Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


 Қылмыстың арнаулы субъектiсi



Pdf көрінісі
бет30/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
4. Қылмыстың арнаулы субъектiсi. 
Қылмыстық заң белгілі бір жасқа толған, есі дұрыс кез-келген жеке тұлға 
ғана емес, ерекше қосымша белгілері бар адамдар субъекті бола алатын 
қылмыстарды да көздейді. 
Арнаулы субъектінің ҚК-тің Ерекше бөлімінің нормаларында көзделген 
барлық белгілері мына топтарға бөлінеді: 
1.Адамның құқықтық жағдайын сипаттайтын белгілер. 
2.Демографиялық белгілер айыпты адамның дене кұрылыс қасиеті. 
3.Қызметтік жағдайды атқарылатын жұмысты сипаттайтын белгілер және 
адамның кәсібін сипаттайтын белгілер. 
4.Адамның бұрынғы әлеуметтікке қарсы қызметін немесе неше қайтара 
қылмыс жасағандығын. 
 
8 Тақырып: Қылмыстың субъективтiк жағы 
 
Мақсаты: қылмыстың субъективтік жағы, кінәсі, жағдайы туралы 
ұғымды түсіндіру, кінәнің нысандарын білу, екі кінәнің арасындағы 
айырмашылықты түсіну, қылмысты кінәнің екі жақты нысандарымен 
сипаттауды білу 
 
Жоспар: 
1.Қылмыстың субъективтiк жағының түсiнiгi және оның мәнi 
2.Кiнәнiң түсiнiгi және нысандары 
3.Қасақаналық және оның түрлерi 
4.Абайсыздық және оның түрлерi 
5.Қылмыстық ниет және мақсат 
6.Кiнәнiң қосарланған (аралас) нысаны 


37 
1.Қылмыстың субъективтiк жағының түсiнiгi және оның мәнi 
Кылмыстың субъективтік жағы дегеніміз — адамның өзі жасаған 
қылмыстық іс-әрекетке және оның салдарына/зардабына/ психикалық 
қатынасы. 
Қылмыстың субъективтік жағына мыналар жатады: кінә, кылмыс 
жасаудағы ниет (себеп) жәңе мақсат. 
Кінә — кылмыстың кез келген кұрамының субъективтік жағының 
міндетті белгісі. Қылмыс жасаудағы ниет пен мақсаттың кінәдан 
айырмашылығы, олар бір құрамдар үшін міндетті болып табылса, екіншілері 
үшін — субъективтік жақтың факультативтік белгілері болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет