2. Этнология және әлеуметтану
Этностар этнологиялық зерттеу объектісі ретінде тек табиғи даму нәтижесімен ғана қарастырылмайды, оның ғылыми негізі әлеуметтік – мәдени үрдістерімен де толығады.
Сондықтан да, этнология этникалық үрдістерді зерттеуде әлеуметтану және мәдениеттану аспектілерімен де қоса өркендейді.
1930 жылы екі ғылымның тоғысуымен жаңа ғылыми бағыт этносоциология дамыды. Оның негізін неміс ғалымы Рихард Турнвальд қалады, ол қазіргі ауыр өнеркәсібі дамыған елдердегі этникалық және әлеуметтік үрдістердің байланысын зерттеуді алға тартты.
3. Этнология және мәдениеттану - этнокультурология саласы арқылы әрбір ұлттың материалдық және рухани мәдениеттінің шығу тегін зерттеумен қоса, оларды салыстырмалы түрде дамытады. Олардың ерекшелігін этнология шешеді.
Этнология бұл бағытта – инкультурацияны (өз этносының мәдениетін терең меңгеру); аралас мәдениеттің байланыстарын, дәстүрлі және модернизацияға ұшыраған қоғамның мәдениеттерін т.б. зерттеу шұғылданады.
Мәдениеттану мен этнология бірін – бірі толықтыратын туыс ғылымдар саласы.
4. Этнопедагогика – этнография, әлеуметтану, педагогика ғылымдарының тоғысқан саласы. Зерттеу нысаны дәстүрлі халық педагогикасы. Әрбір халықтардың баланы тәрбиелеудегі ерекшеліктері, түрлі ойындары мен фольклор т.б. басшылыққа алынады. ХІХ – ХХ ғасырларда этнографияның бұл саласы халық тұрмысы негізінде қарастырылған. Этнопедагогика терминін ресей ғалымы Г. Н. Волков енгізсе, 1920 жылдары этнограф, фольклорист Г.С.Виноградов пен О.И.Капицалар алғаш негізін қалады. 1930-40 жж. мәдениеттің неофрейдистік теориясының және негізгі жеке адам ұғымы, жеке тұлғаның негізі қаланатын ерте балалық шақ, яғни қоғамның, әлеуметтік жағдайдың оған әсері туралы идеялардың АҚШ-та көп таралуы да этнопедагогиканың дамуына әсер етті.
5. Этнопсихология – салалас ғылым, ол антропологиялық психологияны, әрбір этностың психикалық ерекшеліктерін, ұлттық мінез – құлықты, заңдылықтарының қызметін, дамуын, пайда болуын, этникалық стереотиптерін т.б. зерттейді.
Этнопсихологияны зерттеу мынадай бағыттардан тұрады:
салыстырмалы түрде, әрбір этностың психофизиологиясы арқылы оның есте сақтау қабілетін, сөзін, эмоциясын зерделесе;
мәдениеттанулық зерттеулерде - әлемді символды түрде қарастыруын, фольклорын, өнерін, этнографиялық бағытта сараптайды;
әрбір этностың ойлауы – жүйелеуі арқылы зерделенеді;
әрбір этностардың менталитеттері арқылы сарапталады;
баланы тәрбиелеудегі ерекшеліктері арқылы анықталады;
Достарыңызбен бөлісу: |