Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның дәрігер әйелдері туралы



бет3/5
Дата14.11.2022
өлшемі3.8 Mb.
#464807
1   2   3   4   5
Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның дәрігер әйелдері туралы

Ольга Васильевна Мещерякова
Мария Петровна Смирнова (Кухарская) -
Қызыл крест комитетінің «Флоренс Найтингейн» медалімен марапатталған қазақстандық үш қыздың бірі. Ұрыс даласында қансыра жатқан қаршын жауынгерлерді арқалап, жауып тұрған оқ арасынан алып шығу Мария Кухарская еншісіне тиген. 1941ж 28 шілдесінде майданға аттанған жас қыз бар болғаны жиырма жаста еді. Ең алғаш медсанбатқа келген бойда жаралы танкисті қабылдап алуға бұйырды. Жаралы жас жігіттің бір қолы жұлынып түскен, бұлшық етіне ғана ілініп тұр. Көпті көрген хирург қолындағы қайшысымен жігіттің бұлщық етін қиып жібергенде қолы солып етіп жерге түсті. Мария қорыққаннан ес-түссіз жерге сылқ ете қалды. Есін жиғаннан кейін хирург ұрсып, қайтарып жібереме, сеннен ешқандай санитарка шықпайды деп айтады деп қорықты. Бірақ хирург қайта бұған күлімдеп қарап: «Қызым үйрене бер, әлі бұдан да зорын көресің»- деді.

Айтса айтқандай жиырмадан енді асқан жас қыздың көретіні әлі алда еді. Жауып тұрған оқтың арасынан жаралы талай жауынгерлерді аман алып шықты. Қансырап жүруге қарға адым жер мұң болып, көмек күтіп жатқан талай боздақтарға көмегін аямады, олардың барына қолынан келгенше дәрігерлік көмек көрсетті. Оның ерлігі, жанкештілігі жайында сол кезде майдан газеттері, оның ішінде Красная армия газеті талай мәрте жазды. Соғыс барысында көрсеткен ерліктері үшін Мария Петровна «Қызыл жұлдыз орденімен І дәрежелі Ұлы Отан соғысы», «Ерлігі үшін», «Жауынгерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Вера Наумовна Сотниченко
Қостанай облысының
Федеровқа селосындағы
танымал теміржолшының қызы.
Вера оқып жүргенде соғыс басталып кетті де , орта мектепті тәмәмдай алмай қалды. Аудандық комсомол комитеті оны Пешков орта мектебіне аға пионер вожатыйлыққа жіберді. Сегізінші сыныпты бітіргендігі туралы куәлігімен1942ж Қостана медициналық училищесіне келіп түсіп Вера Сотниченко студент кезінен-ақ жаралы жауынгерлерге донор болып, госпитальдарда кезекшілік етті. Училищені бітіргеннен кейін Гурьев облысында жұмысқа жіберілді. Осында келісімен тағы да әскери комиссариатқа арыз беріп, өзін майданға жіберуін сұрады. Жасының он сегізге толмауына орай бірнеше рет кері қайтарылған. Вера 1944ж Мәскеудегі әскери санитарлық басқармаға жіберіліп, ақыры екінші Беларусь майданындағы 19-шы армияға жолдама алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет