Лекция №9. Экономика және саясаттың өзара байланыстығы.
Жоспар:
-
“Экономика”терминіне жалпы тұсінік.
-
Саясат.
-
Экономикалық саясат.
“Экономика” сөзі грек тілінен аударғанда уй шаруашылығын басқару өнері деген мағынаны білдіреді. Кәзіргі кезхде экономика терміндің түсінігі кең және келесілерді қамтиды:
-
Қоғамның экономикалық базисын, тарихи белгіленген әдіспен өндіріс қатынастарының жиынтығы;
-
Мемлекеттің халық шаруашылығы;
-
Экономикалық қатынастаодың функционалды және салалық аспекттерін үйретін ғылыми сала.
Экономика – нақты базис, саясий қондырма оның үстінде өрленіп, оған қоғам санасының нақты бір қалыптарсәікес.
Саясат - (грек тілінен аударғанда-мемлекет жұмысы) мемлекеттік билікті пайдалану мәселесінде әлеуметтік топтар, улттар, таптар арасындағы қарым қатынастар мен байланысты іс әрекеттер.
Экономика және саясат арасындағы қарым қатынастар классикалық формулалар арқылы білдіріледі:
-
Саясат - бүл экономиканың жинақталған белгісі;
-
Саясат экономикаға үстемдік етеді.
Саясатты ішкі және сыртқы деп ажыратамыз. Саясий басшылықтың құрылымын келесі кездерге келтірейік:
-
стратегиялық және тактикалық мақсаттарды қою;
-
қойылған мақсаттарды орындауда әдістер, қаражаттар, қызмет түрлерін табу;
-
алға қойылған мақсаттарға жетуде кадрларды таңдау және жайғастыру.
Экономикалық саясат – жалпы саясаттың құрама бөлігі, мемлекет пайда болуынан бастап қалыптасып, экономикалық стратегия (үлкен мөлшердегі экономикалық және саясий мәселелерді шешуші ретінде) және экономикалық тактика болып бөлінеді.
Ннегізгі орында, мемлекеттің іс-әрекеті, экономикалық саясаттың орындалуында, ұлкен маңызға ие.
Ішкі және сыртқы саясатта 1930 жылдан бастап, бірінші рет халықаралық экономика мен қаржы нарықтары арасында қайшылықтар пікірталас мәселесі бола бастаған. Бірақ, біз мойындаумыз керек, адамзат мәселелері каржы және саясий мәселелер ғана емес көбінесе экономикалық және әлеуметтікболып табылады.
Лекция № 10. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы.
Жоспар:
-
Класикалық үлгі.
-
Жаңа қласикалық үлгі.
-
Мелекет пен экономиканың өзара қатынасы.
Кез келген әлеуметтік ұйымның түбірлі мәселесі адамдардың басым көпшілігінің экономикалық қызметін үйлестіру арқылы адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру, түрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Ең тиімді әлеуметтік ұйымға адамдардың мұқтаждықтарын барынша жоғары деңгейде қанағаттандыруды ұйымдастыратын ұйым жатады. Әлшеуметтік ұйымның субьектісі-мемлекет, ал обьектісі-халық. Осыдан туындайтын сұрақ ұлттың гулденуін қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлі қандай болмақ?
Класикалық үлгі. Бұл үлгігесәйкес өндірушілер де тұтынушылар да рыноктың ережелеріне сай қызмет атқарады. Белгілі бір себептермен осы қызмет жеткіліксіз болса, онда мемлекет тарапынан жалпы мүддеге сай келетіндей түзетулер, толықтырулар еңгізіліп, реттеу қажеттілігі туындайды.
Мұндай үлгіні тұнғыш рет А.Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін реттеу» деген әйгілі кітабында (1776) ұсынған болатын. Автордың өзін-өзін реттеу позициясының жанашыры екені көрініп тұр. А. Смит пікірінше, жеке тауар өндірушілер рыногы мемлекеттің бақылаунан түгелдей босауы керек. Міне осы жағдайда тұтынушылар рыноктан өзіне не қажет, соны сатып алады. А: Смит сөзімен дәлірек айтқанда рынокты өздігінен реттейтің «көрінбейтін қол» ешбір сыртқы ықпалсыз, мемлекеттің қатысуынсыз өндірушілерді бүкіл қоғам мүддесіне қызмет етуге жұмылдырады.
Жаңа классикалық үлгі. Үстіміздегі ғасырдың соңғы 60-70 жылдары ішінде қоғамдық қажеттіліктерді анықтау мен экономикаға ықпал етудегі мемлекет рөліне байланысты көптеген жаңа сипаттар орын алды. Мұның өзі 30-жылдарды АҚШ-та орын алған Ұлы тоқырау жылдарына байланысты. Оған дейін жаңа классиктер экономикалық жүйені өздігінен реттелетін, дәлірек айтқанда өзіне-өзі түзету енгізетін жүйе ретінде қарастырды. Әріне, шаруашылық жүргізу процесінің уақытша бұзылуы мүмкін, алайда жүйенің негізгі тенденциясы қолда бар қорларды және ерікті еңбек ететін қызметкерлерді дұрыс пайдаланып, өндірістің қажетті көлемін қамтамасыз ету болды. Соның нәтижесінде түскен табыс бүкіл жаңа жасалған құнды сатып алуға жұмсалды.
Ал жинақ мұмкіндіктеріне тоқталса оның өзі түптеп келгенде инвестиция түрінде жұмсалады. Егер жинақ өте көп мөлшерде болса, ол процент ставкасын төмендетеді де инвестициялық процестерді жандандырады. Сұраныстың азаюына ьайланыстыбаға төмендейді, ал төлем қабілетібар сұраныстың жеткіліксіздігі рыноктың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сонымен жинақпен инвестиция тепетеңдігі жаңа классикалық үлгідегі өздігінен реттелетін экономиканың басты шарты. Өндіріс өздігінен қажетті дәрежеде сұраныс туғызады деген идея, соңғы 100 жылдан бері экономикалық теорияда берік орын алып келді. Оның формалды көрінісіне Ж. Б. Сәйдің өткізу теориясы жатады.
Үстіміздегі жүз жылдықтың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдардың басында Сәй идеясыныңнегізсіздігі дәлелденді, сөйтіп өздігінен реттелетін экономика дейтінсағым біржола жерленді.
Сонымен өмірдің өзі экономикада тұрақты түрде рынок басым рөл атқарады деген көзқарастарға пайдалы түзетулер енгізілді. «Рыноктың қуатты қолына» жаңа серпін беретін қосымша бір күрделі құрылымның қажеттігінуақыт дәлелдеді. Мұндай құрылымның рөлін мемлекет атқара алады.
Мемлекет пен рынок өз мәнінде экономиканың «екі қолы» іспеттес, осы мағынада олар бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның сол қолы мен оң колы өздігінен, еркін бірігіп қызмет атқаратын сияқты, мемлекет пен рынок та салыстырмалы бір бірінен тәуелсіз, бірақ ортақ мақсаттар үшін қызмет етеді.
Лекция № 11. Экономиканы мемлекеттік реттеу.
Жоспар:
-
Рыноктық әдіс.
-
Орталықтандырылған әдіс.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің екі әдісі белгілі: біріншісі-рыноктық тетіктер – тауар-ақша қатынастары мен баға арқылы; екіншісі - әкімшілік-әміршілік, директивалық әдіс. Біріншісі әдіс бойынша өндірістің өсіп-дамуы төлем қабілеті бар сұранысқа байланысты. Сонымен қатар рыноктық тетіктер экономиканың дамуын ғана сипаттап қоймайды, оның құлдыраун, дағдарысқа ұшырайтынын да көрсетеді. Дағдарысты болдырмау немесе жеңілдету мақсатында, мемлекет алдын ала ұлттық экономиканың даму бағдарламасын жасайды.
Екінші әдіс бойынша кәсіпорын өндірістің тұрақты өсуі үшін өзіндік мақсат пен бағдар ұстайды. Бұған тек жоспар ғана емес, басшылардың жеке мүдделерін көздейтін ойлары да ықпал етеді. Олар үшін өндіріс көлемінің өсуі-тұрақты жеке табыстың көзі.Мұндай әкімшілдік реттеудің басты критерийі, әдетте, сандық өсім. Өндіріске қажетті қаражатты кәсіпорын мемлекеттен алады, сондықтан олардың тәбетінде шек болмайды. Мұндай жағдайда қосымша күрделі қаржыдан өздігінен бас тартатын кәсіпорын басшысын кездестіру қиын, өйткені ол кәсіпорын үшін ештеңеге де тұрмайтын еңбексіз табыс. Банкрот жағдайының өзінде де кәсіпорынқаржыдан бас тартпайды, кез келген зиянды шығындарды мемлекет өндірісті қамсыздандыру шаралары ретінде жауып отырады.
Экономиканы реттеуде рыноктық немесе орталықтандырылған әдістер таза күйінде орын алмайды. Ең бастысы, техника мен технологияны жаңарту талаптары, шикізат пен энергетикалық ресурстардың тапшылығы, экологиялық мәселелердің барған сайын шиеленісуі экономикада мемлекеттің реттегіш рөлін едәуір көтеріп отыр. Ендігі мәселе экономиканы басқаруды орталықтандыру мен кәсіпорындардың еркіндігін сақтаудың оптималды арақатынасын табуда болып отыр.
Әнгіме ресурстар мен өнімдерді карточка жүйесімен бөліп, жұмыстың барлық көрсеткіштерін орындауды кәсіпорындарға міндеттеп, тек шаруашылық қызметін орталықтан реттеуге ұмтылу болса, ондай орталықтандырудың қажеті жоқ. Мұндай орталықтандырудың нәтижесінде шаруашылықтың дербестігіне, бәсекеге, өндірістің жоғары тиімділігіне нұқсан келеді. Мүны бұрынғы КСРО-ның тәжірибесі дәлелдеген болатын.
Лекция № 12. Мемлекеттің экономикаға араласу формалары мен әдістері.
Жоспар:
-
Тікелей араласу.
-
Жанама араласу.
-
Фискалды саясат.
Орталық өзіне жүктелген міндетті сенімді түрде атқаруы үшін, мемлекеттің экономикаға араласу формалары мен әдістерін анықтау қажет. Ең алдымен маңызды екі форманы ажырата білу керек. Олар: мемлекеттің өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуды заңдастыруы мен өндірістік кәсіпорындарды басқаруға тікелей араласуы және экономикалық саясаттың әр қилы шаралары арқылы жанама араласуы.
Тікелей араласу. өнеркәсібі дамыған барлық елдерде белгілі дәрежеде экономиканың мемлекеттік секторы бар. Абсолютті болмаса да, оның көлемі мемлекеттің экономикалық рөлінің критерийі қызметін атқара алады. Мемлекеттің қолында әр түрлі формада капиталы болады, несиелер бере алады, үлестік қызметке қатысады, т. с. с. Мұның өзі мемлекет қоғамдық капиталдың бір бөлігіне иелік етеді деген сөз. Батыс елдерінің мемлекеттік секторында адамдардың үлкен тобы еңбек етеді, олар барлық жалдамалы еңбек етушілердің Франция мен Италияда – 11% -тін, ФРГ, Белгия мен Голландияда – 8-9% -тін құрайды.
Өнеркәсібі дамыған елдердің барлығында дерлік мемлекеттік сектордың қалыптасуы мен дамуы салалардың бәрінде бірдей орын алды. Әңгіме, өндіріс үшін маңызды, құны жоғары жабдықтар мен машиналар жиынтығы, яғни негізгі капитал топталған салалар жөнінде болып отыр. Алайда негізгі капиталдың осындай маңыздылығы саланың бәсеке мен дағдарысқа өте сезімталдығын да байқатады.
Шын мәнінде белгілі бір қиындықтарсыз негізгі капиталды бір саладан екінші бір салаға ауыстыру оңайға түспейді. Жұмыссызхдық жағдайында оны оп-оңай азайтуға, іскерлік белсендігін төмендетуге болмайды. Рынок монополиясымен байланысты ұлттық экономиканың кейбір салаларының өнімдерін өткізуге өндіріс орындары тарапынан бақылаудың күшеюі, осы салаларда бағаның күрт төмендеуі, негізгі капитал маңыздылығының төмендеуімен салыстырғанда анағұрлым қауіпті. Әңгіме өте тұрақсыз салалар жөнінде болып отыр, олардың қыметі негізгі капитал үлесінің көптігі жалпы пайда нормасына теріс ықпал етеді. 21 ғасырдың соныңда орын алған қатаң бәсекелік күрес монополистікодақтардың құрылуына әкелді, соңғысы болса 1929-1933 жылдардағы дағдарыс кезінде өз капиталының құнсыздануына еш кедергі жасай алмады. Сондықтан қоғамдық капиталдың құнсыздануымен байланысты қиыншылықтарды жою үшін мемлекеттің тікелей араласуы қажет болды, осы салаға жұмсаған капиталы үшін жеке корпорациялар да өз пайдасын сақтап қалуға ұмтылды. Бұрынғы социалистік елдерде салыстырмалы аз уақыт ішінде бүкіл экономикада мемлекет иелігінен алып жекешелендіру процестері орын алды.
Бұрынғы социалистік елдерде жоғары монополистік құрылымнан бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік құрылымға көшу үшін үлкен жұмыстар атқару қажет.мемлекет иелігінен алу немесе мемлекеттен сатып алу деген атқа ие болған бүл құбылыс шешімі оңай мәселе емес. Осы процеске қарқын беру мақсатымен «ККСРО-да монополистік қызметті шектеу туралы» (шілде, 1991 жыл) КСРО Заңы қабылданған болатын. Мұндай заң Қазақстанда да өз күшіне енді. Заңда бәсеке кажеттігі, оны қоғау мен мүдделендіру идеясы нақты көрсетілген. Құжатта: «Рынокта үстемдік етуші шаруашылық субьектілері өз жұмыстары барысында бәсекеге тыйым салып немесе басқалай шаруашылық субьектілерінің заңды мүдделерін дамытуға кедергі жасайтын болса, олардың іс-әрекетіне тыйым салынады».
Әлемдік практикада монополистікқызметті шектеу жөніндегі мысалдар көп. АҚШ-та трестерге қарсы қабылданған заңдарға сәйкес, 1984 жылы АТТ-дан – 22 аймақтық телефон компаниялары бөлініп шықты. Мұндай бөлінудің мақсаты – АТТ компаниясының бүкіл континенталды жүйеде қызмететуімен байланысты оның монополиялық рөлін жою. Жүз жылдық тарихы бар, құны 150 млрд. Доллар деп бағаланған фирманың бөлінуі нәтижесінде АТТ-ның құны 4есеге төмендеді. Мемлекеттің тікелей араласуы рынок жүйесінің барлық элементтерінің өзара қатынасын дамытып, реттеуге ықпал ететін заң актілерімен қосымша толықтырылды. Экономиканы мемлекеттік реттеу мен байланысты заңактілері орасан көп және әр түрлі. Оған ілгеріде АҚШ-та трестерге қарсы қабылданған заңдардан басқа Франциядағы кооперация туралы ережелер т.б. жатады.
Жанама араласу. Араласудың мақсат-мүддесіне сай экономикалық саясат шаралары мынадай бағыттарда қолданыладв:
-
күрделі қаржыны мүдделендіру және жинақтау мен инвестицияның тепе-теңдігін қалпына келтіру;
-
жұмыспен қамту деңгейін барынша жоғарылату;
-
кәсіпорынның тиімділігін қамтамасыз ету үшін икемді баға саясатын жүргізу;
-
кәсіпкерлер шығындарын негізгі және жанама баптар бойынша қысқарту;
-
тауарлардың, капитал мен жұмыс күшінің экспорты мен импортын иүдделендіру;
-
жалпы бағалар деңгейі мен ерекше тауарлар бағасына ықпал жасау;
- кәсіпорындарды сатып алу және оларды басқару.
Мемлекет осы әр қилы шараларды іске асыру үшін фисқалды ақша саясатын жүргізеді
Фискалды саясат. Мұны мемлекеттің кірісті мен шығысының өзгерістерін жоспарлау арқылы жиынтық сұранысты реттеуге бағытталған саясат деп ұғынуға болады. Ақша саясаты – эмиссиялық қызметті өзгерту арқылы, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталған саясат. Мемлекеттік саясатының осы екі бағыты, бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Экономиканы мемлекеттік реттеудіңбасты міндеті – мемлекет мүддесін сақтау, тұтас алғанда қоғамды нығайту, халықтың кедей топтарын әлеуметтік жағынан қорғау. Мемлекеттік реттеу болашақ ұрпақты тәрбиелеу, табиғатты, қоршаған ортаның ластанып құрып кетуінен сақтау үшін де қажет.
Лекция №13. Функционалдық экономикалық жүйелер.
Жоспар:
-
ФЭЖ жалпы сипаттамасы.
-
ФЭЖ мақсаты.
-
ФЭЖ құрамы.
Ұлттық құрылымның қандайда болмасын, нарықтық экономика, қалыптасқан сандық және сапалық сипаттамалары бар, белгілі функционалдық экономикалық жүйе болып дамиды. Осыларды қолдаумен немесе сәйкестікке келтірумен, өзін-өзі реттеумен қатар, мемлекет айналысады. Әлемдік тәжірибенің көрсетуі бойынша, осы заманда дамыған нарықтық экономикасы бар елдер Кейнстікң принциптерді де, монетаризм принциптерін де ұтымды қолданады. Осылардың негізінде, жоғарғы дамвған елдерде, өзін-өзі реттейтін механизмдердің дамыған жүйесі калыптасқан. Бұдан артық жүйенің қандайының болмасын тұрақтылығы, осында өзін-өзі реттейтін механизмдердің болуымен белгіленеді. Нарықтық шаруашылықта осындай механизмдер функционалдық экономикалық жүйелер болып тізбектеледі. Бұлар өзін-өзі реттеу механизмі мен мемлекеттік реттеудің біртүтас бейнесін алып, Кейнстіктік және монитаризмнің элементтерінің ерекше симбиозы болып табылады.
Функционалдық экономикалық жүйе деп, біртұтас экономика шеңберінде, барлық құрылымдық элементтердің іс-әрекеттері ұлттық нарықта макроэкономикалық тепе-тендікті қолдауға бағытталған және информациямен, тауарлармен, қызметтермен, технологиямен, ноу-хаумен, капиталмен жұмысшы күшінің әр түрлі формаларымен айырбас жүргізу үшін оптималдық шарттар жасауға бағытталған, динамикалық өзін-өзі реттейтін қосалқы жүйелер түсінеледі.
ФЭЖ-дің мақсаты бағытталған жүйелерден айырмашылығы оның алдымен өзін-өзі реттейтін жүйе болуы. Бұларда тұрақтылықтың белгіленген тапсырмадан ауытқуының қандайды болмасын, макро- немесе микродәрежеде тепе-теңдікті қайта орнататын, мемлекеттің өте көп механизмдерін қолма-қол жұмылдыруға түрткі болады.
ФЭЖ белгілі берілген макроэкономикалық параметрлер маңайында тепе-теңдікті ұстап қолдап отырады.
ФЭЖ үлгілікмысалы ретінде мына жүйелерді атап өтуге болады: бәсекелестік ортаның қалыптасу жүйесі, айналыстағы ақшамассасының деңгейін реттейтін жуйе; жиынтық сұранысты ынталандыратын жүйе; төлем және сыртқы сауда балансын қолдайтын және басқа жүйелер. Осылардың барлығының жиынтығы мемлекеттік нарықтық экономиканы реттеуге тұрақты өсуді қолдауға бағытталған қызметтері болып табылады.
Нарықтық экономиканың ФЭЖ-ің негізгілерінің біреуіне бәсекелік ортаны қалыптастыру жүйесі жатады.
Қазақстан экономикада осындай жүйе мәселесі енді ғана күн тәртібіне қойылып отыр. Өнеркәсіптік дамуы жоғары елдерде өздігінен реттеушілік механизмі, капиталистік елдердің көбін мезгіл-мезгіл ойсыратып тұратын экономикалық дағдарыстардың бірте-бірте сөніуіне жол ашады.
Сонымен, өзін-өзі реттейтін экономикалық жүйеде мемлекеттің рөлі өте зор өзгереді, ол ФЭЖ-ің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін, олардың желісін кеңейтуге және құрылымын жетілдіруге ат салысатын, барлық шаруашылық жүйенің басты үйлкстіруші орталығына айналады.
Лекция № 14. Үкіметтің экономикалық қызметтері.
Жоспар:
-
Мемлекет атқаратын негізгі экономикалық қызметтер.
-
Үкімет түсінігіне жалпы сипаттама.
Нарық экономикасында мемлекеттің рөлі оның әрекеттерінің әр қилы түрлері арқылы жүзеге асырылады. Осылардың маңыздыларына экономикалық шешімдер қабылдау үшін құқықтық негіз жасау, экономиканы тұрақтандыру, ресурстарды әлеуметтік мақсаттарға сәйкес бөлі, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету жатады.
Осы замандағы мемлекеттердің экономикалық қызметтері өте күрделі және көп түрлі болады. Мемлекет атқаратын негізгі экономикалық қызметтерді мынадай топтарға бөлуғе болады:
-
Құқықтық база және бәсекелестік орта құру арқылы нарық жүйесінің қызметін қолдау, монополияға қарсы заңдар арқылы бәсекелікті қолдау.
-
Табыс пен байлықты қайта бөлу, ұлттық өнімнің құрылымын өзгерту және экономиканы тұрақтандыру мақсатымен жұмыспен қамту және инфляцияның дәрежесіне бақылау жүргізу арқылы ресурстардың бөлінуіне түзету еңгізу.
-
Нарық механизмінің кейбір элементтерінің әрекеттеріне тежеу қою. Демек, жиынтық муниципалдық тұтыну сферасы көлемінде әңгіме қоғамдық тәртіпті қолдап, қоғау тұралы, ұлттық қорғаныс, инфрақұрылымдық кешендер туралы және сумен қамтамасыз, көлік жүйесі туралы болғанда, нарықтық элементтерді пайдаланудың шектелгені байқалады.
Шектеу жиынтық тұтыну сферасында және өмірдің қоғамдық орташа шартын қамтамасыз етуде, білім беруде, медициналық қызмет көрсетуде қолданылады. Мемлекеттік және муниципалдық органдар нарықтық және қоғамдық мүдделермен есептесе отырып білім, денсаулық сақтау, экологиялық бақылау жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз етеді.
4. Әлемдік экономикадағы бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізіп, сақтау.
Мемлекеттің осы қызметтері әлемдік нарықтық жаңа және дәстүрлі қалыптасқан салаларында фирмалардың бәсекелестік қабілеттерін дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекет өзінің қызметтерін үкімет арқылы орындайды, шынында мемлекет дегеніміз – бүл бірлесіп өмір суру үшін және іс-әрекеттер атқару үшін ұйымдастырылған қатынастар жүйесі. Ал үкімет көмегімен нақты ережелердің, заңдардың, нормативтердің орындалуына басқару және бақылау жүргізілетін Министірліктер, Комитеттер, ұлттық банк және басқа үкіметтік органдар түріндегі, билік ететін құрылымдар.
Мемлекет - өзін-өзі ұйымдастырған қоғам, үкімет – осы ұйымның атқарушы органы. Үкіметпен және оның шаруашылық субьектерінің жиынтығы, заңдардың негізінде қызметететін, ұйымдастырылған нарықтық экономиканың институционалдық құрылымына жатады.
Соңғы кездері үкіметтік шешімдер қабылдауда қоғамдық талдау теориясы кең қолданылып отыр. Осы теория арқылы үкімет не сатып алу керек, тауарларды қалай өндіру керек, кімдер үшін жасалады деген мәселелер анықталады. Қоғамдық талғау теориясы жекелеген тұтынушылардың ұнатуларының, нарық механизмі арқылы ұжымдық іс-әрекеттерге айналуын зерттейді. Өзінің экономикалық мәні жағынан қоғамдық талғау теориясы мемлекеттің басты экономикалық, саяси қызметтеріне негізделеді.
Лекция № 15. Мекмлекттік реттеудің формалары мен жолдары.
Жоспар:
-
Тікелей мемлекеттік басқару.
-
Салықтық реттеу.
-
Бюджеттік реттеу.
-
Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу.
-
Баға арқылы реттеу.
-
Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.
Тікелей мемлекеттік басқару – жекеленген салаларды, обьектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді.Оған әскери-қорғаныс, энергетикалық, қорықтық, ұлттық маңызы бар мәдени-тарихи обьектілер, демалыс, емдеу-сауықтыру орындары, қазбалы кен байлықтары, су ресурстары т. б. мемлекеттік маңызы бар обьектілер жатады. БҰл обьектілер, әдетте, мемлекеттік немесемуниципалдық меншікте болады.
Салықтық реттеу – салық салу, оның түрлерін, ставкаларын белгілеу, салық жеңілдіктерін беру немесе босату.
Ақша-несие қатынастары арқылы реттеу – салық жүйесін қоса алғанда мемлекеттің фискалдық саясаты деп аталады және осы саясат арқылы ақша айналымына әсер етеді. Мемлекет орталық ұлттық банк арқылы ақша айналымына әсер етеді. Мемлекет орталық ұлттық банк арқылы ақша эмиссиясы мен жалпы ақша көлемін реттейді, банктің қарыз процентінің ставкасын белгілейді, заемдар береді, облигациялар мен бағалы қағаздар шығарады. Осындай реттеу жолдарымен ақша айналымы мен жинағын өзгертіп, жалпы экономикалық процестерге ықпал етеді.
Бюджеттік реттеу – мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әр түрлі бағыттар бойынша жұмсайды, реттейді. Бұдан басқа мемлекет салық төлемдерінен тыс бюджетке қосымша төлем белгілейді, сөйтіп ақша айналымы мен қор жинауды қалыптастырады.
Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Бұл жағдайда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігінәлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі, фирмалар мен кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық транспортқа тапсырыстар береді. Аталған бағыттар мемлекетке қажет өндіріс салаларын белгіленген бағдарлама бойынша дамытады.
Баға арқылы реттеу. Рыноктық экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, оны өндіріс шығындарынан артық қоюға тыйым салады. Сатушылар шығындарының орнын мемлекеттік бюджет есебінен толтырып отырады. Мұндай тәжірибе дамыған елдердің баршасына тән. Алайда, рыноктық экономикаға өтіп жатқан біздің елімізде бағалар еркіне жіберіліп, лоарды ешбір шектеу мен реттеу болмай отыр. Бұл мәселенің де тиімді тетіктерін ойластыру қажет-ақ.
Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Сыртқы экономика, экономикалық байланыстар мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі оның ішкі шаруашылық қызметін жалғастырады, алайда оның өзіндік ерекшеліктері де бар.
Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметке араласуының негізгі мақсаты елдің экономикалық және саяси мүддесін қорғау. Мемлекеттік реттеу сыртқы сауданы, капиталдың халықаралық қозғалысын, валюта-несие қатынасын, ғылыми-техникалық жетістіктер мен жұмыс күшінің халықаралық қозғалысын қадағалайды.
Үкіметтін сыртқы экономикалық саясатының негізгі түрлері белгілі. Олар протекционизм және фритредерство. Протекционизм саясаты - өз өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, ішкі рыногын шетелдік ықпалдан қорғау. Протекционизмге жоғары кеден бажы, экспортты шектеутән. Фритредерство – еркін сауда саясаты, яғни шетелдік тауарларға әр түрлі шектеулерді алып тастау, төменгі кеден тарифын белгілеу. Мемлекет бұл саясатты уақыты мен орнына қарай реттеп отырады. Реттеудің бұлардан басқа да түрлерін дамытып, жетілдіріп отыру мемлекеттің төл ісі.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Нормативті құқықтық актілер:
-
1995 жылдың тамыздың 30 күні шыққан Қазақстан Республикасының Конституциясы.
-
2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму Стратегиясы.
-
Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекет қызмет туралы (1999 ж. шілденің 23 шыққан).
-
Қазақстан Республикасының Заңы: закон РК от 2 июля 1998 г. «О борьбе с коррупцией».
-
Қазақстан Республикасының Клнституциясы, президенті, Парламентіжәне оның депутаттарының мәртебесі, Үкімет, Республикалық референдум, сайлау туралы Қазақстан Республикасының Заңдары Конституция РК, Конституционныезаконы РК о Президенте, Парламенте и статусе его депутатов, Правительстве, республиканском референдуме, выборах. Алматы, Жеті жарғы, 1999 г.
-
Закон о защите и поддержке частного препринимательства от 4 июня.
Оқулықтар мен оқу құралдары:
-
Абельдинов А.К. Административное право: 33 вопроса и ответа. Алматы, жеті жарғы.
-
Абенов. Е.М. и др. Казахстан: эволюция государства и общества. Алматы, ИРК, 1996 г.
-
Альгин А.П. и др. Инициатива и риск против бюрократизма. Москва. Знание, 1993 г.
-
Аткинсон Э. Б. и др. Лекции по экономической теории государственного сектора, Москва 1995 г.
-
Ашитов З. О. Право суверенного Казахстана. Алматы 1995 г.
-
Габитов Т.Х. и лр. Этика бизнеса: Курс лекций для студентов,1996 г.
-
Гайдар Е. Государство и эволюция. Москва 1995 г.
-
Гуревичев М.М. Государственнон регулирование переходной экономики, 1997 г
-
Макаренко В. П. Бюрократия и государство. Ростов на Дону, 1987 г.
-
Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. 4 тома 2002 г.
-
Сансызбаева Г. Н. Государственное регулирование экономики в зарубежных странах. Алматы, 1996 г.
-
Худокоморв А. Г. Экономические корни бюрократизма, Москва, 1988 г.
Мерзімді басылымдар:
-
Абалкин Л. Роль государства в становлении и регулировании рыночной экономики. Вопросы экономики № 6, 1997 г.
-
Бизнес, государство и общество. Материалы международной конференции. Университет Боккони, Милан, Италия7 1996 г7
-
Джаксыбаев С. И др. Пути развития Казахстана. Евразийское сообщество, 2000 г., №2, с.59-66.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” університеті
“ Педагогика жєне экономика” факультеті
“Экономика” кафедрасы
“Мемлекет және бизнес ” пәні бойынша
050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”, 050510 “Мемлекеттік және жергілікті басқару”, 050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін
Достарыңызбен бөлісу: |