Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі семинар-коучинг



Дата14.05.2024
өлшемі15.74 Kb.
#501071
түріСабақ
Семинар сабақ


Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі»
семинар-коучинг
Үшінші тоқсанның алғашқы аптасында мектебімізде бастауыш сыныптар оқу ісі жөнінде орынбасары Қ.Қ.Сапарбекова және аудандық білім бөлімінің бастауыш сыныптар әдіскері Э.А.Сейтбекова ұйымдастыруымен
« Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар-коучинг ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып,оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру.
Оқушылардың оқу сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну мақсатында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Тилеукулова Замира Кенжебекқызы ауданымыздың жас мамандарына Lesson Study-ді қалай пайдалануға болатынын түсіндіру жолында семинар сабақ өтті. Жоспарлау, бақылау , талдау болып бөлінген оқушылар тобы тақырыпты ашуға бағытталған тапсырмаларды орындап, өз ойларын ортаға салды.Семинар сабақ соңында ауданымыздың ұстаздар тобы тақырыпты ашуға бағытталған ашық , жабық сұрақтарға жауап беріп өз ойларын ортаға салды.
Lesson Study дегеніміз не? Оны не үшін пайдалануға болады? Неліктен біз оқу амалдарын зерттеуіміз керек? Біз бұны қалай жасаймыз? Ол үшін не істеуіміз керек? Қандай мақсатта өткізуге болады? Өткізу ережесі қандай?
Ауданымыздың әдіскері Э.А.Сейітбекова «Lesson Study» атты тақырыпта презентация ұсынып,толық ақпарат беріп өтті. Мектебіміздің мұғалімі З.К.Тилеукулова Зерттеу сабағын жоспарлау. Зерттеу сабағын бақылау. Зертеу сабағын талқылау. Осы тапсырмалар бойынша әр топ постер дайындап және оны қорғап шықты. «Lesson Study-дің сабақта қолданылуы» тұрғысынан тапсырмалар беріліп,ұстаздарымыз сәтті орындады.Барлық ұстаздар коучинг соңында кері байланыс беріп, әсіресе жас мамандарымыз олар үшін жаңалық болғанын,толық мағлұмат алғандарын айтып,мектеп тренерлеріне рахметтерін айтып,сәттілік тіледі.

Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектептің


бастауыш сынып мұғалімі: Жаркинбекова М.Н

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет