Лекция Кілт сөздер Дерек, сын, тарихи синтез, әдіс, әдіснама, деректану пәні


Лекция 15. Саяси партия, үкіметтік емес ұйым құжаттары



бет28/28
Дата14.12.2022
өлшемі178.99 Kb.
#467206
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Деректану лекция

Лекция 15. Саяси партия, үкіметтік емес ұйым құжаттары
Саяси партия, үкіметтік емес ұйым, мұрағат, құжаттар

Кеңестік Қазақстан тарихының деректерін жинастыру және оларды ғылыми-жарияланымдық мақсатта пайдалану Азамат соғысы аяқталып (1918—1920), бейбіт құрылысқа көшу кезінен бастау алады. Алғашында мерзімді баспасөз материалдары мен ресми құжат үлгілеріне сұрыптау жүргізілді.


1922 жылы қарашада құрылған Партия тарихының («Истпарт») (РК(б)П және Қазан төңкерісі тарихын зерттеу жөніндегі комиссия) қазақ бюросы тарихи мәні бар құжаттар мен революциялық оқиғаларға тікелей қатысқан адамдардың естеліктерін жинай бастады.
Төңкеріс пен Азамат соғысы жылдарында және Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінде көптеген тарихи деректер біржола жоғалды, бүлінді немесе ұрланып, жойылып кетті. Деректердің үлкен бөлігі Қазақстаннан тысқары жерлерде сақталды. 1925 жылы Қазақстан астанасын Қызылордаға көшірген кезде осы құнды мұрағаттық деректемелер Орынборда қалып қойды. 1928-1929 жылдары мұрағат мекемелерін Алматыға көшіргенде де деректер мен құжаттық материалдардың белгілі бір бөлігі жоғалды. 
1927—1929 жылдары республиканың Партия тарихы бюросы жанынан партия құжаттарын сақтау үшін арнайы мұрағаташылды. Кейіннен бұл мекеме Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы партия тарихы институтының мұрағаты - КОКП OK жанындағы Марксизм-Ленинизм институтының бөлімшесі (ауызекі тілде партархив -партмұрағат) деп аталды. 1994 жылдың 14 қаңтарынан бастап бұл мекеме Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты деп аталады. Қазан төңкерісінің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында (1927) партия тарихы комиссиясы С.Сейфулиннің басшылығымен тарихи оқиғаларға қатысушылардың 100-ге жуық естеліктерін жинады. Бұл естеліктер партмұрағаттың ғылыми құндылығы бойынша жоғары баға алған №811 қорының негізін қалады.
Партиялық мұрағаттар қорында сақтауға іріктелінген құжаттар кешенінің негізгі бөлігін РК(б)П - БК(б)П - КОКП-ның қазақстандық ұйымы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің шешімдері мен қаулылары, Қазақ облыстық комитеті (Кыробком, 1921-1925), БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті (1925-1937), Қазақстан Компартиясы OK (1937-1991) секретариаты Бюросы отырыстарының хаттамалары, олармен бірге жолданған құжаттар, республикалық және жергілікті партия ұйымдары пленумдарының, мәжілістерінің, құрылтай жиналыстарының материалдары, барлық деңгейдегі партия комитеттері мен ұйымдарының, партиялық, кеңестік бақылау органдарының, халық комиссариаттары мен министрліктердің, мекемелер мен құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың жұмыстары туралы есептері, талдау жазбалары, анықтамалар, баяндамалар, хаттар, статистикалық мәліметтер және басқа құжаттар құрады. Бұл құжаттар, тұтастай алғанда, тоталитарлық қоғам шеңберінде жасалған тарихи ақпараттардың күрделі де кең жүйесін сипаттайды.
Бұл құжаттардың басты құндылығы — бастауыш партия ұйымдарының белсенділерінен бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті номенклатурасының басшы қызметкерлеріне дейінгі сан мындаған адамдар туралы партиялық істерде жинақталған жеткілікті мөлшердегі ақпараттардың болуында. Партиялық іс құжаттар адамның қызмет баспалдақтарымен жүріп өткен әрбір қадамын — өмірбаян дерегін, мінездемелер мен анкеталарды, анықтамаларды жай тізіп шығу ғана емес, олар Қазақстанның өткен тарихы, бүкіл халықтың тағдыры туралы үлкен тарихи мәні бар мәліметтерге де толы. «Қазақстан тарихының» кітабының 4-томында, қазақстандықтардың басып өткен жолын, жекелеген тұлғалардың тағдырына дейін жан-жақты суреттейтін орасан мол деректердің жоғарыда аталған тобы кеңінен пайдаланылды.
Кеңес үкіметі жылдарында Қазақстан мұрағаттарының құжаттық қорлары әлсін-әлсін «тазалау» мен аса құпиялық бақылауға алынып отырды. Жалпы алғанда, кеңестік дәуірде жазба деректер сан жағынан әлденеше есе өскеніне қарамастан, Сталиннің кезінде және одан кейінгі кезеңде кеңес дәуіріндегі тарихтың қайнар көздеріне орны толмас зиян келтірілді.
40-70-жылдардағы жоспарлы тазалау барысында мұрағат қоймаларының партиялық қорларынан, тарихи құндылығы жоқ деген желеумен, Қазақстан тұрғындарының 20-50-жылдардағы ауыр жағдайына куәлік ететін құжаттар алып тасталынды және отқа өртелді. Олармен бірге партия комитетгері мен үкіметтік құрылымдар ұйымдарының жұмысындағы қателіктер мен кемшіліктер туралы мәліметтер (немесе сыни пікірлер) бар құжаттар да жойылды. Мемлекеттік мұрағат қоймаларының қорларына қатысты да осындай шаралар жүзеге асырылды. Мәселен, 1941 жылғы шілде-тамыз айларында ҚазКСР-і Орталық мемлекеттік мұрағатында жүргізілген арнайы тексеруден кейін, республика Халық Комиссарлары Кеңесінің қорынан (№30 кор) 1920-1929 жылдардың 172 мұрағаттық ісі жойылу үшін алынды. Осылайша 1944 жылдың тамызында 1929-1935 жылдардың 610 мұрағаттық істері, 1945 жылдардың шілде — желтоқсанында 1929-1936 жылдарға қатысты 2310 мұрағаттық іс өртелді.
Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты құжаттар тәркіленіп, ізсіз-түзсіз жоғалып кетті. Қалған істерге «Құпия», «Ерекше құпия», «Жариялауға жатпайды» деген белгілер соғылып, олар арнаулы жабық қорларда ұсталды. КК(б)П OAK Өлкелік Комитеті ЧК-ОГПУ-НКВД ПМ салалық мұрағаттарында Алаш қозғалысына қатысушылар, оппозициялық топтар мен жіктер, сондай-ақ әр кезеңде, әсіресе 20-жылдары республиканы ұлттық мүддесін табандылықпен қорғағандар туралы құжаттар сақталды. 20—30-жылдардың соңында бұл материалдар жаппай қуғын-сүргінге ұласқан идеологиялық науқан мен тазалаудың негізіне алынды. Қызметкер орган тарапынан тұтқындалып, «халық жауы» деген ат алысымен-ақ, тиісті қорларды тазарту жұмыстары жүргізілді және оның есіміне қатысты құжаттар алынып тасталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет