Лекция табиғат пайдалану жағдайлары Табиғат пайдалану деп



бет3/4
Дата02.11.2023
өлшемі187 Kb.
#482205
түріЛекция
1   2   3   4
ЛЕКЦИЯ 10

Жалпы табиғат пайдалану халықтың өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін тегін және азаматтар мен ұйымдарға табиғи ресурстар берілместен жүзеге асырылады. Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар табиғат пайдаланушыларға заңмен қатаң белгіленген тәртіппен беріледі. Жалпы табиғат пайдалану әрбір адамның жайлы қоршаған ортаға табиғи құқығын жүзеге асырумен байланысты болады. Жалпы табиғат пайдалану жалпы ережелер бойынша мемлекеттік органдар тарапынан арнайы рұқсатты талап етпейді, яғни жұрттың бәрі қол жеткізе алады. Алайда, заң жүзінде жалпы пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін.
Жер Кодексіне сәйкес жалпы пайдаланылатын жерлерге алаңдар, көшелер, тротуарлар. өтпе жолдар, жолдар , жағалаулар, парктер, гүлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерін қанааттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа да инженерлік жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер жатады. Жеке тұлғалардың жалпы жұрттың кіруіне жабық емес жер учаскелеріне еркін, қандай да бір рұқсатсыз болуға құқығы бар. Егер біреудің жеке меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскесі қоршалмаған болса немесе егер жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскеге өзінің рұқсатынсыз кіруге болмайтынын өзге де әдіспен белгілеп қоймаса, егер бұл жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға зиян келтірмейтін болса, осы учаске арқылы кез келген адам өте алады.
Азаматтардың жалпы орман пайдалану құқықтары ҚР-ның Орман Кодексінде баянды етілген. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында болуының тәртібі мен шарттары мемлекеттік орман қорының санатымен және аймақгы абаттандырудың деңгейімен, орман пайдалану түрімен, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы жеке-дара ережелермен анықталады. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында демалысын өткізу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт шараларына қатысу, жеке мұқтаждары үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақгарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинау мақсатында рұқсат құжаттарынсыз тегін болуына құқығы бар. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында өздерінің мұқтаждары үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинауға облыстық атқарушы органның ұсынысы бойынша облыстық өкілді органның шешімімен бекітілген нормалар шегінде рұқсат етіледі. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында болуы және жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқүлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинауға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықтың денсаулығын қорғау, өрт қауіпсіздігі мүдделері үшін, жаңғақ кәсіпшілігі, орман - жеміс, орман-тұқым және аң аулау шаруашылығын жүргізуге шектеулер қойылуы мүмкін. Алайда, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген жабайы өскен өсімдіктер мен саңырауқұлақгардың түрлерін, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктер мен табиғи құрамында есірткі бар шикізатты жинау мен дайындауға, Қазақастан Республикасының арнайы заңымен анықталған жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады. Орманға келген жеке тұлғалар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, ағаш пен бұталардың сынуына немесе кесілуіне, орман дақылдарының зақымдануына, орманды ластауға, құмырысқа илеуін, құстардың ұяларын зақымдауға жол бермеуге, жабайы өскен тағамдық орман ресурстарын, дәрілік шикізатты оларды молайтуға нұқсан келтірмейтін мерзімдерде және әдістермен жинауды жүргізуге міндетті.
Азамат үшін ортақ су пайдалану құқығы оның туған сәтінен пайда болады және қандай жағдайда да ол иеліктен шығарылмауы мүмкін. Су кодексінің 65-бабына сәйкес ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай-күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі мақсатында ортақ су пайдалану шектеулі немесе оған тыйым салынуы мүмкін. Ортақ су пайдалану шарттары мен ережелерін жергілікті өкілді органдар белгілейді (республикалық маңызы бар қалалар, астана). Сөйтіп, ортақтабиғат пайдалану құқығы өздерінің мұқтаждарын қанағаттандырумен байланысты болады және жалпы қол жететін құқық болып табылады. Бұл орайда, ортақ табиғат пайдалануды іске асыру үшін мемлекеттік органдар тарапынан рұқсат талап етілмейді. Табиғатты арнайы пайдалану — қоғамның, заңды және жеке тұлғалардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану. Табиғатты арнайы пайдалану мемлекеттік органдар беретін арнайы рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады және табиғи ресурстардың белгілі бір бөлігін заңды және жеке тұлғалардың оқшау пайдалануына бөлуді талап етеді. Суды, жер қойнауын, жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды арнайы пайдалану болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет