Лекция тақырыбы: кіріспе. І-блок. Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің Қалыптасуы адамның тарихқа дейінгі эволюциясы және ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениеті



бет1/9
Дата02.04.2024
өлшемі52.89 Kb.
#497311
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
1 lecture



1 Лекция тақырыбы: КІРІСПЕ.
І-БЛОК. ЕЖЕЛГІ АДАМДАР ЖӘНЕ КӨШПЕЛІ ӨРКЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы және ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениеті


Лекцияның оқыту нәтижелері:

1. Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету;


2. Сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу;
3.Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстардыжүйелеу және сыни баға беру


Лекция мазмұны.


1. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері
2. Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу
3. Антропогенез туралы жаңа мәліметтер.
4. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.




1.Қазақстан тарихы бүкіл адамзат тарихының толық мықты бір бөлімі, өйткені ол дүниежүзі тарихы, Евразия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтары тарихы, Орталық Азия елдерімен ұштасып жатады. Қазақстан тарихы – Қазақстанның территориясында ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін болған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, процестерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, тұтас қарастыратын ғылым.
Қазақстан – түрлі тарихи аласапырандарды басынан өткізіп барып тәуелсіздікке қолын жеткізген, көп ұлтты республика. Сондықтан оның берік негізі патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қоя білуіне байланысты болмақ.
Ұлтының тарихын білу арқылы өзінің орныңды, ортаңды біліп, өзіңді-өзің тани алатындай жағдайға келгенде ған толық қанды ХХІ ғасырдың азаматы бола аласың. Сондықтан Қазақ тарихын білу арқылы барлық азаматтарға шарт.
Пәннің мақсаты: Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру.
Пәннің міндеттері:
1) білім алушыларды фундаментальді деректанулық және тарихнамалық материалдармен, сондай-ақ қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының жетістіктермен таныстыру;
2) Қазақстан тарихының гуманитарлық білім беру жүйесіндегі орнын анықтау;
3) дамудың заманауи кезеңіндегі өзекті мәселелерді талдау үшін Қазақстан тарихының нысаны мен пәнінің ерекшелігін анықтау;
4) Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік формалары мен өркениеттердің эволюциясын, қазақ халқы этногенезінің негізгі кезеңдерін толық және объективті көрсетуге негізделген Қазақстан тарихының ғылыми-негізделген тұжырымдамасын жасау;
5) қазіргі тарихтың азаматтық ұстаным мен ғылыми дүниетаным қалыптастыратын негзгі оқиғалары туралы тарихи білімдерді жүйелеу;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет