Құлынжон селолық округі әкімінің есептік баяндамасының тезисі
Құлынжон селолық округіне қарасты екі ауыл бар, олар - Құлынжон және Көкжыра ауылдары. Тұрақты халықтың саны –1521 адам.368 үй, жеке қосалқы шарулықтары бар үйлер-274.
Негізгі халық жеке мал шаруасымен айналысады.Ауыл шаруашылығы 59 жеке шаруа қожалықтарынан және 3 ЖШС «Казнаковка», «ВостокФиш», «Кузьмич» құрылады. Шаруа қожалықтары: «Серік», «Жолан», « Ильяс» , «Далел», «Азамат». Негізгі ауылдық құрылым жұмысы : өсімдік, мал шаруашылығы, балықпен айналысу. Барлық жер телімі-29014га, соның ішінде: шабындық-3214, жайылым-14244, жыртатын жер-11556. Ауылдағы халықтың қолындағы мал саны: ірі қара-2639бас, сиыр-1161 бас, қой-3848,жылқы-448 бас, шошқа-134 бас, құс-4808. Жазғы бетте малдың жайылымы ұйымдастырылады.Қосымша еңбекпен қамтамассыз етілгендер саны -16 адам. Жоспарлық малдәрігерлік екпелік жұмыстар жүргізіледі.
Ауылда 9-дүкен, АЗС, балық қабылдау пункті халыққа қызмет көрсетеді. Селолық округ әкімішілігі мен кәсіпкерлер арасында күнделікті тағамдарға 10% -пайыздан аспайтын үстеме қосу бойынша меморандум жасалынды.Селолық округте бағаны тұрақтандыратын комиссия мүшелері сайланып, кәсіпкерлермен әңгіме өткізіліп тұрады.2014-жылға ауылшаруашылық құрылымымен 10 000 000 теңге аралығында меморандум жасалынды.Меморандум 100 пайызға орындалды.
Бюджетке түскен салық- 741141 тенге,( жерден, көлік, жеке салық), Қосымша -1367923 теңге түсті. Олар: салықтық базаны кеңейту кезінде жер сатып алу обьектісі бойынша -1174160 теңге, көлік -192763 мың теңге. Барлық бюджетке түскен пайда-2109064 теңге. Берілген жоспар 2014 жылы инвестициядан 34 млн тг, округке түскені 30433,0 теңге, 89,5 пайыз. Жұмыс орындарымен қамтамасыз етуден және тұрмыстық кіргізуден жоспар орындалды.
Селолық округте Казнаковка, Амангелді орта мектебі орналасқан. Мектептегі бала саны-212. «Балапан» бағдарламасымен қамту барысында мектепке дейінгі балабақшамен қамту жақсы жолға қойылған. Толық күнмен балабақшаға баратын балалар саны- 20, Демалыс кезінде мектепке дейінгі балалар -20 бала.Мектепте барлығы компьютерленген, мультимедиялық кабинет, 2 интерактивтік тақта, физика және биология кабинеттері жабдықталған.
Казнаковка орта мектебінде 1-4 сынып, 5-11 аралығында (28 бала тұрмысы төмен отбасы арасында ыстық тамақпен тегін қамтылған.Барлық мектеп оқушылары жасалған меморандуммен сүт және бал өнімдерімен қамтылған.Жазғы демалыс кезінде Амангелді орта мектебінде аудандық балалар ұйымынан 60 оқушы өзінің денсаулығын жақсартып дем алды.
Құлынжон және Көкжыра ауылында фельдшерлік көмек көрсету пункттері жұмыс істейді. Салауатты өмір салтын сақтауда, скринингтік тексеруде уақытымен халықты тексеріп, жіберіліп тұрады. Қысқы бетте фельдшерлік пунктер отынмен қамтамасыз етілген. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша -2014 жылы 4 шағын несиет алынды. Біреуі- бағалы ұсақ балық өсірумен айналысуға, көкөніс өсіруге, 1- кафе ашуға берілді. Округ бойынша 16 отбасына әлеуметтік жәрдемақы төленеді.
Интернет жүйесіне қосылған үйлер жоқ. ОТАУ ТВ-120 үй қолданады. Ақпараттық құралдарға жазылу-100 пайыз.
2014-жылы 10 қылмыстық жағдай тіркелді, ашылған қылмыс 99 пайызды құрайды. Бұл 2013-жылға қарағанда 5 төмендеді . Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстық істерді болдырмау, мал ұрлығы жайлы тұрғындармен жиналыс өткізілді. Жоғарғы сынып арасында алкоголизм және нашақорлықтың зияны туралы жиі баяндамалар өткізіліп тұрады.Оларға басқы қылмыстық заң мен әкімшілік заңның құзырымен таныстырылып түсініктеме жүргізілді. Мал ұрлығы жайлы тұрғындармен жиналыс өткізілді.
Алдымыздағы Ұлы Жеңістің 70-жылдығы қарсаңында ауылдастар қызу қарбалас дайындық үстінде. Құлынжон ауылындағы « ҰОС 60 жыл » саябағының қоршауын ауыстыруға және басты материалдарға біздің жерлесіміз Айдын Рахимбаев 23 млн 600 мың теңгеге көмек көрсетті. Жөндеу жұмыстары жергілікті шаруа қожалық басшыларының және ЖШС қолдауымен, көмегімен атқарылады.
Көктемгі су тасқынына жоспар құрылып, комиссия мүшелері тағайындалды. Көпір, су құбырлары қардан тазартылды. Жаз кезінде ауа райының ыстық болуына байланысты өрттен сақтану жоспары да жасалынып ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтарымен техникамен қамтамасыз етуге келісімшарт жасалынды.
2015-жылға міндеттер:
-Қолжетімді жоспарлық көрсеткіштерге жету.
-Сүт жинау пунктін ұйымдастыру.
-Көшелерді электр жарығымен жарықтандыру.
Ш.Шайырғазина,
Құлынжон селолық округінің әкімі
Достарыңызбен бөлісу: |