Лекция мазмұны: Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесінің қалыптасу


Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мекемелердегі



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата23.04.2024
өлшемі261.63 Kb.
#499665
түріЛекция
1   2   3   4   5
TAUGIYHIKDJT19042024093616

Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мекемелердегі 
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың қазіргі жағдайы.Қазақстан 
Республикасындағы жалпы білім беретін мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі 
балаларды оқытудың қазіргі жағдайы. Инклюзивті білім беру мәселелері 
бойынша 
қазақстандық 
ғалымдардың 
зерттеулер. 
Қазақстан 
Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру үрдісіне 
енгізудің тәжірибесі. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды кәсіби-еңбектік оқыту 
жүйесін жетілдіру. Жаңа ақпараттық дамытушылық технологияларды әзірлеу 
және енгізу. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру 
ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік 
Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 
шілдедегі және «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық- 
педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі 
заңдарына сәйкес әзірленді және «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес 
білім беру ұйымын қоспағанда, меншік нысаны мен ведомстволық 
бағыныстылығына қарамастан даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға 
арналған арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.[3] 
Арнайы білім беру ұйымы: Арнайы білім беру ұйымы – бұл 
мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жағдайлар жасауды, техникалық 
құралдармен, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетулерді, 
оқыту мен тәрбиелеудің арнайы бағдарламалары мен әдістерін
диагностикалау мен консультация беруді қамтамасыз ететін білім беру 
ұйымы даму мүмкіндігі шектеулі бала – бұл Қазақстан Республикасының 
заңнамаларында белгіленген тәртіпте тұқым қуалаушылығына, туылғанына, 
жүре пайда болуына байланысты өмір әрекетінде белгілі бір шектеулігі бар 
психикалық және дене дамуында ауытқушылығы бар балалар. Арнайы 
мектепке дейінгі ұйымдар Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі 
тәрбиелеу мен оқыту стандартына, арнайы бағдарламаға сәйкес бір жастан 
бастап мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, дамытуды, 
қарауды, күту мен сауықтыруды қамтамасыз етеді. Арнайы бастауыш, негізгі 
және жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – арнайы мектеп) 
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бастауыш
негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларының негізінде әзірлеген 
арнайы бағдарламаларын іске асырады. Үлгілік қағидалар мектепке дейінгі 
ұйымдардағы арнайы топтарға және жалпы білім беретін мектептердегі 
арнайы сыныптарға таратылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет