Летопись Семипалатинского Прииртышья в годы Великой Отечественной войны 1941-1945гг



бет1/3
Дата25.02.2016
өлшемі478.25 Kb.
#20689
  1   2   3
КГУ «Центр документации новейшей истории» управления культуры, архивов и документации ВКО

Летопись Семипалатинского Прииртышья в годы

Великой Отечественной войны 1941-1945гг.

Семей - 2015





70-летию Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. посвящается.


Семь десятилетий отделяют нас от радостного праздника Победы 9 мая 1945 года. Мы преклоняемся перед мужеством и героизмом людей, которые в годы суровых испытаний, не щадя своих сил, не жалея жизни, сражались с ненавистным врагом, работали не покладая рук, помогали чем могли фронту во имя свободы Родины, во имя будущего своих детей, внуков и правнуков.

Чем дальше в прошлое уходят годы Великой Отечественной войны, тем величественнее осознается немеркнущий и бессмертный подвиг советского народа, во всем величии раскрывается могучая сила братской дружбы народов и слава воинов, отвоевавших независимость отчизны.

В ежегодном послании народу Казахстана (2004 г.) Президент страны Нурсултан Назарбаев поднял вопрос о нашей исторической памяти, долге перед отцами и дедами, завоевавшими мир и спокойствие.

Мы никогда не забудем кем и какой ценою завоевано наше человеческое счастье. Помня о подвигах советских людей в годы Великой Отечественной войны 1941-4945 гг.будем беречь мир и согласие на нашей казахстанской земле.

Настоящая летопись рассказывает о трудовых и боевых делах трудящихся Семипалатинской области в годы Великой отечественной войны 1941-1945 гг., их патриотизме, оказании помощи фронту, сборе средств на строительство вооружения для Красной армии, помощи семьям фронтовиков, городам и селам, пострадавшим от гитлеровской оккупации.

Предлагаемый материал окажет определенную помощь пропагандистам и лекторам, преподавателям школ и вузов, работникам печати, радио и телевидения, общественным организациям в патриотическом воспитании трудящихся и молодежи области.

Летопись была впервые издана в 1984 году по материалам областной газеты "Прииртышская правда" за 1941-1945 годы государственного архива Семипалатинской области ныне КГУ «Центром документации новейшей истории».



В 2015 году "Летопись Семипалатинского Прииртышья в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 гг." дополнена также по материалам областной газеты "Екпiндi" за 1941-1945 гг. и издана как на государственном, так и на русском языках. Сведения излагаются в хронологической последовательности.

1941 жыл
22 маусым — Фашистік Германияның Кеңес Одағының жеріне жауыздық шапқыншылығы.
23-26 маусым — Семей облысындағы барлық колхоздар мен өндіріс орындарында митингілер өтуде. Неміс фашистерінің Кеңес Одағының жеріне шапқыншылығы жайлы хабарды Семей еңбекшілері суық сезіммен қарсы алды.
26 маусым — Гоголь атындағы Семей кітапханасында Отанымыздың қорғаныс күштеріне арналған көрме ұйымдастырылды. Көрме 9 бөлімнен қүралған. Көрмеге келгендер Ворошилов пен Сталин жолдастардың Кызыл Армия жайлы ойларымен, 1914-1918 жылдардағы Империалистік соғыс, көркем және тарихи әдебиетерде басылған азамат соғысының жайттарымен таныса алды.
1 шілде — Семей тері комбинатында әйелдер жиылысы болып өтті. Жиналыста Сорокина, Катаева және тон фабрикасының жұмысшысы Вараксина жолдастар әйелдерді "Кызыл Крест" қоғамының мүшесі қатарына шақырып, санитарлық қорғаныс жұмыстарын күшейту мәселесін талқылады.
3 шілде — Неміс фашистерінің шабуылына жауап ретінде "Алтайзолото" тресінің жүмысшылары өндірістің жоғары үлгілерін көрсетті. Ақжал руда басқармасында Козлов, Бастанов, Жидков және Зайцев сияқты стахановшылар өндірістік жоспарларын 150-155% орындады.
5 шілде — Семейдің облыстық мұражайында қаһарман Қызыл Армияға арналған көрме ашылған. Көрмедегі "И.В. Сталин жолдас азаматтық согыс майдандарында" атты бөлімін, көп ұлтты КСРО халқының бірлігі және Қызыл Армияның ерекшелігі жайлы мағлұмат беретін бөлімдер жалғастырды.
12 шілде — Ақжал руда өндірісінің ұжымы фашистік жауыздыққа қарсы митингіге шықты. Олар жылдың үшінші ширегін мерзімінен ерте бітіріп, Қызыл Армияны қарумен қамтамасыз ету үшін жоспардан артық алтын өндіруге міндеттенді.
19 шілде — Семей тері комбинатында қызметкерлер мен жұмысшыларды әскери іске даярлайтын ұйым ашылды. ¥йымда 67 адам санитарлық—қорғаныс жұмыстарын үйреніп, қалған топ адамдары атқыштар ісін белсенділікпен тануда.
24 шілде — Ленин ҚК(б)П райкомына комсомол мен коммунистердің майдандағы Қызыл Армия қатарына қосылу туралы 200-ден аса өтініштер келіп түсті.
8 тамыз — "Пролетарий" өнеркәсіп артелінің мүшелері Сталиндік вахтаға тұрды. Жоспарды мерзімінен ерте орындау жарысында Су-Зун-те бригадасы алға шықты, себебі күнделікті нан тағамдарын жасау жоспары 140-178% орындалуда.
16 тамыз — Жаңасемей ауданындағы "Торжество труда" ауылшаруашылық артелінің мүшелері халықтық қорғаныс қорына мемлекетгік қарыздардың облигацияларын тапсыра бастады. Мәселен, Лученок—500 сомның, Хохлов—700 сомның және Сурков жолдас 700 сомның облигацияларын тапсырды.
22 тамыз — Халықтық Қорғаныс қорын күшейтуде Абай аудан орталығының еңбекшілері белсенділік танытты. Екі күннің ішінде Қарауыл тұрғындары қорғаныс қорына 7955 сом ақша және 48 565 сомдық мемлекеттік қарыз облигацияларын жинады.
1 қыркүйек — Семейдің мәдениет қызметкерлері соғысқа байланысты өздерінің істерін күрт өзгертті. Мысалы, Облыстық театр көптеген өндіріс орындары мен колхоздарда өз қызметін көрсетуде. Театрда 5 бригада ашылды, олар 25 шілде — 1 тамыз аралығында облыс қалаларында 39 және колхоздарда 58 концерт өткізді. Сонымен қатар, отандық қорғаныс қоры үшін 5 спектакль қойылды.
22 қыркүйек — "Шалабай" совхозындағы №2 ферма мемлекетке сүт тапсырудан жылдық нормасын орындады.
25 қыркүйек — Жаңасемей ауданындағы "Терістаңбалы" базасының ұжымы Қызыл Армия үшін жылы киімдер қорына 30 жұп жаңа пима мен 50 жұп қолғап тапсыруға шешім қабылдады. База бастығы И.М.Кудрин шешімді қолдап, бірнеше жылы киім, қолғап және ақшадай 100 сом, Шапошников пен Мельникова жолдастар 50 сомнан жинады.
5 қазан — Осоавиахим бағдарламасы бойынша әскери дайындықтан кейін Ленин ауданында атқыштар тобы қүрылды. Дайындық сабақтарын Тюменев және Немчин жолдастар жүргізеді. Топ жауынгерлері қаруды еркін пайдалануға үйренді.
11қазан — Семейдегі Крупская атындағы артель ұжымы Қызыл Армия үшін жылы киімдер қорына 210 жылы киім тапсырып үлгерді. Соның ішінде: 10 жұп жаңа пима, 15 сыртқы киім, 10 шалбар және тағы басқа киімдер жиналды.
14 қазан — Мақаншы ауданының Фрунзе атындағы колхозда жиналыс болып өтті. Колхозшылар Қызыл Армиямызды жылы киіммен қамтамасыз ету үшін 100 жүп жылы киім, 40 орамал және көптен төсек жабдықтарын шығаруға міндеттенді.
15 қазан — Ветбаклабораторияның жүмысшы Сьянова мен Ветько, Айсова жолдастар күнделікті Қызыл Армия үшін киім тігуде. Олар 13 күн ішінде 108 жұп киім тігіп үлгерді.
6 қараша — "Алтайзолото" тресінің Акжал руда басқармасы алтын өндіруден жылдық жоспарын орындады.
12 қараша — Көкпектідегі колхозшылар жиналысында Мемлекетке 100ц. күнбағыс, 500ц. сүлы тапсыру міндеті қойылған."Малая Буконь" ауылшаруашылық артелінің мүшелері мемлекетке астық сату жоспарынан тыс 600 пұт сұлы тапсырды.
14 қараша — Шар қаласындағы МТС-та социалистік жарыс қызу өтуде. Барлық еңбекшілер өз жүмыстарын 150-200% істеуге міндеттенді. Мәселен, стахановшы электрик В.Грива жұмыс өнімділігін арттырып, күндік нормасын 200% орындады.
23 қараша — Семей кемежөндеу завод жүмысшылары Сталин жолдастың еңбек өнімділігін арттыру нүсқауларын жүзеге асыруда. Барлық жұмысшылар күнделікті нормаларын 2 еседен орындайды. Мәселен, Солдатов еңбек нормасын 330%, ал партия мүшесі Шаяхметов жолдас нормасын 220% орындады.
27 қараша — Шар ауданының еңбекшілері Қызыл Армия үшін жылы киім қорын кеңейтіп, әскер қатарындағы сарбаздарға жинаған сыйлықтардың үшінші вагонын жіберді. Соның ішінде: 163 жұп пима, 25 тон, 20 көрпе, 54 жүп шалбар және тағы басқа заттар болды.
1 желтоқсан — Семей астық өндеу ауылшаруашылық өндірісі Сталиндік Конституция күніне сыйлық ретінде жоспарланған жылдық бағдарламасын бір ай бүрын аяқтады.
3 желтоқсан — Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы Үржарда бірнеше концерт қойды. Концерттік бағдарламада патриотық және қазақтың халық әндері басым болды, Үржар еңбекшілері республикалық халық әртісі Халимгожина орындаған Құрманғазының күйін зер салып тыңдады.
27 желтоқсан — Хирургиялық аурухананың жиналысында үжым мүшелері ақшадай-заттық лотереяға жазылуға шешім қабылдады. Жиналыстан кейін аурухана 3000 сомның билетін сатып алды.
1942 жыл
16 қаңтар — Жаңасемей станциясының жумысшылары мен қызметкерлері Кьізыл Армия сарбаздары үшін жылжымалы моншасының қүрылысына қаражат жинауда белсенділік танытты. Станция ұжымы жексенбілікте 2 мал және 2 станция алаңдарын қардан тазалап, 20 вагондарды тиегені үшін төленген 1221 сом ақшаны поезд моншасының құрылысына аударды.
21 қаңтар —Ново-Щульба аудандағы "Красный восток" колхозының сауыншысы Ульяна Кравченко жақсы жетістіктерге жетті. Сауыншының бекітілген 10 сиырдың 12 бүзауы колхоз тізіміне қосылды.
25 қаңтар — Семей тері комбинатының үжымы жексенбілік өткізіп, одан түскен 3000 сом ақшаны мемлекеттік қорғаныс қорына аударды. Бұл күні жұмысшылар жоғары еңбек өнімділігін көрсетіп, тапсырмаларын 130-230% орындады.
4 ақпан — "Алтайзолото" тресіндегі еңбекшілер арасында соғыс салдарынан жетім қалған балаларға киімдер мен қаржы жинау жұмысы басталды.
11ақпан — Ақсуат ауданындағы "Жаңа-жол" колхозшылары майдандағы жерлестеріне 5 қой және 600 сом ақшадай сыйлық жіберді.
18 ақпан — Шар ауданының еңбекшілері Кызыл Армияның XXIV жылдығына орай Отан қорғаушыларына сыйлықтар жасауға шешім қабылдады. Теміржол бөлімшесінің ұжымы күндік еңбек ақыларын жинап, түрлі азық-түлікті Қызыл Армия қорына жөнелтті.
6 наурыз — Ақсуат аудандағы орта мектептің комсомолдары 600 сом ақша жинап, әуе колоннасының құрылысына жіберді.
20 наурыз — Шар станциясындағы паровоз депосының жұмысшысы Бузаковтың және техникалық бюроның бастығы Ревятиннің көмегімен депо еңбекшілері сабын қайнату ісімен танысып, айына 1 тонна шамасында сапалы да арзан сабын дайындауды жоспарлады.
3 сәуір — "Ауыл" станциясындағы орта мектеп оқушылары жыл басталғалы 225 сом ақша және мемлекеттік қарыздардың 1470 сомдық облигацияларын тапсырды. Сонымен қатар, 9 класс оқушылары танк колоннасының құрылысына қаржы жинай бастады.
23 сәуір — Осипенко атындағы өнеркәсіп артелъ ұжымы 1 мамыр мейрамы қарсаңында Қызыл Армияға сыйлық ретінде күндік жалақысын тапсырды.
1 мамыр — Ақсуат ауданының колхозшылары майдандағы Қызыл Армия жауынгерлеріне 4000-нан аса түрлі жылы киім, пималық 420 кило жүн, тондық 2020 кило тері, мыңдаған посылкалар жіберді.
8 мамыр — Семейге Қызыл тулы Балтық Флотының өкілдері келді. И.Франко атындағы театрда Семей еңбекшілері полк комиссары орденді Акимов жолдастың Балтық моряктарының ерліктері және Балтықшылардың Қызыл Армиямен бірлесе отырып, Ленин қаласын жаудан қорғауы туралы баяндамасын тыңдады.
12 мамыр — Облыстық "Қызыл Крест" қоғамы қысқа мерзімді сестра-санитарка курсын ашып, онда үй шаруасындағы әйелдер мен комсомол қыздарды дайындықтан өткізді.
27 мамыр — Үржар ауданындағы "Красные горные орлы" колхозының еңбеккерлері Балтықшыларға 1т. ұн, 2т. тары, 5ц. бал, 5ц. ет, 2ц. сары май жіберді.

9 маусым — Ново-Шульба ауданындағы "Веселый труд" колхозының басқармасы социалистік жарыстың қорытындысы бойынша озып шыққан №2 егіс бригадасына "майдан бригадасы" деген атақ берді. Бригада мүшелері Буденко М., Левченко М., Шибетай жолдастар "тылдың гвардеецтері" деген атақ алды.


30 маусым — "Обувь" артелінің стахановшылары еңбектің тамаша үлгілерін көрсетуде. Пішушілер цехында істейтін Виттенберг маусым айының жоспарын 177%, Михайлова -136% артық орындады. Артель ұжымы 216000 сомның орнына, 266314 сомның өндерін шықарды.
23 шілде — Бүкілодақтық социалистік еңбек озаты Семейдің М.И.Калинин атындағы ет комбинатына Мемлекеттік Қорғау Комитетінің ауыспалы Қызыл туы тапсырылды.
27 шілде — Облыс жұмысшылары мен қызметшілері арасында 1.997.000 сомның ақшадай - заттай лотереясы таратылды. Семей қаласы бойынша 1.277.000 сомның, ал село мен ауылдарда 1.284.000 сомның лотереясы таралды. Жұмысшылар мен қызметшілерден қолма-қол 69.000 сом, колхозшылардан 390.000 сом ақша түсті. Ново-Шульба, Абай, Мақаншы аудандары алда келеді.
7 тамыз — Үкіметтің және соғыс командованиясының жүк тасу жөніндегі тапсырмасын үлгілі орындағаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығы бойынша Түркістан-Сібір темір жолындағы қызметшілер марапатталды. Соның ішінде, Семейдің вагон участкісінің слесарі Жарқынбаев —Ленин орденіхмен, Жарма дистанциясының жол қараушылар инспекторы Бижанов, Шар паровоз депосының машинісі Жақсылықов Қ., Аягөз вагон участкесінің бастығы Цимбалист И.А —Еңбек Қызыл ту Орденімен марапатталды.
29 тамыз — Үржар ауданындағы Некрасовская МТС-та комбайнер Трум және Масюк жолдастар егін жинаудан еңбек үлгісін көрсетті. Олар "Сталинец" комбайнымен "Знамя труда" колхозында 8 күнде 96 гектар жердің егінін жинап, 1,101ц. астық бастырып шығарды.
5 қыркүйек — Облысымыздың егіс даласында майдандық астық жинау онкүндігі басталды.
8 кыркүйек — Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығы бойынша соғыс тапсырмаларын мүлтіксіз орындағаны үшін темекі фабрикасы мен Н. механика заводының қызметкерлері: слесарь — М.А.Архангельскийге, металл құюшы инженер — С.Н.Туржеевке, бас инженер — Д.С.Қалмыковқа Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
25 қыркуйек — Семейдегі Октябрь ауданының еңбекшілері Қызыл Армия жауынгерлеріне жылы киім жинау ісін зор дайындықпен қолға алды. Осының нәтижесінде 51 қысқа тон, 66 жұп пима, 352 жұп қолғап, 350 жұп шұлық жиналды.
16 қазан — Облыс еңбекшілері майдандағы жауынгерлерге қазан революциясының ХХVжылдық мерекесіне қарсы 7 вагон азық-түлік жіберді.
17 қазан — Ново-Шулъба ауданының "Ударник" колхозындағы комсомол жастар бригадасы майдандық онкүндік кезінде сүдігер жыртуда күндік тапсырманы 115% орындады. Соқашы комсомол қыздар Михалюк Н., және Аверченко М. өгізбен күніне 0,75 гектар орнына 1,15 гектардан жер жыртты.
27 қазан — Қаладағы "Красный кожевник" артелінің стахановшылары Қызыл Армия жауынгерлеріне жылы киім тігуді екпіндету үшін Псағаттан жұмыс істеді. Тігіншілердің көпшілігі күндік норманы 250% орындап аудандық комиссияға 1300 шолақ тон тапсырды.
5 қараша — Жарма ауданындағы "Расцвет" колхозының еңбеккерлері Қызыл Армия қорына бірінші сортты бидайдан 1000 ц. өткізді.
13 қараша — "Қазақстан комсомолы" атындағы авиаэскадрилиясын құру үшін Жармалық комсомол жастары 1.920 сом тапсырды.
28 кдраша — Жаңасемей ауданының колхоз, совхоз және басқа мекемелерінде Сталинград майданындағы Қызыл Армия жеңісіне арналған митингілер өтті. Митингіде майдандағы жауынгерлерге еселеп көмектесу мәселесі көтерілді.
2 желтоқсан — Кемежөндеу заводының алдыңғы қатарлы В.И.Петрушко, Н.В.Борисов, ҚЖұмағұлов және тағы басқа жұмышшыларына Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес Президиумының Грамотасы мен бағалы сыйлықтары тапсырылды.
23 желтоқсан — Облыс бойынша майдандағы жауынгерлерге жаңа жылдық сыйлық ретінде 602ц. ет, 509ц. ұн, 125кг. қант, 1800кг. бал, 1500 литр әр түрлі шарап жиналды.
27 желтоқсан — "Семей колхозшысы" танк колоннасын құруға Аягөз ауданының колхозшылары көптеген қаржы жииастырды. Даңқты патриот Сәдібековтан үлгі алған Ворошилов атындағы колхоздың колхозшысы Балғынбаев жеке көмегі ретінде 10000 сом ақша тапсырды.
1943жыл
1 қаңтар — Мақаншы ауданының колхозшылары Қызыл Армия жауынгерлеріне 121ц ет, 161ц ұн, 442кг май, 414кг бал, 150кг сабын, 150 кг қант және тағы басқа да көптеген жаңа жылдық сыйлықтар жіберді.
3 қаңтар — Облыс еңбекшілері "Семей колхозшысы" танк колоннасын қүруға 15832000 сом қаржы жинап, мемлекеттік банкқа табыс етті.
21 қаңтар — Көкпекті ауданының Дмитриев атындағы ауыл шаруашылық артелінің мүшелері Қызыл Армия қорына 2500 пұт астық берді.
29 қаңтар — Жаңасемей ауданының колхозшылары "Семей колхозшылары" танк колоннасы, "Советтік Қазақстан" атты авиация құрамасы қорына 3 миллионға жуық қаржы жинастырды.
19 акпан — Семейдегі кемежөндеу заводының жүмысшылары даңқты Қызыл Армияның жеңістеріне жаңа табыстармен жауап беруде. Заводтың шойын қүятын цехы күндік тапсырмасын 250% орындап, социалистік жарыста үздік шыққаны үшін заводтың ауыспалы Қызыл туын алды.
26 ақпан — "Болыпевичка" фабрикасының үжымы Қызыл Армияның XXV жылдық мерекесіне арналған Сталин жолдастың бұйрығын жігермен қарсы алды. Өткізілген митингіге 1000-нан аса адам қатысты. Стахановшы Аросланова жолдас өз сөзінде: "Мен күндік тапсьфманы 110% орындайтынмын, енді ең кемі 150% орындайтын боламын", -деп өндірістік жоспарды орындауға жарысқа шақырды.
16 наурыз — Неміс фашистерінен азат етілген аудандарға облысымыздан 11 соқа, 153 трактор соқасы, 2 автомашина тағы басқа саймандар жөнелтілді. Ол аудандарға тұрақты жұмыс істеу үшін 162 трактор, 15 бригадир, 7 комбайнер, 7 агроном, 2 механик және тағы басқа мамандар жіберілді.
30 наурыз — Облыс бойынша әскери қызметшілердің семьяларына көмектесу қорына 31.340 кг азық-түлік, 12 бас мал, 1000 кубометрдегі ағаш, 600 пар аяқ киім, 2300 сыртқы киім, көптеген мың сом акша жиналды.
4 сәуір — "Қазақстан пионерлері" атты қуатты совет эскадрилиясын құру үшін Жаңасемей ауданының Глуховка орта мектебінің оқушы пионерлері 1120 сом, Жаңажол мектебінің оқушылары 1050 сом жинап тапсырды.
24 сәуір — Үржар ауданында колхоздар жаппай көктемгі егіс жұмыстарына шықты. 5 күн ішінде 1872 га жер жыртылып, тұқым себілді және 3159 га жер бораланды.
1 мамыр — Облыс еңбекшілері Н-гвардия дивизиясының жауынгерлеріне май мерекесіне арнап 5 вагон сыйлық дайындады. Оның ішінде 2 т. сарымай, 1 т. бал, 17 т. ұн, 3 т. колбаса, 2 т. балық, 2000 л. арақ, 500 кг. темекі және 1 вагон ет жіберді.
14 мамыр — Облсовет аткомының шешімі бойынша 1943 жылғы 15 мамьфдан бастап облыс көлеміндегі барлық мемлекеттік, кооперативтік және қоғамдық үйымдарда қызмет уақыты сағат 8.00-16.30 дейін өзгертілді. Түскі демалыс уақыты 30 минутты қамтитын болды.
11 маусым — Жаңасемей ауданындағы "Жаңа жарыс" колхозы неміс басқыншылардан азат етілген аудандарға арнап 15 га, Қызыл Армия қорына 3 га егін салды. Мемлекеттік жоспардағы 120 бас сиырдың орнына, колхозда 130 бас сиыр, сонымен қатар 357 бас қой болды. Осы табыстары үшін колхозға Жиеналы ауыл советінің көшпелі Қызыл туы берілді.
21 маусым — Семей қаласында Киевтің И.Франко атындағы театрдың 14 қызметкері Қазақстан еңбекшілеріне арналған шығармашылық жұмыстары үшін Қазақ ССР Жоғарғы Советінің грамотасымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
21 шілде — Жаңасемей ауданында Чкалов атындағы колхоз мүшелері Теміргалиева, Бегісенов, Егінбетов жолдастар шөп шабуда күндік тапсырмаларын 180-200% орындады.
1 тамыз — Майданда Семей жігіттері Байсейтов Р., Семейденов Ә., Кәкібаев X. әскери дайдықтарын көрсете білгендері үшін "Отличник РККА" белгісімен марапатталды.
18 тамыз — Облыстық театр үйінде жазушылар мен халық ақындарының облыстық жиылысы өзінің жүмысын бастады. Жиылыста отан соғысы күндерінде жазушылар мен халық ақындарының міндеттері туралы мәселе талқыланды. Қатысқандардың қатарында Төлеу Көбдіков, Сапарғали Әлімбетов, Иманбазар Қазанқапов халық ақындары болды. Мүхтар Әуезов "Ұлы ақын-Абай Құнанбаев" деген тақырыпта баяндама жасады.
18 қыркүйек — Тамыз айындағы социалистік жарыстың қорытындылары бойынша қалалық өндіріс комбинатына жергілікті және кооперативтік өнеркәсіптен ҚК(б)П обкомы мен облаткомының ауыспалы Қызыл туы берілді.
19 қыркүйек — "Урал" артелінің мүшелері жоғары қарқынды еңбектің нәтижесінде жарты айлық жоспарын 114.5% орындады. Жоғарғы Бас командованиенің дербес қорына жоспардан тыс 8500 сомның өнімдері тапсырылды.
12 қазан — "Третья пятилетка" артелінің жүмысшылары майдандық айлықтың 20 күндік тапсырмасын 117% орындап, 5300 сомның өнімін шығарды.
16 қазан — Бүкілодақтық социалистік жарыстың қыркүйек айындағы қорытындылары бойынша былғары заводына Мемлекеттік Қорғау Комитетінің ауыспалы Қызыл туы берілді.
31 қазан — Абай ауданынның "Жарлы қамыс" колхозындағы Айқынбаева Т. басқарған товарлы сиыр фермасы мемлекетке жоспардан тыс 254 кг май тапсырды. Ферманың артық кірісі арқылы әскер семьяларына 52 көйлек, 4 фуфайка, 4 пима және тағы басқа да көптеген жылы киім әперілді.
28 қараша — Облысымыздың комсомол ұйымы көптеген жастарды қаһарман қала-Сталинградты қалпына келтіруге аттандырды. Соның ішінде Семейлік Дроздова, Хныкина, Бейсекенова, Файзуллина және тағы басқа да қыздар қажырлы еңбекпен майданшылар атағына ие болды.
30 қараша — Жаңасемей ауданының Крупская атындағы колхозының еңбеккерлері артық астықтарынан Қызыл Армия қорына 30 пұт астық тапсырды.

3 желтоқсан — Орел облысының күйзелген шаруашылығын қалпына келтіру үшін Абай ауданындағы "Қопа" колхозының мүшелері 6000 сом ақша, 5 сиыр, 11 қой-ешкі, 70 кг май, 100 кг жүн, 50 тері жинады.


1944 жыл
4 қаңтар — Мемлекетке астық сату жүмысына Абай ауданының әйелдері белсене қатысты. Мысалы, Балтақбаева Қ. 5 пүт, комсомол Қүдайбергенова А. 3 пүт, Сағындыкова 3. 3 пүт астық сатып, басқаларға үлгі болды. Бірнеше күн ішінде ауданның патриот әйелдері түтыну кооперациясына 186 пүт астық сатты.
11 қаңтар — Ет-сүт басқармасының ұжымы майдандағы жауынгер семьяларына материалдық көмек ұйымдастыруда тамаша бастама көрсетіп, 3100 сом ақша, 25 жұп пима, 15 жылы киім жинады.
14 қаңтар — Облыстағы өндіріс орындарының социалистік жарысының қорытындысы бойынша, ҚК(б)П обкомы мен облаткомының ауыспалы Қызыл туы "Сельхозмука" завод басқармасына тапсырылды.
21 қаңтар — Метал өңдейтін қалалық өндіріс комбинатының ұжымы ауыл шаруашылық машиналарының құрама бөлшектерін жасау жоспарын 120% орындады. Комбинат жұмысшылары жарты айдың ішінде жоспардан тыс 700 сомның запас бөлшектерін шығарды.
1 акдан — Қызыл Армия мен Соғыс Теңіз Флотын азық-түлікпен қамтамасыз етудегі үкімет тапсырмасын үлгілі орындағаны үшін ССРС Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылдың 23 қаңтардағы Жарлығы бойынша ет-сүт өнеркәсібінің бірқатар адамдары марапатталды. Оның ішінде Семей облысынан: "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен Семейдің құрамажем заводының цех бастығы — Дембовский И.С., "Құрмет белгісі" орденімен Калинин атындағы ет комбинатының мал союшысы — Даникеров Ж. және тағы басқалары.
8 ақпан — Үржар ауданындағы "Қызыл жұлдыз" колхозының председателі Молдаханов М. майдан жауынгерлерінің семьяларына 500 сом акша, 50 кг ет, 1 ешкі, 1 көйлек, 2 тері, ал колхозшы Сейсекин 500 сом ақша, 30 кг ет, 3 кг жүн, 1 ешкі беріп, басқа колхозшыларға үлгі көрсетті.
19 ақпан — Абралы ауданындағы Қайнар орта мектебінің үжымы жаудан азат етілген аудан еңбекшілерінің тұрмысы мен мәдениетін қалпына келтіру үшін барынша көмек көрсетті. Ұжым 3500 сом ақша және мектеп балалары үшін 400 дана оқу құралдарын жинап берді.
8 наурыз — Мақта иіру фабрикасының әйелдері Сталиннің Қызыл Армияның 26 жылдық мерекесіне арнаған бұйрығын талқылап, халықаралық әйелдер күніне жаңа табыспен келуге міндеттенді. Фабриканың іріктеу цехының стахановшы қыздары Кабакова, Сапрыгина, Довгалева, Сапожникова күндік тапсырмаларын асыра орындап, басқаларға үлгі болды.
28 наурыз — Жеңімпаз Қызыл Армияның КСРО шекарасына — Прут өзенінің бойына шығу құрметіне қаладағы өндіріс орындарында митингілер болып өтті.
31 наурыз — Әскери қызметшілер семьяларына жәрдемдесу жұмысының майдандық айлығы Ақсуат ауданында ұйымдасқан түрде өтті. Аудан бойынша 50000 сом ақша, 24 бас ұсақ мал, 105 кг май, 210 кг жүн, 500 көлік отын және аяқ киім, сырт киімдер жиналды. Сонымен бірге аудан орталығында Отан соғысы мүгедектері мен әскер семьяларына 200 адамға арналған асхана ұйымдастырылды.
12 сәуір — Құнарлы мал азығын дайындайтын заводтың жұмысшылары Одесса қаласын азат еткен Қызыл Армия жауынгерлерің құрметіне вахтаға тұрды. Медальді пресші Пощенко сменалық тапсырмасын 280% орындады
16 сәуір — "Екпінді" газетінде И.В. Сталиннің сөзі жарияланды: "Майдан жауынгерлерінің анасы" деген танк колоннасын жасау үшін 32000 сом ақша жинаған Семей былғары комбинатының ұжымындағы әйелдерге менің туысқандық сәлемімді және Қызыл Армияның алғысын білдіремін".


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет