Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет10/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Әлем өнер тарихы

Вавилон өнері
Вавилон өнері б.э.д. ХХ-ХҮІІ ғасырларды қамтыды. Шумер, Аккад өнерінен кейін б.э.д. екінші мың жылдықта осы аймақта әр түрлі мәдени орталықтар пайда болды. Осы тұста Оңтүстік Қосөзен аймағы Вавилонның қол астына қарап, бір мемлекет құрады. Кезінде тек бір аудандық кішігірім қалашық болып табылатын Вавилон қалашығы ірі, аумақты, күшті мемлекеттің астанасы болды. Қала жан-жақты өркендеп, дүниенің әр түрлі елдерімен қызу қарым-қатынас орнатты. Мәдениет пен өнер өркен жайды. Бірақ та бір өкініштісі, сол дәуірдегі Вавилонның өнер ескерткіштері бізге жетпеген. Олардың болғанын тек тарихи шежіре деректерден ғана оқып білеміз. Соған қарамай, кейінгі археологиялық қазбалардан кейін біраз өнер көздері аршылып алынды. Соның бірі- Вавилон қаласының жанындағы көрші мемлекет-қала Сузакта табылған тас тақтайшадағы бедерлемелі шығарма. Онда патша Хаммурапидің Шамаш құдайдың алдында тұрған бейнесі қашалған (Шамаш-күн және әділ-заң құдайы). Осы бедерлеме бейнелеу әдісінде де Шумер мен Аккад өнерінің әжептәуір ықпалды ізі жатыр.
Вавилон өнеріне тән нәрсе сабырлылық басымдау, оқыс қимыл жоқтың қасы. Керісінше, сарай адамдарына тән тәкаппар салтанаттылық қалыптасқан. Вавилондық мүсіндерде шумерлік ықпалмен жасалғанмен, оның өзіне тән кескіндеу әдісі, бет-бейнесі қылаң береді. Осындай, өзіндік табиғаты бар өнерді, махаббат пен сұлулық және құнарлылық құдайы Иштардың (иштар-шолпан планетасын бейнелейді) өн бойынан байқауға болады.


Хеттердің өнері
Қосөзен алқабында тағы бір мемлекет Хеттер патшалығы өмір сүрді. Кіші Азияда таулы аймақты жайлаған бұл ел өзіндік ағыммен дербес дамыды. Олардың қалалары, оның ішінде астанасы-Хаттуса биік, әрі мықты қорғандармен қоршалды.
Хеттердің өнері, әсіресе мүсін өнері олардың сәулетінің ықпалымен өркендеді. Сол себептен мүсіндері ірі қорған, қақпалармен біте қайнасып, ауыр әсер қалдырды және тілсіз табиғаттың дүлей үстемдігі сезіледі. Соның бірі ескерткіш-Хаттус қаласындағы «Арыстанды қақпа»(б.э.б. ХҮ-ХІІ ғасырлар).
Хет патшалығы аймақтағы мықты, әрі соғыс техникасы ең озық мемлекет болды. Патшалық ірі тұрақты армия ұстады, қос дөңгелекті соғыс арбаларымен жабдықталды. Жан-жағы қалқандармен қымтырылған, ішінде мерген садақшалары бар, қару-арба өз дәуірінде жауларына тажалдай болып көрінді. Сондықтан да болар, Хет патшалығы жаугершілік соғыстарда көбінесе жеңіске жетіп отырды. Тіпті кезінде Мысыр перғауыны Рамсесс-ІІ мен соғыста Хет патшасы Муватали осындай күшті соғыс техникасының күшімен басым түскен болатын. Кейіннен Хеттердің күшін білгеннен кейін Мысыр патшалары олармен бейбіт бітім жасасып отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет