Лекция:: 30 Семинар: 10 СӨЖ: 95 Барлық сағат саны: 135



бет3/9
Дата13.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#133648
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары:

1. Халықаралық экономика пәнінің маңыздылығы

2. Халықаралық экономиканың даму ерекшеліктері

2 тақырып Халықаралық экономиканың қалыптас тарихы

Жоспары:

1.Халықаралық экономиканың құрылымы

2.Халықаралық еңбек бөлінісі

Лекция мақсаты: Халықаралық экономиканың құрылымын анықтап қарастыру

Лекция мәтіні.

1. Экономиканы сипаттайтын көрсеткіштер өте көп, сондықтан елдерді топтастыру көптеген параметрлер арқылы, топтастырудың өзінің мақсаттарына байланысты жүргізілуі мүмкін. Соған қарамастан ХЭ-ны таддау кезінде біз нақты критерилер негізінде жекелеген топтарға бөлінген белгілі бір мемлекеттермен жүмыс істейміз.

Б¥Ү әлем елдерін бірнеше нышандар бойынша топтастырады. Елдерді Адам Даму Индексі (АДИ) бойынша топтастыру.

БҰҰ-ның тәжрибесіне 1990 жылдан бастап енгізілді. Сондықтан оқу материалдарында әзірше мағынасы кең ашылған жоқ. Оның қыр-сырына нақты тоқталмай-ақ АДИ таза экономикалық көрсеткіш еместігін атап кетейік. Оған кіретін тағы да басқа көрсеткіштер: білім беру,денсаудық сақтау, сыртқы орта жағдайы және т.б. Жаңа топтастыру авторларының ойынша,ол елдің прогресін елдің экономикалық даму деңгейіне қарағанда толығырақ анықтауға мүмкін береді. Мүндай тәсіл пайдаланылғанда адам басына шаққандағы жалпы үлттық өнім (ЖҰӨ) немесе жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) ретінде дәстүрлі түрде есептелетін елдің экономикаль іқ даму деңгейінің көрсеткіші негізгі болғанмен,көп көрсеткіштің бірі болып табылады.

Осы топтастыру тәсілі бойынша әлем елдері 3 топқа белінеді: АДИ-ның жоғарғы деңгейі (АДИ 0,800 және одан жоғары) 53 АДИ срта денгейі (0,500-Ден 7°о - ға дейін)-б7 ел; АДИ те і деңгейі (0,500-ден төмен). Бұл көрсеткіш талдау көп елдерді қарастыру біздің міндетімізге жатпайды, сондықтан осы топтастыруды туралы көбірек білгісі келгендер түпнұсқа деректерге көңіл аударуларына болады.Айта кететініміз,осы топтастыру бойынша 1994 жылы Қазақстан екінші топтың 30 орнында болады.

Бұл көрсеткіш келтіріп отырған себебіміз, ол ең беделді халықаралық ұйым болып табылатын БҰҰ-ныңІтоптастыру тәсілі. Жаңа топтастыру тәсіліне өтудің өзі,БҰҰ институтарында адам өмірінің деңгейі мен сапасы түсінігін әр түрлі елдердегі адам жағдайларын бағалауда өзгерістер болып жатқанын немесе басқаша айтқанда адамзат дамуын бағалау идеологиясының өзгеріп отырғандығын көрсетеді. Осындай беделді ұйымның дүниетанымындағы өзгерістер ХЭҚ-ға әсерін бермей қоймайды.

Екінші топтастыру тәсілі-американ долларының есептелген жалпы
ұлттық өнімінің адам басына шаққандағы көрсеткіші. Бұл көрсеткіш
бойынша елді бір топқа жатқызу критерилері уақыт аралығында
өзгеріп отыратындығы атап кету қажет. Дүниежүзілік банктің 1995
жылғы соңғы топтастырудың әлем елдерін бұл көрсеткіш бойынша 4
топқа бөлінеді:


  1. Төмен табыс-765 және одан төмен-63 ел.

  2. Орта төмен табыс-766-3035-65 ел.

  3. Орта жоғары табыс-3036-9385-30 ел.

  4. Жоғары табыс-9386 және одан жоғары-51 ел.

Қазақстанның ЖҰӨ осы жылы 22149 млн.доллар қүрап,адам басына шаққандағы мөлшері-1330 АҚШ долларына тең болды.Сондықтан біздің ел орта төмен табысты елдер қатарында.

Адам басына шаққандағы орта табыс көлемінің қазіргі әлемдегі елдер арасындағы алшақтағы корсету үшін бірнеше мысал келтірейік.

Керсетілген жылы бірнеше орынды Люксембург-41210 доллар,одан кейін Шведцария-40630,Жапония-39640,Дания-29890,АҚШ-26980 доллар жене т.б.

Дамымаған елдер арсында адам басына шаққандағы орта көрсеткіш Эфиопияда-100 доллар, Заир мен Танзанияда-120, Сьерра-Леоис мен Руандада 80, ал Мозамбикте т ек 80 доллар ғана болды.



Үшінші топтасытыру экономикалық даму бойынша жүргізіледі. Бұл жерде бірқатар түсінік беріп өткеніміз жөн. Біз экономикалық даму деңгейің адам басына алынатын табыс көрсеткішімен бейнелеуге болады. Бірақ табыс деңгейі әр елде әр түрлі жағдайға байланысты қалыптасады. Мысалы: Парсы түбегінде мұнай өндіру үшін ЖҰӨ бойынша бірінші топтағы ел қатарына кіреді, бірақ жоғары табыс деңгейі бір немесе бірнеше тауар|есебінен құрылғандықтан, оларды өндірісі дамыған елдер қатырына жатқыза алмаймыз. Елдердің экономикалық даму бойынша топтастырғанда, мұндағы мәселе экономиканын "кешенділігі", яғни оның ресурстарды тауып қана қоймай, оны өңдеу мұмкіндігі туралы болып отыр.

Осы нышаны бойьнша елдер екі үлкен топқа бөлінген: өнеркәсібі дамыған елдер (44 ел) және дамушы елдер (132 ел). Соңғыларының ішінде артта қалған нашар дамған елдер тобы бөлінеді (47 ел). Қазақстан бұл топтасыру бойьіңша өнеркәсібі дамыған елдер қатарына кіреді,бірақ көптеген көрсеткіштер бойынша дамушы елдер қатырына жатамыз. Табыс деңгей мен экономика " кешенділігі" ХЭҚ қатысушыларыңың ішкі және сыртқы экономикалық саясатындағы іс-әрекетін айқындап,олардың ХЭҚ-на қай дәрежеде қатыса алатындығы анықтайды.



2. XX ғасырдың екініні жартысы-әлемдік экономика үш түрлі елдің тобының әсерімен дамыған уақыт.Оларға дамыған капиталисттік елдер.социалистік мемлекеттер және дамушы немесе "үшінші дүние" деп аталатын елдер кірген.

XX ғасырдың экономикалық теориясьшда жоспарлы экономиканы нарықтық экономикаға қарама-қарсы қою дәстүрлі болған. Дамушы елдердің экіономикасын кеңеіс зкономикалық әдебиетінде "социалисттік немесе капиталистік ба|ғыттағы" деп сипаттау қабылданған еді. Шындығында экономикалық жүйелердің саны өте көп. Мысалыға: белгілі американдық оқулықта оның 4 түрі аталған:таза капитализм.әкімшілдік-әміршілдік экономика,аралас жүйе,дәстүрлі экономика. Бүл жерде айта кетсек,әлемдегі барлық экономикалық жүйелер аралас,тек қана белгілі бір түрі басыңқы нышанберуі мүмкін.Осыған байланысты елдердің сыртқы экономикалық саясатта бүл жүйелердің логикасымен қажеттіліктері негізінде жасалуына орай ХЭҚ түрлі модификациялануына ұшырайды.

Экономикалық әдебиетте қарастырылып отырған мәселе бойынша кең тараған пікір әлемнің "екі полистіктен" көп полистікке айналуы болып отыр.Қазіргі кезде экономикалық қуаттылықтың "полистігі" Еуропалық Одақ,Солтүстік Америка,Жапония болды. Болашақта оларға басқа мемлекеттер мен аймақта қосылуы мүмкін.Бұл мәселелер клесі тауарларда толығырақ қарастырылады.Осы жерде кеңшімізді тағы бір жақа -мемлекеттердің экономикалық қуаттылығына бөдейік.

Әдетте елдер бұл нышандары бойынша 1 топтастырылмайды,өйткені экономикалық даму деңгейімен экономикалық қуат әр түрлі үғым екендігін


бәріне де белгілі.
Бірінші ұғым елдің адам басына шаққандағы ЖҰӨ мен ЖІӨ өндіру мүмкіндігі көрсетеді, ал екіншісі - сол көрсеткіштердің абсолюттік корінісі болып табылады.Соидықтан елдің экоиомика қуаттылығы даму деңгейімен ғана емес, халық саны территория қөлемі.одаи кейін ғана экокомикалық даму мен анықталады.Мысалы 1991 жылдың мәліметтеріне сәйкесғ адам басына шаққандағы Ж¥Ө көлемі бойынша бірінші орында Швейцария (33710 доллар), ал Қытай (1680 доллар) орта табысты елдер тобында болды. Ал ЖІӨ келемі бойынша қараса Швейцарияда 232 млд. доллар і болса Қытайда 439,3 млрд.доллар болған. Соңғы мәліметтер бойынша Қытай бұл көрсеткішінен әлемде екінші орынға шықты. Елдің экономикалық қуатының ХЭҚ-да ете маңызды мәні бар,өйткені елдің ХЭҚ езгерісіне әсер еру мүмкіндігі осы көрсеткіштерге байланысты.

"Экономикалық интернационализация" ұғымы оқу және ғылыми әдебиетте кең пайдаланылады. Бірақ, кейде не туралы әңгіме болып жатқаны түсініксіз. Мысалыға, кең таралған Р.И.Хасбулатовтың редакциялауымен жазылған кітапта былай деп айтылады: "дүниежүзілік шаруашылықтың дамуымен қалыптасумен қоса жүретін ең маңызды,тұрақты және ұзақ мерзімді тенденция -интернационализация процесінің тоқтаусыз есуі...Интернационализацияға: халықтың экономикалық,мәдени,ғылыми және басқа қоғамдық байланыстарының өзара қарым-қатынастарымен езара тәуекелділігімен тежейтін әр түрлі кедергілерді біртіндеп жою арқылы оларды жақындастыру және бастапқыдай ұлттық қоры қалыптастырды халықаралық құрылыстарға айналдыру кіреді

Шын мәнінде "интернационал" деген соз қазақша "халықаралық" деген мағынаны білдіреді,осыған орай, интернационализация туралы айтқанда,зерттелетін құрылыстардың халықаралық сипатын айтамыз. Демек, экономиканың интернационализациясы ұлттық экономикалық процесс.

Мұндай мағынада түсіндіріліп отырған интернационализация -ХЭҚ сияқты көне құбылыс. Тарихтан белгілі болға мұндай,әр түрлі елдер арасындағы экономика байланыстар б.д.д. даиыған еді. Бірақта, көрсеткен пән авторлары оны білген жоқ деуіміз дұрыс емес. Олар Рим импецериясының болашақ дүниежүзілік қатынастардың алғашқы


бейнесі болғанын айтады. Сондықтан, әңгіме дүниежүзілік экономиқаның қашан пайда болғанында емес, елдер арасындағы қалыпты және орнықты экономикалық байланыстарды қалыптасуын жобалаймыз.

Мұндай байланыстар ұлттық экономиканың жетіспейтін ресурстармен қамтамасыз ететін ендірістік және тұтыну секторына қызмет ететін 6іртұтас ұдайы өндіріс процесінің обективтіфакторы болып, халықаралық экономикалық қатынастарды өндірістік байланыстармен бекітті деп айтуға болады.

Қазіргі ХЭҚ-ға қатыспайтын ел немесе халық жоқ және экономика интернационализациясы жалпьілама қүралыс болып отыр. Халықтар мен мемлекеттер арасындағы кеңейіп келе жатқан өзара байланыстылық пен өзара тәуелділік көптеген тарихи,әсіресе техникалық және экономикалық сипаттағы факторларымен анықталған. Бұл жерде экономикалық интррнационализациясының жылдамдатылуының обективті негіздерін адцатын кептеген басылымдарды пайдалаудың қажеттілігі жоқ. Бұл мәселелер оқу әдебиеттеріне ғана емес,ғьшыми әдебиеттеде барынша түсіндірілген.Келесі тарауларда кітаптың логикалық қүрылымына байланысты бәрнеше мәселелерді тоқталамыз,ал бүл мәселелерді і тереңірек қарастырысқысы келгенде арнаіф әдебиетке жүгіңгені жөн.

Қазіргі экономикалық процестердің үлттық сипаты тереңдеуі, "экономика глобализациясы", "глобалды экономика" және т.б. ғылымдардың пайда болуына әкеледі. Жоғарыда көрсетілген жүмыста бізді таң қалдырған жағдай - әлем экономикасының глобализациясы трансүлттық компаниялардың іс-әрекетіне байланыстырылуы. Трансүлттық компаниялардың әлемдік экономикалардағы процестермен ХЭҚ-ға улкен әсер беретіні сөзсіз.Ол туралы "ХЭҚ субектілері" атты тарауда айтылып өткен,әрі қарай арнайы бөлімде толық талқыланады.

"Глобалды мәселелер", "әртүрлі процестер глобализациясы" деп
аталған қүбылыстарға келсек,ғьшыми әдебиетте ол 80-ші жылдарда
бекіткен және ол әртүрлі елдердегі өмір сүру жағдайларын
зерттеумен,оны жақсарту жайында үсыныстар берумен айналысатын
халықаралық үйымдар мен институттардың қызыметімен тікелей
байланысты. "Глобалды" деген сөздің өзі "бүкіл әлемді қамтыған",
"бүкіл әлемдік" және т.б. сондай үғым береді. Яғни бұл жерде
алғашқыда жергілікті болып көрінгендермен, әлемдік салдары болып
отыр. Демек,әлемдік экономиканың глобализациясы дегенімен,
әлемдік салдары бар процестар мен шешімдер туралы болып
отыр. Демек, әлемдік экономиканың глобализациясы дегеніміз,бірінші
кезекте, экономикадағы ұдайы өндіріс процесін интернационализациялаудың ХЭҚ-ға қатысушылардың экономикалық мүддесіне әсер етпей шешім қабылдай алмауы;сатысын білдіреді.

Американдық немесе канадалык фермерлердің кез қелген шешім,


глобалдық шешім болып табылмайды. Бірақ әлем астығының 1/4
өндіретін бұл елдің үкімет астық көлемін реттеу туралы шешім
қабылдаса.ал бізден дүниежүзілік астық рыногына,яғни көптеген миллион адамның өмір сүруідеңгейінеәсеретеді. Сондықтан, экономикалық процестердің глобализациясы ХЭҚ-дың барлық; субъектілердің шешімі мен іс-әрекетіне байланысты болады.

Экономикалық процестердің глобализациясы ХЭҚ-ң әлемнің


барлық жерімен елдің арасындағы бір қалыпты дамуын білдірмейді.
Егер де әлем мен елдердің барлық жеріне экономикалық дамуы үрдісі, бірдей болған жағдайда қазіргі ХЭҚ көптеген мәселелерден құтылған болар еді.

Көптеген тарихи, саяси, мәдени және т.б. сипаттағы себептерге


байланысты түрлі елдер мен халықтардың экономикалық дамуы бәр
қалыпты өтпеуде. Адамзат даму тарихы барысында әлемнің түрлі
бөліктерінде экономикалық өсудің өзіндік "нүктелері" пайда болды.
Ол өз шеңберінде басқа елдер мен мемлекеттерді
тартып,халықаралық деңгейде өзіне бірнеше елдер мен халықтарды
енгізіп қарқынды шаруашьшық байланыстары бар әлемнің белгілі бір
аудандарымен аймақтары пайдай бола бастады.

Қазіргі экономикалық әдебиетте бұл процесс әлемдік экономикадағы аймактандыр деп аталады. Аймақтанды біздің ғаырымыздың екінш жартысында қарқынды дами бастады, оқу әдебиеттерде ол қазіргі әлемдік экономикадағы интеграция тақырыбында қарастырылады. Біз бұл процесті сапалы түрде ерекшелеп отырмыз, өйткені аймақтандыру мен интеграция өзара байланысты болғанымен,ХЭҚ дамуының әр түрлі сатысы екендігін ескерген жөн.

Латын тілінен алынған "регион" ("аймақ") сөзі облыс,ел мағынасын береді.Қазіргі жағдайда бір-бірінен әртүрлі нышандарымен ерекшеленетін белгілі бір территория,ал халықаралық қатынаста өзінің экономикалық-географиялық,саяси,ұлттық және т.б. белгілері бойынша жақын елдердің топтары ретінде қолданылады.

Қазіргі заманғы әдебиетте ең дамыған 3 аймақ туралы көп айтылады:


ол Солтүстік Америка, Батыс Еуропа мен Жопония. Бұл баска
экономикалық қатынастар саласынан болғанмен бұл жерлермен; аймақтық процестер айқын керінуі ешкім теріске шығара алмайды. Бұл
аймақтарға ХЭҚ келесі сатысы болатын интеграция процестерін талдау
кезінде әлі ораламыз.

Қорыта келіп, айытатынымыз бір ел бірнеше аймақтық топ мүшесі


болуы мүмкін. Мысалыға: Қазақстан Республикасы, ГМФ, Кедендік
Одак (Ресей, Белорусь, Кырзығстан, Тәжікстан), біртұтас экономикалық
Кеңестік (Қырғызстан, Өзбекстан), экономикалық ынтымақтастық ұйымының (Туркия, Иран, Пәкістан, Әзербайжан және Орта Азия мемлекеттері) мүшесі болып, соның әрқайсысында өзінің арнайы экономикалық мәселелерін шешуге тырысуда. Бірақ бұл топтардың әзірше кебірек саяси мағынасы болғанмен,келешекте олар Қазақстанның экономикалық дамуына тиімді жағдай туғызар деген ойдамыз.
Бақылау сұрақтары:

1. Халықаралық экономиканың пайда болу себептері

2. Халықаралық еңбек бөліну қажеттілігі

3тақырып. Халықаралық сауда

Жоспары:

1.Елдің сыртқы саудасы

2.Сыртқы сауда айналымы

Лекция мақсаты: Халықаралық сауданың ролін, экономикалық мәнін ашып қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Өз көлемі жағынан елдер арасындағы сауда айырбасы алдыңғы позицияларын сақтауда, сонымен қатар соңғы жылдары технологиялар мен қызмет көрсету саудасы қарқынды дамуда.

Тарау қорытындысында біз Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбір аспектілерін қарастырамыз.

1. Халықаралық эволюиялық даму кезеңі бірнеше ғасырдан уақытқа созылып келеді.Сауданың мақысаты-тауарларды үтымды өткізу. Тездетіп сату және комерциялық іс-әрекеттің тиімділігін арттыру болды. Өз көлемі жағынан елдер арасындағы сауда айырбасы алдындағы позицияларды сақтандыруда. Сонымен қатар соңғы жылдары технологиялармен қызмет көрсету саудасы қарқынды дамуда. Сақтандырудың теориялық түсінігін берудің алғашқы талпыныстарымен осы бағытта ұсынылады. Жасау меркантелизм доктринасын болып табылады.

Қазақстан әлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі болып саналады. Көптеген қазақстандықтар күн сайын басқа елдергде өндірілгең заттарды пайдаланады. Біз, бәріміз де, басқа елдерде өндірілген тауарлар мен қызметтерге ііріптармыз.

Алдын-ала бағалау бойынша казақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 1999 жылы қантар-тамыз айларында 6453,5 млн. долларды құрады жәнс ол өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 32%-ға төмендеді , мүның өзінде експорт йөлемі 3203,9 мян. долларды құрап, 25%-ға азайды, импорттың көлемі 3249,6 млн. долларды құрап, 37%-ға төмеңдеді

Кеден статистикасының мәліметтері Ібойынша, ұйымдаспаған сауданы қрспағанда, сыртқы сауда айналымы 5207,7 млн. Долларды құрады, оның ішінде эекспорт - 3092,8 млн. долар,айларындағы сауда теңгерімінің са|іьдосы 45,7 млн. Долар көлемінде теріске шықты. Сауда теңгерімінің теріс сальдосының қысқаруы тек: импорттың төмендеу есебінен мүмкін болғандығын, ол теңге девальвациясының күтілгең экспорт өсуіне жеткізбегендігін статистикалық мәліметтер айқын көрсетіп берді.

Халықаралық сауданың : абсолюттік және салыстырмалы деп. аталатын екі түрлі артықшылығын айыра білу қалыптасқан.

Халықаралық сауданың абсолют тік айырмашылыгы өнім өндіруді бір ел екінші елге қарағанда өте тиімді өндіре алғанда қалыптасады. Мысалы, ауа - рай мен географиялық жағдайдың қолайлылығы арқасында мандаринді АҚШ-та өндіргеннен гөрі Мароккода өсіру әлдеқайда арзанға түседі. Оның есесіне, АҚШ айтарлықтай жоғары технологияның, компьютерлер шығаратын құралдар мен дайындықтардан кеткен жұмысшьшардың иесі.'АҚШ компьютерлерқалыптастырудан, ал Мирокконың мандарин дер өндіруден абсолюттік артықшылықтары бар. Абсолюттік артықшылықтары бар өнімдерді айырбас жасасатын болса Марокко мен АҚШ, осы өнімдерді әрқайсысы өздерінде өндіргеннең гөрі әлдеқайда көп алатын болады.



2. Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет.

Одан кейін біз мемлкеттік сауда саясатының құралдары (инструменттері) | - кедендік реттеу тәсілдері мен тарифтік емес кедергілермен танысамыз. Өйткені олар мемлекеттік сауда және бүкіл сыртқы экономикалық іе - әрекеттінің бағытын анықтап, ГАТТ -Әлемдік сауда құрымының сыртқы сауданың халықаралық реттелуін қарастыру қажет. (Әлемдік сауда ұйымы Уругвай келіссөздер раундынан кейін, ГАТТ негізінде 1994 жылы қүрылды).

Халықаралық сауданың салыстырмалы артықшылығы. көптеген мемлекеттердің қандайда бір тауарларды өндіру жөнінен абсолюттік артықшылықтары жоқ, слайда, барлық мемлекеттер халықаралық тауар айырбасына қатысады, себебі олардың салыстырмалы артықшылықтары деп. аталатын тұстары бар. Салыстырмалы артықшылығын мынадай жағдайға қарап айтуға болады-егер, өндірілген өнімнің баламалы құны басқа елдегіге қарағанда сол елде арзандау болып шықса.

Салыстырмалы артықшылық заңы, елдердің не себепті өте жоғары салыстырмалы артықшылықтары бар салалардағы тауарлар мен қызметтерді өндіруге маманданатындықтарын түсіндіреді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Халықаралық сауданың пайда болу себептері

  2. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының негізгі бағыттары



Тақырып 4. Өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі және қозғалысы

Жоспары:

1.Өндіріс факторларының мобильділігі

2.Өндіріс факторларымен қамтамасыз етілуі

Лекция мақсаты: Халықаралық еңбек бөлінісі мен қозғалысының негізгі факторларын қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. XIX ғасырда еңбек теориясы әр түрлі өндіріс факторлар теорияларымен ығыстырылада бастағаннан бері.классикалық мектептің негізін қалаушыларының ізбесерлары-экономист-неоклассиктер-швед экономисті Эли Хекшер мен оның щәкірті Бертил Олин енгізді. Ол кейін Хекшер-Олин теориясы деп аталғандалықаралык сауданың тізбектелген герориясьш құрды.

Факторинтенсивтілік дегеніміз-белгілі бір тауар өндіріс шығынындағы әр түрлі фактордың салыстырмалы шығындары.:

Егерде белгілі бір тауардың бір тауардаң бір данасын өндіруге екінші


тауарға қарағанда капитал көбірек жүмсалатын болса,бірінші тауар
капитал сыйымы болып табылады. .

Фактортолықтылыққа- елдің өндіріс факторларымен салыстырмалы қамтамасыз етілгендігін анықтайтың көрсеткіш жатады.

Фактортолыктылық екі әдіспен аныкталады: әрбір фактордың салыстырмалы бағасы және өндіріс факторларынын абсолютті көрсеткіші.

2. Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның бастапқы негізін құрайды. Адамзат баласының тіршілігінің негізін құрайтын да қалайтын – қоғамдық өндіріс. Ол материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну процесін қамтиды. Өндіріс процесінің қоғамдық формасы қандай болса да, ол әйтеуір үздіксіз процес болуға, яғни сол бір сатылардан қайта- қайта өтіп отыруы тиіс. Қоғамның тұтынбай отыра алмайтыны сияқты, ол өндірмей де отыра алмайды. Тарихта материалистік жолмен ұғыну мынадай қағидаға сүйенеді: өндірістен соң оның өнімдерін айырбастау да әрбір қоғамдық құрылыстың негізі болып табылады.

Қоғамдық өндірістің адамзат өміріндегі орны мен ролі ерекше. Егер әлем елдерінде өндірісті бір жыл түгіл, бірнеше апта тоқтататын болса, адамзат аштықтан құрып кеткен болар еді. Қазіргі таңда да рынокты қалыптастыруда қоғамдық өндіріс зор маңызға, тіпті әлемдік тіршілік негізіне ие болып отыр. Қоғамдық өндіріс - өендіргіш күштер мен өндіріс қатынастардың бірлігі. Ал , оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байлансыты. Ол факторларға мыналар жатады:

а) субьективті факторлар және жұмыс күші;

ә) обьективті, заттық факторлар немесе өндіріс құрал – жабдықтары. Осы арада біз еңбекке баға бере кетуіміз керек. Еңбек дегеніміз: мақсатқа сай атқарылған қызмет, адам мен табиғат арасындағы қарым – қатынас процесі. Мұнда адам өз қызметі арқылы, өзі мен табиғат арасындағы заттардың өзгеруіне себепкер болады, бұл алмасуды зерттеп, бақылап, реттеп отырады. Еңбек – бұл адамның саналы әрекеті. Оның басты ерекшелігі – адын- ала ойланып істелінеді, мақсатты іс – қимыл белгілібір нәтижеге жету көзделінеді.



Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мен байланысты жұмыс күші өзінің жеке ерекшеліктерін сақтап, дамыта отырып, бірте – бірте қоғамдық сипатқа ие бола бастайды. Сөйтіп жинақтық жұмыс күші пайда болады. Жұмыс күшін пайдалану, тек белгілі бір қоғамдық іс – қимыл негізінде ғана мүмкін.Ол өндірістің жеке факторы ретінде орын алады. Жұмыс күші – қоғамдық ең басты, жасампаз күш. Қоғамдық дамудың бүкіл тарихының көрсеткендей, қоғамдық өндірісітің дамуында, әсірісе ғылыми – техникалық процестің қарқындылығымен байланысты жеке фактор ролі барған сайын өсіп келеді. Қоғамдық өндірістің негізгі факторларына: жұмыс күші, еңбек заттары және еңбек құралдары жатады. Жұмыс күші дегеніміз: адамның дене күші мен ақыл – ой қабілеттерінің жиынтығы, оның еңбекке қабілеттілігі, мұның өзі кез – келген қоғамда өндірістің басты шарты болып табылады. Өндіріс процесі жүру үшін, жұмыс күші үнемі қимылға келтірілуі, яғни тұттынылуы керек. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне, яғни іс - әрекеттің әр алуан түрлерінің бір – бірінен оқшаулануына орай, әр бір адамның жұмыс күші өзінің жек ерекшеліктерін сақтай отырып, барған сайын қоғамдық сипат ала береді. Жұмыскер, еңбекші – қоғамның басты жасампаз, өндіргіш күші. Тарихи процестің бүкіл барысы жеке адамдық факторлардың маңызы қоғамдық өндірістің жүруінде және дамуында үнемі артатындығын көрсетіп отыр. Ғылыми- техникалық революция, біршама кең тараған пікірлерге қарама – қарсы, өндірісте адам ролін әкеліп соқтырмайды. Керісінше оны аса қуатты құралдар мен қаруландыра отырып, оның ролін күшейте түседі, оған жаңа талаптар қойып, барлық білікті жұмыскерге сұраным қалыптастырады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз не?

  2. Өндіріс факторларының мобильділігінің экономикалыө мәні.



5 тақырып. Меркантилистік теорияның негізгі идеялары

Жоспары:

1.Меркантелистердің көзқарастарына негізделген экономикалық саясат

2.Меркантелизм теориясының тарихи мәнісі

Лекция мақсаты: Меркантелистік теорияның мәнін, идеяларын ашып қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Халыкаралық сауданың теориялық түсінігін берудің алғашкы талпыныстары мен бағыттағы ұсыныстарды жасау меркантилизм доктринасы болып табылады. Ерте меркантилизм XV ғ. соңында пайда болып, ақшалай байлықты көбейтуге ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша - қаражатты елден шығармау үшін оларды шетке шығаруға тыйым салынды. Саудадан түскен ақшаға шетелдіктер жергілікті өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте меркантилистер көзқарасы бойынша, мемлекет сырқы рынокта көбірек тауар сатып, азырақ сатып алуға тиіс болды. Сол кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы жүреді деп есептеген. |Кейін меркантилизм XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIII ортасына дейін дамыған. Оның негзгі қағидасы активті сауда балансының жүйесі болды. Байлық сыртқы рьшоктарда ақшаға айнала алатына тауарлардың артық мөлшерімен сипатталады. Бұл тауардың артық мөлшері әкелінетін және шығарылатын тауралар арасындағы құндық айырмашылығынан шығады деп есептеліп, ол екі әдіс арқьлы қамтамасыз етеді:

  1. Өз елінен өнімді шығару арқылы. Соның ішінде шикізатты сатудан гөрі, сатқанда көібірек пайда түсетін дайн өнімдерді шығаруға рұқсат беріліпі сән - салтанат заттарын әкелуге тыйым салынды.

  2. Делдалдықтар сауда,осы мақсаттарға шетелге ақша шығаруға рұқсат беріледі. Бұл жерде тек бір принцип алға тартылды: бір елде арзанырақ алып, басқа елде қымбаттырақ сату. Активті сауда балансымен шетел рыноктарын жаулауды қамтамасыз ету үшін, мемлкет еге тауар; әкелуді шет елдік тауарларға салық салу арқылы шектеп, сыртқы рыноктарды сүранысқа ие тауарлар өндрісіне арнайы сыйлықтар төлей отырып шетке шығаруды ынталандырды.

Меркантилизм - өндірістің тауарлық сипатына ерекше көңіл аудара отырып еуропалық ғалымдар зерттеген экономикалық ойдың бір бағыты.

Меркантилистер пікірі бойынша, байлықтың өсуі тек қайта бөлу арқылы мүмкін болады және әрбір ұлтқа басқа елдердің үстем болу үшін мықты экономика ғана емес, күшті армия, әскери және сауда флоты кіретін қуатты мемлкетік машина қажет. Экономикалық жүйе олардың ол көзқарасына сәйкес үш сектордан тұрды: өндірістік сектор, ауьш шаруашыльіқ секторы және шетел отарлары. Саудагерлер экономикалық жүйенің пайдалы іс - әрекетінің маңызды тобы ретінде, ал еңбек - негізгі өндіріс факторы ретінде қарастырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет