Лекциялардың қысқаша конспектілері 1 Лекция



Pdf көрінісі
бет1/27
Дата02.10.2023
өлшемі460.17 Kb.
#479466
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Лекнорм



Лекциялардың қысқаша конспектілері 

 
1 Лекция. Тақырыбы: Стандарттаудың теориялық жəне əдістемелік негіздері. 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттау жүйесі(ҚР МСЖ). 
Стандарттаудың негізгі мақсаттары болып табылатындар:  
- өнімге, процеске(жұмыс), қызметке арналған нормалар, ережелер жəне талаптар 
бекіту; 
- адамдардың өмірі, денсаулығы, мүлігі жəне қоршаған ортаны қорғау үшін 
өнімнің, процестің (жұмыс), қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
-саудада техникалық кедергілерді жою, ішкі жəне сыртқы нарықта өнімнің 
бəсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету;
-техникалық жəне ақпараттық сəйкестігін, сонымен қатар өнімнің өзара 
байланысын қамтамасыз ету; 
-өлшем бірлігін қамтамасыз ету; 
- ресурстың барлық түрін сақтау жəне ұтымды пайдалану; 
-елдің қорғаныс қабілетін жəне жұмылдыру əзірлігін қамтамасыз ету; 
-табиғи жəне техногендік апаттардың жəне басқа да төтенше жағдайларды 
болдырмау есебінен шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
-өнімнің, процестің(жұмыс), қызметтің қауіпсіздігі жəне сапасы туралы 
мəселелерде тұтынушының мүддесін қорғау. 
Стандарттаудың негізгі принциптері: 
-келісушілік; 
-ашықтық; 
-еркінділік; 
-стандарттау саласындағы отандық жəне шетелдік өндірушілер үшін тең талаптар; 
-экономикалық мақсатқа сəйкестілік. 
Стандарттау объектілірі: көп қайтара шығарылатын жəне(немесе) қолданылатын 
өнімдер, процесстер(жұмыстар),қызметтер. 
Стандарттау əдістері.Стандарттау қызмет түрі ретінде қайталанатын 
мəселелердің ең ұтымды шешімі үшін қажет жалпы ғылыми жəне арнайы əдістер 
жиынтығына негізделеді.Стандарттау жұмыстарында жиі қолданатын əдістер мыналар 
болып табылады: 
1) стандарттау объектісін тəртіптеу; 
2) параметрлік стандарттау; 
3) бірыңғайлау
4) агрегаттау; 
5) кешенді стандарттау; 
6) алдын – ала стандарттау. 
 
Стандарттау объектілерін тəріптеу стандарттаудың көп түрлі объектілерді 
басқарумен тұжырымдалады. 
Тəртіптеу жұмысының нəтижесі, мысалы, сыныптаулар, типтік құрлым, жабдықтау 
бұйымдары, процесстер, ережелер, құжаттардың пішіндері болып табылады. 
Тəртіптеу əдісі жүйелеу, типтеу, селекция, симплификация жəне стандарттау 
объектілерін оңтайлау жолдарымен жүзеге асырылады.
Параметрлік стандарттау-орынды атаутізімі мен параметрдің сандық мəнін 
таңдау жəне негіздеуге арналған стандарттау əдісі. 
Өнімнің ең маңызды параметрлері оның тағайындалуы жəне пайдалану қызметін 
анықтау сипаттамалары болып табылады: 
- өлшем параметрлері ( киім жəне аяқ киім өлшемі,ыдыстың сиымдылығы); 
- салмақтық параметрлері (əртүрлі спорттық бұйымның массасы); 
- машина мен аспаптардың өнімділігін сипаттайтын параметрлері (желдеткіштің 
өнімділігін, транспорттық жүйенің жылдамдық қозғалысы); 


- энергиялық параметрлері( двигательдің қуаттылығы) жəне т.б. 
 
Бірыңғайлау (лат.unus –бір)- əртүрлі өнімнің, процесстің жəне қызметтің 
оптималды санын жəне олардың параметрлік мəндерін жəне өлшемдерін таңдау. 
Бірыңғайлау – бұл бір нəрсені бірыңғай жүйеге, пішінге келтіру. 
Бірыңғайлаудың мақсаты- əртүрлі өнімдердің, процестердің қажетсіз көп түрлерін 
негізгі тұтынушыларды қанағаттандыратын санына келтіру. 
 
Агрегаттау-машиналарды,аспаптарды жəне жабдықтарды əр түрлі көп қайтара 
қолданылатын жəне бір-бірімен алмаса алатын стандартты жеке бұйымдармен құрастыру 
болып табылады. 
 
Кешенді стандарттау-стандарттың ең негізгі əдістерінің бірі. Кешенді 
стандарттау кезінде стандарттау объектісінің жалпы өзіне, сонымен қатар оның негізгі 
элементеріне нақты мəселені оптималды шешу мақсатында, өзара байланысқан талаптар 
жүйесі орнатылады жəне қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет