Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет1/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Әлем өнер тарихы


1. Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы
Жоспары: 1. Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе
2. Бейнелеу өнері түрлерінің әр алуан ұғымдардың мән-мағынасы
Мақсаты: Студенттерге бейнелеу өнері рухани-мәдени сананың, эстетикалық көзқарастың, философиялық танымның шығу көзі жәнe көрініс обьектісі екендігі жайлы түсінік беру.
Мәтіні (қысқаша):
Өнер тарихы мен теориясы пәнінің негізгі міндеті бейнелеу өнерінің кеңістік пен уақыт аралығындағы көркемдік ырғағындағы форма мен образдың көріну сипатын ашу. Кеңістік – біз үшін геобиологиялық, әлеуметтік, рухани және мәдени орта. Уақыт –тарихи кезең. Өнер-рухани-мәдени сананың, эстетикалық көзқарастың, философиялық танымның шығу көзі жәнe көрініс обьектісі. Сондықтан, оның құндылықтарының бағалануы, оған айтылатын сыни көзқарасқа, әлеуметтік сұраныс талап-тілектерге, қоғамдық не жеке даралық позицияға байланысты айқындалады. Онымен қоғамның рухани-мәдени жетістіктері де байланысты. Ол суретшінің көркемдік іс-әрекетіне де тікелей әсерін тигізеді. Сонда көркемөнер ізденіс тәжірибелері мен көркем образды түйсіну мүмкіндіктеріне рухани, мәдени, тарихи, табиғи, психологиялық және әлеуметтік алғышарттар рухани тұғыр қызметін атқарады. Сонымен бірге бейнелеу өнері-индивидуальді өнер. Образды сомдау және оны қабылдау барысында суреткердің немесе көрерменнің рухани-мәдени болмысы, көркем-эстетикалық, философиялық көзқарасы, мәдени деңгейі, табиғи дарыны жетекші орынға шығады.
Өнер тарихы дегеніміз адамзат тарихы. Адамзат ес жиғаннан бері өнермен бірге жасасып келеді. Өнер адамның дүниеге, болмысқа деген наным-сенімдерін дамытушы, саналылық пен білімділікке жетелеген қозғаушы күші және әсемдік пен сезімдердің қайнар көзі болды. Сондықтан да өнер адамның әлеуметтік дамуындағы бірден бір негізгі белгі болып табылады. Өнер адамды тұрпайы дөрекіліктен сезімталдыққа, сүйіспеншілікке баулып оны жоғары парасаттылық биігіне көтереді. Еңбектену мен іздену арқылы адам өнерді тудырса, өнер адамды жан-жақтылыққа, әсемдік әлемін танып білуге тәрбиеледі. Өнер арқылы адам сұлулық пен дөрекіліктің ара жігін айыра білді, осыдан барып адамда эстетикалық талғам қалыптасты. Адам өнерді тудырса, өнер адамды әсемдікке, салиқалы ойлылыққа, мәдениетке жетеледі.
Өнер адам тұлғасына, оның дамуы мен қалыптасуына зор гуманитарлық қалыптасуына әсер ететін күшке ие. Өнер арқылы адамның адамға,табиғатқа, қоғамға деген эстетикалық қатынасын тәрбиеленеді, әсемдікке деген сезімі қоршаған ортамен бірлігін сезінуі туындайды.Өнердің адамға моральдық яғни адамгершілік құндылықтарды беруде де роль зор. Өнер шығармалары-бұл адам өмірі мен олардың сезімінің ең толық та нақты тарихы. Оны қайта жазуға, боямалауға, өзгертуге болмайды. Өнер түрлері өте көп, олардың арасындағы шекара да икемді және жылжымалы болып келеді.
Әлем картинасы толық көлемде олардың қайсыбір жекелеген түрі арқылы берілмейді. Сондықтан да суретші оларды механикалық түрде біріктіре отырып емес, тұлғаға көпжақты эмоционалды әсер етуге қабілетті өнерді синтездеп, ерекше қосынды жасай отырып, әр түрлі өнер түрлерінің мәнерлеу құралдарын пайдаланады.
Бейнелеу өнерінің түрлері әр алуан ұғымдардың мән-мағынасын түсіндіреді. Олар мыналар:
Анималистер деп бірыңғай аңдарды бейнелейтін суретшілерді айтады. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.
Витраж- терезеге салынған сурет. Ол француздың «vitre» (терезе әйнегі) деген сөзінен шыққан. Витраж өнердің ең көне түрі. Ортағасырларда салынған соборлардың барлығы дерлік витраждарымен ерекшеленеді.
Графика-сурет салу өнері. Гректің «grapho» (жазамын, суретке саламын)деген сөзінен шыққан.
Живопись ең бір ежелгі өнер. Ол көне дәуір мен қайта өрлеу дәуірінде де, Ежелгі Египет пен Грецияда да өмір сүрген. Живопись станоктік және монументтік деп екіге бөлінеді. Мольбертке н/е керілген кенепке салынған шығармалар «станоктік» живопись деп аталады. Ал, «монументтік»живописке үйлердің ішкі н/е сыртқы қабырғаларының өзіне салынған шығармалар жатады.
Колорит суреттерде әр алуан боялардың белгілі бір үйлесім табуы. Колорист суретші әр бояудың жеке өзіне, оның басқа бояулармен үйлесіміне ерекше мән береді.
Композиция - латынның «compositio» ойлап шығару, құрастыру деген сөзінен шыққан. Суретші өз шығармасында айтпақ ойы анық әрі әсерлі болу үшін, онда бейнеленетін адамдар мен оларды қоршаған нәрселерді белгілі бір ретпен орналастыруға көп көңіл бөледі.
Миниатюра – ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған оқиғаны бейнелейтін суреттер. Суреттердің көлемі шағын болса да, суретші ондағы ең бір елеусіз нәрселердің өзін мүлт жібермей, тәптіштеп көрсетеді.
Мозайка – ең ежелгі өнердің бірі. Ол асыл шынының түрлі-түсті сынықтарынан құрастырылған сурет.
Мүсін-ең ежелгі өнерлердің бірі. Мүсін өнерін скульптура дейді. Ол латынның «sculpere»-қашау деген сөзінен шыққан. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің тілі-бояулар, суретшілер сол арқылы бояу әлемінің сұлулығын ашады. Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды, не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай тек бір жазықтықта кескіндемей, кеңістікте жан-жағынан бірдей көрінетіндей қылып, толық мүсіндейді. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған шығармасының мінез құлқын, ішкі сырын ашуға тырысады.
Натюрморт-француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Оған тұрмыста күнде кездесіп жүретін заттарды бейнелейтін картиналар жатады. Натюрморт алғаш рет ХҮІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болды.
Пейзаж - өнері өте әр алуан. Кейбір пейзаждар өмірде бар нақты өлкелердің көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Адамдар әу бастан табиғат көрінісін салған. Бірақ көпке дейін белгілі бір оқиға мен адамның тұлға-тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде пайдаланып келген. Тек ХҮІІ ғасырда ғана бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар туа бастады. Мұндай жанрды голланд суретшілері ойлап тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет