық типті өрнек .Егер ол сандық типті болса оны жолдық типке түрлендіру үшін s аргументінің орнына типті түрлендірудің сәйкес функциясын енгізу керек. Мсыалы, s нақты типті сан болса, оны шығару терезесінде көрсету операторының мынадай түрде жазылуы мүмкін:
Showmessag(FloatToStr(s)); не
Showmessag((FloatToStr(s,ffgeneral,7,3));
Жүйе соңғы операторды оқып шығып, жеті цифрдан тұратын нақты санды символдық типте шығару терезесінде көрсетеді.
4. Берілгендерді формада енгізу және шығару. TЕdit, Tlabel, TButton класстары және олардың қасиеттері
Компоненттер понеліне формаға оқиғаларды өңдеуіш процедуралар тудыратын түрлі компоненттер (интерфейс элементтерін) орнатып, программа нәтижесін форма терезесінде көрсету – Delphi-де визуальды прогрммалаудың ең түйінді негізі. Әсіресе, ол үшін компоненттер понелінің Standart бетінен мәтіндермен жұмыс істейтін TЕdit, мәтін енгізілетін TLabel және командалық TButton компоненттері жиі пайдаланады. Мысалы, формаға Еdit1 редакциялау өрісін орнатып, оның Text қасиеті арқылы не іске қосу командасын берген соң оған курсорды енгізіп, клавиатура арқылы бір жолдық мәтін енгізуге және оны редакциялауға болды. (Оны таңдап, буфер арқылы формада орнатылған екінші Еdit өрісіне көшіруде мүмкін.)
Формада орнатылған Label, Еdit компоненттерінің Caption, Text қасиеттеріне праграмма арқылы қол жеткізу – паскальдағы жазу өрісіне қол жеткізу сияқты. Алдымен обьект атауы жазылып, одан соң нүкте қойылады да, оның соңына қасиет атауы енгізіледі. Қасиетке мән меншіктеу тәсілі әдеттегідей. Мысалы:
Label1. Caption:=’біз студенттерміз’;
Еdit1 өрісіне енгізілген қарапайым мәтінді (S) Label1 –өрісіне шығару да мүмкін. Ол үшін процедура денесін мынадай етіп алу жеткілікті (Еdit1. Text- Еdit1 обьектісінің Text қасиетін программа арқылы орындау әдісі):
Var s string;
Begin
S= Еdit1. Text;
Label1. Caption :=s;
End;
Формада TButton (түйме) компонентін орнатып, оны программаны іске қосу түймесі ретінде пайдалану қыйын емес.
Осы класстардың тағы да бірнеше қасиеттерін қарастырайық.
TLabel:
-
AutoSize: Boolean - компонент көлемі ішіне жазылған текстке қатысты өзгеру не өзгермейтіндігін белгілейді,
-
Layout: TТextLayout; - компонент ішіндегі тексттің вертикаль бойынша реттелу түрін анықтайды.
-
Transparent: Boolean; - компонент фоны мөлдір болуын не болмауын анықтайды.
TEdit:
-
BorderStyle: TSaticBorderStile; - компонент айналасында рамканың болуын (болмауын) анықтайды.
-
SelText: string; - тексттің ерекшеленген фрагменті (ТMemo классы үшін де тиісті).
тәсілдері (басқа да текстпен жұмыс істейтін компоненттерге де тиісті):
-
Procedure Сlear; virtual – бүкіл текстті жояды.
-
Procedure ClearSelection; - ерекшеленген текстті жояды.
-
Procedure CopytoClipboard; - ерекшеленген текстті алмасу буферәне көшіреді.
-
Procedure PasteFromClipboard;- алмасу буферіне көшірілген текстті курсор тұрған орынға қояды.
Лекция 4. Программалау элементтері
1. Берілгендер. Өрнек 2. Программаның жалпы түрде құрлымы. 3.Тармақталу командасы. Таңдау комадасы. Case операторы 4. Циклдер 1. Берілгендер. Өрнек
Автоматты құрылғының не адамның өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық;символдық, мәтіндік т.б. инфармацияны(ақпаратты) берілгендер деп атайды.Программаны орындау барысында мәні программа мәтінінде көрсетілген қалпынан өзгермейтін шаманы тұрақты деп, мәні өзгеріп отыратын шаманы айнымалы деп, айнымалыға берілген атауды идентификатор деп те атайтыны беолгілі.
Delphi Object Pascal программалау тілін басшылыққа алып құрылған.Онда пайдаланылатын көптеген операторлар (нұсқаулар), кілттік сөздер, айнымалыларды сипаттау және программа құрылымы Турбо Паскаль программлау тіліне негізделген.
Delpihi-де жиі пайдаланылатын берілгендер типтері:
Integer, Real, Char, String, Boolean
(Integer-бүтін, real-нақты, char-символ, string-жол, booean-логикалық).
Айнымалы атауы үшін латын алфавитінің әріптерін және цифрлар мен кейбір басқа символдарды алуға болады, ол үшін кілттік сөздерді алуға және бос орын (‘’) символын енгізуге рұқсат етілмеген. Атау тек әріппен басталуы тиіс.
Жүйе атауды оқып шыққан соң мәшине жадында ол үшін арнайы ұяшықтар блогын бөледі де, мәнді сонда сақтайды (яғни айнымалы берілгендер сақталатын жад облысы).Айнымалы атауы программаның var бөлімінде сипатталуы міндетті (variable-айнымалы, кілттік сөз).
Мысалы, программаға енгізілген
a1:=521; a2:=45; a3:=7; a4:=5, 8; simb:=’k’;
меншіктеу командалары үшін айнымалылар мынадай түрде сипатталуы тиіс:
var a1:integer; a2, a3:byte; a4:real; simb:char;
мұндағы а2, а3 айнымалыларын integer арқылып сипаттап,
а1, а2, а3:integer;деп жазуға болады.
Ескерту. Мәндері integer типті болатын айнымалылардыңсипатталуы тиіс. Мысалы, а1:=40; a2:=5; b:=a1/a2; меншіктеу нұсқауларының орындалу нәтижесінде b мәні 8-ге тең, бірақ b-ның сипатталуы:b : real;
Өрнек- берілгендермен әрекет жүргізіліп, мән өндірілетін тұжырымды жазу.Арифметикалық өрнектің, меншіктеу операторының, т.б. жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты, мысалы, y:=5/(3*x+1); z1:=’a; Мұндай операторлардың орындалуы үшін айнымалы атауы мен өрнек мәнінің типтері бірдей болуы тиіс.
Математикалық өрнекке түрлі операциялар енгізілуі мүмкін.
Мысал.
мәндерді қосу, азайту, көбейту, бөлу(+, -, *, /), т.б.;
mod (бүтін сандарды бөлуде шығатын қалдық );
div (бүтін сандарды бүтін бөлу);
and (және), or (немесе), not (емес );
chr (13) не #13-жаңа жолдан бастау коды.
Өрнекке енгізілген плюс (+) таңбасы элементтердің типі не сәйкес түрлі әрекеттер орындайды:
-сандарды қосу;
-жолдық типті берілгендерді біріктіру (жалғастыру).
and, or, not-құрама шарттарда пайдаланылатын кілттік сөздер.
Программаға енгізілген математикалық өрнекте типтерді түрлендіру функциялары жиі пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |