Лекция тақырыбы: Атқа міну мәдениетінің генезисі Лекцияның оқыту нәтижелері



бет1/8
Дата02.04.2024
өлшемі42.6 Kb.
#497312
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
2 lecture



2 Лекция тақырыбы: Атқа міну мәдениетінің генезисі


Лекцияның оқыту нәтижелері:

1. Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету;


2. Сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу;
3.Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстардыжүйелеу және сыни баға беру


Лекция мазмұны.


1.Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы.
2.Сармат-Алан тайпалық одағы.
3.Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі.
4.Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.
5.Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы.
1. Ерте темір дәуірі басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкеп соқты. Тарихи сахнада гректер мен парсылар скифтер, сактар, савроматтар деп атаған тайпалар пайда болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының ұқсастығының өзара тығыз байланыстылығы нәтижесінде етене жақын мәдениеттер құрылды. Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мәдениетінде қару-жарақтың, ат әбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, "скиф-сақ аң стилі" деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дәуіріндегі қоғам тұрғындарының бұл материалдық мәдениетін "скифтік үштік" (ат әбзелдері, қару, аң стилі) деп те атайды.
Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен "патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге жерлеген.
Қазіргі заман ғылымында ерте темір дәуіріндегі далалық тұрғындар қоғамының ерте мемлекеттік дәрежеде тұрғандығы туралы пікірлер айтылуда Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта өмір кешкен дала халықтарының даму дәрежесін пайымдай отырып, сібірлік ғалымдар "Дала өркениеті" деген атауды ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет