Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Ңұрама командирі ңаруланған жастарды топ-топқа бөлді. Ңару-жарақ жетпей қалғандарының ішінен біраз адамды іріктегі алып, тапсырма берді де, село-селола- рына жіберді



бет44/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   395
Jau tilinda 2

Ңұрама командирі ңаруланған жастарды топ-топқа бөлді. Ңару-жарақ жетпей қалғандарының ішінен біраз адамды іріктегі алып, тапсырма берді де, село-селола- рына жіберді.
Спижевой Гришаның тобы отрядқа жаңа қосылған- дарды алып, ал Василий Ңлоповтың тобы тұтқындар- ды айдап лагерьге тартты. Ңалғандарымыз Днепр жа- ғасында тұрған моторлы қайықтарға келдік. Біз кел- генше Анатолий Янцелевичтің партизандары үш қа- йықты да өз ңолдарына алған екен.
Янцелевич Анатолий бұрынғы корабль капитаны еді. Ол өз кораблі бір шайңаста апатқа ұшырағаннан кейін астыртын ұйыммен байланыс жасап, жау ты- лында қалған болатын.
Осы Чапаев атындағы партизан құрамасын ұйым- дастырушылардың бірі. Днепр бойындағы көп опера- цияларға басшылық етіп, ұрысқа тікелей өзі қатысып
отыратын.
Ол қолға түскен моторлы қайықтардың жүзуге әзір екенін хабарлады. Сөйтіп үш қайыққа бөлініп отырдық та, Днепрмен жүзіп кеттік. Жігіттер дабырласып, өз- дері осы әлгінде ғана жүргізген операция жайында қызу әңгімеге де кірісті.
Осылай жайбарақат жүзіп келе жатқанымызда Луковец селосы тұсындағы мүйістен жолаушылар та- ситын бір пароход шыға келді. Осы мүйістен жоғары қарай созылып жататын жіңішке арал бар болатын. Енді аралдың батыстағы жау жағына шығу қиынға соқты да, аралға бұрылдық. Қайықтарды аралға кіре- тін қара суға итеріп-итеріп жібердік те, тосқауылға әзірлендік. Пароход келе жатңан су арнасы тар да те- рең еді. Пароход жақындап та қалды. Палубасында көк киімділер қаптап тұр. Бастарына пилотңа киген солдаттар да, қоқайған фуражка киген офицерлер де көрінеді. Кейбіреулері дүрбімен су жиегін сүзіп қарай- ды. Олардың топтанып бейқам тұрғанына қарағанда, ♦жағада жау жатыр» деп ойламағанға ұқсайды.

  • Бұлай болатынын кім білген! Уақыт тар болып ңалды. Әйтпегенде судың арғы жағына үш-төрт авто- матчик жібергенімізде бізден бұлардың бірде-біреуі ңұтылып кете алмайтын еді,— деді Примак. Көзінен дүрбісін алмай пароходқа ңарап тұрып.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет