ҮЛГІРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫМЕН ЖҰМЫС
Мұғалім сабақ барысында үлгірімі төмен оқушыны анықтап, олардың пәнді меңгеруін, түсінуін есепке алып, диагностика жүргізіп отыруы қажет. Бұл оқушының пәннің қай жерінде олқылығы бар екендігін анықтауға және оның себебін анықтауға көмектеседі. Бұл себептер төмендегідей болуы мүмкін:
Жаңа материалды қажетінше түсіне алмауы;
Жаңа тақырыпты бекіту жұмысының аздығы;
Мұғалімнің үлгірімі төмен оқушыдан тиісті деңгейде талап етпеуі;
Физиологиялық факторлар;
Оқушының пәнге қызығушылығының аздығы, бағалаудың әділ болмауы;
Оқушының сабақтан жиі қалуы.
Үлгірімі төмен оқушымен жұмыстың мақсаты: Үлгірімі төмен оқушының оқуға ұмтылысын жақсарту, өз бетінше білім алуына жол ашу.
Міндеттері:
Оқушының сабақтан себепсіз қалмауын қадағалау;
Оқушының сөздік қорын байыту;
Өз бетінше тапсырманы орындауына ықпал ету;
Пәнге қызығушылығын арттыруға арналған жаттығулар орындау;
Ойын еркін айтуға, зейінін және еске сақтау қабілетін арттыруға арналған жұмыстар жүргізу;
Сабақта тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай сабақтастықты сақтау арқылы дайындау.
Үлгерімі нашар балалармен атқарылатын жұмыс түрлері:
жеке жұмыс карточкасы
тесттер
өзгертілген тапсырмалар
тренажер-карточкалар
шығармашылық тапсырмалар
ақпарат-карточкалар
есептің шешім үлгілері бар карточкалар
конспект-карточкалар
ҮЛГІРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАР ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТ
Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істегенде төмендегі ережелерді сақтау қажет:
Оқушыға тосын сұрақ бермеу, тез жауап беруді талап етпеу, оқушыға ойланып, дайындалуына уақыт беру.
Жауапты ауызша емес, жазба түрінде талап еткен дұрыс.
Ауқымды, көлемі үлкен, әр-түрлі, күрделі материалдарды қысқа мерзімде игеруін талап етуге болмайды. Ол материалды ақпаратқа байланысты бөліп беру.
Бұндай оқушыларға жаңа тақырып бойынша жауап беруін талап етуге болмайды. Үйде дайындалуға мүмкіндік беріп, келесі сабақта сұраған жөн.
Жауап сұрап, ынталандыру арқылы оқушының өзінің күшіне, біліміне деген сенімін арттыру. Бұл сенімдік оған емтихан, бақылау жазған кезде көмек етеді.
Оқушы жауапты дайындап жатқан кезде оған көңіл бөлу, көмектесу қажет.
Балалар нені түсінеді, неден нәтижесі бар, не қолдарынан келеді, соны жақсы көреді. Кез келген бала жақсы баға алғысы келеді. Сыныптастары мен мұғалімнің көмегімен алғашқы жетістіктерге жетуі өте маңызды. Мұғалім шын жүректен баланың көрсеткіштеріне қуанғанын көрсете білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |