4. Сезім түрлері: адамгершілік, интеллектік, эстетикалық.
Адамгершілік – моральдық сезімдер қоғам талабына орай адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл -күй білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айтылады. «мораль»-«морале»
Деген француз сөзі. Мағынасы адамгершілік. Оның дамуы қоғамның тарихи дамуына байланысты.
Интеллектік – ақыл –ой сезімі адамынң таным әрекетімен байланысты. Адамның шындықты тануға деген ақыл –ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән –жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізенпаздық әрекетін тудырады. Іздену барсында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды.
Эстетикалық сезім объектив шындықты бейнелеп әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап , оған әсерленудегі көңіл-күй.психология эстетикалық сезімді табиғат пенадам қоғамындағы әсемдіктің даманың жан дүнеиесіне бейнеленіп, оның мінез құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл –күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістетуші ықпал ретінде қарастырады.
5.Күрделі эмоциялар : кейіп, аффект. құмарлық
Кейіп- адамның белгілі объектіге бағытталмай-ақ, ұзаққа созылған көтеріңкі, не жабырқау қалыптағы көңіл -күйі.
Құмарлық – адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті,терең, тұрақты эмоция.
Аффект- (лат. Аффектус- зорығу,ұшыру,күйіп-пісу) қысққа уақытқа созылсада, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоция.
Эмпатия – қайғы –қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшыраған өзгелерге жанашырылық білдіріп, солардың ауыр халі өз басыңа түскендей сезіну.
Стресс- бұл күтпеген , шытырман жағдайда туатын эмоциялық күй.
Фрустрация- жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілер ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі құлазып, қайғырып, күйзеледі,ашуға булығады. Бұндай жағдайда көңіл өшпенділік, кейіс мен қаһар тудыруға бейім келеді. Фрустрацияның өту ерекшелігі шиеленіскен жағдайдың шешілуіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |