Үлестірілген ресурстарды басқару.
Жоспар:
1. Желі операциялық жүйелерінің функционалдық компоненталары.
2. Желі қызметтері және желі сервистері.
Лекция мақсаты: Үлестірілген ресурстарды басқаруларға түсінік беру, тақырыпты пысықтау
1. Суретте желі операциялық жүйелерінің негізгі компоненталары келтірілген.
-
Жергілікті ресурстарды басқаратын аспаптар автоном компьютердің операциялық жүйесінің барлық функцияларын амалға асырады (процесстер арасында жедел жадты таратады, процесстерді жоспарлайды және диспетчерлейді, мультипроцессорлық машиналарда процесстерді басқарады, сыртқы жадты басқарады, пайдаланушының интерфейсін жасайды).
-
Желі аспаптарын үш топқа ажыратуға болады:
- операциялық жүйенің серверлік бөлімі – жергілікті ресурстарын және қызметтерін жалпы пайдалануға беру құралдары;
- операциялық жүйенің клиенттік бөлімі – қашықтағы ресурстарды және қызметтерді пайдалануға рұхсат алу құралдары;
- операциялық жүйенің транспорттық құрамы – коммуникациялық жүйемен бірге желідегі компьютерлер арасында хабарлар алмасуды қамтамасыз етеді.
Оңайлатып айтқанда желі операциялық жүйесінің жұмысын төмендегіше түсіндірсе болады. Айталық, А компьютерінің пайдаланушысы өзінің файлын желідегі басқа B компьютерінің дискісіне орналастырмақшы болсын. Мұның үшін ол клавиатурадан сай команданы теріп Enter клавишасын басады. Пайдаланушымен интерфейске жауап беруші операциялық жүйенің программалық модулі осы команданы қабылдап А компьютердің клиенттік бөліміне тапсырады.
Операциялық жүйенің клиенттік бөлімі басқа компьютерлер дискілеріне және файлдарына тікелей жете алмайды. Ол ресурстарын басқаратын басқа компьютердің операциялық жүйесінен осы қызметке «сұраныс» етуі мүмкін. Бұл сұраныстар желі арқылы хабарлар ретінде жеткізіледі. Хабарлар кейбір амалдарды орындайтын командалардан басқа мәліметтерге, мысалы кейбір файл мазмұнына ие болуы мүмкін.
Клиенттік және серверлік бөлімдері арасындағы хабарларды желінің коммуникациялық жүйесі жәрдемінде жеткізуді операциялық жүйенің транспорттық құралдары орындайды. Бұл құралдар мынадай функцияларды атқарады: хабарларды пішімдеу, пакеттерге бөлу, компьютер атауларын санды адрестерге өзгерту, хабарларды сенімді етіп жеткізу, күрделі желіде маршрутты белгілеу ж.т.б. Желіде хабарларды жеткізудегі өзара әсер ережелері коммуникациялық протоколдармен белгіленеді. Мысалы Ethernet, Token Ring, IP, IPX протколдары. Желідегі екі компьютерлер хабарласып тұруы үшін олардың операциялық жүйелерінің транспорттық құралдары коммуникациялық протоколдардың жалпы жиынын сүйемелдеуі қажет. Коммуникациялық протоколдар операциялық жүйелердің клиенттік және серверлік бөлімдері арасында хабарларды олардың мазмұнына көңіл бөлместен жеткізеді.
Пайдаланушы дискісінде файлды орналастырмақшы болған В компьютерде операциялық жүйенің серверлік бөлімі жұмыс орындауы қажет. Ол әрқашан желіден келетін оның ресурстарына сұраныстарды күтуімен әуре. Серверлік бөлім желіден сұранысты қабылдап жергілікті дискіге үндеу етіп файлды оның бір каталогына жазып қояды. Осы амалдарды орындау үшін командаларға және файл бөлімдеріне ие бір емес бірнеше хабарлар алмасуға тура келеді.
Операциялық жүйе клиенттік бөлімінің өте маңызды функциясы болып қашықтағы файлға үндеуді жергілікті файл үндеуінен ажыратуда. Егер клиенттік бөлім мұны орындай алса қолданбалы программалар қайсы файлдармен қашықтағы ма, жергілікті ма жұмыс орындауы қызықтырмауы да мүмкін, - клиенттік бөлім өзі анықтап қашықтағы машинаға қайтадан жібереді (redirect). Операциялық жүйенің клиенттік бөлімі редиректор деп аталуы осыған байланысты шыққан. Кей кезде ажырату функциялары арнайы модульге тапсырылады. Онда редиректор деп осы бөлімнің өзіне айтады.
Желі операциялық жүйелердің клиенттік бөлімдері ресурстарға болған сұраныстар форматтарын икемдейді. Олар қолданбалардан желі ресурстарына жетуді жергілікті формада қабылдайды, яғни жергілікті компьютерде жұмсалатын тұрде. Желіге сұраныс керекті ресурс жайласқан компьютер сервистік қызметіне сай формада жіберіледі. Клиенттік бөлімі және серверлік бөлімінің жауаптарын қабылдап жергілікті формаға өткізеді. Нәтижеде қолданба үшін жергілікті және қашықтағы ресурстар сұраныстары айырылмай қалады.
2. Желі қызметтері және желі сервистері. Компьютерлық желі арқылы нақты ресурс типына жетуді ұйымдастыратын операциялық жүйенің серверлік және клиенттік бөлімдерінің жиыны желі қызметі деп айтылады. Жоғарыда келтірілген мысалда желі арқылы біргелікте файл жүйесіне жетуді қамтамасыз еткен операциялық жүйенің серверлік және клиенттік бөлімдері файлдық қызметін жасайды. Желі қызметтері желі пайдаланушыларына қандайда бір қызметтер жиынын ұсынады деп айтылады. Бұл қызметтер кейбір кездері желі сервисы деп те аталады (ағылшын Service терминінен). Бұл термин техникалық әдебиетте сервистік қызметі деп аударылады. Бұл терминдер синоним ретінде қолдансада кейбір кездерде олардың айрықшылығы принципиал характерге ие. Кейіннен біз желі қызметтері деп желі қызметін көрсетуші компонентке айтамыз, ал желі сервисы деп усынылған қызметтер баяндамасына айтамыз. Сонымен сервис – бұл қызметтерден пайдаланушысымен қызметтер жеткізушы арасындағы интерфейс.
Әрбір қызмет желі ресурстарымен немесе сол ресурстарға жету әдістерімен байланысты. Мысалы печаттау қызметі желі пайдаланушыларына желінің бөлінетін принтеріне жетуді қамтамасыз етіп печаттау сервисын ұсынады, ал пошта қызметі желі информациялық ресурстарына –электрондық хаттарына - жетуді қамтамасыз етеді. Ресурстарға жету әдістері ерекшеленеді, мысалы қашықтан жету қызметі желі пайдаланушыларына барлық ресурстерге коммутацияланатын телефон арналары жәрдемінде жетуді қамтамасыз етеді. Нақты ресурсқа қашықтан жету үшін, мысалы принтерге, қашықтан жету қызметі печаттау қызметімен байланыс жасайды. Операциялық жүйелердің желі пайдаланушыларына файылдық және печаттау қызметтері маңызды.
Желі қызметтері арасында қарапайым пайдаланушыға емес администраторға арналғандарын ажыратуға болады. Олар желі жұмысын ұйымдастыруға жұмсалады. Мысалы, Novell Net Ware 3.x операциялық жүйесінің Bindery қызметі администраторға компьютердің желі пайдаланушылары туралы мәліметтер базасын алып баруға мүмкіндік жасайды. Орталық сілтемелер қызметін жасау прогрессив есептеледі. Бұл қызмет басқаша каталогтар қызметі деп те аталады. Ол пайдаланушы базасынан басқада желідегі барлық программалар және компьютер аппаратурасы туралы базаға ие. Каталогтар қызметі мысалы ретінде Novell компаниясының NDS және Banyan компаниясының Street Talk қызметтерін көрсетуге болады. Администраторға сервис ұсынатын желі қызметінің басқа мысалы етіп – желі трафигын ұстап алып анализ жасайтын желі мониторингі, өз функциясына парольді тексеріп логикалық ену амалын орындайтын қорғау қызметін, резервті көшіру және архивтеу қызметтерін көрсетсе болады.
Операциялық жүйе ақырғы пайдаланушыларға, администраторларға және қолданбаларға едәуір бай қызметтер жиынын усынуына байланысты желі операциялық жүелер қатарындағы орны белгіленеді.
Желі қызметтері өздерінің табиғаттарына байланысты клиент-серверлік болып табылады. Кез келген желі сервисын амалға асырғанда Табиғи сұраныстар көзі (клиент) және сұраныстарды орындаушы (сервер) пайда болғандықтан Кез келген желі қызметтері өзінде симметриқ болмаған екі бөліміне ие – клиенттік және серверлік. Желі қызметі операциялық жүйеде екеуімен де немесе бір бөлемімен беріледі. Әдетте сервер өзінің ресурстарын клиентке усынады, ал клиент олардан пайдаланады деп айтылады. Айтып өту керек желі қызметін ұсынғанда сервер ресурстарымен бірге клиент ресурстарыда қолданылады. Клиент өзінің ресурстар көп бөлімін (диск көлемін, процессор уақытын ж.т.б.) желі жұмысын суйемелдеу үшін сарыптауы мүмкін. Мысалы, пошта қызметін амалға асыру үшін клиент дискысында кең көлемдегі хаттарға ие мәліметтер базасының жергілікті копиясы жайласуы мүмкін. Бұл жағдайда клиент түрлі форматтардағы хабарларды соның ішінде мультимедиялық форматтарды да пішімдеумен байланысты үлкен жұмысты, адрестік кітапты сүйемелдеуі және көп жәрдемші жұмыстарды орындауы керек болады.
Клиентпен сервер арасындағы потенциал айрмасы әркезде желі жұмысының бастаушысы клиент болады, ал сервер пассив күту режимінде болады. Мысалы пошта сервері поштаны пайдаланушы компьютеріне жеткізеді егер пошта клиентінен сұраныс болғанда ғана.
Әдетте клиенттік және серверлік бөлімдер арасында өзара әсер сондай стандартталады, нәтижеде бір тұрдегі сервер Түрлі әдістермен амалға асырылған клиенттер типтары мен жұыс орындауы мүмкін. Мұның үшін бір шарт – клиенттер және сервер бір стандарт протоколды сүйемелдеуі қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Желі операциялық жүйелерінің функционалдық компоненталары.
2. Желі қызметтері және желі сервистері.
Достарыңызбен бөлісу: |