Лекция конспектісі в06101-«Ақпараттық технологиялар» ббб үшін Шымкент-2020 Әож 681. Ббк 32. 81



бет18/22
Дата03.01.2022
өлшемі1.9 Mb.
#450564
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
konspekt lektsii

Бақылау сұрақтары:

1. Күшейткіштер. Күшейткіштік каскад дегеніміз не?

2. Тура және қарсы күрме түсініктеріне анықтама беріңіз

_7__ тақырып



Электрлік тербелістер генераторы.
Жоспары:

(қаралатын сұрақтар тізімі)




  1. Синусоидалық тербелістер генераторы. Автотербелісті және күтетін мультивибраторлар.



Мазмұны
Электр тербелістерінің генераторы (орыс. Генератор электрических колебаний) — тұрақты ток электр энергиясын электроңдық аспаптар көмегімен өшпейтін электромагниттік тербелістер энергиясына түрлендіретін электрондық құрылғы. Пайдаланылатын аспаптар типіне байланысты электрондық шамдардағы, транзисторлардағы, магнетрондық аспаптардағы (магнетрондар, карматрондар), газразрядты аспаптардағы (тиратрондық генераторлар), сондай-ақ кванттық генераторлар (лазерлер, мазерлер) деп бөлінеді. Электр тербелістерінің пішіні бойынша: синусоидалы (гармоникалық) тербелістер генераторлары, импульстык генераторлар, арнайы пішінді тербелістер генераторлары деп жіктейді.

Механикалық тербелістерде маятникке сырттан периодты күш әсер етсе, ал тербелмелі контурда периодты кернеу әсер етеді. Мұндай тербелістер сыртқы мәжбүр етуші әсердің (кернеудің) жиілігіндей жиілікпен және сондай заңдылықпен жүреді. Бұл тербелістер еріксіз тербелістер деп аталадыМысалы, айнымалы электр тогы еріксіз тербеліске жатады, себебі ол тізбекте айнымалы ток генераторынан алынған айнымалы кернеудің әсерінен пайда болады. Біз күнделікті тұрмыста жиілігі 50 Гц айнымалы токты пайдаланып жүрміз. Еріксіз тербелістер өшпейтін тербеліске жатады. Тербелмелі контурда еркін тербелістер өшпейтін болу үшін, жүйені энергия қорымен периодты түрде қамтамасыз ету қажет.

Өшпейтін тербелістің екінші түрі - автотербелістер. Жүйеде сыртқы периодты күштердің әсерінсіз тербелістердің пайда болуын автотербелістер деп атайды. Автотербелістердің жиілігі мен амплитудасы жүйенің құрылысына байланысты. Кезкелген автотербелмелі жүйе мынандай бөліктерден тұрады: энергия көзі, тербелмелі бөлік, клапан және кері байланыс қондырғысы. Клапан (кілт) тербелмелі бөлікке оның тербелісіне сәйкес керек уақытта энергия көзінен келетін энергияны жіберіп, не тоқтатып тұрады. Бұл процесті тербелмелі жүйенің өзі автоматты түрде реттеп тұрады. Төменде электрлік автотербелістердің мысалы ретінде транзистор көрсетілген.

  Өшпейтін электромагниттік тербелістер генераторы, өткізгіштігі әр түрлі жартылай өткізгішті транзистордан құрастырылады. Транзистор – Э-эмиттерден, Б-базадан және К-коллектордан тұратын триод.

 



Жартылай өткізгіштік транзистор (p−n−p)

схемада кілттің ролін орындайды

ФФбаза >0→ кілт ашық

ФФ база <0→ кілт жабық



 



  • Транзистордың көмегімен периодты түрде шығындалған энергия толықтырылып отырады.

  • Индуктивтілігі Le катушканың көмегімен (кері байланыс), контурдың тербелістеріне сәйкестендіріп база потенциалын реттейді.

 

Бақылау сұрақтары:



  1. Тербелмелі контур деген не?

  2. Идеал тербелмелі контур деп нені айтамыз?

  3. Электромагниттік тербелістердің анықтамасын беріңдер.

_8__ тақырып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет