Лекциялар 15 с Лабораториялық сабақтар 15 с СӨЖ 30 с обсөЖ 30 с


ОБCӨЖ №1 Сабақтың тақырыбы



бет5/13
Дата13.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#133545
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ОБCӨЖ №1

Сабақтың тақырыбы


Адам денесінің негізгі жазықтықтары, осьтері, сызықтары.

Жалпы анатомиялық терминдер.

Қаңқа жүйесі, тұлға қаңқасы.

Сабақтың мақсаты Анатомиялық препараттар және атластармен жұмыс істеу әдістемесімен студенттерді таныстыру.Студенттерді адам денесінің құрылысында дұрыс бағдар жасау және жалпы анатомиялық терминдерді сауатты пайдалана білуге үйрету. Студенттерді осьтік қаңқаның,төстің, қабыртқалардың құрылыстарымен таныыстыру оларды әртүрлі омыртқаларды анықтай білуге үйрету. ”өсінді”,”қуыс”,”жал”,”сай” сияқты т.б. анатомиялық терминдерге түсінік беру


Сабақтың мазмұныАдам денесі арқылы өткізуге болатын негізгіжазықтықтар және оларға сәйкес келетін осьтер тірі адамның мүшелерінің шекараларын анықтауда қолданылатын негізгі вертикальды сызықтар,адам денесінің облыстары туралы түсінік.

Дене қаңқасы осьтік және қосымша қаңқа,сүйек және оның құрамы.Омыртқа бағанасыжалпы сипаттама,бөлімдерге бөлінуі, сүйекті және шеміршекті бөліктері,байлам аппараты ,лордоз және кифоз жөнінде түсінік.Жеке типтік омыртқаның құрылысыденесі,омыртқа тесігі, доғасы, өсінділері, ойықтары.әртүрлі бөлім омыртқаларының құрылыстарының ерекшеліктері.Типтік мойын омыртқалары,құрылысының негізгі айырмашылықтарыомыртқа денесі мен омыртқа тесігі өлшемдерінің қарым-қатынасы, осьтік өсіндінің пішіні, көлденең тесіктерінің болуы. Атипті мойын омыртқалары. Атланттың құрылысының ерекшеліктері денесінің және осьтік өсіндісінің болмауы, екі доғасы мен және бассүйекпен және осьтік омыртқамен буындасатые буын беттерінің болуы.Осьтік және 7-ші мойын омыртқаларының ерекшеліктері. Кеуде омыртқаларының құрылысының жалпы ерекшеліктері, көлденең өсінділерінде қабыртқа ойықтарының және жартылай ойықтарының болуы(ерекшеліктерін білу )Бел омыртқалар құрылысының жалпы заңдылықтары, олардың басқа бөлім омыртқаларынан айырмашылықтары. Сегізкөздің құрылысы негізі және ұшы,дорсальды және жамбас беттері, тесіктері ,орталық латералды және аралық бұдырлары, көлденең сызықтары,, жамбас сүйектерімен байланысу орындары.құйымшақ бөлімінің құрылысының ерекшеліктері. Төс сүйегініңқұрылысытөс тұтқасы, төс денесі және семсер өсіндісі .Жеке қабыртқаның құрылысықабыртқа басы,буын беттері, мойны,бұдыры,бұрышы,денесі,сайы.қабыртқа топтары нағыз, жалған ,бос қабыртқалар олардың төс сүйегімен буындасуы.

Адамның көкірек клеткасының сипаттамасы, оны құраушы сүйектер, қабыртқа доғасы , көкірек клеткасының жоғарғы және төменгі апертуралары.

Оқу материалы қаңқа, байланысқан омыртқа жотасы, омыртқалар жиынтығы, сегізкөз, құйымшақ, төс сүйегі, қабыртқалар жиынтығы.

СӨЖге арналған әдістемелік нұсқауларОқулықтардағы және лекция конспектілеріндегі «Остеология» тақырыбындағы текстермен танысып шығу.Атластағы суреттерді пайдалана отырып ,біртұтас қаңқаға қатысты негізгі осьтерді(біліктерді) жазықтықтарды, сызықтар мен облыстарды көзге елестете білу.Формалары әртүрлі сүйектерді тауып, тұлға қаңқасы сүйектерінің байланысу тәртібіне көңіл бөлу. Байланысқан омыртқа жотасы, омыртқалар жиынтығын пайдалана отырып әртүрлі бөлім омыртқаларын айыру,әсіресе, атипті мойын омыртқаларына ерекше көңіл аудару.Сүйектердің буындасу принциптерін біле отырып өз бетінше қабыртқа доғасын құрастыруға талпыну.Лупа көмегімен сүйек тіліндісіндегі оның кемік затының құрылысын қарап көру


Бақылау сұрақтары

Адам денесінің негізгі бағыт-бағдарлары


Сүйек ұлпасының құрылысы

Сүйек затының құрылысы

Сүйектің химиялық құрамы

Сүйектің қасиеттері

Сүйек мүше ретінде

Сүйектердің жіктелуі

Адам қаңқасының негізгі бөлімдері

Омыртқа жотасының құрылысы

Омыртқаның құрылысы

Мойын , кеуде, бел омыртқаларының ерекшеліктері

Сегізкөз бен құйымшақтың құрылысы

Қабыртқаның құрылысы, қабыртқылар топтары.

Төс сүйегінің құрылысы

Сүйектердің байланысу типтері.


Негізгі түсініктерЖазықтық, ось,(білік) сызық, облыс, қаңқа жүйесі, сүйек, сүйек ұлпасы, сүйек заты,шеміршек, байламдар, осьтік қаңқа,лордоз, кифоз, қосымша қаңқа, тесіктер, шұңқырлар, өсінді, доға, жал, буын беті, канал(ұңғыл), төмпек, сызық, сай, ойық, буын, синдесмоз, синхондроз, симфиз.


ОБCӨЖ №2

Сабақтың тақырыбы


Қаңқа жүйесі, қол қаңқасы.

Сабақтың мақсаты Студенттерді қол қаңқаларының құрылыстарымен таныстыру оларды әртүрлі қол сүйектерін анықтай білуге сипаттауға үйрету.


Сабақтың мазмұныҚол қаңқалары: белдеу және еркін қол сүйектері Қол сүйектері . Қолдың иық белдеуі құрылысы және оны құрайтын сүйектердің функционалдық маңызы. Бұғана оның пішіні ұштарының аттары және маңызы . Жауырын сүйегі, жауырынның құрылысы,беттері,бұрыштары,шеттері,,жалы,шұңқырлары,өсінділері,ойығы, мойны, буын беті және олардың функционалдық маңызы. Төс бұғана және иық –бұғана буындары . Еркін қимылды қол сүйектері, тоқпан жілік, кәрі жілік , шынтақ жілік, білезік, алақан және саусақ сүйектері және олардың құрылысы.Тоқпан жілік типті түтікті сүйек ретінде,диафиз, проксимальды және дистальды эпифиз,метафиз, апофиз, құрылысының детальдары,денесі,басы,, мойындары,ет төмпешіктері, дельта тәрізді бұдыр, басы бар блок, шұңқырлары,айдаршықтары. Шынтақ жілік ,денесі,өсінділері,ойығы,басы,буын беттері,сүйек аралық қырлары.Кәрі жілік басы,мойны, төмпегі, буын беттері,өсінділері,сүйек аралық қырлары.Білезік сүйектері, сегіз сүйектің аттары,пішіндері.Алақан және саусақ сүйектері.Қол сүйектерінің байланысы.

Оқу материалы қаңқа, бұғана, жауырын сүйегі, тоқпан жілік, кәрі жілік , шынтақ жілік, білезік, алақан және саусақ сүйектері.

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар

Оқулықтардағы және лекция конспектілеріндегі «Остеология» тақырыбындағы текстермен танысып шығу.Атластағы суреттерді пайдалана отырып ,қол сүйектерін танып-білу.Жоғарғы және төменгі белдеу қаңқаларының құрылысының ортақ жоспар құрылысына жоғарғы белдеу қаңқасының тұйықталмағандығына,солсебепті қимыл еркіндігін қамтамасыз етедіндігіне көңіл бөлу.Формалары әртүрлі сүйектерді тауып, тұлға қаңқасы сүйектерінің байланысу тәртібіне көңіл бөлу. Студенттер кез келген түтікті сүйектің құрылысында анық бағыт-бағдарлай біліп олардағы проксимальды эпифиз, дистальды эпифиз, диафиз, метафиздерді таба білу керек. Апофиздердегі шеміршек ұлпасының болуына көңіл бөлінуі керек. Сондай-ақ, білек сүйектері мен сирақ сүйектерінің бір-біріне қатысты орындарына көңіл бөлінуі керек. Еркін аяқ-қол қаңқасы сүйектерінің құрамынан қысқа және сесам тәрізді сүйектерді бөліп көрсету керек. Барлық білезік және толарсақ сүйектерінің аттарын білу керек және оларды көрсете білу керек.


Бақылау сұрақтары

Қол қаңқасының бөлімдері


Қолдың иық белдеуі құрылысы

Тоқпан жіліктің құрылысы

Білек сүйектерінің құрылысы

Қол басы сүйектерінің құрылысы

Білезік сүйектерініңұрылысы

Алақан сүйектерініңұрылысы

Қол сүйектерінің байланысу түрлері

Негізгі және қосымша түсініктер қол белдеулері, еркін белдеу сүйектері, ұштары, шеттері, бұрыш, қыр, проксимальды эпифиз, дистальды эпифиз, диафиз, метафиз, шығыройық, айдаршық, айдаршықүсті төмпектер,сүйек аралық қырлар, бақайшықтар, синостоз, қанат, бұтақ, төмпешік, сай, терминальды сызық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет