Лекция тақырыбы: кіріспе. І-блок. Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің Қалыптасуы адамның тарихқа дейінгі эволюциясы және ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениеті



бет2/9
Дата02.04.2024
өлшемі52.89 Kb.
#497311
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1 lecture

2. Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу.
Кезеңдеу — тарихи процестерді сараптау құралы ретінде қызмет ететіні белгілі. Сондықтан ол ең алдымен тарихи дамудың дәуірлері мен кезеңдерінің шартты белгілеріне қарай жіктеумен айқындалады. Осыған сәйкес белгілі бір тарихи мерзім ішінде өндіргіш күштердің, қоғамдық қатынастардың, қоғам ахуалының, мәдениетінің даму кезеңдері сараланып шығады. Қазақстанның тарихын кезеңдерге бөлу қаншалықты күрделі болса, соншалықты жүйеге түспеген мәселе. Сондықтан да ғылымның алдында мынадай міндеттемелер айқындала түсті:
Біріншіден, тарихи материализмге негізделген маркстік-лениндік идеология мен методологияның тоқырауы қазақстандық тарих ғылымының алдында тарихты кезеңге бөлудің теориялық жаңа негізін жасау мәселесін туғызды.
Екіншіден, бұл қазіргі кезеңдегі көкейкесті мәселе, өйткені уақыт өлшемімен алғанда тарихи процестерді кезеңдерге бөлудің жүйесі болмайынша, өткенді зерттеу, қорытындылаушы еңбектер жазу, Қазақстан аумағында өткен процестердің схемасы мен моделін құру мүмкін емес. Тарихты дәуірлеу — тарих ғылымы методологиясының аса маңызды тұстарының бірі.
Қазақстан мемлекетінің тəуелсіздік алуы ғылымды жаңа өзгерістерге алып келді. Сондықтан да Қазақстан тарихы ғылымына қоғамдық жаңа ұлттық тарихымызды жазуға əлемдік тарих ғылымында өткен дəуірлеу мен қазіргі кезеңдегі тарихи құбылыстардың кезеңдік межелерін айқындау тəжірибесін ескеру қажет бола бастады. «Кезеңдеу – тарихи процестерді сараптау құралы ретінде қызмет ететіні белгілі. Сондықтан да ол ең алдымен тарихи дамудың дəуірлері мен кезеңдерінің шартты белгілеріне қарай жіктеумен айқындалады. Осыған сəйкес белгілі бір тарихи мерзім ішінде өндіргіш күштердің, қоғамдық қатынастардың, қоғам ахуалының, мəдениетінің даму кезеңдері сараланып шығады». Алайда Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу қаншалықты күрделі болса, соншалықты жүйеге түспеген мəселе. Атап айтсақ, ең алдымен тарихты зерттеп, зерделеудегі əдіснама (методология) мəселесі толық шешіліп біткен жоқ. Тəуелсіздік алған кезден бастап біз кешегі еуроцентристік бағыттқа негізделген маркстік-лениндік əдіснамадан кеттік деп жарияладық, дегенмен бұл əдіснама əлі мемлекеттік стандарттарда, оқулықтарда кездеседі. Тіпті тарихшылардың өздері одан толық арылған жоқ. Қазір өркениеттік бағытты ұстанамыз дегенмен, тарихты пайымдауда, зерттеуде, оқытуда бұл əдіснаманы толық пайдаланып жүрген жоқпыз. Оған толық көшетін уақыт жетті. Сонда ғана Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерін дұрыс түсінуге мүмкіндік аламыз. Көшпенді өркениет мəселесін шешіп, оны əлем тарихына қоса аламыз. Қазақстан тарихын кезеңдеу мəселесі де толық аяқталған жоқ. Бұрынғысынша ежелгі, орта, жаңа, қазіргі заман деп бөлінеді. Отан тарихын бұлайша кезеңдеу біздің пікірімізше кейбір мəселелерді тереңірек жəне жан-жақты ашып көрсетуге толық мүмкіндік бермейді. Отан тарихын кезеңдеу дегеніміз тарих ғылымының теориясы мен методологиялық өресін көрсететін, таным биігіне көтерілу жолындағы атқарылған 311 істер мен алдағы міндеттерді айқындайтын жауапты сəт. Екіншіден, ол күрмеуі күрделі тарихи-өркениеттік үрдістердің бастысы мен екінші кезектегісін, негізгісі мен қосалқысын айырып тануға мүмкіндік береді. Отан тарихының кезендерін дұрыс анықтау арқылы тарих ғылымының бұған дейін ашылмай келген мəселелерін зерттеуге серпін беріп, қалың бұқараның ұзақ жылдан бері өтелмей келген ғылыми ақиқатқа деген қарызын қайтару сөзден іске айналады. Қазақ тарихы ғылымында 1917 жылдан бастап 1991 жылға дейінгі Қазақстан тарихы ғылымы бір ғана саяси-экономикалық бағытта өрбіді. Қазақстан тарихының материалдары жалпы білім беретін мектептерде ресми түрде 1958–59 оқу жылынан бастап оқытылып келеді. Бірақ та тарих сабақтары КСРО тарихы құрамында үзік-үзік оқытылғандықтан оны оқытуда көптеген қайшылықтар орын алды. Олар: білім мазмұны мен Коммунистік партияның, Кеңес үкіметінің оны оқытуға қойған талаптары, оқу бағдарламалары мен оқулықтары, білім мазмұнының көлемі, оның күрделілік деңгейі мен оқушылардың мүмкіндігі, жас ерекшелігі, оқыту əдістемесі талаптары мен курстың оқытылу жайы, пəннің оқу-материалдық базасына қойылатын талаптар мен оның іс жүзіндегі мүмкіндіктері арасындағы жəне басқа да қайшылықтар болатын. Тарихи үрдістердің заңдылықтары мен кезендеріне талдау жасауға ұмтылыс əр дəуірде де болған. Орта ғасырларда тарих пен тағдыр тəңірінің не құдайдың қолындағы іс деген пайымдау үстемдік құрса, жаңа заман ойшылдары тарих толқынының шешуші факторы ретінде ағартушылықты, төңкерісті, жеке тұлға əрекетін, мемлекеттік билік формасын алға тартты. Тарихты кезеңдеу мəселесінде отарлаушы Ресей империясы өз саясатына бейімдегендігі белгілі. Қазақ тарихты кезеңдеу мəселесін ХХ ғасырдың 20–30-жылдарында ұлт зиялылары да өз зерттеулерінде мəселе етіп көтерген болатын. М. Тынышбаевтың «Түрік-монғол тарихы» атты зерттеуінде «түрік-монғол тарихы екі кезеңге бөледі: 1) Ең ескі заманнан бастап, 1456 жылға дейін (өзбек пен қазақ-қырғыз айрылатын жыл). 2) 1454 жылдан бері қарай, казақ-қырғыз бөлініп шыққанға дейін, қысқаша түрік-монғол тарихын бəрін жазбақшымыз, сол жылдан бері қарай бір-ақ қазақ-кырғыз тарихын айтпақшымыз», – деп жазған болатын . Ал, С. Асфендияров «Қазақтар тарихының кейбір негізгі мəселелері» атты мақаласында қазақ тарихының үш кезеңі бар, олар: 1-кезең – капиталистік дамуға дейін (XVIII ғасырға дейін), 2-кезең – отарлау. Қазақстан патшалықтың отары жəне Қазақстандағы Қазан революциясының алғы шарттары, 3-кезең – кеңестік, – деп бөледі. Еліміз егемендік алғаннан кейін Отан тарихын дəуірлеу мəселесін кешенді көтерген академик М. Қозыбаев еді. 1992 жылы дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайында оқыған баяндамасында тоғыз дəуірді нақты көрсетті: 1. Адам баласы қазақ сахарасында пайда болып, өмір сүрген тайпалар белесі; 2. Сақ, ғұндар заманы; 3. Түркі тектес тайпалар дəурі; 4. Қыпшақ белесі; 5. Монғол үстемдігі; 6. Қазақ хандықтары: халық, ұлттың қалыптасуы; 7. Отаршылық бұғауында; 8. Қазақ халқы Кеңес империясының уысында; 9. Қазақ халқы егемеңді ел болған шағында [3]. 2010 жылы жарық көрген Ғылым академиясының Тарих институты шығарған оқулықтың бірінші томында «Сақ-сармат дəуірі», «Ғұн-үйсін мемлекеттері» деп дұрыс көрсетілген. Ғұндар ежелгі дүниенің екі империясының ыдырауында өз таңбаларын қалдырды. Олар: Хань жəне Рим империясы. Сондықтан да ғұн тарихына Отан тарихынан қомақты орын беруіміз қажет.
Отан тарихын дəуірлеуге байланысты ойларын кейінде басқа да ғалымдар ортаға салды. Мəселен, белгілі ғалым Т. Омарбеков тарихтағы бетбұрыстардың, дамудың, белестердің хронологиялық ауқымы бірде ұзақ, бірде қысқа болатынын еске сала отырып, эра, дəуір, кезең, саты тəрізді ұғымдардың аражігін нақты ашуға, соларға табан тіреп тұру қажеттілігіне баса назар аударды. Зерттеуші ғалым Х. Əбжанов қазақ тарихын 6 кезеңге бөліп қарастырады. 1) Көне Қазақстан. 2) Түркілену исламдану, қазақтану дəуіріндегі Қазақстан. 3) Қазақ хандықтары немесе табиғи-дəстүрлі даму дəуірі. 4) Зарзаман дəуірі. 5) Зорлық пен модернизациялау дəуірі. 6) Азаттық дəуірі .
Қазақ тарихында табиғи-географиялық, геосаяси ерекшелік, шаруашылық-мəдени типі ықпал еткені сөзсіз. Дегенмен, шешуші рөлде, тағдыр анықтағыш тоғыста, алдыңғы шепте бірде этникалык, енді келесі сəтте саяси фактор алма-кезек табысып жатты. Қазақтың кəсіби философиясының өте көрнекті өкілдерінің бірі Ағын Қасымжанов халқымыздың өзіндік санасының тарихына қатысты қазіргі аянышты жағдайының себептерін былайша түсіндіреді: «Қазақтардың рухани мəдениетінің тарихын түсіну жəне жаңғырту жұмысындағы жағдайды сипаттайтын мəселелердің біріншісі оқыту мен білім беру үдерісі үшін іргетасты құрайтын тарихи зерттеулердің жалпы бағдарымен байланысты, ал ол, дəлірек айтқанда, жоқ болып отыр. Екіншіден, жоғары оқу орындарының тарих факультеттерін есепке алмағанда, қазақтардың рухани тарихының ғана емес, қазақ тарихының жалпы мəселелері де оқу-білім беру пəндерінің жалпы тізіміне кірмей қалды. Басқа көп нəрселер туралы айтылды (бұл керек те), көне Рим мен ортағасырлық Еуропа туралы, Бабыл мен Жаңа дүниені отарлау туралы көп айтылады, ал өзімізге жақын төңірек туралы, өлкенің тарихы мен халқымыздың өзіндік санасы туралы мүлдем ештеңе айтылмайды. Үшіншіден, жалпы алғанда тарихшылардың, жекелей алғанда мəдениет тарихшыларының күш-жігері «тарих дегеніміз өткенге қарай төңкерілген саясат» ұстынымен бағдарланды, яғни оларды тарихты ыңғайға қарай бұрмалап пайымдауға, партияның негізгі бағытындағы «тербелістерге» сəйкес «тарихты қайта көшіріп жазуға» бағдарлады. Адамдардағы айғаққа деген, жауапкершілікті жұмысқа деген, дербес ойлауға деген талғамды өшіріп тастады, оның есесіне «сізге не жағымды» ұстынына сəйкес жағымпаздықты, субъективизмді қалыптастырды». Əлемдік тарихта қазіргі заман тарихының басталу кезеңін бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу уақытымен алса, Кеңестік жүйеде 1917 жылғы қазан төңкерісінің уақытымен алған болатын. Біздің пайымдауымызша Қазақстан тарихындағы қазіргі заманды қазақ жеріне капитализмнің енуінен бастау керек деген орынды.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Ұлы даланың ежелгі тарихы (1 мың жыл бұрын – б.з.5 ғ.)
Түркілік кезең – 6-12 ғ.ғ.
Ұлттық мемлекеттің қалыптасуы (13-17 ғ.ғ.)
Отарлау кезеңі -18-20ғ.ғ. б.
Кеңестік кезең 1917 -1991
Тәуелсзідің кезең -1991 – бүгінгі күнге дейін




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет