«Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті»
СӨЖ-1
Ертегілік емес прозалық жанрлар
Әпсана
Орындаған:Сержан Аяжан
Топ: 202
Тексерген: Мажиева Назым
Әпсана – халықтың наным-сенімінен, арман-қиялынан туған прозалық жанрдың бірі, шындық пен қиялдың элементтерін пайдалана отырып, белгілі бір тарихи оқиға немесе атақты тұлға, я болмаса топоним жайында көркемдей баяндайтын әңгімелер.
Аңыз әңгімелердің мазмұн желісіне уақыт өте арман-қиялдан туған элементтер араласып, әпсанаға айналады. Сондықтан да әпсана кейіпкерлері ерекше жандар ретінде бейнеленіп, небір ғажайып оқиғалардың ортасына түседі.
Тарихи-мекендік әпсаналар кей жағдайда ежелгі мифтен де тарайды. Жер-су, мекен тарихын баяндайтын әпсаналардың сюжеті коп жағдайда сол тектес аңыздар сюжетіне ұқсатылып, қиялдан туады. Мәселен,«Тоқпанның балалары», «Айнақ көл», «Ыстық көл», «Қара жігіт», «Өгіздің терісі», «Қызылкеніш ордасы» сияқты әпсаналар осы негізде пайда болған.
Бұлармен салыстырғанда әлеуметтік-утопиялық әпсаналар болмысты, өмірдің көкейкесті мәселелерін молырақ әрі айқынырақ қамтиды. Мұнда халықтың бақыт туралы, жақсы өмір жайлы арман-аңсары анық көрінеді де, кейіпкерлер дәріптеле суреттеледі. Ертеде, есте жоқ кезенде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман болған деп басталатын мұндай әпсаналарда елдің әлеуметтік қиялы, бақытты ғұмыр жөніндегі түсінігі қоғамның бір тарихи кезендерінде жаңғырып отырады да, утопиялық пайымдарға ұласады. Алтын Орда мен Ноғай Ордасы ыдырап, ел күйзелген тұста «Жерұйықты іздеген Асанқайғы» туралы, содан соң XVIII ғ.-да Өтегеннің Жиделі Байсынды іздегені жайындағы әпсаналар осының айқын айғағы. Бұл әпсаналарда бас кейіпкер барынша дәріптеліп, құтты қоныс алыста, табылмайтын жұмақ болып бейнеленеді. Әпсананың тақырыптық ерекшеліктерімен өзгешеленетін тағы бір түрі - діни-кітаби хикаяттар. Мұнда исламның ұстанымдары уағыздалып, Құран мен Інжілдің сюжеттері пайдаланылып, пайғамбарлар мен әулиелер жөнінде әңгімеленеді. Мұнда да ескілікті және жаңа исламдық мифологияның белгілері қатар жүреді.
Әпсананың 3 түріне мысал ретінде талдауға тоқтала кетсем :
Достарыңызбен бөлісу: |