Лекция Психологияға кіріспе



бет13/44
Дата30.10.2022
өлшемі271.41 Kb.
#463662
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
Психология лекция жинак

Меланхолик темпераменті бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.
Қозу және тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі (тежелуі басым болады), кез-келген күшті әсер меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады. Психологтар мұны меланхоликтердің күшті сезіне білу қабілетінен деп есептейді.
Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алаған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді.
Темпераменттің негізі төрт типінің өкілдері бір қалыпты жағдайдың өзінде өздерін түрліше ұстайды екен. Бірде, темпераменттері әртүрлі төрт дос театрға кешігіп барады. Мұндай жағдайда олардан қандай мінез байқалған?
Холерик билет жыртушымен айтысып партердегі өз орнына барып отыруға әрекеттенеді. Ол, театрдағы сағат ілгері кеткен, жұртқа кесел келтірмей орныма барып отыра қоямын деп салғыласып, билет тексерушіні итермелей бастайды.
Сангвиник партерге жібермейтініне көз жеткен соң жоғарғы қабатқа көтерілудің қиынға соқпайтынын сезіп, баспалдаққа қарап жүгіріп кетеді.
Флегматик, залға жібермейтінін көріп: “Алғашқы көрініс онша қызық болмайды. Буфетке бара тұрайын”,- деп антракт болуын күтеді.
Меланхолинк: “Менің әркез жолым болмайды. Өмірімде бір рет театрға келген едім, олда сәтсіз болды” дейді де үйіне тартып отырады.
Осылайша темперамент адамның белсенділік сипатынан (жұмыс істеу қабілеттілігі, әлеуметтік қарым-қатынастағы тіл табыса алу мүмкіндігі), мінез-құлықтың түрлі қалпынан үнемі өзгерістегі сыртқы ортаға бейімделе алу жағдайынан көрініп отырады.


Бақылау сұрақтары:
1. Тұлғалық ресурстар ұлттық сананы сақтау мен дамытудың факторын талдаңыз
1.1 «Тұлғаның дүниетанымы және ұлттық бірегейлігін» қалай түсінесіз?
1.2 Темперамент пен мінездің ара қатынасын ажыратыңыз.
1.3 Мінездің анықтамасы, мінез акцентуациясы және тәрбие дегенді талдаңыз.
1.4 «Ұлттық мінез» ұғымын түсіндіріңіз
1.5 Тұлғаның қабілеті және нышандарын сипаттаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет