Анализ және синтез жалпы алғанда ғылыми тануды дамыту амалдары болып табылады. Анализ және синтез бүтінді ойша бөліктерге бөлу және керісінше бөліктерді біріктіру процесі. Олар өзара шарттасқан процестер. Оларды бір-біріне қарсы қоюға, бір-бірінен бөліп алуға және біреуін артық бағалауға болмайды.
Педагоикалық құбылыстарды және процестерді анализдеу – оларды ойша жеке-жеке бөліктерге бөлу болып табылады. Ол зерттеу объектісінің құрылымын, дамуының әртүрлі кезеңдерін, әр қырларын көруге мүмкіндік береді. Аналитикалық іс-әрекет барысында абстракция, салыстыру қолданылады. Бұл жағдайда тану күрделіден қарапайымға қарай жүреді. Анализ маңыздыны маңызды еместен, тұрақты қатынастарды тұрақты емес қатынастардан бөліп қаруға, ажыратуға мүмкіндік береді.
Педагогикалық зерттеулерде анализ әртүрлі формаларда болады: жіктеу, қатынастар анализі, каузалдық және диалектикалық.
Жіктеу анализі ең қарапайым болып табылады.ол зерттеудің бірінші, бастапқы кезеңінде қолданылады және құбылыстарды ұқсастық және қайталаушылық негізінде реттеуге және жіктеуге мүмкіндік береді.
Қатынастар анализі танудың күрделірек сатысы. Мысалы, қарапайым жіктеулік салыстырумен оқушылардың іс-әрекетінің ішкі сипатын аша алмаймыз. Ол үшін оны бөліктерге бөліп, олардың арасындағы қатынастарды зерттеу керек. Оқушының оқу іс-әрекетін зерттеуде олар бұл іс-әрекеттің мақсатын, функцияларын білу, мұғалімнің оң немесе теріс бағаларыныңоқу сипатына ықпалы, оқу міндеттерінің және оқушылардың таным процестерінің араларындағы тәуелділіктер және т.б. болуы мүмкін. Қатынастар анализі арқылы белгілі құбылыстардың дамуы процесін зерттеуге болады. Мысалы, оқушының тәртібін зерттеу үшін төмендегі гипотетикалық шарттарды құруымыз керек:
1) оқушылардың жас ерекшеліктері;
2) сыныптың, мектептің әлеуметтік құрылымы;
3) оқушылардың мұғалімдерге деген қатынасы және т.б..
Дегенмен, қатынастар анализі себеп-салдар байланыстарын аша алмайды.
Құбылыстар қатынасы және сол қатынастар нәтижесінде олардың өзгеруі «функция» ұғымы арқылы белгіленеді. Қатаң функционалдық тәуелділік – бір құбылыстың өзгеруі екінші құбылыстағы нақты өзгерісті тудыратын, құбылыстар арасындағы өзара қатынас формасы.
Себеп-салдар байланыстарын байланыстарын ашуға каузалдық анализ мүмкіндік береді. Бірақ, каузалдық анализ құбылыстағы жалпы байланыстарды үзіп, себеппен салдарды жеке-жеке қарастырады.
Педагогикалық процесс күрделі динамикалық жүйе. Каузалдық анализ оның бір жағын, бір қырын ғана қарастырады. Педагогикалық процесс жүйесін түсіну үшін оның жалпы байланыстарын қарастыру қажет. Оған диалектикалық анализ мүмкіндік береді. Диалектикалық анализ – анализдің ең жоғары формасы.
Синтез – бөліктерді бүтінге біріктіру, бүтінді жеке элементтерден тұратын күрделі құрылым ретінде қарастыру.
Анализ және синтез диалектикалы өзара байланысқан. Анализ барысында алынған нәтижелерді схема, жоспар, бағдарлама түрінде синтездеуге болады.
Абстрактілеудің 2 түрін бөлуге болады: қорыту және бөлектеу (изолирование).
Қорыту – көптеген біртекті заттармен құбылыстардан ортақ, бірдей белгілерді бөліп алу.
Бөлектеу (изолирование) бір затты немесе құбылысты зерттеу процесі және талдау үшін бір қасиетін бөліп алу.
Индукция және дедукция.
Индукция - жалқыдан жалпыға көшу. Индукцияда белгіліден белгісізге көшу жүреді, экспериенталдық фактілерге, практикаға сүйене отырып талдау жасалынады. Индукция – эмпирикалық деңгейден теориялық деңгейге көшу формасы.
Дедукция - жалпыдан жалқыға көшу. Дедукция- бір немесе бірнеше тұжырымнан логика заңдары және ережелері арқылы жаңа тұжырым жасау. (шындық ретінде алынған тұжырымнан бір жаңа тұжырым шығару).
Модельдеу – объектінің белгілі бір сипаттамаларын зерттеу үшін оларды арнайы жасалған объектіде құрастыру (воспроизведение). Модельмен оригиналдың қатынасы белгілі бір талаптарға сай болуы тиіс:
ғылыми тануда оригинал модельмен алмастырыады;
модель зерттеушіге ол туралы ақпарат береді.
Модель типтері: материалдық және идеалдық.
Күрделі құбылыстарды модельдеу олардың кездейсоқ қатынастарын ажыратуға мүмкіндік береді.
2. Зерттеудің эмпирикалық әдістері.
Педагогика жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі бақылау. Бақылау – зерттелетін педагогикалық құбылысты мақсатты түрде қабылдау арқылы нақты фактілер жинау.
Ғылыми педагогикалық бақылауға қойылатын талаптар:
Бақылау алдын-ала белгіленген нақты мақсат бойынша жүргізіледі.
Бақылау алдын-ала ойластырылған және жазылған жоспар бойынша жүргізіледі.
Зерттелетін белгілер саны минимум болуы керек және оларды нақты анықтау қажет.
Бақылаушы қателіктердің пайда болу мүмкіндігін және оларды болдырмау жолдарын алдын-ала ойластыруы керек.
Педагогикалық бақылауды дайындаудың және жүргізудің келесі кезеңдерін көрсетуге болады:
бақылау объектісін таңдау, мақсатын анықтау;
бақылау жоспарын құру, құжаттарды дайындау (бақылау хаттамасы бланктерін, бақылаушыға нұсқаулар, құрал-жабдықтар және т.б.);
бақылау мәліметтерін жинау (жазбалар, хаттамалар, кестелер және т.б.);
бақылау нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу;
бақылау нәтижелерін талдау және қорытынды жасау.
Бақылау түрлері: іштей (бақылаушы бақыланатын топ мүшесі болады) және сырттай; тұтас және таңдаулы.
Сауал-сұрақ әдістері - әңгімелесу, интервью алу, сауалнама жүргізу.
Әңгімелесу – қажетті ақпаратты алу мақсатымен қолданылатын зерттеудің жеке немесе қосымша әдісі. Әңгімелесу алдын-ала жасалған жоспар бойынша анықтауды қажет ететін белгіленген сұрақтар бойынша жүргізіледі. Әңгімелесу еркін формада өткізіледі.
Сауал-сұрақ әдістерінің бірі интервью алу. Интервью алу барысында зерттеуші жоспарланған сұрақтар алдын-ала белгіленген қатаң бір ретпен қойылады.
Сұрақтар құрастыру барысында төмендегі талаптар сақталуы керек:
сұрау кездейсоқтық сипатта емес, жоспарлы болуы керек; алғашында оңай, соңына қарай қиын сұрақтар қойылады;
әр сұрақты өзгертусіз қағаздан оқу қажет;
сұрақтар міндетті түрде рет-ретімен қойылуы қажет;
интервью қысқа уақытты болуы тиіс (оқушылармен – 15-20 минуттан, ал үлкендермен 30 минуттан аспауы керек);
интервью алушы жауап берушіге әртүрлі жолдармен ықпал етпеуі керек (бас шұлғу немесе келіспегенін білдіріп басын шайқау және т.б.);
қажет болған жағдайда интервью алушы қосымша тек бейтарап сұрақтар қоя алады (мысалы, «Онымен не айтқыңыз келеді?», «Осы туралы толығырақ түсінік берсеңіз.»);
егер жауап беруші сұрақты түсінбесе оны қайта оқу керек; жауап берушіге сұрақты, сұрақта кездесетін түсініктерді түсіндіруге болмайды және сұрақ қайта оқылғаннан кейін де түсініксіз болса «Сұрақ түсініксіз» деп жазып қою керек;
жауаптар тек интервью алу кезінде жазылады.
Сауалнама алу – зерттеудің мәліметтерді жаппай жинау әдісі. Сауалнама алуға қойылатын талаптар:
оның қолданылуының мақсаттылығы;
қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік беруі;
сұрақтардың түсінікті болуы және бір-біріне қарама-қайшы келмеуі;
сауалнама сұрақтары жауап берушіде теріс эмоция туғызбауы;
жауап берушінің дайындық деңгейін ескеру.
Сауалнама түрлері: ашық, жабық және аралас.
Ашық сауалнамада сұрақтарға жауаптарды жауап берушінің өзі құрастырса, жабық сауалнамада дайын жауаптардың біреуін таңдайды. Аралас сауалнамада сұрақтар ашық және жабық түрде болады.
Сауалнаманың алғашқы сұрақтары жауап берушідегі эмоционалдық толқуды төмендетуі, оның қызығушылығын арттыруы тиіс. Сауалнамадағы ұзын күрделі ұйымдастырылған сұрақтар, жауаптарды бағалаудың ұзын шкалалары, ақпараттың көптігі, сұрақтар санының көптігі оның құндылығын төмендетеді. Респонденттің құзыреттілігін немесе шын жауап беріп отырғандығын тексеру үшін сұрақтарды басқа түрде қайта қоюға болады. Бірақ олар өте шектелген болуы тиіс.
Жауаптардың шындығын жоғарылатуға бірнеше әдістемелік талаптарды сақтау көмектеседі. Оның бірі - егер сұрақ туралы пікірі қалыптаспаса респондентке жауап беруден бұлтару мүмкіндігін тудыру. Ол үшін «жауап беруге қиналамын», «әр кезде әр қалай» және т.б. жауап түрлерін қарастыру керек.
Жауап нұсқаларын құрастырғанда олардың оң және теріс нұсқаларының теңдігін сақтау қажет.
Негізгі әдебиеттер: 2, 3, 4, 5, 7, 9, 11, 13.
Қосымша әдебиеттер: 3, 5.
Тақырыбы : №8Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері.
Теориялық анализ және синтез.
Абстрактілеу.
Модельдеу.
Дедукция және индукция .
Зерттеу әдістері деп ғылыми-зерттеушілік міндеттерді шешу жолдарын айтуға болады. Олар ғалымның зерттеу объектісі туралы білімдірді алу құралы.
Педагогика ғылымының зерттеу әдістерін сипаттаудан бұрын нақты зерттеушілік міндеттерді шешу үшін оларды таңдау ережелеріне тоқталалық. Біріншіден, кез келген ғылыми проблеманы шешу үшін бір емес, бірнеше әдістер қолданылады және зерттеуші оларды зерттеп отырған құбылыстың табиғатына сәйкестендіреді. Екіншіден, зерттеу әдісі зерттеу пәні мен зерттеу барысында алынатын өнімге адекватты болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |