Лекция №4 Арзан және эффективті күн батареяларын алудың мүмкіндіктері және оларды қолданудың тиімділігі


Өндірістік фотоэлектрлік күн электрстансасы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата17.12.2023
өлшемі1.1 Mb.
#486826
түріЛекция
1   2   3   4
ZVIAZZNBTDEM11122023104022

Өндірістік фотоэлектрлік күн электрстансасы 


Космостық күн электростанциясы (КЭС) 
1968 жылы космостық зерттеулер саласындағы американдық маман 
Питер Е.Глэйзер (Peter E.Glaser) күн батареяларының ірі панельдерін 
геостационарлы орбитаға орнатуды, ал олар өндіретін энергияны (5-10 ГВт 
деңгей) жер бетіне жоғары жиіліктегі сәулеленудің фокусталған шоғырымен 
жіберіп, кейін оны техникалық жиіліктің тұрақты немесе ауыспалы тоғына 
түрлендіріп, 
тұтынушыларға 
таратуды 
ұсынды. 
Бұндай 
сұлба 
геостанционарлы орбитадағы күн сәулесінің қарқынды ағынын пайдалануға 
(~ 1,4 кВт/кв.м.) және алынған энергияны тәуліктің қай кезі болғанына және 
ауа райына қарамастан жер қабатына үздіксіз жіберуге мүмкіндік береді. 
Экваториалды жазықтықтың 23,5 град. Бұрышты эклиптика жазықтығына 
табиғи кеңістігінің арқасында геостационарлы орбитада орналасқан 
жерсерігі, осы жерсерігі жердің 30 көлеңкесіне түсетін көктемгі және күзгі 
күн мен түннің теңесу күндеріне жақын уақыттың шағын кесіндісін 
қоспағанда, күн радиациясының ағынымен үздіксіз жарықтандырылып 
тұрады


Күн батареялары –күн энергиясын тікелей электр энергиясына 
айналдыратын жартылай өткізгіш құрылғы. Күн батареясы немесе 
фотоэлектрлік генератор – Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына 
айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен (ФЭТ) 
тұратын ток көзі. Көптеген тізбектей-параллель қосылған ФЭТ-тер. Жеке 
ФЭТ-тің электр қозғаушы күші 0,5-0,55 В-қа тең және ол оның ауданына 
тәуелсіз (1 см² ауданға келетін қысқа тұйықталу тогының шамасы – 35-40 
мА). Күн батареясындағы ток шамасы оның жарықтану жағдайына 
байланысты. Яғни күн сәулелері Күн бетіне перпендикуляр түскенде, ол ең 
үлкен мәніне жетеді. Қазіргі уақытта көбінесе фотоэлектрлік түрлендіргіш 
кеңінен қолданылады. Фотоэлектрлік түрлендіргіште энергияның бір түрден 
екінші түрге ауысуы біртекті емес жартылай өткізгіш құрылғыларда күн 
сәулесінің әсерінен пайда болатын фотовольттық әсерге негізделген. 
Түрлендірудің тиімділігі жартылай өткізгіш элементтің электрофизикалық 
сипаттамасына, түрлендіргіштің оптикалық қасиеттеріне байланысты. 
Күн батареяларында шикізат ретінде кремний қолданылады. Күн 
кремнийiнiң жоғары құны фотоэнергтиканың дамуын тежейтiн фактор болып 
табылатындықтан, әр түрлi елдердiң ғалымдары оның құнын төмендететiн 
кремнийдi алудың жаңа технологияларын әзiрлеуде. Алайда, күн кремнийiне 
сұраныс өте жылдам өседi және ұсыныстардан озық жүредi. Қазiргi уақытта 
2300 тонна ұсынған кезде сұраныс жылына 
5-6 тоннаға жетедi, сондықтан күн кремнийiн емес, неғұрлым жоғары 
жартылай өткiзгiштiк сапасындағы кремнийдi пайдалану арқылы тапшылық 
жабылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет