кетті. Одан үлкен бір тілім нан алып шығып, маган ұсынды. Мен жаны жақсы, мейірбанды өзіміздің қарт тың әжімі қалыңдаған бетінен сүйдім де, үйден шығып кеттім
кетті. Одан үлкен бір тілім нан алып шығып, маган ұсынды. Мен жаны жақсы, мейірбанды өзіміздің қарт тың әжімі қалыңдаған бетінен сүйдім де, үйден шығып кеттім. Көшеде фашистердің бір үйден көрпе-жастық алып шығып, машинаға лақтырып жатқанын көрдім. Хутор- дагыларды тонап жатыр. Мен шалдың ауласына қай- та оралып, оның бақшасының ішімен далаға шығып, Григорьевка еелосына қарай жөнелдім. Сол жерде Днепр арқылы өткел бар еді, ал Днепрдің аржағында Хоцкий орманы болатын. Мен қалжырадым, жүрісім баяулады, нанды үсті- үстіне күйсеп келем. Келесі күні кешке сілем қатып Григорьевка селосына жеттім. Селода фашистер қап- тап жүр екен. Көшеде жергілікті тұрғын халықтардан тірі жан көрінбейді. Мен тура өгкелге қарай тарттым. Фашист солдаг- тары көшеде қарбалас боп жүр. Менімен шаруасы да болған жоқ. Өткелге де келіп жеттім. Мұнда фрицтер өге-мөте көп екен. У-шу, азан-қазан, ештеңе естіп болмайды Осы сеңдей соғылысқан адамдардың ішімен аржақка өтіп шыга қояйын деп едім, тосыннан фрицтің біреуі қолымнан шап беріп ұстай алды да, артқа қарай сіл- кіп жіберді. Оның артынан екінші бір фриц желкемнен итеріп жіберді. Енді мен бұл жерден өтіп шыға алмай- тынымды жақсы түсіндім. Григорьевкаға қайта оралуға ұйғардым.
Илько, сен шаршадың білем, азын-аулақ дем ал,— деді Иван Гаман жас баланың ішкі жан күйзе луінен бозарған жүзіне қарап, жаны ашыған түрде.
Жоқ, жоқ,— деді Илько,— мен шаршағам жок бәрін түгел айтпақшымын.
Григорьевка селосына бара жатқан жолда меі бұдан былай не істесем екен деп ұзақ ойладым. Өзен нің арғы жағалауына өтуді ойладым. Әкеммен бі] ге талай жүргон жерім ғой, есіме басқа бір өткелдер т\ се қалғаны бар емес пе? Оның біреуі Переяславльге ж: қын, ал екіншісі Бучак селосына таяу еді. Мен Буча селосына баруға ұйғардым, өйткені бұл тұстағы өтке і Хоцкий орманына қарай тура шығатын еді. Жүре-ж- ре мен Бучак селосына да жеттім.