«Ұйқтаган соң мастығы айығып, ісімізге өзі кедергі жасар ма екен?» — деп тұрғанымызда үйдің есігінен Сергей Миновичтің зор тұлғасы көрінді де, үйді айна- лып шықты
«Ұйқтагансоң мастығы айығып, ісімізге өзі кедергі жасар ма екен?» — деп тұрғанымызда үйдің есігінен Сергей Миновичтің зор тұлғасы көрінді де, үйді айна- лып шықты.
Сергей мынаны іздеп жүр гой деймін, белгі бе- ріп шақырайық,— деді Клопов. Сөйткенше болмай Сергей Минович машинаның жанына келіп, кабинасы- на үңіліп қарады да, қолын бір сермеп бізге қарай бет- теді. Арт жағына бұрылып қарап қойып, ол сарайдың қақпасын ашты да:
Жүріңдер, Алексей Васильевич оларды реттеп жатыр. Мынау жата тұрсын,— деп машина жақты сол қолымен нұсқап, бізді ертіп үйге кірді. Кзлсек, Алек- сей Крячек столға баеын төсеп отырған неміс солдаты- ның қолын артына қайырып байлап жатыр екен. Үйде ес-түссіз мас болып жатқан бір офицер мен үш солдат- тың қол-аяғын байлап болған соң, сыртта, кабинада жатқан солдатты да байлап-матап, бәрін машинаға салдық. Бұлар Переяславтан осы Вюнища селосына азық-түлік жинай келген жандармдар еді. Селоны то- науға келген қарақшыларды астыртын ұйымның бас- шылары Шпиталь Сергей Минович пен Крячек Алек- сей Васильевичтердің көмегімен өстіп тұтқынға алдық та, тартып алынған азық-түлік, мал, құстарын иелері- не қайтарып бердік.
Сол түні Переяслав-Золотонош тас жолымен Хоц- кий селосынан он шақты километр өтіп, Золотонош қаласына қарай із тастап қайта оралдық та, Хоцкий орманына кірдік. Бэлое озеро ағаш шаруашылығының шығыс жағындағы қалың жас қайыңның ішіне келіп тоқтадық. Көп кешікпей таң да атты. Жігіттер маши- наның қасында қалды да, мен осы арадан жүз мзтрдэй кішкене алаңға. Хоцкий селосынан келетін ағайынды Луценколардың алдынан шығуға кеттім. Ағаш арасы- мен алаңға жақындап барсам, бір жас әйел тұр екен. Мен оны бұрын көрдім де, ол мені байқаған жоқ. Жу-
ан қайыңның түбіне жасырына қалып, әйелді бақылап жүремнен біраз отырдым. Әлгі әйел қолындағы кор- зинкасын жерге қойып, мен жаққа қарады. «Бұл қалай? Біздің ізімізге түокен біреу ме бұл?» — деп ойладым да, әйелден көз алмай қарап отыра бер- дім. Сөйтіп отырғанда алаңның түстік жағындағы қа- лың жас теректің ішінен екі ер адам шыға келді. Әйел корзинкасын алды да, әлгі екі адамға қарай беттеді. Үшеуі топтанып бірер минуттей тұрған соң, алаңның мен отырған жағына қарай жүрді. Сол кезде барып Петр Луценконы таныдым. Орнымнан атып тұрып: