“Сырдария” университеті
«Шығармашылық мамандықтар» факультеті
«Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы
«Гимнастика оқыту әдістемесі» пәні бойынша
050108 «Дене шынықтыру және спорт»
мамандығы студенттері үшін
Лекцияның қысқаша курсы
Жетісай қаласы
Лекция №1
Дене тәрбие жүйесінде гимнастиканың алатын орны.
Жоспар
1.ЖДЖ мен еркін жаттығыларға талдау.
2. Қозғалыс бағытын анықтау ережесі.
Елімізде дене тәрбиесі мен спорттың көпшілігі арасында таралуын дене тәрбиесі институттарының педагогикалық факультеттерінде дайындықтан өткен мамандар қамтамасыз етіледі. Дене тәрбиесі оқтушылары мен бұқаралық спорттың-сауықтыру жұмыстары және туризмді ұйымдастырушы мамандарды атқаратын жұмыстарының тиімділігі, олардың шеберлігіне байланысты.
Гимнастиканың бұкаралык түрлері бойынша маманның моделі мынадай болуды ұйғарды: өз қызметінде оқытушы нақты жағдайға қарай, әртүрлі әдістер арқылы және топтардағы сабақтарды өткізе білуі, әртүрлі жастағы адамдарға жаттығулар кешенін ұсына білуі тиіс және де жарыстар ұйымдастырып гимнастикалық мейрамдар өткізіп тұруы шарт. Бұл сала бойынша студенттер жүйелі білімді теория жүзінде лекция сабақтарында және өз бетінше ұсынылатын әдебиеттерді оқи отырып әдістемелік, семинар және практикалық сабақтарды алады.
Гимнастика курсының бағдарламасы бойынша маманның гимнастика тарихы мәселесі бойынша дене тәрбиесі жүйесіндегі орны мен маңызы боиьтнтна бөлімдерді окып үйренуді қарастырады. Теориялык және практикалык курсты меңгере отырып , студенттер гимнастиканың үлкен мүмкіндіктері жайлы түсінік алады. Гимнастика әдістемесін меңгеру олардың кәсіби дайындық жүйесіндегі маңызды база болып табылады.
Гимнастика халықтық дене тәрбиесі, еңбек пен отанды қорғауға дайындау жасындағы құрал болып табылады.'Гимнастика оқыту әдістемесі" дене тәрбиесі институттарын бітірушілерінің кәсіби дайындығын қамтамасыз ететін пәндердің бірі. Осы курсты меңгеріп алу маманға гимнастиканың бұқаралық түрі бойынша жас ерекшелігі әр түрлі жене дайындығы түрлі деңгейдегі контингентпен болатын сабактарды білікті түрдс өткізуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық факультетті бітірушілер гимнастикалық жаттықтырушлармен айналысушыларды оқытып , жалпы білім беретін мектептерде және кәсіптік техникалық училещелерде , жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында, кәсіпорындардың дене тәрбиесі ұжымдарында, спорттық сауықтыру мекемелерінде дене тәрбиесі жүзеге асырушы өзге де ұйымдар мен мекемелерде ұйымдастыра отырып өткізіліп тұруы тиіс.
Гимнастиканың бұқаралық түлерінің ерекшелігі оның деңгейін жалпы көпшіліктің айналаса алатындығы. Гимнастика құралдар балғын бала жастағы адамдарға дейін кең түрде тарайды. Бірақ әсіресе дене тәрбиесі оқытушысының меншікті және орта арнаулы оқу орындарындағы оқушылармен жүргізетін жұмысы өте маңызды. Дене тәрбиесі сабағының маманы гимнастиканы барлық сыныптарда үйретуі білуі тиіс, бұл базалық және сауықтыру гимнастикасының барлық түрін білуі контингентпен өсу қарқынының жоғары болып табылатын 6 мен 17 жас аралығында жұмыс істеу барысында оның барлық құралдарын қолдана білуді білдіреді. Жалпы және кәсіптік қолданбалы дене тәрбиесінен аса күрделі мәселелерді орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында шешім табады. Ересектерде сауыктыру гимнастикаға деген талпыныс өте күшті. Дене тәрбиесі институттарында педагогикалық оқу орындары дене тәрбиесі мұғалімінің сауықтыру жұмыстары мен туризмді ұйымдастырушы мамандықтары таза педагогикалық мамандық болып табылады. Студенттер гимнастика курсын игеру барысында жалпы педагогикалықбілімділікті, ептілік пен дағдылар қатар гимнастиканы оқытумен байланысты болатын арнайы біліммен қаралынады. Халықтың тұрмыс салтына көпшілікке енгізуді насихаттау жүзеге асырумен байланысты болғандықтан оқытуды төменде көрсетілген әдістемелерін меңгеріп алуы тиіс.
-
Сабақтар өте жоғары тығыздыкпен өтілуі тиіс.
-
Жаттығулардың айкын әуендік құрылымдық сипаты бар ағымдық тәсілдсрін өткізудің дағдылары.
Гимнастикалық жабдықтардың құрал саймандарпдың барлық түрлерін меңгеруді үйрену.
Қолданбалы жаттығуларға үйретіп оларды орындаудың шеберлік тәсілдерін қоса пайдалану.
Оқытушы сабақтардың демонстрация түрлерін қолдана білуі тиіс. Олар мейрамдарда көпшілікке көрсетлетін түрлері бойынша маманды дайындауда оның бойында ұйымдастырушылық пен басшылық жасау секілді қасиеттерді қалыптастыруға қарастыруға ерекше мән беріледі. Бұған гимнастиканың өзіндік ерекшеліктері мен әдістемелік ерекшеліктері жағдай жасайды
Пайдаланылған әдебиеттер.
-
Брыкин А.Т. Гимнастическая терминология. - М. ФиС,1969
-
Гимнастика : Учебник для техникумов физической культуры / Иод. Ред.Ьрыкина А.Т., Смолевского В.М. -М: ФиС , 1985
-
Гимнастика : Учебник для студентов средних физкультурных учебных заведений / Под. Общ ред . Украна М.Л., Шлемина A.M. -M: ФиС ,1971
-
Голубов В.Н Способы проведения ОРУ (лекция).- Омск, 1983
-
Методика проведения строевых и общеразвивающих упражнений (методические рекомендации) /Под общ Ред. Брыкина А.Т. Богомолова А.П. -М. ГЦОЛИФТС. 1978
-
Шепота В.Н. Методические рекомендации по использованию общеразвивающих упражнений в урочных формах занятий. -Алма-Ата: Каз НФК, 1988
-
Теория и методика физического воспитания: Учебник для институтов физической культуры / Под общ. Ред. Матвеева Л.Н. Новикова А.Д. - М,: ФиС , 1976.
Лекция №2.
Гимнастиканың қысқаша даму тарихы.
Жоспар
Қолды, аяқты айналдырып жасайтын қимылдардың атау.
Дене тәрбиесінің амалы ретінде гимнастика ұзақ уақыт бойы дамып отырды. Оның қалыптасуы оның қалыптасуы қоғамдық құрылыстың езгеруімен адам жайындағы ілімдердің дамуымен сондай-ақ соғысты жүргізу тәсілдерінің өзгеруімен байланысты болды. Мұның бәрі гимнастиканың мазмұнына оны үйрету әдістеріне және жаттығулардың техникасына да елеулі ықпал етеді.
XVIII-XIX ғасырларда гимнастика жүйесіне кірген жекелеген жаттығулар Ежелгі Римде орта ғасырдағы Батыс Еуропаның бірқатар елдеріндегі әскери спорттық тәрбиеде қолданылды. Оған дұшпан қамалын шабуылдауға үйрету үшін пайдаланылатын ағаш ат, саты секілді құрылғыларда орындалатын жаттығулар жатады. Акробатикалық жаттығуларды артистер қолданып жүрді.
Қайта өрлеу дәуірінде идеалистер жастар тәрбиесіне үлкен маңыз берді. Олар гимнастикамен шүғылдануды, адамның денсаулығын дамытудың бірден-бір амалы ретінде қабылданды.
XVI-ғасырда дене тәрбиесі бойынша бірқатар шығармалар пайда болды. Олардың ішіндегі ең әйгілісі - Меркуриалистің гимнастика өнері жайлы еңбегі болды. Автор гимнастиканы -әскери, емдік, атлетикалық деп үш түрге бөлді.
Сауықтыру гимнастикасын яғни дүшпанды жеңуді мақсат етумен байланысты емес дене тәрбиесінің ең басты амалы ретінде санады. Дәл осы кезеңде гимнастикада негізгі шұғылданушыларда жылдамдықты қалыптастыру болып табылатын бағыт дамыды. Француз жазушысы гуманист - Франсуа Рабленнің "Гаргантюа мен Пантюгрель" атты шығармасында тәрбиеленушілердің жаттығуларының көптеген түрімен шұғылданудағы, соның ішіндс көлденең ағаш пен ағаш атта жаттығулар орындалғандығы, арқанмен өрмелегендігі және акробатикалық жаттығуларды орындағаны айтылады. Осыган байлаысты ХП-ғасырдың өзінде дворян жастарының мектептерінде кейінірек спорттық гимнастиканың негізін құраған жекелеген гимнастикалық саймандар пайдаланылды.
Я.А. Каменскийдің еңбектері мен оның дидактикалық принциптерінің жүйесі XVIII-ғасырдагы педагогика классиктері Жан-Жак Руссоның (1712-1778ж) әсіресе Пестоллоцидін (1746-1827ж) көзқарасының дамуына серпіліс берді. Руссо дене жаттығулары денені нығайтып шыңдайтынын адамның қуаты мен қозғалу мүмкіндіктерінің дамуына жағдай
жасайтынын өмірге дайындап акыл-ойдын дамуы мен денсаулыктың нығайтуына жағдай жасайтынын ерекше атаған.
Ал Пестолоци болса баланың өзінде о бастан қалыптасқан қуатпен қабілеттерді жаттығулар көмегімен дамыту дене тәрбиесінің ең басты мақсаты екенін айтқан. Ол ойлау мен әрекет етуді маңызды буындардағы қарапайым қозғалыстар болады, себебі олардан кез-келген күрделі қозғалыстар қалыптасады. Буындық гимнастиканы қозғалыс ойындары мен қол еңбегі толықтыруы тиіс. Әрине ол буындық жаттығулардың маңызын асыра бағалап жіберді. Алайда оның жасаған талдаушы әдісі сол заманнын гимнастикасында кең түрде қолданады. Пестолоци гимнастиканың теориясы мен әдістемесінің негізін калаушылардың бірі, ал "буындық қозғалыстар" қазіргі заманғы еркін жаттығулардың бастапқы бейнесі.
Руссоның, Пестолоцидің және сол заманғы педагогиканың өзге де қайраткерлерінің педагогикалық идеяларын Батыс Еуропаның зиялы қауымы қолдады. Бұл бағыттағы алғашқыпрактикалық қадамдар Германияда жасалды. XVIII ғасырдың 70-жылдарында қалаларда жаңа түрдегі мектептер- филантропиндер құрыла бастады.
Филантропиндегі гимнастиканың ең әйгілі жетекшілері Фит (1763-1836ж) пен Футс-Мутс (1759-1839ж) жаттығуларының барлығын қолданды. Фит өзінің үш томдык еңбегінде гимнастика жайлы теориялық және практикалық мәліәметтерді берді. Сабақтардың мақсаты ретінде ол денсаулықты нығайтуды күш-қуат пен қимыл-қозғалыстың дамуын дененің сымбатты пішінге ие болуын, ақыл-ес пен психикалық қызметтің дамуына жағдай жасауды айтты. Фит бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтпаған бірқатар мәліметтер келтірген (жаттығулардың бір қалыптыдамуы, жеңілден ауырға ақырындап өту, оқушылардың белсенділігі жайлы, сабаққа қызығушылық жайлы, жекелеген ерекшеліктерді ескерту жайлы т.б.)
Гутс-Мутс көптеген гимнастикалық жаттығулардың техникасын, соның ішінде саймандарда орындалатын жаттығулардың техникасын жасап шығарды. Оның "Жас өспірімдерге арналған гимнастика" атты кітабы көптеген елдерде соның ішінде Ресейге де тарап, гимнастиканың дамуына жағдай жасады. Онда көлденең ағашта, бөренеде орындалатын қарапайым жаттығулар сипатталған. Жаттығуларды жүргізу кезінде, оқушылар арасында жарыстар жүргізіліп отырды, сондай-ақ қимыл қозғалыстарды дәл орындауға да талап қойылды.
Міне осылайша XVIII-ғасырдың соңына қарай жаңа замандагы гимнастиканың теориялық негіздері жасала бастады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Брыкин А.Т. Гимнастическая терминология. - М. ФиС,1969
Гимнастика : Учебник для техникумов физической культуры / Иод. Ред.Ьрыкина А.Т., Смолевского В.М. -М: ФиС , 1985
Гимнастика : Учебник для студентов средних физкультурных учебных заведений / Под. Общ ред . Украна М.Л., Шлемина A.M. -M: ФиС ,1971
Голубов В.Н Способы проведения ОРУ (лекция).- Омск, 1983
Методика проведения строевых и общеразвивающих упражнений (методические рекомендации) /Под общ Ред. Брыкина А.Т. Богомолова А.П. -М. ГЦОЛИФТС. 1978
Шепота В.Н. Методические рекомендации по использованию общеразвивающих упражнений в урочных формах занятий. -Алма-Ата: Каз НФК, 1988
Теория и методика физического воспитания: Учебник для институтов ФК
Лекция №3.
Гимнастиканың қазіргі жағдайы және болашақтағы дамуы
Жоспар
Жас ерекшеліктеріне қарай ЖДЖ әзірлеп және өткізу .
1. Гимнастиканын ұлттық жүйелерінің құрылуы XIX ғасырдың басына жатады. Себебі ол
қоғамдық сұраныстарға байланысты болды. Соғысты жүргізу тәсілдері қозғалыстардың
бір уақытта болуын, берілген командалардын дәл оырндалуын соғыс саласынла сапқа
қайта тұруды талап етті. Сол заманның педагогтары мен дәрігерлері гимнастиканы
жастардың дене тәрбиесіне баулудың жалғыз дұрыс жолы ретінде қарастырды.ХІХ
ғасырдың бірінші жартысында гимнастиканың; дамуында үш бағыт белгілі болды:
Гигиеналық (гимнастика , денсаулықты нығайту мен адамның дене қуатын дамытудың
амалы ретінде қарастырылды.)
Атлетикалық (гимнастика күрделі жаттығуларды соның ішінде гимнастикалық саймандарда
орындалатын жаттығуларды қолдану аркылы адамның козғалу мүмкіндіктерін ламыту
амалы ретінде багаланды.)
Қолданбалы (гимнастика жауынгерлерді соғыста кездесетін әртүрлі кедергілерден өтуге
үйрететін амал ретінде пайдаланылды.)
2. Гимнастиканың немістік жүйесі Пруссияны Наполеон әскерлерінің жаулап алған
кезерінде қалыптасты. Бұл жүйенің негізін қалаушы Ф.Ян болды (1778-1852). Ол
гимнастиаканы елді жаудан азат ету мақсатымен жастарды әскери дайындықтан өткізу үшін
пайдаланды. Жүйенің негізін саймандармен орындалатын жаттығулар мен әскери ойындар
құрады, себебі олар Янның пікірінше дене қуатын жақсы дамытып адамнын еркін нығайтты
Ол өз гимнастикасын «Турнкунст» (бүрыла білу өнері) дсп атады. Ол өз оқушыларын
«Турнелер» деп атады. Кейінірек неміс гимнастикасы «Турнен» деп аталды.Фризенмен
және Эйзеленмен бірлесіп Ян гимнастикалық жаттыгулардың техникасын жасап шықты.
Сол замандағы саймандарда орындалатын әйгілі жаттығулардың бәрі бірдей сипатталған
«Неміс гимнастикасы» атты кітап шықты. Жаттығуларды орындау сәтінде
шүғылданушылардан бастың тік жағдайда болуы, әскери гимнастикалық қозғалыстардың
түзу сызықпен болуы талап етілді. Сабақтарда жарыс әдістері кең түрде қолданылды, себебі
олар шүғылданушылардың қызығушылын туғызды. Олар жаттығуларды бірдей көбірек
қайталауға тырысты. Әр түрлі қимыл қозғалыстардың комбинациялары ол кезде
қолданылмады. А.Шпис (1810-1858ж.ж.) неміс турненін мектепте сабақ ретінде өткізуге
бейімдеп сабақтың схемсын жасады. 1840 жылы ол «Турнерлік өнер жайындағы ілім» атты еңбекті жариялады. Шпистің гимнастика сабағы реттік жаттығулардан (саптық жаттығулар мен сапты қайта құрулар) одан кейін еркін жаттығулар Песталоцийдіц буындык гимнастика козғалыстарынан және Фит гимнастикасынан тұрды. Шлис топтық саймандар ұзын кемеш және брусьяны, сатылар қатарын және т.б. қолданды. Сабақтың соңғы бөлігінде ойындар өткізіліп, көпшілік жаттығулар өткізілді. Неміс турненінің ең басты прицптерін сақтай отырып, Шпис немістің ұлттық гимнастикасы жүйесінің қалыптасуын аяқтады. Шпис гимнастикасы командаларды жақсы орындайтын және әскери қызметке қасиетті дене тәрбиесі бар тәрбиелі балаларды дайындап шығуға мүмкіндік берді. Гимнастиканың Шведтік жүйесі неміс гимнастикасынан кейін пайда болды. Мұнда гигиеналық бағыт атты түрде жасалып шықты. П.Линг (1776-1839) XIX ғасырдың 1-ші жартысында Даниядағы гимнастиканы зерттей бастады. Дания ол уақытта гимнастиканы тарату бойынша, Батыс Еуропадағы ең алдыңғы елдердің бірі болды. 1831 жылы П.Линг дене тәрбиесінеде өзінің әдістері мен амалдырын қолданды. Ол адамның денесін дамытып, нығайтатын жаттығуларды дамыту қажеттілігін айтты. Гимнастиканың педагогикалық маңызын ол ескермеді.
-
Негізінде әскери қолданбалы бағытта гимнастиканың француздық жүйесі шведтік гимнастикамен бір уақытта қалыптасты. Франциядагы гимнастикалык жүйені құрушы негізгі гимнастиканың жүйесін даниялык М.Бун ұсынды. Ол гимнастиканың шведтік жүйесін жаңартты, сабақтағы университет ішілік жүктемесін көтерген, жаттығуларды орындаудың ағымдық әдісін енгізді. Әйелдерге арналған гигиеналық гимнастика жүйесінің ішінде Э.Бьеркстен жүйесі үлкен беделге ие болды. Мүнда жаттығулардың физиологиялық және эстетикалық мәні ерекше айқындалды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында гимнастиканың жаңа түрлері пайда болды. Әсіресе көркем және әуендік гимнастиканың бірнеше жүйесі құрылды, кейінірек медицинаның бір саласына айналған емдік гимнастика, негізінен гигиеналық бағыттағы гимнастика жүйесі кеңінен қолданылды.
-
Бұрынғы Ресей одан Кеңес одағы халықтарында гимнастиканың элементтері ежелден пайда болған. Мерекелерде халық желаяқтардың, акробаттардың өнерін тамашалады. Орта Азияда арқанмен жүретін дарабазшылар болды. Кавказда шағын ауырлықтармен жаттығларды күрестің алдында орындау дәстүрі болды. Барлық халықтарда атпен жүру ерекше құрметтеледі. Ресейде әскерлердің дене тәрбиесінің негізі І-Петр кезінде қаланды.
I-Петрдің жарлығымен әскери теңіз оқу орындарына енгізілді. Орыс армиясындағы дене тәрбиесінің дамуына орыстың атақты қолбасшылары А.Румянцев, А.Суворов, адмирал Ф.Ушаков көп көңіл бөлді. А.В.Суворв (1730-1800) әскери дене тәрбиесінде өз жүйесін қалыптастырды, мүның негізінде әскери дала гимнастикасы таңғы гимнастиканы құрады. Осы мақсатта жүтіру, кедергілерден өту, заттарды алып жүгіру, найзаласу қолданылды. Орыс армиясында дене тәрбиесінің негізін жасап шығуда М.И.Драгомиров (1830-1915) елеулі еңбек сіңірді. Ол әскерилерді үйретудің Суворовтық жүйесін толықтырды, әскердің әрбір түріне арналған дене тәрбиесінің мақсатын айқындап берді, әскерде гимнастикалық сабақтардың әдістерін жасап шықты. Ресейдегі гимнастиканың дамуына елеулі үлес қосқан әйгілі анатом ғалым әрі педагог П.Ф. Лесгафт болды. 1875 жылы ол бірқатар батыс еуропа елдерінде болып, дене тәрбиесінің жолға қойылу тәртібімен танысып қайтты. 1880 жылы оның Батыс Еуропа елдеріндегі гимнастика мұғалмдерінің дайындығы атты кітабы жарыққа шықты. Мүнда ол гимнастика жүйелеріне сипаттама беріп, ондағы ғылыми негіздеменің жоқ екенін көрсеткен. XIX ғасырдың соңында гимнастиканың дамуы, спорттың және халықаралық спорттық байланыстардың дамуымен (1881 ж.) халықаралық гимнастика федереациясының құрылуымен тығыз байланыста болды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
-
Брыкин А.Т. Гимнастическая терминология. - М. ФиС,1969
-
Гимнастика : Учебник для техникумов физической культуры / Иод. Ред.Ьрыкина А.Т., Смолевского В.М. -М: ФиС , 1985
-
Гимнастика : Учебник для студентов средних физкультурных учебных заведений / Под. Общ ред . Украна М.Л., Шлемина A.M. -M: ФиС ,1971
-
Голубов В.Н Способы проведения ОРУ (лекция).- Омск, 1983
-
Методика проведения строевых и общеразвивающих упражнений (методические рекомендации) /Под общ Ред. Брыкина А.Т. Богомолова А.П. -М. ГЦОЛИФТС. 1978
-
Шепота В.Н. Методические рекомендации по использованию общеразвивающих упражнений в урочных формах занятий. -Алма-Ата: Каз НФК, 1988
-
Теория и методика физического воспитания: Учебник для институтов физической культуры / Под общ. Ред. Матвеева Л.Н. Новикова А.Д. - М,: ФиС , 1976.
Лекция №4
Гимнастика түрлері.
Жоспар.
1. Саптық жаттығуларға сипаттама және оларды өткізу.
Гимнастика амалдары - жаттығуларының көп болуы, оларды қолданудың әр түрлі жоспарлы міндеттері, гимнастиканың алуан түрлерінің болуын айқындай берсді.
Гимнастиканың тұрақты түрлерін насихаттауды оның жаңа түрлерінің пайда болуын, еліміздегі дене тәрбиесінің негізгі міндеттері мен функциясымен байланыстыра қарастыру қажет. Осы критеилерді ескерудің негізінде гимнастиканың жекеклеген түрлері соған сәйкес амалдармен толығады.
Дене тәрбиесі тарапынан шешімін табатын негізгі міндеттерге қарай, гимнастиканың 1984 жылы бүкілодақтық конференцияда мақұлданған түрлері ерекшеленеді. Бұл түрлері төмендегі кестеде көрсетілген.
Бағыттылығы
|
Топ
|
Алуан түрлілігі
|
Негізгі амалдар
|
Білім беруші,
|
Базалық
|
Негізгі гимнастика
|
Жалпылама дамытушы
|
дамытушы
|
|
(мектепке дейінгі мекемеде,
|
жаттығулар, ауырлықтарды,
|
|
|
мектепте орта және
|
тренажерлерді, құрал
|
|
|
жоғарғы оку орындарында)
|
саймандарды қолдану
|
|
|
Атлетикалык гимн. Әйелдер
|
арқылы болатын
|
|
|
гимн-сы (оқу орындарында
жұмыспен тұрғылықты жері
бойынша)
Кәсіби қолданбалы
|
жаттығулар.
|
|
Қолданбалы
|
Әскери қолданбалы
|
Қолданбалы жаттығулар
|
|
|
Спорттык колданбалы
|
хореографиялык. акробатикалық және еркін
|
Сауықтырушы
|
Гигиеналық
|
Таңғы жаттығу
|
жаттығулар
|
|
|
Өндірістік жаттығу
|
Жалпылама дамытушы
|
|
|
Әуендік жаттығу
|
жат-р дамытушы жат-р
|
|
Емдік
|
Қайта қалпына келтіруші
|
Жалпылама дамытушы
|
|
|
жаттығу
|
жат-р
|
|
|
Функционалдық жаттығу
|
Тренажерлермеп және құрылғылармен жүргізілетін жаттығулар
|
Спорттық
|
Бұқаралық
|
Спорттық гимн-ка Көркем
|
Жеңілдетілген "Б"
|
|
|
гимн-ка Спорттық
|
классификациялық
|
|
|
акробатика
|
бағдарламасы бойынша
көпсайыс түрлеріндегі жапығулар
|
|
Мамандан-н
|
Спорттық гимн-ка Көркем
|
"А" классификациялық
|
|
|
гимн-ка Спорттық
|
бағдарламасы бойынша
|
|
|
акробатика
|
көпсайыс түрлеріндегі жат-р
|
Білімдік-дамытушы түрлер негізгі гимнастика және қолданбалы гимнастика, олардың түрлілігімен жоспарлы дене тәрбиесімен байланысты көпшілік амалдары ұзак мерзім бойы қолданумен тығыз байланысты. Гимнастиканың сауықтыру түрлері гигиеналық және оның алуан түрлері (тұрмыстық және өндірістік) шүғылданушылармен бүкіл өмір бойы қабаттаса жүреді. Ол ағзаның функционалдық жағдайын тиімді түрде қамтамасыз етеді. Емдік гимнастика және оның алуан түрлері-де сауықтырушы бағыттағы гимнастиканың түрлеріне жатады.
Гимнастиканың спорттық түрлері-спорттың жеке түрі ретінде насихатталады. Бұқаралық және спорттық түрлер деп аталатын екі топшалардың ерекшеленуі мынамен түсіндіріледі. Жоғарғы спорттық шеберлікке жетуді және жауапты жарыстарға қатысуды мақсат еткен. Бағдарламалардың күрделілігінің артуы, жыл бойы арнайы дайындықты, спорттың осы түріне деген жеке қабілеттің болуын талап етеді. Спорттық гимнастиканың қалың бұкара арасында кең таралуын және спорттың осы түріне барлық ниет білдіргендерді қатыстыру үшін "Б" категориялы классификациялық бағдарламасы жасалынады. Міне осылайша мазмұны бойынша теориялық және әдістемелік жағынан гимнастиканың көптеген түрлерінің негізделуі, оларды дене тәрбиесіне тән алуан түрлі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктері оны кез- келген контингентпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |